Ньютонның І заңы. Инерциялық санақ жүйелері

9 сәуір 2015 - Админ

08.10.2013ж

сейсенбі

3-сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Ньютонның І заңы. Инерциялық санақ жүйелері

Жалпы мақсаты:

  1. Механиканың жаңа бөлімі – динамика тарауымен таныса алды.
  2. Заңның ашылуы жөнінде жалпы түсінік қалыптастыра алады.

3.Ньютонның І заңын біледі және инерциялық санақ жүйесін айта алады.

Оқу нәтижелері:

  1. Заңның ашылуы туралы және ғалымдардың еңбектері жөнінде білді.
  2. Ньютонның І заңының қолданысын және инерциялық санақ жүйесін қолдана білді.

Түйінді идеялар:

Ньютонның І заңы мен инерциялық санақ жүйелерініңмәніменпрактикадағықолданабілу.

Сабақ кезеңдері

Кіріспе

Уақыты:

2-3 минут

3 минут

7- минут

Тұсаукесер

Уақыты:

8-10 минут

Негізгі бөлім

Уақыты:

10 минут

Қорытынды

Уақыты:

5-8 минут.

4 — минут

    Тренинг, 3 топқа бөлу

    Бағалау үшін критерийді оқушылармен бірге қою.

    Миға шабул «Исаак Ньютон» бейнефильм.

    1.Жаңа сабақ. Кіріспе.

    3 топқа тапсырма берілді. Формативті бағалау жүргізем.

    1 топ — Ньютонның І заңы туралы мәліметтер жинау. п.1

    2 топ- Инерциялық санақ жүйелерін бейнелеу (сыныпта және т.б.жағдайда). п.2.

    3 топ – Ньютон заңын қолдану жолдары, қайшылығы. П.3

    Қорғайды

    Түйіндеу.

    Топтар бір-бірін бағалау. Бағалау. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс».

    Критерий бойынша бағалау.

    Ньютонға хат жазу, қайшылығын айтып.

    2.Пысықтауға есептер шығару. Есеп жұпқа беріледі. Әрбір жұп есепті шығарып сағат тілімен айналып тексеруге келесі жұпқа береді. Жұп бағалап, бағалаудың себебін түсіндіріп беру керек.

    I.Су түбінен шығып жатқан ауа көпіршіктері әсер етуші күштердің қатысы қандай болған кезде көпіршіктердің қозғалысы бір қалыпты болады?

    (ауырлық күші мен кедергі күшінің қосындысы модулі бойынша кері итеруші күшке тең болғанда)

    II.Бір нүктеге түсірілген 10 және 14 Н екі күштің тең әсерлі күші 2, 4, 10, 24, 30 Н-ға тең болуы мүмкін бе?

    (2 Н және 30 Н болмайды)

    III.Бір нүктеге түскен, модульдері бірдей үш күштің тең әсерлі күші нөлге тең болуы мүмкін бе?

    (болады, егер көршілес күштердің арасындағы бұрыш 1200 болса.)

    IV.Бірінші және екінші күштердің, екінші және үшінші күштердің арасындағы бұрыш 600-қа тең болғандағы, әрқайсысы 200 Н үш күштің тең әсерлі күшін табыңдар.

    (400 Н)

    V.Автомобиль горизонталь тас жолмен двигателі сөндірулі тұрғанда бір қалыпты қозғалыс жасай ала ма?

    (жоқ, себебі тас жолға үйкеліс пен ауаның кедергісі ештеңемен теңгерілмейді.)

    VI.Төменгі көрсетілген жағдайлардың қайсысында санақ жүйесін инерциялық деп қарастыруға болады, егер лифт: а) еркін түссе; б) жоғары қарай бір қалыпты қозғалса; в) жоғары қарай үдемелі қозғалса; г) жоғары қарай баяу қозғалса; д) төмен қарай бір қалыпты қозғалса?

    (б, д).

    СБ.

    Үйге §10, 8 жаттығу

Дереккөздер:

Физика және астрономия пәні оқулығы. Мектеп баспасы 2010. 9 сынып

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150709

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар