Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. Қуат (ҚМЖ)

18 қазан 2014 - Админ

Пәні

Физика

Сыныбы

7

Сабақтың тақырыбы

Дененің  қозғалу бағытында  әрекет  ететін күштің жұмысы. Қуат.

Мақсаты

Күшке әрекет ететін жұмыс  туралы оқу, қуаттың формуласымен таныстырып, оны қолдануға үйрену

Күтілетін нәтижелері

А)Қуат және жұмыс туралы білім алып түсінеді, түрлі мысалдар келтіре алады.

В)Формуласын есеп шығаруда пайдаланып түрлендіреді.

С)Қуат және жұмыс туралы білімдерін талдап жинақтайды және қорытынды жасайды.

А)Қуат және жұмыс туралы білім алып түсінеді, түрлі мысалдар келтіре алады.

В)Формуласын есеп шығаруда пайдаланып түрлендіреді.

С)Қуат және жұмыс туралы білімдерін талдап жинақтайды және қорытынды жасайды.

Керекті жабдықтар

Оқулық,  плакат, маркер, презентациялар, стикерлер.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Ұйымдастыру.

Амандасу.

Психологиялық тренинг. Шаттық шеңберінде бір –біріне сәттілік тілеп айту.

 

 

Топқа бөлу

Мұғалім оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастырады.

 

 

Үй тапсырмасы: сұрақ- жауап арқылы

 

Тренинг арқылы оқушылар  көршісіне және бір-бірлеріне күніне сәттілік тілеп, сол арқылы арқылы сабаққа кіріседі.

 

 

Оқушылар аң және аңшы ойыны арқылы топқа бөлінеді.

 

 

Оқушылар жоғары жіне төмен дәрежелі сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасына жауап береді.

Тұсаукесер

 Өткен тақырып бойынша постер қорғау.

1-      топ  «Ауырлық күші»

2-      топ «Үйкеліс күші»

 Дайындаған постерді қорғап, екі топ бір – бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.

Негізгі бөлім

Топқа жаңа тақырыпты бөлу:

1-      топ: «Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы»

2-      топ: «Қуат» тақырыбы

 «Бағдаршам» әдісі арқылы формативті бағалау.

Мысалы:

•      Қызыл түс – түсінген жоқпын;

•      Сары түс – әлі де практика қажет/сұрақтар бар;

•      Жасыл түс – барлығы түсінікті.

Маршруттық картада деңгейлік есептер беру

 

Формативті бағалау арқылы оқушылардың арасындағы ынтымақтастықты және кері байланысты нығайтады.

 

Экрандағы баллдарға сәйкес формативті бағалау.

Топтар оқулықтан тақырыпты оқып, берілген тақырыптар арқылы постер дайындайды, қорғайды, түсіндіреді.

 

 

 

Оқушылар «Бағдаршам» түстерін көтеру арқылы тақырыпты түсінгендерін білдіреді.

 

 

 

 

 

 

Есепті өздері шығарып, топта талдайды, топтан бір оқушы тақтаға шығарады.

 

 

Экрандағы кретерий бойынша өз –өзін бағалайды.

 

 

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ соңындағы рефлексия:

 

 

 

Үйге тапсырма:

«Кезбе тілші» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Оқу үрдісінің барлық аспектілерінде оқушыларды белсене қатысуға мүмкіндік жасайды, оқушылардың өз түсінігі мен пікірін қалыптастыруды көздейді.

 

 «Тілек ағашы»

 

 

 

 

 

§51, 52 29 –жаттығу №2 есебі

Оқушылар  тілші рөлін сомдап,  сабақта өткен материалды қайталап, бекітеді.

 

 

 

 

 

 

Оқушылар сабақта алған білім деңгейлеріне қарай  стикерге жазып «Тілек ағашына» жапсырады.

 

       

 

 

 

           

Кіріспе

  Ұйымдастыру бөлімінде бірінші сыныпқа жылулық қарым-қатынас қалыптастырдым, яғни психологиялық тренинг өткіздім. Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, бір – біріне сәттілік тіледі.

  Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулі бойынша  білім беруді жоспарлауда  әр  мұғалім  оқушының жас ерекшеліктерін ескеріп отыруы қажет. Осыған орай мен сергіту сәтін оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес таңдап алдым деп ойлаймын. Сергіту сәтін интербелсенді тақтада видеороликтер көрсету арқылы алған болатынмын. Оқушылар видеороликтердегі іс-қимылды қайталау арқылы сабаққа жақсы көңіл – күймен қатысады және  Аң мен аңшы» әдісі бойынша топқа бөлдім. Оқушылар тақтада ілулі шарларға жебе қадау арқылы топтарға бөлінеді. Топтарға бөлініп, өздеріне топ басшысын сайлау барысында оқушылардың бойынан көшбасшылық қабілетті байқадым.

  Сыни тұрғыдан ойлаумәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану  сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. [1:-48 бет].Мен осы сабағымда  оқушыларға логикалық есептер беру арқылы сыни тұрғыдан ойландыра білдім деп ойлаймын.

Тұсаукесер

Тұсаукесер бөлімінде оқушыларға өткен тақырып бойынша постер дайындатып қорғаттым. Осы постер дайындау барысында А деңгейлі А есімді оқушым өзінің суретті жақсы салу қабілетімен көрінді. 

Негізгі бөлім

Бұлсабақ бойынша оқушыларды екі топқа бөліп және жаңа әдіс – тәсілдерді негіздей отырып, сабақ барысында  әр топқа тақырып бөліп, топта талдап, постер дайындау тапсырылды. Оқушылар жаңа тақырыпты түсіндіріп, талдап, өзара талқылап, әңгіме түрінің «топтық» жүйесін іске асырып, тақырыптарды жан – жақты талдады.Топтар талқылап болғаннан кейін, негізгі ұғымдарды постер бетіне түсіріп, постер қорғауға дайындалды. Топта талқылау барысында  байқағаным оқушылардың жауапкершілікті сезініп, тақырыпты талқылауға салғандары. Топ  ішінен постер қорғауға шығып, салған суреттерін, түсінігі бойынша мысалдар келтіріп нақты жеткізе білді. Зерттеуге алған  А деңгейіндегі А есімді оқушы  «Ауырлық күші» тақырыбында «денелердің ауырлық күші тарапынан жерге тартылатындығын,  мысалы тасты немесе допты жоғары лақтырсақ, ол денелердің қайтадан жерге түсетіндігін»   баяндап, физика пәнінен білімдерінің  шыңдалуына өткен тақырыпты кіріктіру негіз болғандығын байқатты. Оқушы  — мұғалім рөлінде жаңа сабақты тобына баяндауда, бір – біріне сұрақтар қоюда диалогтік  баяндау көрініс тапты деп ойлаймын. Бұл жағдайда оқушы өзіне жүктелген жауапкершілікпен қатар өзін – өзі реттеп, қалай оқу керектігін үйренді. Мен өз  тарапымнан оқушыларға сенім білдіруді, олардың пікірлерімен санасып, төзімділікпен тыңдауды және төмен деңгейлі оқушылардың да жақсы нәтиже көрсете білетінін көрдім.

   Сабақта талантты және дарынды оқушылармен жұмыстану үдерісі нақты жоспарлану қажет. Сабақ барысында әр оқушының дарындылығын және талантын бағалап отыру, оларды көре білу мұғалімнің басты парызы екендігін біліп, оқушыларды тақырып бойынша түрлі тәсілдерді ұсына отырып ерекше таланттардың бар екендігін біліп отырдым. Модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі  өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Сондықтан да осы сабақ барысында мен талантты және дарынды балалармен жұмыстану барысында оқушыларға логикалық есептер мен қатар деңгейлік есептерді де берген болатынмын.  Сыныптағы С деңгейіндегі Ж. Г. Ж есімді оқушылар өздеріне тапсырылған тапсырманы тиянақты орындап,  логикалық есеппен қатар, деңгейлік есептерді де шығарып топта талдап отырды. С деңгейінің есебін шығару барысында да С деңгейдегі оқушылар формулаларды қорытып, халықаралық бірліктер жүйесіне айналдырып, есептің жауабын еселік бірліктер түрінде шығарып отырды. Осы оқушының  есеп шығаруға деген дарындылығын бұрынғы сабақ барысында да байқаған болатынмын, бірақ, осы сабақ барысында ол оқушының дарындылығы деңгейлік тапсырманың жоғары дәрежелі есебін аз уақыт ішінде өрнектеп, қорытындылап шығаруы оқушының дарынды екендігін анық көрсетіп отырды.

 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың    (АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын   әдіс-тәсілдер,   әдістемелер,  технологиялар  жаңартылып  отырады. [1: 61-бет]. Оқушыларғабілім беруде ақпараттық технолгияларды пайдалану өте тиімді рөл атқаратынын тәжірибе барысында қолдану арқылы көз жеткізуге болады. Осы тұрғыда мен  есептің жауабын және бағалау шкалаларын интербелсенді тақтаны пайдаланып және сергіту жаттығуын жасау барысында видеороликтер кқрсетуде пайдаландым. Мұғалім ретінде интербелсенді тақтаның оқушылардың денсаулығына зиянды екендігін ескеріп, он минут уақыттан артық қолдануға болмайтындығын біліп отырдым, тек есеп шығару сәтінде және тест қорытындысын шығарған кезде ғана қолдандым.

 Оқыту үшін бағалау- бұл білім алушылар өздерінің қай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үрдісі (1:57 бет). Сабақ барысында оқыту үшін бағалаудың бағдаршам арқылы, топтық және жұптық бағалауды қолданған болатынмын. Тест тапсырмасын оқушылар топпен (1- топ- 3 – топтың, 3- топ 2 – топтың, 2 – топ 1- топтың ) жұмыстарын тексерді. Бұл тұста оқыту үшін бағалау жүзеге асып, жиынтық бағалаудың қорытындысы өрнектелді. Жаңа сабақты түсінгендерін оқушылар бағдаршам түстері арқылы  (жасыл бәрі түсінікті, сары – әлі де түсіндіруді қажет етемін, қызыл – түсініксіз) бағалаған болатын. Оқушылардың барлығы да бағдаршамның жасыл түсін көрсетіп, барлығы түсінікті екенін білдірді. Жаңа тақырып түсінікті болғандықтан, оқушыларға маршруттық картада есептер беріп, есепті шығару барысында  жұптық бағалау жүргіздім. Алдымен бағалау критерийін көрсетіп, есептің деңгейіне байланысты қойылатын шкалалармен таныстырып, жұптарынбағалауды ұсындым.  Бағалаудың бұл әдісінен мен: оқушылардың өзін-өзі бағалауы, бірін-бірі бағалауы нақтылыққа, әділдікке, бірін-бірі сыйлауға, өз пікірін дәлелдей алуға үйрететінін, өзін жеке тұлға ретінде қабылдап, сыныпта орны барын түсінуге жағдай туғызатындығын байқадым.

            Сабағымның әр сатыларында көшбасшылардың тапсырма орындау барысында айқын көрініп отырғандары сабақ барысында мұғалім ретінде ең бірінші орынға өзімнің көшбасшылығымды қойып, кейін сыныптағы В, С деңгейіндегі оқушылардың постер қорғау кезінде және талқылауда, бағалау барысында өз ойларын ашық жеткізіп, пікірлерін, ұсыныстарын жүйелі беруі, оқушының « көшбасшы» екендігін көрсетті. Мысалы: постер қорғау кезінде  бірінші топтың  жұмысын екінші топ мүшесі В деңгейіндегі А есімді оқушым басбармақтың жоғары қарап бағалауын былай түсіндірді, «бірінші топтың қорғауы және энергияның түрлеріне сипаттама берулері, формуланы жүйелі түсіндірулері» ұнады деп, сынып ішіндегі саналы ой арқылы өз бағалауын түсіндірген оқушы болды.  Сабақтың постер қорғау сәтінде де С деңгейіндегі Г оқушым өз тобының жұмысын сапалы түсіндіріп, қуат формуласын  жазып, өлшем бірлектердің формулалардан туындайтындығын ашып көрсетті. Бұл оқушының ерекше пайымдап түсіндіруі сол топтағы және сыныптағы көшбасшы екендігін айқындалып, көрсетіліп отырды.

 

Қорытынды

Сабағымның аяқталу сәтінде оқушылар мен мұғалім арасындағы қатынастың қолжетімді болуын ескеріп сабақ соңында кері байланыс орнатып отырдым. Бұл сабағымда кері байланыстың мына түрін қолдандым, яғни «Кезбе тілші» әдісін қолданған болатынмын. Тілші рөлін сомдауға оқушыларды ортаға шақырғанымда сыныптағы С деңгейіндегі  есімді оқушы тілші болуға дайындығын білдіріп, қалған оқушылардан бұрын ортаға шықты. А деңгейіндегі А есімді оқушы телефон шалушы ролін сомдаса, зерттеуге алған В деңгейіндегі Ж есімді оқушы оқушыларға бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтар қойды.

Сабақты

бағалау

 Мен бұл сабағымда сабақ өз мақсытана жетті деп ойлаймын. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатынасып, берілген тапсырмаларды орындады. Оларға критерий бойынша өзін – өзі  бағалау, топта жұмыс істеу оларға ұнады. Жаңа тақырыпты меңгеру барысында топпен талқылап, постер дайындап,  бірлесіп, топтасып орындау оларға ұнады.

Сабақта бағалау формативті түрде жүргізілді. «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам», «Критерий бойынша» бағалау (критерийлерді пайдаланып өзін – өзі бағалау) әдістері қолданылып, оқушылар арасында өзара бағалау жүргізілді. Формативті бағалау сынып оқушыларының көзқарастарын  жеткізе білуіне, сыныпта  кемшіліктерін болдырмауға, жарыса оқуға, белсінді болуға итермеледі.

Сабақ бойынша

өзгертулер

 

45 минутқа жеті модульді сыйдырып, сабақ өткізу өте қиын болды. Оқушыларға сабақта қолданылатын әдістерді түсіндіруге, ойларын тиянақты қылып жеткізуге, бір-бірін бағалауға үйрету көп жұмыстар мен уақытты талап етті. Жаңа әдістер оқушылар үшін қызық болағынымен, мәнін түсініп тапсырмаларды орындау  қиындық тудырды. Сұрақ қоюбарысында төмендәрежелі сұрақтар көптеп қойылды. Сондықтан да келесі сабақтарда жоғары дәрежелі сұрақтар қоюға дағдыландыру керекпін деп түйдім.    

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаздарға« Оқытуды жақсартуда оқыту үшін бағалауды тиімді ұйымдастыру »

Қазақ тіліҚыс. Қазақ тілі 5 сынып

ХимияОттек аллотропиясы.Озон және озон қабатының маңызы.Заттардың жануы

БастауышМал баласын сүйеді. Сөз (Кембридж бағдрламасы)

Қазақ тіліКөктем. Қазақ тілі 4- сынып

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072411

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар