Материялық нүкте. Қозғалыс троекториясы. Жол және орын ауыстыру

Материялық нүкте. Қозғалыс троекториясы. Жол және орын ауыстыру

Ақтөбе облысы, Мартук ауданы, Хазірет ауылы
Хазретовка орта мектебі, физика және информатика
пәнінің мұғалімі Сейтқалиев Жұлдызбек Қаратайұлы

 

Сабақтың тақырыбы: §22, 23.Материялық нүкте. Қозғалыс троекториясы. Жол және орын ауыстыру.

Сабақтың мақсаты:

1.      Білімділік мақсаты: оқушыларға  материялық нүкте, троектория, жол және орын ауыстыру туралы ғылыми түрде түсіндіру.                         

2.      Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.    

3.      Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, имандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, электронды оқулық, арбаша, сағат, жіп, маятник, метроном, секундомер.

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру.

ІІ. ДК. Жаңа сабаққа дайындық.

Механикалық қозғалыс.
Жол туралы не білесің?
Уақыт, жылдамдық.
Планетаның түрлерін ата.

ІІІ. ДК. Жаңа сабақты түсіндіру.  Электрондық оқулық арқылы түсіндіру.                         

Материялық нүкте.
Қозғалыс троекториясы
Жол
орын ауыстыру
Кеңістік
Түзу сызықты және қисық сызықты қозғалыс.

Дененің (мысалы ұшақтың) қозғалатындығы немесе қозғалмайтындығы туралы төрелік айту үшін алдымен санақ денесін таңдау керек, ал содан кейін қарастырылатын дененің таңдалынған денемен салыстырмалы түрде орны өзгере ме, осыны анықтау керек. Сол кезде дене әлде бір санақ денесімен салыстырмалы түрде қозғала алады және бір мезгілде басқа басқа санақ денесіне қатысты қозғалмайды. Мысалы, пойызда отырған адам темір жол полотносына қатысты қозғалады, бірақ пойыз вагонымен салыстырғанда тыныштықта тұрады. Жерде жатқан тас Жермен салыстырғанда тыныштықта тұрады, бірақ Күнге қатысты (Жермен бірге) қозғалады. Аспандағы ұшақ бұлттарға қатысты қозғалады, бірақ ұшқыштың орындығында отырған адамға қатысты тыныштықта тұрады.

Міне сондықтан, санақ денесін көрсетпестен, берілген дене қозғала ма жоқ па, ол туралы айтуға болмайды. Санақ денесін көрсетпестен сендердің кез келген жауаптарыңның мағынасы болмайды. Қазір сендер отырған ғимарат тыныштықта тұр ма? Бұл сұраққа жауап санақ денесін таңдауға байланысты. Егер санақ денесі Жер болатын болса, онда, иә, тыныштықта тұрғаны. Бірақ егер санақ денесі ғимараттың жанынан өтіп бара жатқан автомобиль болса, онда оған қатысты ғимарат қозғалатын болады. Дененің қозғалысын сипаттау оның кезінде мөлшері қандай рөл атқарады? Кейбір жағдайларда дененің және оның бөліктерінің мөлшерін көрсетпеске болмайды. Мысалы, автомобиль гаражға кіргенде, гараж бен автомобильдің мөлшері оның иесі үшін аса маңызды рөл атқарады. Бірақ дененің мөлшері маңызды болмайтын көптеген жағдайлар да бар. Мысалы, егерде сол автомобиль Мәскеуден Санкт-Петербургқа қозғалатын болса және автомобильдің қозғалыс жылдамдығын есептеу талап етілсе, онда бізге оның мөлшерінің қандай екендігі бәрібір. Егерде дененің мөлшері қарастырылатын есептегі қозғалысқа тән қашықтықтан көп кіші болса, онда дененің мөлшерін елемейді және денені материялық нүкте түрінде ұсынады. “Материялық” сөзімен оның геометриялық нүктеден ерекшелігін айрықша атап көрсетеді. Геометриялық нүктенің ешқандай физикалық қасиеттері болмайды. Материялық нүкте массаға, электрлік зарядқа және кейбір басқа да сипаттамаларға ие бола алады.

Қазіргі заманғы механикада (денелердің қозғалыс теориясы) материялық нүктелерді басқаша бөлшектер деп атайды. Біз келешекте осы екі терминді де пайдаланатын боламыз. Кейде бөлшектердің механикалық қозғалысы туралы айта отырып, біз “дене” терминін пайдаланамыз, бірақ сол кезде мұндай бұл денені материялық нүкте ретінде қабылдауға болатынын естен шығаруға болмайды.

Бір орыннан екінші жерге орын ауыстыра отырып, бөлшек (немесе материялық нүкте) әлде бір сызық бойынша қозғалады. Бөлшек қозғалатын сызықты траектория деп атайды.

Траектория әр түрлі формаға ие бола алады. Траекторияның формасы туралы кейде қозғалыстағы дененің қалдыратын көрінерлік ізі бойынша төрелік айтуға болады. Мұндай іздерді кейде ұшып бара жатқан ұшақтар немесе түнгі аспанда құлап түскен метеорлар қалдырады (8-сурет). [Траектория]

Траекторияның формасы санақ денесін таңдауға тәуелді болады. Мысалы, Жерге қатысты Ай қозғалысының траекториясы шеңбер болып, ал Күнге қатысты – сызықтың формасы тым күрделі болып келеді (9-сурет).

Бұдан кейін біз барлық денелердің қозғалысын (егерде кері жағдай айтылмаса) Жерге қатысты қарастыратын боламыз.

Әр түрлі денелердің қозғалыс траекториясы бір бірінен тек формасымен ғана емес, ұзындығымен де ерекшелене алатын болады.

Дене қозғалған траекторияның ұзындығы жүрілген жол деп аталады.

10-суретте штрихталған сызықпен трамплиннен секірген шаңғышының траекториясы көрсетілген. Траекторияның ұзындығы ОА таудан түскен уақыттағы шаңғышының жүрген жолы. Жолды өлшеген кезде жолдың бірлігі пайдаланылады. Жолдың бірлігі ұзындықтың бірлігі — метр (1 м) болып саналады. Практикада ұзындықтың басқа бірліктері де пайдаланылады, мысалы: 1 км = 1000 м, 1 дм = 0,1 м, 1 см = 0,01 м, 1 мм = 0,001 м.

ІV. ДК. Жаңа сабақ бойынша түсінігін  тексеру.

Жол деген не?
Материялық нүкте. Мысал келтір.
Троектория деген не?

V. ДК. Жаңа сабақты бекіту.

А) Электрондық оқулықты көру арқылы сұрақтар қойылып, оқушылар жауап береді.

Сұрақтар:

1. Материялық нүкте?

2. Кеңістік.

3. Уақыт.

Жол
Орын ауыстыру
Мысалдар  келтіру.

VI. ДК. Үй тапсырмасын тексеру.

тапсырманы тексеру.

VII.ДК. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру.

6-жаттығуды әр оқушы жекелей оқып сұрақтарына жауап беру.

1. Жүрілген жолдың орын аыустырудан айырмашылығы неде?

2. Дененің бастапқы орны мен оның жүріп өткен жолының ұзындығы белгілі болса, дененің соңғы орнын табуға бола ма?

3. Троектория деген не?

Демонстрациялық тәжірибе жасау. Маятникті тербелту арқылы, арбашаны жүргізу арқылы, жол, орын ауытыру, троектория туралы тәжірибе жүзінде көру.

VIІI.ДК.Үйге тапсырма. 10 тапсырма. Өзін -өзі тексеру сұрақтары.

Осыған ұқсас жазбалар:

Биология§3 Көмірсулар

Биология§35 Антропосоциогенез сатылары. Адамның бейімделуі.

Биология§8 Бұлшық ет және жүйке ұлпаларының құрылысы мен қызметі.

БиологияМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары

Биология§ 46 Экологияға кіріспе.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068805

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru