Туынды тарауын қайталауға есептер шығару

26 мамыр 2015 - Ләззат Шепенова
Туынды тарауын қайталауға есептер шығару

Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі: _____________Тұрғанова М 10 «А»сыныбы Пәні: алгебра Күні: 6.05.2015ж Сабақ №94Сабақтың аты Туынды тарауын қайталауға есептер шығаруСілтеме ЖоспарЖалпы мақсаты • Оқушылардың туындыға қатысты білімін зерттеу, туынды ережелерін қолдану туралы мәлімет беру;• Туынды ұғымы бойынша оқушының ойлауын дамытуға, есептер шығару, ережесін, формуласын қолдануға үйрету;• Оқушыларды өзара бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасауға, математикалық тілде сауатты сөйлеуге тәрбиелеу.Күтілетін нәтиже • Оқушылар туынды ережелерін қолдану туралы біледі;• Туынды ұғымы бойынша оқушының ойлауы дамиды, есептер шығарады, ежесін, формуласын қолдануды үйренеді;• Оқушылар бір-бірімен ынтымақтасты жұмыс жасай алады, математикалық тілде сауатты сөйлей алатын болады; Негізгі идеялар «Туынды әлеміне саяхат» сабақ турінде өтеді. «Қазалыдан-Түркістанға» саяхат жасау. Мақсаты: «туынды» тақырыбы бойынша теориялық қайталау, дифференциялдау ережелерін қолдануға, жанама теңдеуін жазуға, күрделі функцияның туындысын табуға деңгейлік есептер шығару, тақырып бойынша білімдерін тексеру Тапсырмалар Топтық жұмыс «Ой қозғау» әдісі» «Еске түсіру» (басбармақ арқылы бағалау) Дұрыс жауаптың сәйкестігін табу 10 мин Жеке жұмыс «ҰБТ минуты» (бағдаршам арқылы бағалау) 10 мин Жұптық жұмыс «Пилот-Штурман» әдісі деңгейлік есептер шығару (шапалақ арқылы бағалау)«Де Бононың 6-қалпақ» стратегиясы арқылы сабақты қорытындылау 10 мин5 минСабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) Оқушылармен сәлемдесу; түгелдеу; назарларын сабаққа аудару; топқа бөлу, топ басшыларын сайлау, баға қою критерийлерімен таныстыру. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру №350 есеп (3 минут) ІІІ.“Білім” еліне саяхат. Қазалы ауданы а) «Ой қозғау " Анықтама" станциясы 4-5 минут (шапалақ арқылы бағалау)1) Туынды дегеніміз не? ( Функцияның өсімшесінің аргумент өсімшесіне қатынасының аргумент өсімшесі нөлге ұмтылғандығы шегі бар болса, онда ол функцияны нүктесіндегі туындысы деп аталады.)2) Туындының белгіленуі? (у' немесе f'(х))3) Дифференциялдау амалы деп нені атайды?,4) Тұрақты санның туындысы неге тең? (нөльге)5) х-тің туындысы неге тең? (1-бірге)6) Қосындының туындысы неге тең? (Қосындының туындысы туындылардың қосындысына тең) ә) Еске түсіру – 5 минут «Сәйкестендіріңіз»(басмармақ арқылы бағалау) Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.ІҮ. Жеке жұмыс «ҰБТ минуты» Жедел тест алу .Қармақшы ауданы (10 минут) Тапсырма жауабын «Бағдаршам» арқылы бағалау.V. Жұптық жұмыс «Штурман-Пилот» әдісі. Оқулықпен жұмыс. Қызылорда облысы (10 минут) «Шапалақ» арқылы бағалау № 351У=х/2х-1 функциясы графигіне х0=1 абсциссасы арқылы жүргізілген жанама және координата осьтерімен шектелген үшбұрыштың ауданын табыңдар. № 352У=2х2-4 функциясы графигіне х0=2 абсциссасы арқылы жүргізілген жанама және координата осьтерімен шектелген үшбұрыштың ауданын табыңдар. №358У=х3+6х2-3х+3 функциясының экстремум нүктелерін анықтаңдар.ҮІ. Топтық жұмыс «Есептер» станциясы (4-5 мин) Шиелі ауданы. «Екі жұддыз, бір ұсыныс арқылы бағалау» 1-топТуындысын тап Жауаптарыy=2x3+x2- y=x2-3x- y=x2-3x4+ — (х2+5).(х2-4) 2-топТуындысын тап Жауаптарыy=x4-2x- y=x3+4x2- y=x3-4x3+ — (х2+4).(2x-1) VІІ. «Ғалымдар» станциясы Түркістан қаласы (3-4мин) Бұл станцияда оқушылар сұрақтарға жауап береді.1. Функцияның туындысын флексия деп атаған кім? (И.Ньютон)2. Айнымалы шамалардың өсімшелерін белгілеу үшін гректің әріпін қолданған кім? (Леонард Эйлер)3. Туынды ұғымын, у және f белгіленулерін енгізген қай ғалым? (17-ғасырда Лагранж) 4. Туындыны дифференциалдау деп атаған кім? (Готфрид Лейбниц)ҮІІІ. «Де Бононың 6-қалпақ» стратегиясы арқылы сабақты қорытындылау (2-3мин) Ақ қалпақ-Сіз қандай ақпарат алдыңыз? Қара қалпақ-Қандай қиыншылықтары бар? Сары қалпақ-Жағымды, пайдалы жақтарын саралаңыз. Жасыл қалпақ-Барлық жаңасын және қызықтысын айтыңыз. Қызыл қалпақ — Қызыл қалпақты адамда эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. Осыған байланысты сенде қандай сезімдер болды? Көк қалпақ- Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек? Қорытынды жасаңыз. Сабақты қорытындылау. Білім деген-биік шың.Оған самғап қыранда, өрмелеп жыланда шығады. Алаштың ұл-қызы білім атты биік шыңға қыранша самғап шығуы керек. Н.НАЗАРБАЕВІХ. Кері байланыс (сұрақ, не үйрендім, не қиын болды.) Кейінгі тапсырмалар Рефлексия жазу. №360 есепКейінгі оқу Туынды тарауын қайталау, оқу.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141891

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар