Қазақстанның Қызыл кітабы

27 мамыр 2015 - Раушан Тукеева

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның Қызыл кітабы»

Сабақтың мақсаты:
— оқушылардың Қызыл Кітап жайлы мағлұматтарын кеңейту;
— топтағы оқушыларға Сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер жайлы түсінік беру;
— оқушыларды іскерлікке, алғырлыққа, өз бетінше және топпен қосымша мәліметтер жинауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, бүктемелер, сөзжұмбақ жазылған плакаттар, үлестірмелі
әріптер.
Сабақ бөлімдері
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Бәйге кезеңі. ( оқушылар өздеріне қойылған сұрақтарға жауап береді)
III. Тапқыр болсаң, тауып көр. (сөзжұмбақты шешу)
IV. Бүктемелерді қорғау.
V. «Ойлан тап!» (Үлестірме әріптер )
VI. «Шешендік өнер» (Мақал-мәтелдерді жалғастыру)
VII. Қорытындылау.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, тақырыппен таныстыру.
2. Бәйге кезеңі.
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.
1. Қызыл Кітап қандай мақсатпен ашылған?
2. Қазақстанда Қызыл Кітап алғаш рет қай жылы басылып шықты?
3. Қазақстанда Қызыл Кітаптың екінші басылымы қай жылы шықты?
4. Қазақстанда Қызыл Кітаптың үшінші басылымы шыққан жыл?
5. Қызыл Кітапқа енген жан-жануарларды неше топқа бөледі және неге?
6. Қазақстанның Қызыл Кітабына енген қандай жануарларды білесіңдер?
7. Қазақстанның Қызыл Кітабына енген қандай өсімдіктерді білесіңдер?
3. «Тапқыр болсаң, тауып көр!»
«Кел балалар, ойнайық, ойнайық та ойлайық,
Қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймайық!»
3. Бүктемелерді қорғау
Оқушылар өз бетінше, топпен бірлесіп «Сирек кездесетін жануарлар» және «Қызыл кітапқа енген құстар » жайлы бүктемелер дайындап келіп, оларды қорғайды.
Құстар тақырыбына: Дала қыраны,Қоқиқаз немесе қызылқаз, Ителгі, Құр, Ақбас тырна, Қырғи, Лашын
Алтай ұлары, Дуадақ, Бидайық.
Жануарлар тақырыбына: Қызыл қасқыр, Қарақұйрық, Үстірт арқары, Келес, т.б.
4 «Ойлан тап!»
Бұл бөлімде берілген әріптерден өсімдікке және жануарға қатысты сөздерді құрап жазу қажет. Бұл сайыста оқушының шапшаңдығы да бағаланады.
1-топ; ж,ұ, а, т, л, п,ү, ы, п, а, р, л, к,і, а,қ,(ұлпа, жапырақ, түлкі)
2-топ: г, ж,қ, а,ү, а, с,қ, с,ү, л, ы, р, ш, а (жасуша, гүл,қасқыр)
8. Шешендік өнер. (мақал-мәтелді жалғастыру)
Ағаш көркі – жапырақ,
(Адам көркі- шүберек)
Дәрі шөптен шығады,
(Дана көптен шығады)
Тау бұлағымен көрікті,
(Бұлақ құрағымен көрікті)
Қораңда малың болсын,
(Көшеңде талың болсын)
Қорытындылау
Балалар, осымен сабағымызды аяқтаймыз. Сабаққа белсене қатысқандарыңа рахмет. Осы сабақта сендер «Қызыл кітап» жайлы, оның ерекшелігі туралы және Қызыл кітапқа енген жан-жануарлардың біразы жайлы өздеріңе қызықты ақпарат алдыңдар деп ойлаймын.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150775

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар