«Жылу құбылыстарын» қайталау

30 сәуір 2016 - Дана Бурабай

 

Алматы облысы, Райымбек ауданы

«Н.Өмірзақов атындағы орта мектебі

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

физика-информатика пән  мұғалімі

Бурабай Дана Шаймерденқызы

                                                                                             №13 сабақ          

Сабақтың тақырыбы      «Жылу құбылыстарын» қайталау

 Сілтеме

Физика және астрономия. Алматы «Мектеп» 2012. Б.М.Дүйсенбаева, Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова. Слайдтар.

Жалпы мақсаты

а) ішкі энергия және заттың агрегаттық күйлері тарауларын қайталай отырып, алған білімдеріне қорытынды жасайды

ә) теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге және алған білімді тиянақтауға дағдыланады

б) ұқыптылыққа, жауапкершілікке, іскерлікке, өзін-өзі реттеуге  үйренеді

Міндеттері

Осы уақытқа дейін оқып-үйренгендерін практикада қолдана алуға дағдыланады

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Күнделікті өмірмен байланыстыра, құбылыстардың мәнін түсіне білуге және қорытынды жасай білуге үйретеді

Күтілетін нәтиже

 

— ішкі энергия тарауын қайталай отырып, негізгі мәселелерге баса мән береді

— заттың агрегаттық күйлеріне мысалдар келтіре отырып, физикалық мағынасын түсіндіре алады

— бұрынғы алған білімдерімен салыстыра отырып, талдау жасайды

— формулаларды, анықтамаларды, өлшем бірліктерді қолдана алады

— есеп шығаруда тиімді әдістерді пайдаланады

— теорияны практикамен ұштастыра отырып, тақырыпты тиянақтайды

Тапсырмалар

 

— жеке жұмыс

— топтық жұмыс

— есеп шығару

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады?

 

а) психологиялық ахуал қалыптастыру. /3 мин/

ә)  макроскопиялық шамалар бойынша  3 топқа бөліну /2 мин/

б/ Миға шабуыл сұрақтары. 5 мин

 

СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

— оқушылар не алады?

— бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

— өмірден алған тәжірибесінің әсері?

— сабақтың болашақта  оқушыға қандай пайдасы бар?

 

— өткен тақырыптарды қайталап, қорытынды жасайды

— формулаларды ұтымды пайдаланады

— кестелерді өзорнымен қолданып, практиканы теориямен сәйкестендіреді

— табиғаттағы, күнделікті құбылыстың физикамен байланысын ажырата алады

 

 

Миға шабуыл сұрақтары:

 

1.       Жылу құбылыстарына байланысты сұрақтар қойылады.

2.        

 

3.       1. «Жабық  тест»  /5 мин/

1-нұсқа

1. Цельсий шкаласы бойынша анықталатын температура

2. Отын толық жанғандағы жылу мөлшерінің формуласы

3. Заттың меншікті жылусыйымдылығының формуласы

4. Заттың меншікті булану жылуының формуласы

5. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы

2-нұсқа

1.Кельвин шкаласы бойынша анықталатын температура

2. Жылу мөлшерінің формуласы

3. Заттың меншікті балқу жылуы

4. Сұйықты буландыруға қажетті жылу мөлшерінің формуласы

5. Отынның меншікті жану жылуы

2. Тексеру /2 мин/

1-нұсқа

1. t = (T — 273) 0C

2. Q = q m

3. c = Q / m (t2-t1)

4. r = Q / m

5. φ = p /pk *100%

2-нұсқа

1. T = (t + 273) K

2. Q = c m (t2 — t1)

3. λ = Q / m

4. Q = r m

5. q = Q / m

 

Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

3.  Есептер шығару /15 мин/

1, 3-топтар

А-деңгей (3 ұпай)

№1. Мұнайдың меншікті жану жылуы 44*106 Дж/кг. 3 кг мұнай толық  жанғанда бөлінетін жылу мөлшері қандай?

В-деңгей (4 ұпай)

№1. Көлемі 60 м3 бөлменің ауасын 100 С-тан 200С-қа дейін жылыту үшін қанша жылу мөлшері қажет? Ауаның меншікті жылусыйымдылығы 1000 Дж/кг*0С. Ауаның тығыздығы 1,29 кг/м3.

С-деңгей (5 ұпай)

№1. 2 т тас көмір жанғанда бөлінген жылу мөлшеріне температурасы 200С болатын қанша болат балқытуға болады. Пештің ПӘК-і 50%. Болаттың балқу температурасы 14000С, балқу жылуы 82*103 Дж/кг. Тас көмірдің меншікті жылусыйымдылығы 460 Дж/кг*0С және жану жылуы 29*106 Дж/кг.

2, 4-топтар

А-деңгей (3 ұпай)

№1. Массасы 3 кг оқ-дәрі жанғанда 11400 кДж энергия бөлінеді. Оқ-дәрінің меншікті жану жылуын есептеңдер.

В-деңгей (4 ұпай)

№1. Массасы 0,75 к г суды 200С –тан 100 0  С-қа дейін ысытуға және 250 г будың пайда болуына қанша энергия жұмсалған? Судың меншікті жылусыйымдылығы 4200 Дж/кг*0С және булану жылуы 2,3*106 Дж.

С-деңгей (5 ұпай)

№1. 2 т тас көмір жанғанда бөлінген жылу мөлшеріне температурасы 200С болатын қанша болат балқытуға болады. Пештің ПӘК-і 50%. Болаттың балқу температурасы 14000С, балқу жылуы 82*103 Дж/кг. Тас көмірдің меншікті жылусыйымдылығы 460 Дж/кг*0С және жану жылуы 29*106 Дж/кг.

5-топ

А-деңгей (3 ұпай)

№1. Массасы 5 кг мұзды еріту үшін қанша жылу мөлшері қажет? Мұздың меншікті балқу жылуы 340*103  Дж/кг.

В-деңгей (4 ұпай)

№1. Ішінде 0,52 кг бензин жанған қыздырғыштан 9240 Дж пайдалы жылу алынған. Қыздырғыштың ПӘК-ін анықтаңдар. Бензиннің меншікті жану жылуы 46*106 Дж.

С-деңгей (5 ұпай)

№1. 2 т тас көмір жанғанда бөлінген жылу мөлшеріне температурасы 200С болатын қанша болат балқытуға болады. Пештің ПӘК-і 50%. Болаттың балқу температурасы 14000С, балқу жылуы 82*103 Дж/кг. Тас көмірдің меншікті жылусыйымдылығы 460 Дж/кг*0С және жану жылуы 29*106 Дж/кг.

4. «Шатастырылған логикалық баулар» — флипчартпен жұмыс/10 мин/

1-топ: Молекулалардың ретсіз қозғалысы жылулық қозғалыс деп аталады. Термометр — өзімен жылулық байланыста болатын дененің температурасын өлшеуге арналған құрал. Температура шкалалары: Кельвин шкаласы, Цельсий шкаласы. Абсолют температура молекулалардың жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясына тура пропорционал. Абсолют термодинамикалық шкаладағы температура бірлігі кельвин деп аталады.

2-топ: Дененің ішкі энергиясы деп денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысы мен өзара әрекеттесу энергиясын айтады. Дененің температурасы артқан сайын оның ішкі энергиясы да артады. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері: жылу алмасу, механикалық жұмыс істеу. Денемен жұмыс істелмей немесе дененің өзі жұмыс істемей тұрғандағы ішкі энергияның өзгеру процесі  жылу  берілу деп аталады.

3-топ:  Жылу берілу түрлері: жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару. Қатты денелерде және вакуумде конвекция болмайды. Қара денелер – жақсы сәуле шығарғыштар және жақсы жұтқыштар болып саналады. Жылуөткізгіштік заттардағы энергияның түрлену сипатына тәуелді және дене бөлшектерінің орын ауыстыруына тәуелсіз болады. Сәуле шығару арқылы энергияның берілуі ортаны қажет етпейді: жылу сәулелері  вакуум арқылы да таралады.

4-топ: Жылу мөлшері заттың тегіне, массасына және оның температурасының өзгеруіне тәуелді. Заттың меншікті жылусыйымдылығы оның әртүрлі агрегаттық – қатты, сұйық, газ тәрізді күйінде түрліше болып келеді. Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық  шама отынның меншікті жану жылуы. Тұйықталған жүйеде энергия жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды. Механикалық энергияның ішкі энергияға және кері айналуының өлшемі – жұмыс.

5-топ: Заттың агрегаттың күйлері: қатты, сұйық, газ. Конденсация – кебуге немесе булануға кері процесс. Қайнау – қаныққан будың қысымы сыртқы қысымға теңесетін температурады жүзеге асады. Сұйықтың температурасы неғұрлым  жоғары болса, онда булану соғұрлым тезірек жүреді. Балқу температурасында тұрған сұйық күйдегі заттың ішкі энергиясы, массасы осындай қатты күйдегі заттың ішкі энергиясынан артық.

Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау

Бағалау  /5 мин/

Топ басшысының  критерийлер арқылы бағалауы

Оқушының аты

Жабық  тест

(Дұрыс жауапқа 1 ұпайдан )

 

Сабақтағы белсенділік

1 ұпай

Есеп шығару

Ұпай саны

15-18

11-14

7-10

Баға

 

«5»

«4»

«3»

Адеңгей

3 ұпай

Вдеңгей

4 ұпай

Сдеңгей

5 ұпай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге  тапсырма: 2-тарау бойынша «Өзіндік жұмысқа» дайындық .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

БиологияФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

Орыс тіліЗвонкие и глухие согласные

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148671

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар