пед кеңес

7 желтоқсан 2015 - Жанара Каркенова
  1. Ол кім менің оқушым.

Менің оқушым-жан-жақты дамушы ерекше қырлары мен сырлары бар, қызығушылығы мен көзқарасы бар жеке тұлға. 5-9 сынып оқушылары олар мектептің нағыз шығармашыл және жоғары интеллектуалды адамдары. Ал 10-11 сынып оқушылары олар – қалыптасқан, өзінің таңдаған мамандығына аса жауапкершілікпен қарайтын жеке тұлғалар.Сондықтан осы екі буында жұмыс жасау түрлері де, сабақтың мақсаттары да өзгеше болу керек.Біріне берген екіншісіне жарамауы мүмкін екенін есте сақтау қажет.

  1. Оқушыға менің пәнім нені береді?

Ең алдымен барлық мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар физика пәні БҰТ ге қажет пән деп есептейді. Жоқ тек оған ғана емес, себебі физика-табиғатты зерттейтін ғылым болғандықтан, бұл ғылым бізді қоршаған әлем жайлы екенін, сәйкесінше, физикалық білім табиғаттың қызықтарын түсіндіріп бере алатын, олардың заңдарын ашып бере алатын, сол арқылы оқушымның ертеңгі болашақ өмірінде өзіне қажеттілік ретінде пайдасына жарата алатын пән ретінде немесе айналаны қоршаған әлемнің қыр-сырларын терең ұғыну үшін қажет пән ретінде қабылдауын түсіндіру қажет. Әрине оқушыға сол есепте қолданатын формулалар сол құбылыстың заңдары арқыла табылатынын жеткізе білу қажет.Мысалы адамның ауырлық күші ол адамның салмағын еркін түсу үдеуіне көбейтіндісіне тең, немесе жылдамдықты табу үшін орын ауыстыруды уақытқа бөлгенге тең, немесе потенциалдық энергия дененің массасын оның құлау биіктігіне және еркін түсу үдеуіне тең екенін өмірлік қарапайым мысалдармен ұғындыру арқылы формуланы жаттатудан әлдеқайда жеңілдірек..

«Физика мектепте тек қарапайым пән болып енгізілгенмен оның орны табиғаттың жалпы заңдылықтарын түсіндіріп, ғылыми тұрғыдан терең ашып бере алатын пән дердің ең бастысы болып қала береді. Физика ғылымы қоғамның экономикалық және мәдени дамуын ашады, заманауй ғылыми көзқарасты ашады. Физиканы білу химия, биология, технология, математика, географияны меңгеруге көмектеседі. Себебі сол физикалық құбылыстар аталған пәндерде жиі кездеседі, кез келген құбылысты ғылыми түсіне білмеу басқа ғылымда да оқушыға қиындықтар тудырады. Мысалы географияда масштабты білмесек оны қолдана білу де екіталай, математикада жол, уақытты, жылдамдықты білмесек есепті формуласыз шығарарда қиындық тудырады, химия кез келген элементтің физикалық қасиетін білу қажет онсыз химиялық реакциялар да толық аяқтала алмайды.

Оқушыларымды неге үйретсем екен?

Кез-келген пән білім мен тәжірибені, әдіс-тәсілдерді қажет етеді..

Оқу бағдарламасына сәйкес мен оқушыларыма мыналарлы үйретуге міндеттімін:

  1. Мен оқушыма механикалық, жылулық, электромагниттік және кванттық теориялар туралы, олар бағынатын заңдар мен бірліктері туралы толық білім беру қажетпін. Табиғат құбылыстарын түсіндіре алатын бақылаулар мен оларды терең ашу арқылы қорытынды жасай білу үшін қарапайым құрал жабдықтарды қолану қажеттілігін қамтамасыз ету керек.

  2. Оқушымның бойында интеллектуалдық, шығармашылдық және танымдық қабілеттерін дамыту қажет. Айналаны тану мақсатында оның бойында кез келген қарапайым құбылысты түсіндіріп бере алатын, болашақ адамзат қоғамының дамуына үлес қоса алатын, өз ғылымдарды сыйлай алатындай қасиеттерді тәрбиелеу міндетті.

  3. Алынған білімді болашақта қарапайым күнделікті кездесетін есептерді шығара білуге қолдануға, өзінің немесе өзгенің өміріне қауіпсіздік тудырмау үшін, қоршаған ортаны қорғау мақсатында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға үйрету қажет.

Заманауи талабына сай әр ғылым бойынша біз оқушыға дайын білімді бермейміз, ең алдымен оның ғылыми тану әдістерін, алға қойған жағдаятты қарастыру арқылы, оқушыны оны өзі шешуге шығармашыл жолмен ізденуге бағыттаймыз.

Ал енді менің ойымша физика тек танымдық қана бағаланатын пән емес, оны оқу басқа бағытта да болу қажет. Біз күннің батуы, шығуы, бұлттар, кемпірқосақ сияқты физикалық құбылыстарды сан рет көріп бақыладық, одан басқа ерекше назар салатын құбылыстар бар олар мираж, цунами, күмісті бұлттар, жасыл сәуле, шарлы найзағай… оларды тек біз естіп қана қойдық себебі ол табиғаттың ерекше құбылыстары болмақ, себебі табиғат сан-алуан және оның қоры шексіз. Ал оны білу, тану тек қазір ғана мүмкін болды, себебі ғылым алға қарай дамуда. Сондықтан физикада бионика деген бағыттың көмегімен өз оқушымның бойында табиғатты қабылдаудың эмоционалдық қана емес сонымен қатар рацоналдық қабылдауды дамытамын. Мысалы ақындарғ суретшілер, музыканттар жыл мезгілін әр түрлі суреттейді, ал физика ғылымы оны тек әдемілеп қана қоймай ең бастысы ғылыми жолмен ашып береді. Себебі физика да әсерлі сезімге толы ғылым, оны тек ғылыми тұрғыдан қарасту оқушыны жалықтырып жіберуі мүмкін. Оған мысал ретінде Ертедегі Грециядағы Луй де Броиль, Нильс Бор, Алтберт Эйнштейн, олар өлең жазуға, скрипкада ойнауға да уақыт таба білген… ал Максвелл поэзияға қызығушылық танытса, Моцарттың музыкасына Эйнштейн өле ғашық болған екен… сондықтан оқушыны бір сарында оқыту дұрыс емес.

  1. Заманауи талабына сай менің пәнім болашақта оқушымды қандай жұмысқа орналастыруға көмектесуі мүмкін?

Әрине ең алдымен Физика инженерлік және техникалық ЖОО түсетін, орта білім алатын мамандандырылған оқу орындарына дайындалып жүрген оқушыларыма қажет пән. Себебі техникалық немесе инженерлік мамандыққа оқуға түсетін оқушылардың саны аз сондықтан мамандар жетіспейді, ал қазіргі оқушылар осы мамандықтың тапшылығын біліп аталмыш мамандықтарды таңдаса көптеген заңгерлер, экономистар немесе финансистер сияқты жұмыссыз жүрмес еді. Сондықтан қазіргі нарық заманында мамандық таңдай білу өте маңызды.

  1. Мен өз оқушымды немен қызықтыра аламын?

Ол үшін оқушыны таң қалдыру қажет. «Біз қазір ештеңеге таң қалмаймыз, бір нәрсеге ғылыми қызығу сияқты бағалы қабілеттерімізден ерте айрыламыз.Таныс затты жақсы тану үшін оның көрінбеген қырларын таба білу қажет деп айтқан екен»-атақты ғалым Яков Исидорович Перельман. Қазір оқушыны қызықтыру үшін фокустар жасау керек, оны физика тұрғысынан түсіндіріп беру қажет. Себебі оқушыға көрсетілген фокус оны қызықтырады да ары қарай оны сол құбылысты түсінуге, ізденуге итермелейді. Менің сабағымдағы фокустар олар эксперименттер.

  1. Менің пәнім оқушыны болашақта физикалық құбылыстардын сақтануға да бағыттайлы. Мысалы найзағай ойнағанда биік ағаштың астында тұрғаннан гөрі ашық далада тұрған қауіпсіз, қатты тоңып қалмас үшін тек бір қалың күрте кимеу қажет, ал керісінше бірнеше күрте кисек қабаттардың арасындағы ауаның жылу өткізгіштігі азаяды.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072372

Пікірлер (1)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар