​Білімді ұрпақ –ел ертеңі»

1 мамыр 2014 - infust

ХХІ ғасырдың жаңа талаптары ересектермен қоса өскелең ұрпақ жасөспірімдерге де зор жауапкершілік жүгін артып жатқаны анық. Қарбалас тіршілік қамына бүгінгінің асыраушы ата-аналарымен қатар кейбір жасөспірімдер де ерте араласып жатқаны да шындық. Әрине кешегі ұлы Абай: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», — деп текке айтпаса керек. Яғни жасөспірімдер өздеріне жеткілікті қаражатты тауып, қажетті оқу құралдарымен өзін қамтамасыз етсе, бұл ата-анаға материалдық тұрғыда көмек ғана болып қоймай, жасөспірім алдымен еңбекпен тапқан нанның қаншалықты тәтті екенін ұғынып, ақшаның қадірін білер еді. Алайда, бүгінгі қоғамда кәмелетке толмаған балаларды арзан жұмысшы күші ретінде пайдаланып, еңбегін заңсыз қанап жатқан келеңсіз жәйттердің куәсі болып жүрміз.

Сонымен қатар, жасөспірімдердің ата-анасының немесе оның заңды өкілінің рұқсатынсыз қоғамдық орындарда қызмет етіп жүргендері де жеткілікті. Жалпы бүгінгі қоғамда бұғанасы енді ғана бекіп келе жатқан жасөспірімдердің жұмыс жасауына не себеп? Осы орайда Бейнеу аудандық жастар саясаты мәселелері бөлімініңжәне аудандық «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 4 сәуірінде аудан мектеп оқушыларының қатысуымен «Жасөспірімдердің жұмыс жасауы дұрыс па?» атты көктемгі дебат турнирі өтті. Қатысушы топтардың ішінде оза шауып, бас жүлдені еншілеген Бейнеу Лицейінің 10 сынып оқушыларынан құралған «Жас талап» тобы болды. «Үздік спикер» номинациясын 2-ші спикер Жолбергенов Данияр жеңіп алды. Бұл оқушы сөз саптауы, ой жүйріктігімен көрермендерді де ерекше тәнті етті. Аталған тақырып бойынша дебаттың 9 сәуірде өткен облыстық турында Жолбергенов Данияр 2-ші спикер ретінде қатысып, топтық жүлделі 2-орынмен оралды. «Жас талап» тобының жетекшісі мектебіміздің Тарих және құқықтану пәні мұғалімі Айсұлтанова Бағилаға алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз. Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз үніМЕНІҢ ПӘНІМНІҢ ОҚЫТЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Ұстаз үніМЕНІҢ ПӘНІМНІҢ ОҚЫТЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Өзін өзі тану"ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ - ӨЗЕКТІ ПӘН"

Өзін өзі тану"ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ - ӨЗЕКТІ ПӘН"

Ұстаз үніБілім жетілдіру-әрбір ұстаз алдындағы міндет

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150767

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар