Жас физиктер

12 наурыз 2015 - Бибинур Исабекова
Жас физиктер

Тақырыбы: «Жас физиктер»

Мақсаты:

Білімділік:7 сынып оқушыларыныңфизика пәні бойынша білім сапасын және логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру

Дамытушылық:Оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыра отырып, іскерлі, ізденімпаз, интеллектуалды қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру

Тәрбиелік: Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершілігін жетілдіру, біліміне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктерге жетуіне тәрбиелеу;

Көрнекілігі: ұлы физиктердің портреттері, формулалар, нақыл сөздер, тақырыптық суреттер;

Сайыстың барысы

1) Сәлемдесу.

2) Оқушыларға сайыстың түрі мен мақсатын хабардар ету.

II. Оқушыларды үш топқа бөлу. Әр топқа капитандар сайлау.

III. Сайысты өткізу.

Армысыздар, құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі оқушылар!

Армысыздар, ағайын

Ағайын тілін табайын

Есенбісіз ұстаздар

Шаршамайтын қыс-жаздар

Кешке келген аман ба,

Отырамын деп жайланып.

Көрермендер аман ба,

Отырған анау сайланып,

Бәріңізге бір сәлем!

Онда кешті бастайық.

Ойынға қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Армысыздар,қымбатты төрешілер,

Сайысын әрбір топтың көрерсіздер.

Таразының екі басын тең қойып,

Сіздерде әділ баға берерсіздер-

дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысып өтейік:

Жақсылық адамдардың тілегі екен,

Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.

Дәстүрлі қазағымның сарқылмаған,

Шартын сайыскерлер біле мекен? — дей келе сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік.

Сайыстың шарттары:

1.Таныстыру. (топтар өздерін таныстырады)

2.«Ғажайып ұяшық»

3.«Ойланайық, ойлайық»

4.«Әзілді сұрақтар»

5.«Кім тапқыр»

6.«Ойлап тап»

Бүгінгі жас достарым,

Ғылымды жақсы ұғайық.

Физика

Құрметтеуге лайық!

Сайысымыздың алғашқы кезеңі таныстыру.

Әр топ өз сыныбы мен топ аттарын айтып өтеді.

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалаған жүгі бар,

Біреуінің күмбірлеген күйі бар,

Біреуінің қатты істейтін миы бар

ІI. «Ғажайып ұяшық»

1. 10 Ғалымдар – Алма түсіп басына

Басына емес қасына
Тартылыс заңын таптым деп
Кетті ғалым асыға (И. Ньютон)
2. 20 Ғалымдар – Құрметтейік ғалымды
Ғылымды алға жылжытқан
Инерция құбылысын
Айтшы достар кім ашқан? (Г. Галилей)
3. 30 Ғалымдар – Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін зерттеген ғалым.
1. 10 Формула – <img width=«64» height=«40» src=«file:///C:/Users/37CC~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image002.gif» v:shapes="_x0000_i1025">бұлқандай формула. (заттыңтығыздығы)

2. 20 формула — <img width=«94» height=«32» src=«file:///C:/Users/37CC~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image004.gif» v:shapes="_x0000_i1026">бұлқай формула. ( Гук заңы)

3. 30 формула — <img width=«81» height=«23» src=«file:///C:/Users/37CC~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image006.gif» v:shapes="_x0000_i1027">қай формула. (Ауырлық күші)

1. 10 аспаптар – Дененің массасын өлшейтін аспап. (таразы)

2. 20 аспаптар — Күшті өлшеуге арналған аспап. (Динамометр)

3. 30 аспаптар – Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал (барометр)

ІІІ. «Ойланайық, ойлайық»

Тақтада «Динамометр» деген сөз берілген. 1 минут ішінде осы әріптерді пайдаланып, өмірде нақты бар заттарды жазу керек. Кім көп жазса, сол жеңіске жетеді.

Д

И

Н

А

М

О

М

Е

Т

Р

1) Тор 8) Ен 14) Тон

2) Метр 9) Ине 15) Рет

3) Ер 10) Дар 16) Мина

4) Рота 11) Ет 17) Тер

5) Нар 12) Ат 18) Ор

6) Матор 13) Отар 19) От

7) Тир 20) Мен

Сынның да сыны бар ғой сыналатын,

Әр түрлі білім сырын ұға алатын.

Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,

Сыналып әр секундпен жүре алатын.

ІV. Әзілді сұрақтар

1. Кім барлық тілде сөйлейді?

2. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді?

3. Теңізде қандай тастар табылмайды?

4. Елеуішпен су әкелуге бола ма?

5. Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың?

6. Қандай ыдыстарға су құйылмайды?

7. Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр?

8. Екі әкесімен екі баласы үш алманы бір бірден бөліп жеді.Бөлмеде неше адам отыр.

9. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?

10. 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда, 4-тен артық 5-тен кем сан шығады? (үтір)

11. Ағаштың басында 10 торғай отыр, мылтықпен біреуін атып түсірсе ағашта қанша торғай қалды? (Қалғандары ұшып кет еді)

12. Адамға қай кезде көзілдіріктің керегі жоқ? (ұйықтағанда)

13. Теректегі алма қай кезде гүлдейді? (теректе алма өспейді)

14. Көк шарфты суға салса не болады? (су болады)

15. Дайындауға болады,

Бірақ жеуге болмайды. (сабақ)

V. «Кім тапқыр»

[img width=«466» height=«379» src=«file:///C:/Users/37CC~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image008.jpg» alt=«Описание: D:Documentsspace-rocket-maze-25225531.jpg» v:shapes=«Рисунок_x0020_1»>

VІ. «Ойлан тап» Берілген ғалым аттары арқылы физика саласында қызмет еткендер, физика саласында қызметі жоқ ғалымдарды 1минутта тауып бөлу керек.

    1.Тоқтар Әубакиров.

    2.Альберт Эйнштейн.

    3.Мұқағали Мақатаев

    4.Торичелли

    5.Мағжан Жұмабаев

    6.Әбілхан Қастиев

    7.М. Ломоносов

    8.Ахмет Байтұрсынов

    9.И.Ньютон

    10.Б. Паскаль

    Физика саласына қызмет еткендер

    Физика саласында қызметі жоқ

      1.Тоқтар Әубакиров.

      2.Альберт Эйнштейн.

      3.Торичелли

      4.М. Ломоносов

      5.И.Ньютон

      6.Б. Паскаль

    1)Мұқағали Мақатаев

    2)Мағжан Жұмабаев

    3)Әбілхан Қастиев

    4)Ахмет Байтұрсынов

    Жарыстың соңғы сәті таяп қалды

    Демеңіздер біз өнерді аяп қалды

    Әділ – қазы сіздерге сөз береміз

    Жеңімпаздар кім болып сарапталды? – деп сөз кезегін әділ – қазыларға береміз. Әділ – қазылар бүгінгі сайыстың қорытынды бағаларынберсеңіздер. Жеңімпаз топты анықтасаңыздар.

    Алдыңызда жайнаған жүздер әні

    Сіздерменен кездесерміз біздер әлі

    Әділ – қазы, көрермен сау тұрыңыз,

    Күтеді біөзің жарқын күндер әлі.

    Жеңімпаздарды марапаттап, кешті қорытындылау.

Осыған ұқсас жазбалар:

ФизикаСабақтың тақырыбы: Метеорит

ФизикаАвторлық қолданбалы курс бағдарламасы "Физика болашақ- мамандықта"

Кембридж9 сынып физика пәніне орта мерзімді жоспар (кинематика тарауы)

ФизикаСабақтың тақырыбы: Заттың тығыздығы.

ФизикаДененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. Қуат (ҚМЖ)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083437

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар