Оқушыларға кәсіптік білім беруде оқытудың инновациялық технологияларын физика және математика сабағында пайдалану тиімділігі

25 наурыз 2016 - Перизат Куздеубаева

Өркениет әлемінің озық технологияларын меңгерген, жаңа заман талабына сай кәсіптік білімі бар маманжар қажет десек, осы жолда орта кәсіптік білім беру – мемлекеттік саясаттың ауқымды да маңызды бағыты болып табылады.Ел тізгінін ұстар келешек жастарға жаңа заман талабымен үндесетін тәрбиемен қатар білім беріп, бәсекеге қабілетті маман даярлау – бүгінгі күннің басты міндеті. Заман талабына сай маман даярлау жұмысы оңай еместігін ескерсек, ұрпағының ертеңін ойлаған ата- ана да баласының абыройлы ортада болып, жақсы жандармен араласқанын, оның сапалы білім алып, жан- жақты қабілетінің ашылғанын қалайды. Жақсы ұстаздан ұстанымы мықты шәкірт, білікті де білімді маман шығады. Сондықтан шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, өзін –өзі дамытып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл бола білу керек. Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты–сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді. Елбасы бекіткен Қазақстан Республикасының индустриялық- инновация- лық дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақпараттық технологиялар саласындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетудің және білім деңгейін арттырудың шешуші тұтқасы болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы. Оқу – тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және оқушылардың жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу керек. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңына сәйкес “Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын,қабілетін дамыту” сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғарғы дайындығы бар білікті мамандар қажет. Бүгінгі таңда, балалардың қабілеттерін жоғарғы деңгейде қанағаттандыра- тындай білім беру, көптеген өркениетті елдерде саралап оқыту принципінің негізінде одан әрі дамытылуда. Ол Франция, Америка, Германия, Англия, Жапония т.б. елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғарғы деңгейде жүргізілуде. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі кәсіптік білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осындай табиғи сұраныстарға орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, оқу тәжірибесіне енгізілуде. Мәселен, академик В.И.Монаховтың технологиясы, В.К.Дьяченконың ұжымдық оқыту әдісі, М.М.Жанпейсованың оқытудың модельді технологиясы және Ж.А.Қараевтың білім беру жүйесін ақпараттандырумен қатар оқушылардың өскелең оқу тәрбие үрдісін түгелдей терең дараландырып жаңаша білім алуына,өздігінен іздену сезімін ояту, дарындылық пен талапқа жол ашуға бағытталған технологияларын атап көрсетуге болады. Қазіргі оқыту жүйесіндегі жаңаша мазмұн жас ұрпақтың әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруінің басты нысаны. Тұлғаға бағытталған білім оның жан-жақты дамуына ықпал етеді. Психологияда дүние есігін ашқан әрбір сәби қабілетті болып туылады, оның әрі қарай дамып, жетілуі тәрбиешіге байланысты делінген. Демек, оқытушы мен оқушының арасындағы ынтымақтастықтың негізінде біз оң нәтижеге қол жеткізе аларымыз сөзсіз. Олай болса, оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс. Оқушыларға кәсіптік білім беруде табысқа жету жағдаятын туғызу жолдарыБілім беру үрдісінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі педагогикалық технологиялар мен әдіс –тәсілдер қолдануда. Соның ішінде оқушының белгілі бір жетістікке жету үшін сабақта табысқа жету жағдаятын туғызу. Егер оқушы өзі қандайда бір жетістікке қолы жетсе, ол қуанып қана қоймайды, онда тағы да алдындағы белестерден өту мақсаты тұрады. Осындай жағдайда оқытушы оқушының қандайда бір жетістікке жетуі үшін төмендегідей жағдаяттарды сабақта жиі қолданып, жұмысының жетістігін көруге болады.1. Мадақтау. Сабақта және тәжірибелік жұмыстарда оқушының өзіне деген сенімін арттыру үшін «Жарайсың!», «Мен сендерді мақтан тұтам!», «Сенен өз ісін жетік білетін жақсы маман шығады» деген сөздер жиі қолданғаны дұрыс. Бұл сөздер оқушының бойында ұстазының өзіне сенім артып тұрғанын сезініп, өз еркімен талаптанып, өз ісіне деген қызығушылығын арттырады.2. Бір мүмкіндік. Оқушының күтпеген жерден өзіннің қабілеті мен мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік беріледі. Мұндай жағдаятты оқытушы арнайы дайындамайды, ол мүмкіндік табиғи тәрбиелеудегі дарынымен, өз мамандығына деген ерекше ықыласынан туындайды.3. Еліктеу. Оқу тәжірибелері мен өндіріс орындарына барып жүріп, еңбек озаттарының жетістістіктерін үлгі ете отырып оқушының бойында «Сенде неге сондай болмасқа», «Мен саған сенемін», «Бұл сенің қолыңнан келеді» деп оқушының бойында еліктеушілікті туғызу.4. «Кешіктірілген баға». Оқушыға бірден төмен баға қоймай, «Сенің бағаң күндегіден төмен болып тұр. Сен үнемі сабаққа дайындалып келетіндіктен, мен саған бір мүмкіндік беремін. Келесі жолы бұданда жақсы жауап беретініңе сенемін» деп оқушыға алға қарай ұмтылуына жағдай туғызу.5. Оқу мен тәжірибеге негізделген «дуальды оқыту». Бұл оқушының алған білімін жинақтап, тиянақтау үшін және шығармашылық қабілетін арттыруға қолданылатын әдіс-тәсілдер. Оқушының өз еркімен ізденуіне, ғылым мен техникаға деген ынтасын оятып, ақыл –ойының дамуына физика және математика пәндерінің тигізетін ықпалы зор.Әлемдік өркениеттің ең басты дамушысы- ғылым десек, ғылымның жетіс – тіктері инженерлік генетиканы, атомдық энергетиканы, микроэкономика-ны, ғарыштық техниканы, жақанданудың байланыс жүйелерін жасауға алыпкелді. Қазіргі өркендеу заманындағы ғылыми жетістіктің жоғары сатыға көтерілуінде көптеген ғылымның негізін қалаушы болып табылатын физика ғылымының орны ерекше. Табиғат құбылыстарын теориялық және эксперименттік тұрғыдан зерттеу физиканың негізі болып табылады. Осының нәтижесінде континенттер мен адамзат баласын жақындастыратын көлік пен байланыс жүйесінің жаңа түрлері пайда болды, ғарышты игеру басталды, жасанды биологиялықтүрлер дүниеге келе бастады. Физикалық зерттеу әдістері геологияда, медицинада, кванттық химияда, молекулалық биологияда, биофизикада үлкен жетістіктерге ие болып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстан мемлекеті әлемдік экономикада алдыңғы қатардаболуға батыл қадам жасай бастады. Оның айғағы Қазақстан қазір ғарышты игеруге мол мүмкіндігі бар мемле-кетке айналып отыр. Ал ғарыштан ақпараттың барлығы дерлік электромаг- магниттік толқындар түрінде келеді.Ғылым мен техниканың дамуына байланысты электромагниттік тоқындардың көптеген түрлері ашылып, олар үлкен қолданысқа ие болуда. Айналамыз бізге сезілмейтін, көзімізге көрінбейтін электрлі магниттік тол-қындарға толы. Егер толқындар атомдармен байланысқа түсетіндей қалыптыкөлемде болса, олар терезеден өткен күн сәулесі секілді денелер арқылы өтеалады. Әрбір секунд сайын мыңдаған телебағдарламалар мен телеқоңырау – лар көрінбейтін радиотолқындар түрінде біздің денеміз арқылы өтеді.Міне, оқушыларға білім беруде физиканың әрбір заңдылықтары мен ашылған жаңалықтарын өмірмен байланыстырып түсіндіру оқушылардың бойында ғылымға, білімге деген қызығушылығын оятары сөзсіз.Математика – ғылымдар патшасы.Математиканы оқытуда есептердің маңызы зор.Есепті пайдаланбай, оқушыларға бағдарлама материалдарын айқын әрі тиянақты меңгерту, оларды жан- жақты дамыту және тәрбиелеу, еңбекке тарту мүмкін емес. Ал математика пәнінің оқыту әдістемесіне көмекші құрал ретінде компьютерді қолдану көптеген әдістемелік өзекті мәселелерді тиімді шешуге жағдай жасайды. Атап айтсақ, ExceI программасымен графика түрғызу. Ақпараттық қоғам – еңбек адамдарының басым бөлігі ақпаратты сақтау, өңдеу және тарату істерімен, әсіресе ақпараттың ең жоғарғы формасы болып саналатын білім беру ісімен айналысатын қоғам. Қазіргі таңда информатика, математика сабақтарында түрлі компьютерлік тесттер, оқулықтар арқылы білімдерін бағалап жатырмыз. Электрондық оқулықтар арқылы күнделікті сабақтарды да жүргізіп жатырмыз. Пән мұғалімі компьютер арқылы өз қиялдарымен, өз білімдерімен және компьютерді қаншалықты меңгергендігін тест құру арқылы шыңдайды. Осындай сабақтар шәкірттерді халықтың салт-дәстүрлері негізінде тәрбиелеумен бірге олардың шығармашылық және тұлғасын қалыптастыруға, жеке ақыл-ойын, ойлау қабілетін, ынтасын, интеллектуал дық қабілеттерін дамытуға, алған білімдерін өмірде пайдалануға мүмкіндік береді «Математика сабағында студенттердің білімін» тиімді пайдалана отырып, күнделікті сабақты ыңғайына қарай әдіс-тәсілдерімен түрлендіріп өткізілген кезде, студенттердің сабаққа деген қызығушылығы да арта түседі. Сабақ мазмұнын теориялық, практикалық құндылығы жоғары болған сайын, құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен мұғалімнің дайындығымен жоғары деңгейде өтеді. Пәнге деген қызығушылығын арттыру – мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен студенттермен шығармашылық ізденуін қалыптастыру, студенттерге сұрақ қою, жұмбақ жасыру, шешу, танымдық ойындар ұйымдастыру арқылы іске асады. Оқу жүйесін тиімділендіру үшін жаңа білімді меңгеру кезінде компьютерлік презентацияны оқу ақпаратының қайнар көзі және көрнекі құрал ретінде қолдануға және жаттықтыру бағдарламаларын қолдану арқылы студенттердің зерттеу әрекетінің негізінде өз бетімен білім алуға мүмкіндік беретін зерттеу сабақтарын өткізуге болады. Математикадан сабақ беру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Пән ерекшелігіне қарай математика курсын толығынан компьютерлік негізге ауыстыруға болмайды. Мысалы, аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың абстрактылық ойлау қабілетін дамыту істерін бұрынғы тәсілмен жүргізілуі тиіс. Тек кейбір тақырыптар мен тарауларды оқып үйренуді ғана компьютерлік технологияға жүктеу керек. Математика пәнін оқытуда ақпараттық технологиялардың педагогикалық мақсаты: Қолдану мен ақпараттық және коммуникациялық құрылғылар арасындағы байланыс. Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу; Оқушылардың орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту. Оқу процесінің тиімділігі ең алдымен оқушылардың белсенділігі мен танымдық ізденісіне қатысты. Сондықтан сабақ жүргізу кезінде жаңа оқыту технологиясын пайдалану қажет. Оқу материалының міндетті деңгейін тез меңгертуге қабілетті студенттер үшін математика курсының жеке тақырыптары бойынша жаттықтыру және бақылауға арналған бағдарламалар бар. Мұнда оқушылар компьютермен жеке жұмыс жасап, тапсырманы дұрыс орындағаннан кейін қиындық деңгейі жоғары жаттығуға көшеді. Бұл әрекет оқушылардың бос отырмай, өз ісімен айналысуына мүмкіндік береді, нәтижесінде олардың қызығушылықтары артады. Қолданылатын оқу бағдарламасында есептер қиындық деңгейі бойынша құрастырылған, есептер суреттер, графиктер, мысалдармен берілген. Есеп шығару кезінде оқушы есептің дұрыс шығарылғандығын, қатесін экраннан көре алады.Оқушының білімін бағалау кезінде жеке тақырыптарға, бөлімгерге арналған тестік сұрақтарын пайдалануға болады. Компьютердің көмегімен тестік бақылау дәстүрлі әдіске қарағанда оқушылардың білетінін немесе білмейтінін тез анықтауға мүмкіндік береді. Математика сабағында компьютерді пайдаланудың тиімділігі:- Оқушы уақытын үнемдейді;- Оқушы өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді; — Оқушының ойлау қабілеті артады. Мұғалімнің алдындағы ең басты мақсат-бұл оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беру.Мұғалімдер жұмысының нәтежелі етіп,әрі оқушының білім сапасын көтеру үшін ұстаздар қауымына жаңа ақпараттық технология құралдарын сабақтарда қолданудың тиімділігіне көз жеткіземіз. Қорыта айтқанда, XXI ғасырда студенттердің жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратын ақпараттық техникалық құралдар екені бәрімізге белгілі. Сондықтан, ұстаз алдындағы ортақ міндет – заман ағымына ілесе алатын жаңа тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Ұлы педагог Ушинский «Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа салып құям десе де мұғалімнің қолында» дегені, шәкіртті тәрбиелеп оқытуда, әр ұстаздың шеберлігімен әдіс-тәсіліне қойылатын көрсеткіші деп білемін.Ал ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім беру оң нәтежесін беріп отыр. Білім саласы- күрделі процесс.Үнемі дамуды, жаңаша деңгейді талап етеді. Себебі бүгін білім алған түлек, ертеңгі маман. Теориялық біліммен қаруланған жастардың еңбек майданында еркін көсілуіне қазірден бастап бей- жай қарамайық.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115428

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар