Магнит өрісі

13 мамыр 2014 - Дина Жунусова

Қарағанды облысы

Қарағанды қаласы

Н.Нұрмақов атындағы МИМ

Физика пәнінің мұғалімі

Жунусова Д.Ш

,

Күтілетін нәтиже:

«Магнит өрісі. Электромагниттік индукция құбылысы» тақырыбына есеп шығару қабілетінің артуы. Оқу материалын талдай білу дағдысы дамиды, бақылайды, салыстырады, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра біледі, қорытынды жасай алады

Сілтеме

Б.А.Кронгарт, В.И.Кем, Н.Койшыбаева, Физика 10 сыныпқа арналған оқулық. Электрондық оқулық.

Негізгі идеясы

АКТны қолдану; Ынтымақтастықта бірлескен жұмыс жеке жұмыс; Талантты және дарынды балаларды оқыту…

Ресурстар

Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар

Өтілетін уақыты

45 минут

Сабақ жоспары

1. Ұйымдастыру: ой шақыру-қызығушылықты ояту кезеңі, мақсат қою.

2. Сабақ барысы: Физикалық диктант, тест жұмысы

3. Рефлексия. (карточка бойынша. )

4. Үйге тапсырма.

Үйге тапсырма

Қайталау. §11.1-§11.6

Блум бойынша

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Білу

«Магнит өрісі. Электромагниттік индукция құбылысы» тақырыбы бойынша формулаларды еске түсіру (5 мин)

Өткен тақырыптар бойынша арнайы карточканы толтырады

Түсіну

«Мен қанша формула білемін?» 3 мин уақыт аралығында есінде қалған формулаларды плакатқа жазғызу

естерінде қалған формулаларды әркімге бөлінген плакаттың бөлігіне жазады. Жеке жұмыс

Қолдану

Қысқа уақытта орындалатын тест жұмысын жүргізеді

Қысқа уақытта орындалатын тест жұмысын жазады

Талдау

Алынған нәтижелерді жауаптармен салыстыру

Пікірталасқа түсіп, өзін – өзі бағалайды.

Жинақтау

Тақырып бойынша деңгейлік есептер шығаруға тапсырмалар береді.

Есептер шығару:

(А-деңгей; В-деңгей; С- деңгей;)

1. Индукциясы 0,2 Тл – ге тең магнит өрісіндегі 10 Мм/с жылдамдықпен индукция сызықтарына перпендикуляр қозғалып келе жатқан протонға қандай күш әсер етеді? (qп= 1,6*10-19 Кл) (0,32 пН)

2. 2 секундта контурды тесіп өтетін магнит ағыны 10 Вб –ден 0 Вб-ге дейін бірқалыпты кеміді Контурдағы индукцияның ЭҚК-і неге тең? (5 В)

3. Өздік индукцияның максимальды ЭҚК-і 20 В, индуктивтілігі 0,5 ГШн контурда катушкадан өтетін (А/с) ток күшінің өзгеру жылдамдығын тап. (40А/с)

Деңгейлік есептер шығарады. Жеке жұмыс.

Бағалау

Сол қол, оң қол және бұрғы ережелерінің суреттерін сал

урет салады. Бір-бірің суретін,, белгілері арқылы бағалайды бағалайды

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083504

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар