баяндама

7 желтоқсан 2015 - Жанара Каркенова

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек.

Физика сабақтарында ақпараттық  - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

  • оқушының өз бетімен жұмысы;

  • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

  • білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

  • шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық  құбылыстарды  түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

  • экономикалық тиімділігі;

  • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

  • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

  • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңсітігімен сабақтастыру.

Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың негізгі міндеттері:

  1. Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;

  2. Практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;

  3. Ғылыми ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу.

Ақпараттық технологиялардың қағидалары:

  • жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • технологиялық құрал арқылы алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;

  • білім мен тәрбиенің бірізділігі;

  • жалпы компьютерлік сауаттылық;

  • оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы.

Жаңа ақпараттық технологиялық құралдары оқыту құралы қызметін атқарады.

Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық  - коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.

Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын нәрседен бір жаңалық болуы керек” Жүсіпбек Аймауытов

Электрондық оқулықтың тиімділігі зор. Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды  бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және дипломдық жобаларға нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл тест сұрақтарының  нәтижесі әр оқушыға жауап беру деңгейіне қарай пайыздық көрсеткішпен бағаланып беріледі. Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз.

«Он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет».

Елбасының «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» жолдауынан.

Жаңа ақпараттық технология мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бүгінгі күнде осы технологияны қолдануда интерактивті тақта ерекше орын алады. Оқушы интерактивті тақтамен жаңа материалдарды арнаулы бағдарламамен мүмкіндігінше пайдалана алады. Ондағы мақсат – оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және қазіргі заманғы интерактивті тақтамен жұмыс істеуге үйрету. Интерактивті тақтамен сабақ берген кезде мұғалім, шәкірт және интерактивті тақтамен қарым-қатынас жүргізіледі.

Физика сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту әзірлемемді қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын:

•         физика кабинеттерінде қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал – жабдықтармен толық жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен  және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету;

•         физика пәні бойынша оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру;

Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, жан-жақты шығармашылық жұмыс жасай білетін, физика пәнін информатика пәнімен және де басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру.

«Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру  мен ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу – тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз.

Физика сабағында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану- білім сапасының артуына әкеледі.

Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отырған жаңа ақпараттық технология әдістерін пайдалана отырып, мемлекетіміздің ертеңі-бүгінгі ұрпақтың еңбексүйгіш, ақыл-ойы жан-жақты дамыған, өздігінен ізденгіш, өз ойын ашық айта алатын жеке тұлғаның қалыптасуына өз мүмкіндігім мен қабілетімді жұмсап келемін.

 

Оқушылардың  көпшілігі естігенінің 5% және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.


 


 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152369

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар