Табысты оқыту мен табысты мұғалім

Табысты оқыту мен табысты мұғалім

Күні

23.01.20015 жыл.

Коучинг тақырыбы:

«Табысты оқыту мен табысты мұғалім»

Жалпы мақсаты:

Табысты оқыту мен табысты мұғалім мәнін түсіне және бағалай алуына ықпал ету. Оқыту сапасын қалайша жақсарта алатынын түсінуге көмектесу, бастама жасау. Бағалау мақсатын және бағалауды оқу үдерісін жетілдіру үшін қалай қолдану керек? Әріптестер арасында тың идеялармен алмасуға жағдай тудыру. Мектепте оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді оқу-тәрбие үдерісіне енгізуді қолдау.

Оқу нәтижелері:

    -Топтасып, ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, сапалы оқыту мен оқу үдерісі туралы пікір алмасады.

    -Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, олардың айырмашылықтары мен қолдану әдістерін түсініп, тәжірибеде тиімді қолдана алу туралы түсініктері қалыптасады.

    -Мұғалімдер коучингтен алған білімдерін өз тәжірибелерімен ұштастырады, білімдерін толықтырады.

Оқыту әдістері:

Топтық жұмыс. Диалогтық оқыту.

ОүБ және оқуды бағалау.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Сабақта туындаған негізгі идеялар:

Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір ситуация үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын,, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Сапалы оқыту – мұғалім бейнесімен табылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы мен оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.Оқыту үшін және оқу үшін бағалау мұғалімдерге: -бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге; -бағалау түрлерінің бара бар мақсаттарын анықтауға және негіздеуге; -бағалаудың формалды және формалды емес жүйелерін анықтауға; -әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатынын/жақсарта алмайтынын түсіндіруге көмектеседі.

Қажетті ресурстар:

Интерактивті тақта, презентация «Табысты оқыту мен табысты мұғалім», маркер, стикер, постер, магнит, «Қошқар мен теке» мультфильмінен үзінді, бағалауға «10000», «5000», « 2000» «1000» қағаз ақшалар үлгілері, «жұлдызша», «жүрек» пішінді стикерлар.

Тапсырмалар:

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс- әрекеті

Кіріспе

1.Психологиялық ахуал туғызу (2 мин) Тренингтер.

2. Топқа бөлу

Коучердің кіріспе сөзі: — Құрметті әріптестер, біз бәріміз де осынау өмір- өзен қайықтарының ішіндегі «ұстаздар» деген қайығында жүзіп келеміз. Дана халқымыз: «Кемедегінің жаны бір» текке айтпаса керек-ті. Осы даналықты салыстыру түрінде айтсақ, бізді көп нәрсе ортақтастырады. Яғни, шәкірт тәрбиелеу.

Әр адам өзі өмір сүріп отырған қоғамының жаршысы болу керек. Ал қазіргі заман біздерден, мұғалімдерден нені талап етеді? Бүгін осы мәселе жөнінде ой бөліспекпіз.

1. Қатысушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, коучинг тақырыбымен таныстырады.

« Ойды жалғастыр.....» тренинг өткізілу барысын түсіндіреді. «Табысты мұғалім- ол........» деп әр қатысушы көршісінің алақанына қолын түйістіре отырып, бір сөйлеммен өз ойын білдіріп, бастаған адамға жеткенше жалғастырады.

2. Тренинг- «От шашу» қол шапалақтау»

Әр түрлі түсті қағазда «бас», «қол», «жүрек» суреттері бойынша 3 топқа бөлу.

Қатысушылар тренингке қатысып, «табысты мұғалім» туралы өз ойларын білдіріп, «от» шашу» тренингке қатысады.

Стикердағы суреттер бойынша 3-топқа бөлінеді.

ІІ. Негізгі бөлім

3. «Қошқар мен теке» мульфильмінен үзінді.

(5 мин)

Сұрақ: 1. Мультфильм желісі бойынша екі кейіпкерді бүгінгі оқыту жүйесімен байланыстыра отырып, кімдердің рөлін берер едіңіздер?

Топта ақылдаса отырып, талдау. Қай топтағы қатысушының ойы сізге ұнады сол адамды жұлдызша арқылы бағалайсыз. (формативті бағалау)

1.Қатысушылар мульфильм желісі бойынша өз ойларын білдіреді. Топпен талдайды.

2.Ұнаған қатысушыға жұлдызша береді.

Презентация

«Жеті модуль- табысты оқытуға бағыт» презентацияланады.

Презентация қарайды.

4.Топтық жұмыс:

«Су- тіршілік көзі» тақырыбында постер жасау.

5. Бағалау:

Қатысушыларға «Су- тіршілік көзі» тақырыбында постер дайындау тапсырмасын береді.

І топ:« Су- тіршілік көзі» критерийсіз беріледі.

ІІ топ: «Су –тіршілік көзі» постер құру, алдын ала дайындалған критерийлер беріледі.

Критерийлері:

    1.Постердің безендірілуі, постерді ұтымды пайдалануы.

    2.Судың физикалық және химиялық қасиеттері туралы мәлімет беру.

    3.Судың табиғаттағы айналымы, маңызы

    4.Судың қолданылуы.

    5.Судың ластануы, суды қорғау.

    6.Су туралы мақал-мәтелдер, өлең.

ІІІ топ: 1- топтың постерына критерий жасайды.

Тақырып бойынша постер дайындап, оны қорғайды.

1-ші және 2-ші топ өз постерларын қорғайды.

1-ші және 2-ші топтар бір-бірін «10000»,«5000»,«2000» тенге қағаз ақша үлгілері арқылы бағалайды. Ал 3-ші топ өздері құрған критерийлері бойынша алғашында 1-ші топтың жұмысына баға береді, содан кейін 2-ші топтың постерін өздерінің критерийі бойынша, содан кейін алдын ала дайындалған критерий бойынша бағалайды.

ІІІ. Қорытынды. Рефлексия.

Бағалаудың түрлері туралы презентация көрсетіледі. Тапсырмаларды беру кезіндегі негізгі мақсаттармен таныстырады.

1.Талдау: Қатысушыларға топқа бөлінген стикердағы сурет бойынша өз ойларын түйіндеу тапсырмасын ұсынады.

2. Кері байланыс:

Тақтадағы құмыра, себет суреттеріне коучинг бойынша өз ойларын стикерларға жазып, білдіру.

Өз қорытындыларын білдіреді. Стикердағы «бас», «қол», «жүрек» суреттерінің мұғалімге байланысын түсіндіру. (Шульман теориясы)

Кері байланыс ретінде суреттерге өз стикерларын жабыстырады.

Коучердің қорытынды сөзі:

Мұғалімде Шульманның «мұғалімнің үш көмекшісі» деп аталған қасиеттер болғанда ғана оқыту жақсы болып саналады десе, хәкім Абай нағыз адам болу үшін нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек қажет деген. Шульманның "үш көмекшісі" бір мұғалімнің бойынан табылғанда ғана,құзырлы мұғалім болып саналады десек қателеспеспіз. Табысты мұғалімнен білім алатын табысты оқушыларымыз көбейе берсін!!!

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай», — дейді грек оқымыстысы Сократ. Осы биіктіктің шыңынан көрінейік! Оқушы бізді осындай қалыпта көрсін!

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаОрта білім берудегі басқару мен көшбасшылық

ҰстаздарғаТоптық жұмыстың тиімділігі

ҰстаздарғаОқушылар өз бетінше білім алуларына ынталандыру. Коучинг.жоспар

ҰстаздарғаСыни тұрғыдан ойлануға үйрету

ҰстаздарғаОқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау (коучинг)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062423

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар