Физика пәнін пәнаралық байланыста кіріктіре оқыту

4 қаңтар 2016 - Ардак Мұханова

«Физика пәнін пәнаралық байланыста кіріктіре оқыту»

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді      дамытудың      мемлекеттік бағдарламасын   іске асыру     міндеттері ұстаздар алдына  қазақстандықтардың  жаңа   ұрпағын   қалыптастыруды   қамтамасыз ететін білім берудің тиімді жуйесін құруды мақсат етіп қояды.

Сабаққа қойылатын қазіргі заман талаптары мұғаліммен зор шеберлікті қажет етеді.Мұғалім сабақ үрдісіне материалды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай әдіс –тәсілдерді таңдап алуы қажет. Әрбір оқушының қабілетіне қарай білім  беруде оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын  жаңартылған   инновайиялық технологияны меңгеріп,  жаңашыләдіс –тәсілдерді пайдалануымыз қажет.

Пәнаралық байланыс оқушылардың бір пәннен алған білімін екінші пәнге қолдануға мүмкіндік береді.

Жаңа инновациялық технология білім беру саласын дамытуды, яғни оқыту үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде  дамытуды, оқушының өзіндік іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау- білім беруде жеке оқытуды дамыту мен пәндердің бір-бірімен байланысын жүзеге асыруды көздейді.

Пәнаралық байланыс тиімділігі:

1-оқушыларға берілетін ғылыми білім негіздерінің бірлігін, пәнаралық байланысын сақтау;

2-жеткіншектердің ойының тиянақталуына, қиялдауына, ұғымды меңгеруге,  ойда сақтауына мүмкіндіктер тудырып, жағдай жасау;

3-оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастыруда, оқытудың тиімді әдістерін іздестіру жолдары, пәнаралық байланысты күшейтуге септігін тигізеді.

Физика сабағында биофизикалық материалдарды қолдану оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерін жүйелі жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы «Тербелістер мен толқындар» тарауын өткенде тербеліс тірі организмдерге де тән құбылыс. Айналадағы дыбыс құлақтың мембранасын  тербелтеді, соның нәтижесінде біз дыбысты естиміз. Адамның жан дүниесін тебіренте әсерлі сезімге бөлейтін музыка, музыкалық аспап ішегінің, күй табақтың тербелісінің нәтижесі. Ақырында, жүрегіміздің соғуы, дем алған кезіміздегі өкпеміздің ұлғайып-кішіреюі, тоңған денеміздің тітіркенуі, жүрген кезіміздегі аяғымыздың қозғалысы – барлығыда тербелістің тірі организм табиғатына тән екендігін көрсетеді. Адамның денесіндегі тербелістерге қатысты, адам организмінің күйін зерттеуге бағытталған ауқымды жұмыстар-инженерлік ізденістердің жемісі. Бұл мәселелердің көпшілігі жасанды жүрек, өкпе, бүйрек жасаудан бастап, теңіз толқындарымен күресу мәселеріне дейінгі барлық шаралар-тербелісті процестермен тығыз байланысты.

Әрбір сабақ қызықты, оқушы жадында ұзақ сақталу үшін сабақта жаңа технология элементтерін қолданумен қатар, 45 минут уақытты тиімді пайдалана білу қажет. 7 сыныпта «Атомдар мен молекулалар». «Заттардың молекулалық құрылысы» тақырыбын өткенде биология, химия пәндерімен байланысқа баса назар аударамын. Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы туралы электронды оқулықты, Д.И.Менделеевтің периодтық кестесін пайдаланып қысқаша тоқталып өтіп, тақырыпты оқушылардың өздеріне оқуға беремін.

Жаңа сабақты бекіту ретінде:

1.Атомдарды құрайтын болшектер қалай аталады?

2.Заттардың молекулалары бірдей ме?

3.Химиялық элементтер бір-бірінен қалай ерекшеленеді? т.с.с сұрақтар беремін.

Табиғат құбылысы мен физикалық құбылыс екеуі егіз ұғым дейтін болсақ тіршіліктің тірегі – табиғатқа қамқорлық жасау бүгінгі ұрпақтың паразы екендігін айта келіп, қазақтың аса көрнекті ақыны, жазушысы, белгілі қоғам қайраткері С.Сейфуллиннің «Жазғы далада» өлеңінен мынадай шумақтарды мысалға келтіремін:

Көк ала  кілем-жасыл шөп.

Тамылжып иісін аңқытты.

Өз ұрпағының өнегелі, еңбек сүйгіш азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылық пен оқу- тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті. Физика пәнін халықтық педагогика тағылымдарымен байланыстыра отырып оқытуда, физикалық құбылыстарды, заңдылықтарды, оқушылардың қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастыруға мол мүмкіндіктер  береді.

Кеудеге толып жас иіс

Тән мен жанды балқытты….

Осы шумақтар қандай физикалық құбылыстарды байқаймыз?

Жауабы: Диффузия.

Матемикатиканы  « Ғылымдардың патшасы»- деп тегін атамаса керек.Физикалық заңдар, математикалық символдар арқылы белгіленіп, физикалық есептерді шығаруына  математика әдістерін пайдаланады.Физика қиын да қызықты пән.Солай бола тұрса да оны техникалық мамандар таңдағандар, не физика пәнінен мұғалімдікті таңдағандар таңдайды.

Пәнді игеру үшін тек теориясын  оқып білген жеткіліксіз, ол үшін практикалықжұмыстарды орындап, әр түрлі деңгейлік есептерін шығара. білуі қажет.

9 сыныпта Дыбыс толқындары.Ультрадыбыс және инфрадыбыс тақырыбын интегративтік сабақ ( физика, информатика) түрінде өткізуге болады.

І.Мұғалім тақырыптың мақсатын ашып, сызба бойынша түсіндіреді.

ІІ.Информатика пәнінің мұғалімі техника- қауіпсіздік ережесін түсіндіреді.

Сол тақырыптарды  балалар электронды оқулықтан ашып, өз беттерінше талдау жасайды.Таңдаған тақырыптар бойынша тақырыптың мағынасын, негізгісін ашады.Құрған жобалары  бойынша тақтаға шығып ,әр топ өзінің тақырыбын түсіндіреді.

Компьютерде мультимедия арқылы оқушылар «Акустикалық резонанс», «Дыбыстың шағылуын» тәжірибеде көрсетеді.

ІІІ Информатика пәнінің мұғалімі сергіту сәтін өткізеді.Компьютерде оқушылар әйел адам мен ер адамның дауыс тонын анықтайды.

9-сынып физикасында денелерді, олардың қозғалыстарын (механикалық) қарастырамыз.Қозғалыстағы дененің ізі-траекториясы қозғалыстың түріне қарай әртүрлі  болып келеді. Мысалы, түзу сызықты бір қалыпты үдемелі қозғалыста-түзу сызық.

Айналмалы қозғалыста – шеңбер. Механикада денелер қозғалысының жаңа түрін-ауырлык күші әсерінен болатын қозғалысты қарастырамыз.Осы қозғалыста дененің траекториясы – парабола болады.Мысалы екінші космостық жылдамдықпен қозғалатын ғарыш ракетасының

(v=11,2кмс)ізі. Фонтан суының атқыландағы ізі, лактырылған ізі, зеңбіректен атылған снаряд ізі т.с.с. көп мысалдар келтіруге болады. Артиллерияда артиллеристер параболаны білуге мәжбүр, өйткені, атқан снаряд ізін, түсу нүктесін білмесе, артиллерия өз максатын орындай алмаған болар еді.

Қай елдің тарихына көз салсақ та халқының мәртебе мерейін көтерген, мақтанышына айналған дарын иелері, дана ғұламалары болған.

Табиғат құбылысы мен физикалық құбылыс екеуі егіз ұғым дейтін болсақ, тіршіліктің тірегі – табиғатқа қамқорлық жасау бүгінгі  ұрпақтың парызы екендігін айта келіп, қазақтың аса көрнекті ақыны, жазушысы, белгілі қоғам  қайраткері С.Сейфуллиннің «Жазғы далада » өлеңінен мынадай шумақтар мысалға келтіремін:

Қызғалдақ пен сарғалдақ

Араласып ұйысты

Желекті жас келіндей

Ұялып басын иісті,-деген шумағында физикада соққан желдің, яғни сыртқы периодты күштердің әсерінен болған еріксіз тербелістерді сипаттайды. Осы өлеңінде:

Кеудеге толып жас иіс

Тән мен жанды балқытты….

Осы өлең жолынан қандай физикалық құбылысты байқаймыз?

Жауабы: Диффузия

Ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтың есімі жалпы қазақ баласына ыстық екені сөзсіз.

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім

Жыр жазсам, жұртым өлеңдестім.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, – деп ақынның өзі айтқандай, оның өлең жырлары өлген жоқ. Халқымыздың ертегілерінде, салт-дәстүрлерінде, аңыз әңгімелерінде, табиғатты жырлаған ақындардың өлеңдерінде табиғат құбылыстары мен физикалық заңдылықтардың бір-бірімен астасып жатқаны белгілі. Ендеше, физика табиғатты зерттейтін ғылым болғандықтан, ол табиғат құбылыстарының құпия сырларын түсіндіретін болса, әдебиет сол құбылыстарды әсерлеп, көркемдеп суреттей отырып жеткізеді. Ендеше бұл екі пәннің арасында байланыс барлығын ақындардың табиғат жайында жырлаған өлеңдерін көруге болады.

Мұқағали поэзиясындағы өлең шумақтарын физика сабағында қолдана отырып, оқушыларға ғылыми тұрғыдан білім беру және сонымен бірге оларды адамгершілігі мол, елін, жерін сүйетін, сол үшін күйетін патриоттық рухта тәрбиелеуге үлес қосу мақсатында пайдаланамын.

М. Мақатаевтың тіршіліктің тірегі табиғат құбылыстарын физикалық құбылыстарын физикалық заңдылықтармен үндестіре отырып жырлағанын еске алған жөн. Осы тұрғыда алғанда Мұқағали жыр шұмақтарын өз сабағыма арқау ете отырып, көптен пайдаланып келе жатқанымды айтқым келеді.

Ей, табиғат, шеберсің-ау, шеберсің,

Көрмегенді көрсетерсің берерсің.

Ұланғайыр бұлағымды місе етпей,

Ашкөзденген адамдарға не дерсің!

Айың – анау, Күнің – анау, Жерің – мынау.

Ау, адамдар, жетпей жатыр енді не?

Табиғатқа таласпаңдар, ағайын,

Асырайды ол сені, мені, елді де! – деп ағынан жарылады. Бұл шумақты бір сөзбен айтқанда, табиғатсыз адамдардың өмір сүре алмайтындығы айтылса, физика әлем кеңістігі қоршап тұрған материя екендігі, сонымен бірге, табиғаттағы тіршіліктің бір-бірімен тығыз байланыста екенін: Күннің Жермен байланысын, жерге шыққан шөптердің, ағаштардың адам қажетіне жарауын, яғни табиғатта басы артық дүние жоқ екендігін, біріне-бірі мұқтаж, бір – біріне керек екендігі жырланғанын түсіндіремін. Сөйтіп, табиғатқа адамгершілік тұрғыдан қарым – қатынас жасаудың маңызды екеніне тоқталамын.

9 – сыныпта өтілетін механикалық тербелістерге мысал бола алатын мына бір өлең шумағына назар аударайық:

«Қара саздың шыбығын жел тербеген,

Жел тербеген шыбықты мен тербегер», – деген шумағында физикада соққан желдің тарапынан шыбықты тербелісі сыртқы периодты күштердің әсерінен болған еріксіз тербелісті сипаттайды. Ал «Таудағы көктем» өлеңінде мына:

«Қасқа бұлақ,

Тастан құлап

Бара жатыр шапқылап» – деген жолдарға назар салайық. Мұқағалидің бұл өлеңінде физика пәнімен тікелей байланысты. Бұл арада тастан құлап аққан бұлақтың потенциялдық энергиясының кинетикалық энергияға айналуымен, яғни, энергияның бір түрінен екінші түрге ауысып отыратындығын түсіндіремін.

Оқу мен тәрбиенің, негізгі және қосымша бөлімінің, сынып және сыныптан тыс жұмыстардың, инвариативті және вариативті білімнің, білім, білік, дағдының, сабақтың білім беру, тәрбие беру, дамытушылық мақсаттарының сабақтастығын ешкім де жорққа шығара алмайды. Яғни интеграцияға баратын жол осы салалардың бірігуімен басталады,. Интеграциялық білім оқушының ақпараттық және коммуникативті құзіреттілігін қалыптастырады. Пәнаралық байланыс арқылы бір ғылым саласының заңдылығын айқын, дәл білу үшін басқа ғылым саласындағы ұқсас құбылыспен байланыстырып, салыстыруға мүмкіндік туады. Интеграция-ғылымдардың жақындай отырып байланысуы.

Оқушының дүниетанымын қалыптастыру барлық пәндердің міндеті. Пәнралық байланыс дүниетанымды бір жүйеге келтіреді, бір ізді, үйлесімді дамытады. Білімді жалпылау, жалпыны бірлікте көру, жалпы тұрғыдан ерекшелікті таныту-әлемнің біртұтас бейнесін танытудағы бірден бір жол.

Бүгінгі қоғамда білімнің ғаламдану салдарынан пәнаралық байланыстың төртінші түрі қалыптасты. Ол әлемдік ашық білім кеңістігіне байланысты білім мазмұнының «тасымалдануына» және интеграциялануына байланысты туып отыр. Яғни елімізде ғаламдық интеграциялық үрдістің пайда болу нәтижесінде халықаралық дәрежеде білім берудің негізі қаланып жатыр. Қорыта айтқанда, әрбір ұстаз-өз заманының алдыңғы қатарлы білімдар өкілі. Ол өз бойына ғұламаларымыз Әл-Фараби, Ш.Уәлиханов, М,Әуезов, Қ.Сәтбаев т.б. жинаған энциоклопедиялық білімнің негіздерін жинап, осы қасиетті шәкірттеріне сіңіре білуі қажет.

Ол үшін әр сабағында пәнішілік, пәнаралық байланыстан бастау алатын интеграциялық білімнің біртұтас жүйесін ендіріп, оқушыларын әлемдік ақыл ойдың қол жеткен табыстар мен сусындауына, өз бетінше білім алуына, шығармашыл бастамаларға бейім болуына баулуы-заман талабы.

 

Осыған ұқсас жазбалар:

ФизикаСабақтың тақырыбы: Метеорит

ФизикаАвторлық қолданбалы курс бағдарламасы "Физика болашақ- мамандықта"

ФизикаСабақтың тақырыбы: Заттың тығыздығы.

ФизикаДененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. Қуат (ҚМЖ)

Кембридж9 сынып физика пәніне орта мерзімді жоспар (кинематика тарауы)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068719

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru