ХХІ ғасырдың жас математигі

3 маусым 2015 - Лида Түсібекова
ХХІ  ғасырдың жас математигі

Сабақтың мақсаты:

білімділік: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін дамыта отырып, алған білімдерін қолдана білуге үйрету.

дамытушылық: интерактивті тақтаны пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген ғылыми көзқарасын тереңдету, ойлау қабілеттері мен білімдерін кеңейту.

тәрбиелік: оқушыларды тазалыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші. Біздің мектепте бүгін математика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынаспақ.

Шақырамыз, келіңдер жарысуға,

Күш, өнер, білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға,

Қанеки кім шығады сайысуға.

Сонымен ортаға сайыскерлерді шақырайық. 8- сынып оқушылары:

1.Шыңғысова Нұрсәуле

2.Жиеналы Көркемай

3.Асанбаева Назерке

4.Алданыш Айкөркем

5.Хамитова Ақниет

6.Алпамысова Ақерке

Құрметті көрермендер, сайысымызды бастайық. Сайысымыздың алғашқы туры «Бәйге».

1-тур. Бәйге

1-сұрақ. Гипотенузаның квадраты катеттерінің квадратының қосындысына тең.

Қандай үшбұрыш туралы айтылып тұр? (тік бұрышты үшбұрыш)

2-сұрақ. Қандай санның бір ғана квадрат түбірі бар? (нөл)

3-сұрақ. «Бастамалар» деп аталатын еңбегі бар ғалым? (Евклид)

4-сұрақ. «Функция» термині ең алғаш рет кімнің қолжазбасында кездеседі? (немістің математигі, әрі философы Г.Лейбниц)

5-сұрақ. Рационал сандар жиыны қандай сан жиындарын қамтиды?

(бүтін сандар, оң және теріс бөлшектер)

6-сұрақ. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы неге тең? ()

7-сұрақ. Қандай сандар иррационал сандар деп аталады? (шектеусіз периодсыз ондық бөлшектерді иррационал сандар деп атайды)

8-сұрақ. «Дискриминант» қандай сөзден шыққан? (латынның «ажырату, анықтау»)

9-сұрақ. Қандай таңбалар геометриялық фигураларды кішірейтуден шыққан? ()

10-сұрақ. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем? (теорема)

11-сұрақ. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш қалай аталады? (ромб)

12-сұрақ. Sin 450 мәні нешеге тең?

Жүргізуші. 1-ші турды қорытындылай келе, осы тур бойынша сайыскерлердің алған ұпайларын айта кетейік.

«Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте», — дей келе сайысымыздың келесі туры «Тіл — өнер» бөлімін бастаймыз. Бұл бөлім бойынша сайыскерлерімізге жұмбақ айтылады. Жауабын үш тілде жазып көрсету керек. Жауабын дұрыс тауып үш тілге дұрыс аударса 30 ұпай, ал екі тілге аударса 20 ұпай, ал аударма жоқ болса 10 ұпайға ие боласыңдар.

ІІ-тур. Тіл – өнер

1.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында

(сызғыш, линейка, ruler)

2.Алды-артымыз шексіз де,

Жете алмайсың біздерге.

Сәуле менен кесінді,

Шыққан тегін білсе де.

(түзу, прямая, straight line)

3.Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады?

(дәреже, степень, power)

Жүргізуші. Осымен 2-ші тур да аяқталды. 2-ші тур қорытындысын айтатын болсақ…

Келесі тур «Жеті керемет» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз ілінген кестеден ұпай бойынша сұрақтар таңдайды. Бірінші болып ұпай саны ең көп оқушы таңдайды.

ІІІ-тур. Жеті керемет

20-ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар:

1.Квадраттың қабырғасы 9 см. Периметрі нешеге тең? (36 см)

2.Трапецияның қабырғалары 10 см және 8 см. Орта сызығы неге тең? (9 см)

3.Қабырғасы 6 см және 8 см тіктөртбұрыш ауданы неге тең? (48 см2)

30-ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар:

1.«п» әрпімен басталатын 7 математикалық сөздерді ата (пирамида, планиметрия, параллель, плюс, параболла, параллелепипед, перпендикуляр)

2.«с» әрпімен басталатын 7 математикалық сөздерді ата (синус, сүйір, стереометрия, сектор, сәуле, сегмент, синусоида)

3.«к» әрпімен басталатын 7 математикалық сөздерді ата (көбейту, куб, косинус, конус, километр, кесінді, көлем)

40-ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар:

1.«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін – математика». Кімнің сөзі? (М.В.Ломоносов)

2.«Математика – ғылымдардың патшасы, ал арифметика – математика патшасы» сөзінің авторы кім? (К.Гаусс)

3.«Ақын жанды болмасаңыз, математикте бола алмайсыз» сөзінің авторы кім? (С.В.Ковалевская)

Жүргізуші. Осымен 3-ші турдың аяғына да жеттік. Айта кетейін, үш турдан қорытынды ұпай сандары аз болған екі сайыскеріміз үшін ойын аяқталады.

ІV-тур. Көкпар

Бұл бөлімде 4 тақырып беріледі. Әрбір оқушы көрсетілген ұпайлар бойынша 1 тақырып таңдайды.

Логикалық есептер

1.1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма? (бірдей)

2.Төрт пен бестің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? (үтір)

3.Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (бес)

Ғалымдар.

1.«Геометрияны білмейтіндер Академияға кірмей-ақ қойсын» деген кімнің сөзі? (Платон)

2.Геометрияда жаңалық ашқаны үшін Зевс құдайына жүз өгіз сойып құрбан еткен кім? (Пифагор)

3.«Математика – барлық ғалымдардың тұңғышы және ойлары пайдалы да, қажет те». (Р.Бэкон)

Графиктер.

1.у=ах+bфункциясының графигі? (түзу)

2.у=х2 функциясының графигі? (парабола)

3.у=функциясының графигі? (гипербола)

Формулалар.

1.ах4+bx2+c=0 (биквадрат теңдеу)

2.S=a2 (квадраттың ауданы)

3.ах2+bx+c=0 (квадрат теңдеу)

4-ші турдың соңында ойынды екі оқушы ғана жалғастырады. Осыдан кейін 5-ші тур басталады.

V-тур. Жорға

Бұл кезеңде оқушы бір минутта қанша сұраққа жауап берсе, сол жинаған ұпайы болып есептеледі.

1-оқушыға қойылатын сұрақтар.

1.Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бүйірлі төртбұрыш)

2.Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу (параллель)

3.Қарама-қарсы қабырғалары параллель болып келген төртбұрыш (параллелограм)

4.Берілген бұрышқа қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы (синус)

5.900-н кіші бұрыш (сүйір)

6.Бағытталған кесінді (вектор)

7.Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (планиметрия)

8.Санның жүзден бір бөлігі (пайыз)

9.Төрт таңбалы математикалық кестесінің авторы? (Брадис)

10.Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді? (хорда)

11.Үшбұрыштың орта сызығы 12 см, табаны неге тең? (24 см)

12.(12)

13.Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы? (1800)

14.Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі (кесінді)

15.Дөңгелектің радиусы 5 см, диаметрі неге тең? (10 см)

2-оқушыға қойылатын сұрақтар.

1.Барлық қабырғалары тең үшбұрыш (дұрыс үшбұрыш)

2.Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу (перпендикуляр)

3.Барлық бұрыштары тік болатын параллелограм? (тік төртбұрыш)

4.Іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы (косинус)

5.900-н үлкен бұрыш (доғал)

6.Вектор дегеніміз не? (бағытталған вектор)

7.Планиметрия нені зерттейді? (геометрияның жазықтағы денені зерттейтін бөлімі)

8.Пайыз дегеніміз не? (санның жүзден бір бөлігі)

9.Координаттар жүйесін тұңғыш рет қолданған француз ғалымы? (Декарт)

10.Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді? (хорда)

11.Үшбұрыштың табаны 24 см, орта сызығы неге тең? (12 см)

12.122 ( 144 )

13.Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары неге тең? (600)

14.Бір нүктеден шыққан түзу? (сәуле)

15.Дөңгелектің диаметрі 10 см, радиусы нешеге тең? (5 см)

Сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.

Марапаттау.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083477

Пікірлер (1)
Базаргүл # 29 маусым 2015 в 00:03 0
Ғылымдардың патшасы деп бекер айтылмаған ғой. бұл пән маған ұнайды. Сондықтан бәрінде білу керек.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар