Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары

Сабақ  тақырыбы: Дыбыс. Дыбыстың  сипаттамалары.

Мақсаты: білімділік:         а) дыбыс толқындары туралы түсінік беру

                               ә) дыбыстың  сипаттамаларын, музыкалық  дыбыстарды  

                                  қарапайым  мысалдар  арқылы  түсіндіру.                           

тәрбиелік:ұлттық  өнерге  баулу, дыбыстың  адам  өміріндегі маңызын  ашу.          Домбыраның  құрылысымен танысу. Этнопедагогикалық  тәрбие  беру.

                     дамытушылық:пәнге  деген  ынтасы мен қабілетін  дамыту,             

                                          білімділік  танымдарын өмірмен  байланыстыра                  

                                          отырып  арттыру. 

Сабақ  әдісі: түсіндіру, баяндау, демонстрациялау.

Көрнекілік  құралдар:слайдтар, домбыра,  камертон,  GLXқұралы,

                                        Электронды  оқулық, видеоролик.

Пән  аралық  байланыс:тарих, этнопедагогика, қазақ тілі      

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

1.1. оқушылардың құрал – жабдықтарын алғызу

1.2. зейінін сабаққа аудару

1.3. оқушыларды психологиялық дайындау

1.4. Оқушыларға өзіндік бағалауды түсіндіру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1.     25 – жаттығудың  № 3

ІІІ. Өткенді  еске  түсіру../ физикалық диктант/

      1. Қызығушылықты  ояту

IV.           Жаңа  сабақты  меңгеру.

        II. Мағынаны тану

 а) Жаңа  тақырыпты  игерту. /Презентация, постер  жасап, қорғау/

   ә) Демонстрация (темір сызғышпен, камертонмен, стаканмен)

   б) Бекіту сұрақтары

V.         Жаңа  сабақты  бекіту. Ой- толғаныс

VI.     Қорыту. GLX құралымен  дыбыс  жазу.

VII.  Үйге  тапсырма

VIII.    Бағалау

І І. 1. Берілгені             Талдау             Шешуі

         υ=20м∕с                                м/с *0,5с =1 м

         T=0,5 c               

         λ= ?

ІІІ. Өткенді  еске түсіру  физикалық диктант

Физикалық диктант, 5 минут

1.     Тербелістердің  серпімді  ортаның  бір бөлшегінен  екінші  бөлшегіне таралу  процесі  механикалық  толқын  деп  аталады.

2.     Бөлшектердің  тербелісі  толқынның  бағытына  перпендикуляр бағытта жүзеге  асатын  толқынды  көлденең  толқын  деп  атайды.

3.     Бойлық  толқын – бөлшектердің  тербелісі толқынның  таралуы  бойында  жүзеге  асатын  толқын

4.     Толқын ұзындығы– периодқа  тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.

5.     Толқын  жылдамдығы – толқын ұзындығының  бөлшектердің  периодына  қатынасы  арқылы  анықталатын  физикалық  шама.

6.     Сейсмикалық толқын– жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы.

7.     Гравитациялық толқын– ауырлық  және  беттік  керілу күштері әрекетінен  туындайтын  толқын. 

8.     .

ІІІ.  Жаңа  білімді  меңгеруге  даярлық

     

  « Ой  шақыру » стратегиясы

Қазір  өмірімізді  радио-телехабарларсыз, телефон  байланысынсыз  елестету мүмкін  емес. Механикалық  толқындар  әлемінде  біз көрмейтін, бірақ, сол арқылы  бір-бірімізбен  қарым-қатынас жасап, музыка, радио тыңдайтын толқын түрі бар.

         Ол  қалай  аталады?              (Дыбыс)

 

Ертегі –аңыз.

Ертеде бір хан болыпты. Оның жалғыз қызы бар екен. Хан қызын өзі сияқты хан  баластна  атастырып қояды. Қыз бойжеткенде кедей жігітке ғашық болып, көңіл қосып жүреді екен. Мұны білген хан жігітті дарға астырады. Жігіт өлгенен кейін қыз мезгіліне жетпей бір ұл, бір қыз табады. Ел сөзінен сескенген хан жаман атқа қалмаудың амалын іздеп, қос бүлдіршіннің көзін жоюды астыртын мыстан кемпірге тапсырады. Сәбилерді көз-көрмес құлақ –естімес жерге апарып, биік ағаштың басына қызды шығысқа, ұлды батысқа қаратып іліп кетеді. Нәрестелердің көз   жасы тамған  ағаш бұтақтары суалып, қуара бастайды. Қос жүрек соғуын тоқтатқанда, бәйтерек те өсуін тоқтатады. Ел ішіндегі өсек-сөз, өтірік өкпеге шыдамаған қыз, егізін іздеп жолға шығады. Бармаған жері, баспаған тауы қалмайды. Қатты шаршап діңкесі қатқан қыз әбден қурап, қабығы түсіп шіруге айналған биік ағаштың түбіне қисая кетеді. Оны бір сүйкімді саз, сиқырлы әуен оятады. Құлақ түріп тыңдаса, “ән салып ” тұрған қасындағы биік ағаштан күмбірлеген үн естіледі. Қыз күндіз егізін іздеп, түнде осы ағаштың түбіне келіп, көңіл жұбатып, тынығып жүреді. Бір күні айналаға көз салмақ болып, басына шығам деп, ағашты құлатып алады. Ағаш жуан түбінен басына дейін қуыс екен. Жіңішке басының екі жағында бұтақтан-бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Бұл қыздың екі баласынан қалған жұрнақ еді. Батыс жағыгдағы ішек бостау, шығыс жағындағы ішек қаттылау тартылыпты. Шертіп көрсе, керемет үн шығады. Қыз байғұс бостау тартылған ішектің үні мұңды шығатындықтан ұлым-Мұңлық, тым зарлы шығатындықтан қызым-Зарлық деп  ана ат қойып, күндіз- түні қасынан тастамай күй шығарып, ел кезіп, егізін іздеп кеткен екен.

Ендеше, біздің  бүгінгі  жаңа тақырыбымыз

 Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.

 

 

 

 

Дыбыс   дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер? Қалай  ұғынасыңдар?

 

                                                                      Шу

 

                                      Әріптер                                                          

Овал: Дыбыс                                                                                                    Ән

 

               
   
 
   
   
 

 

 

 

 

 

 

 


                                       Сөздер                                           Жаңғырық

                                                                                               

 

                                                       Денелердің соқтығысуы

Домбыраның    құрылысын    білеміз  бе? Бізді  бүгін  домбыраның  құрылысымен  таныстыру  үшін  музика  пәнінің  мұғалімі  Баекешова  Мария  апайларын   қонаққа  келіп отыр. Ендеше сол апайымызға  сөз  берелік.

 Домбыра  құрылысы.

Домбыра 3 бөліктен тұрады. Бас бөлігі, мойыны, шанақ. Басында құлақтары, шайтан тиегі орналасады. Мойын бөлігінде пернелер, шанақта тиек, ойық, ілгек орналасады. Домбыра- әрбір құрылымдық элементтерінің қызметін жалпы физикалық күрделі заңдармен түсіндірілетін ұлттық акустикалық –аспап.

 IVЖаңа сабақ

Электронды  оқулықтан  видеороликтер  көрсету.

Мәтінді  бөліп  беріп , презентация  жасатып  қорғату. 

Статистикалық тепе-теңдік.

А) Домбыра  төрде  ілулі  тұрғанда  немесе  шертпей  жай  ғана  қолымызға алғанда  барлық  бөліктері  өзара  тепе-теңдікте  тұрады.

Егер  домбра  ішегін  қолымызбен  шертсек  белгілі  бір  үн  естиміз.

1.     Тепе-теңдікте тұрған  ішекті  шертіп  тербеліс  тудырдық.

2.     Ішектің  тербелісі  ауа  арқылы, біздің  құлағымызға  жетеді.

3.     Біздің  көзімізге  көрінбегенімен  домбыраның  беттік  тақтайы  да  күрделі  тербеліске  ұшырайды.

Дыбыс  ауада  таралып  тербеліс тудырады.  Денелердің тербелісі дыбыс туындауының себепкері болып табылады.

Тербеліс жиілігі 16Гц – тен 20000 Гц –ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін туғызады. Сондықтан  мұндай  толқындар дыбыс толқындары  немесе  акустикалық  толқындар  деп.  аталады.

Жиілігі  20000 Гц тен  жоғары  толқындар – ультрадыбыстар

Жиілігі 16 Гц –тен  төмен толқындар  инфрадыбыстар  деп  аталады.

102 сурет. Мысал келтіру

Сонымен  ауада  тарайтын дыбыс  толқындары  бойлық  толқындар  болып табылады. Дыбыс  барлық  ортада  тарала  алады. Қарапайым  бақылаулар дыбыс әр түрлі ортада белгілі бір жылдамдықпен таралатынын көрсетеді.

1 кесте. Әр түрлі ортадағы дыбыс жылдамдығы. Найзағайдың  суреті.

Жарықтың  ауада  таралу  жылдамдығы  300000км/с

Дыбыстың  ауада  таралу  жылдамдығы 330 м/с

Музыкалық дыбыстар – камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары.

Дыбысты сипаттайтын физикалық шамалар

 

           
     
 

 

 


Дыбыс қаттылығы      тонның биіктігі                   тембр

Дыбыс қатылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.

Тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады.

Тембр – адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.

Шу әр түрлі жиіліктігі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы

V. ІІІ. Бекіту.

    Ендеше, балалар  дыбыс  туралы  алған  мәліметтерді  қорыта  келе, күнделікті  өмірде  кездесетін  жағдайларға  мән  бере  аламызба? 

Соны байқап көрейік.

1-тапсырма.

1. Жазық  далада  жаңғырық  шығуы  мүмкін бе?

     (Жауабы: Жоқ, дыбысты шағылдыратын зат жоқ)

2. Неге шәйнек қайнар алдында шуылдайды және неге суы аз болғанда қаттырақ шу шығады?

       (Жауабы: Алдымен бу көпіршіктері түбінде пайда болады, сосын суық қабатына көтеріледі. Бұл жерде бу конденсацияланады да көпіршік жарылады. Көп көпіршіктердің дауысы шу сияқты естіледі. Қайнаған судың дауысы шәйнектің бетіндегі ауа резонансын тудырады.)

3. Неге  күндізге  қарағанда  дауыс  түнде  қаттырақ  шығады?

        (Жауабы: Түнде дыбыс таралып кететін ауа конвекциясының ағыны аз болады. )

4. Неге  жанып  жатқан  ағаш  отыннан  сыртылдап  ұшқын  ұшады?

        (Жауабы: Ағашта ауа қызған кезде кеңейеді де, ағашты жарып шығады осыдан ұшқын шығады. )

5. Үкі – түн құсы. Оның  дауысы түнгі орманда  жоғалып  кетпей, алысқа  дейін естіледі. Бұны қалай түсінуге болады? 

        ( Жауабы: Үкінің дауысының жиілігі төмен және салыстырмалы түрде толқын ұзындығы үлкен болады. Сонымен қоса оның дауысы үлкен энергияға ие.)

6. Көшпенділер  жау  әскерінің  жақындағанын  қайдан  біліп  отырған.

(  Жауабы: Жер үлкен арақашықтықта дыбыстарды жеткізеді. Адамдар жерге жатып дыбыстарды тыңдаған. Көптеген әскердің дауысы гуіл болып алысқа естіледі.)

 

 

 

 

 

 

2- тапсырма.

 Есептер шығару. (Оқушылар  сұраққа  жауап  бергенде, төрт  оқушы тақтаға есеп шығарады.)

 

№ 1.Адам үңгірдің алдына келіп қатты айқайлады. Ол жаңғырығын 3 секундтан соң естіді. Осы үңгірдің тереңдігі қандай?

t= 3 с              Талдау:                          Шешуі:

v= 330м/с         h=      h= 


h=?

№2.Бақылаушыдан  5 км қашықтықта найзағай түсті. Қанша уақыттан соң бақылаушы оның дыбысын естиді?

s=5*103м         Талдау:                          Шешуі:

v= 330м/с       t =                t =  = 15 c.


t= ?             

№3.Эхолоттың көмегімен кеменің астынан теңіз тереңдігін өлшеген кезде, сигналды жіберген уақыттан бастап оны қайтадан қабылдағанға дейін 6 с уақыт өтсе, теңіз тереңдігі қандай болғаны?

t= 6 с              Талдау:                          Шешуі:

v= 1480м/с                   

  h=  ?                 h=              h= 

№4  Бақылаушы найзағайдың жарқылын көрген мезеті мен күннің күркіреуін есту арасындағы уақыт 10 с болғанын байқады. Найзағай бақылаушыдан қандай  қашықтықта жарқылдаған? Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы 343 м/с деп есептеңдер. 

t= 10 с              Талдау:                          Шешуі:

v= 343 м/с                   

 s = ?              s   =             s = 

 

27   жаттығу   ( 1,2,3,4)    -  4 топқа  бөліп  беру

Үлгірімі   төмен  оқушы мен  дарынды  оқушыға   жек  тапсырма  беру.

Сергіту  сәті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-тапсырма.    Графикалық   диктант.  (Иә, жоқ  жауап беру)

1.     Дыбыс – есту түйсігін туғызатын серпімді толқындар.

2.     Жиілігі  20 Гц-тан  жоғары толқындарды адам құлағы естиді.

3.     Найзағай – табиғи дыбыс көзі.

4.     Акустика –дыбысты зерттейтін физика бөлімі.

5.     Дыбыс қаттылығы тербеліс жиілігімен анықталады.

6.     Дыбыс  тоны  тербеліс  жиілігімен  анықталады.

7.     Дыбыстың  аудағы  жылдамдығы 330 м/с.

8.     Дыбыс қаттылығының өлшем бірлігі – Бел.

Біріңді – бірің тексер!

VI.Сабақты бекіту

1. Тест жұмысы, 5 минут

1.     Жиілігі  16 Гц -тен төмен дыбыстар  қалай  аталады?

        А)инфрадыбыстар      Б) акустикалық дыбыстар   

        С) ультрадыбыстар     Д) толқындық дыбыстар

2. Адамның есту мүшесі қабылдайтын дыбыс толқындарының жоғары жиілігі қандай?

       А)20 000Гц      Б) 200 000Гц    С) 200Гц   Д) 2 Гц  

3. Дыбыс  қаттылығы  немен  анықталады?

      А)осциллограф     Б) дыбыс зорайтқыш

      С) камертон            Д) генератор     

4. Дыбыс  қаттылығы  қандай  шамаға  тәуелді?

     А) тонның биіктігіне           Б) тербеліс амплитудасына

     С) тербеліс жиілігіне         Д) таралу жылдамдығына

5. Дыбыс  қаттылығының  бірлігі  қандай?

     А)метр                     Б) герц

     С) метр/секунд         Д) децибел

6. Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы

      А)330м/с                    Б) 50м/с

      С) 1480м/с                  Д)5600м/с

7. Ұшақтың көтерілу кезіндегі дыбыс қаттылығы

      А)100дБ                     Б) 50-60дБ

      С) 120дБ                    Д) 10дБ

ІҮ. Үйге тапсырма:  1. § 31-34   28- жаттығу.

1. Сұрақ:  Домбыра мен  күйсандықтан  бір  нота  орындалғанда.

 Осы аспаптардың шығаратын дыбыс жиіліктері бірдей ме?

Жауабы:  Бұл аспаптардың жиілігі де бірдей, бірақ тембірі әртүрлі болады.  Біз тембіріне қарай музыкалық аспапты немесе кімнің сөйлеп жатқанын анықтай аламыз. Дыбыс тембірі бойынша дыбыс көзі анықталады

2.  Сұрақ:  Немістің ұлы композиторы Бетховен өзінің соңғы симфонияларын саңырау кезінде жазған. Ұлы шығармаларын жазу үшін таяқшаның бір ұшын тісіне, бір ұшын рояльдің қақпағына тіреп қоюды пайдаланған.

Таяқша  композиторға  қалай  көмектескен?

Шудың  пайдасы мен   зияны, онымен  күресу  жолы. / шығарма  жазу/

 

 

Оқушыларды  бағалау.

 

Үй  тапсырмасы

Презента-ция

/жаңа сабақ мазмұны/

Тапсырмалар

Бекіту/Тест

Жалпы балы

есеп

физ диктант

 

№1

№2

№3

 

 

балы

3

8

10

6

15

8

7

57

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау.

57 – 50 – “5”

49 – 39 – “4”

38– 25– “3”            25  тен төмен болса – “2”

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тапсырма.

 

 

1. Жазық далада  жаңғырық шығуы мүмкін бе?

2. Неге шәйнек қайнар алдында шуылдайды және неге суы аз болғанда қаттырақ шу шығады?

3.Неге күндізге қарағанда  дауыс түнде қаттырақ шығады?

4.Неге жанып жатқан ағаш отыннан сыртылдап ұшқын ұшады?

5. Үкі – түн құсы. Оның дауысы түнгі орманда жоғалып кетпей, алысқа дейін естіледі. Бұны қалай түсінуге болады? 

 

 

 

1-тапсырма.

 

 

1. Жазық далада  жаңғырық шығуы мүмкін бе?

2. Неге шәйнек қайнар алдында шуылдайды және неге суы аз болғанда қаттырақ шу шығады?

3.Неге күндізге қарағанда  дауыс түнде қаттырақ шығады?

4.Неге жанып жатқан ағаш отыннан сыртылдап ұшқын ұшады?

5. Үкі – түн құсы. Оның дауысы түнгі орманда жоғалып кетпей, алысқа дейін естіледі. Бұны қалай түсінуге болады? 

 

 

 

 

 

                              

                 

 

                       2- тапсырма. Есеп  шығару

 

 

№ 1.Адам үңгірдің алдына келіп қатты айқайлады. Ол жаңғырығын 3 секундтан соң естіді. Осы үңгірдің тереңдігі қандай?

 

 

№2.Бақылаушыдан  5 км қашықтықта найзағай түсті. Қанша уақыттан соң бақылаушы оның дыбысын естиді?

 

 

№3.Эхолоттың көмегімен кеменің астынан теңіз тереңдігін өлшеген кезде, сигналды жіберген уақыттан бастап оны қайтадан қабылдағанға дейін 6 с уақыт өтсе, теңіз тереңдігі қандай болғаны?

 

 

 

№4  Бақылаушы найзағайдың жарқылын көрген мезеті мен күннің күркіреуін есту арасындағы уақыт 10 с болғанын байқады. Найзағай бақылаушыдан қандай  қашықтықта жарқылдаған? Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы 343 м/с деп есептеңдер. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 Физикалық  диктант, 5 минут

 

1.    Тербелістердің  серпімді  ортаның  бір  бөлшегінен  екінші  бөлшегіне  таралу  процесі ..........................................................  деп  аталады.

 

2.    Бөлшектердің  тербелісі  толқынның  бағытына … бағытта жүзеге  асатын  толқынды  ......................толқын  деп  атайды.

 

 

3.    Бойлық  толқын – бөлшектердің  тербелісі толқынның .............................  жүзеге  асатын  толқын

 

4.    ............................– периодқа  тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.

 

 

5.    Толқын  жылдамдығы – ................................ бөлшектердің  периодына  қатынасы  арқылы  анықталатын  физикалық  шама.

 

6.    .....................................– жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы.

 

 

7.    .......................................– ауырлық  және  беттік  керілу күштері әрекетінен  туындайтын  толқын. 

 

 

8.   

       
   
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                            

 

                            

 

 
 

 

 


                            Карточка  № 1

1.  Камертон ұзындығы 0.5 м дыбыс толқынын шағылдырады. Дыбыс жылдамдығы 340 мс. Камертон тербелісінің жиілігі қандай?

2.  Қатаңдығы 300 Нм серіппеде 32 с ішінде 40 тербеліс  жасайтын  жүктің  массасы неге тең?

3.  Қатаңдығы 166 Нм серіппеге ілінген массасы 1,44 кг жүктің тербеліс периоды мен жиілігін анықта.

                                   Карточка № 2

1.Көл суының бетінде толқын 6мс жылдамдықпен тарайды. Егер толқын ұзындығы 3 м болса, жиілікті анықта.

2.Ұзындығы 80 см маятник 1 минут ішінде 34 тербеліс жасаса, еркін түсу үдеуі неге тең болады?

3.Серіппеде тербеліп тұрған жүк 5 с ішінде 20 тербеліс жасайды. Тербелістің жиілігін анықта.

 

 

 

 

 

 

 

                            Тест  жұмысы     /5 минут/

 

1.   Жиілігі  16 Гц -тен төмен дыбыстар  қалай  аталады?

        А)инфрадыбыстар       Б) акустикалық дыбыстар   

        С) ультрадыбыстар      Д) толқындық дыбыстар

 

2. Адамның  есту    қабылдайтын дыбыс толқындарының жоғары  жиілігі  қандай?

       А)20 000 Гц      Б) 200 000 Гц    С) 200 Гц   Д) 2 Гц  

 

3. Дыбыс  қаттылығы  немен  анықталады?

      А)осциллограф        Б) дыбыс зорайтқыш

      С) камертон              Д) генератор    

 

4. Дыбыс  қаттылығы  қандай  шамаға  тәуелді?

     А) тонның  биіктігіне           Б) тербеліс  амплитудасына

     С) тербеліс  жиілігіне          Д) таралу  жылдамдығына

 

5. Дыбыс  қаттылығының  бірлігі  қандай?

     А)метр                     Б) герц

     С) метр/секунд         Д) децибел

 

6. Ауадағы  дыбыстың  таралу  жылдамдығы

      А)330 м/с                    Б) 50 м/с

      С) 1480 м/с                  Д)5600 м/с

 

7. Ұшақтың  көтерілу  кезіндегі  дыбыс  қаттылығы

      А)100 дБ                     Б) 50-60 дБ

      С) 120 дБ                    Д) 10 дБ

 

 

Тест  жауабы

 

р/с

жауаптары

1

А

2

А

3

С

4

Б

5

Д

6

А

7

С

 

 

 

 

 

 

 

Оқушы аты-жөні

Үй  тапсырмасы

Постер

/жаңа сабақ мазмұны/

Тапсырмалар

Бекіту/Тест

Жалпы балы

есеп

физ диктант

 

№1

№2

№3

 

 

балы

3

8

10

6

15

8

7

57

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау.

57 – 50 – “5”

49 – 39 – “4”

38– 25– “3”            25  тен төмен болса – “2”

 

 

 

 

 

 

                                      1-тапсырма.

 

1. Жазық  далада  жаңғырық  шығуы  мүмкін бе?

     (Жауабы: Жоқ, дыбысты шағылдыратын зат жоқ)

 

2. Неге шәйнек қайнар алдында шуылдайды және неге суы аз болғанда қаттырақ шу шығады?

       (Жауабы: Алдымен бу көпіршіктері түбінде пайда болады, сосын суық қабатына көтеріледі. Бұл жерде бу конденсацияланады да көпіршік жарылады. Көп көпіршіктердің дауысы шу сияқты естіледі. Қайнаған судың дауысы шәйнектің бетіндегі ауа резонансын тудырады.)

 

3. Неге  күндізге  қарағанда  дауыс  түнде  қаттырақ  шығады?

        (Жауабы: Түнде дыбыс таралып кететін ауа конвекциясының ағыны аз болады. )

 

4. Неге  жанып  жатқан  ағаш  отыннан  сыртылдап  ұшқын  ұшады?

        (Жауабы: Ағашта ауа қызған кезде кеңейеді де, ағашты жарып шығады осыдан ұшқын шығады.)

 

5. Үкі – түн құсы. Оның  дауысы түнгі орманда  жоғалып  кетпей, алысқа  дейін естіледі. Бұны қалай түсінуге болады? 

        (Жауабы:Үкінің дауысының жиілігі төмен және салыстырмалы түрде толқын ұзындығы үлкен болады. Сонымен қоса оның дауысы үлкен энергияға ие.)

 

6. Көшпенділер  жау  әскерінің  жақындағанын  қайдан  біліп  отырған.

(Жауабы: Жер үлкен арақашықтықта дыбыстарды жеткізеді. Адамдар жерге жатып дыбыстарды тыңдаған. Көптеген әскердің дауысы гуіл болып алысқа естіледі.)

 

 

 

 

1.Бүгін  біз не өттік? ---------------------------

 

 

 

-------------------------------------------------------

 

2.Қандай  сұрақ  бар? ------------------------------

 

 

------------------------------------------------------------

 

3.Менің  сабақ  туралы ойым  (екі  жұлдыз, бір тілек)

 

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------

 

 

 

 

 

------------------------------------------------------------

 

Оқушының  аты-жөні:

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084853

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар