Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі. 8-cынып

Сабақтың тақырыбы : Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі.

Сабақтың мақсаты:

1. Ом заңын тұжырымдау, электр кедергісіне анықтама беру, тақырыпты түсіндіру

    Оқушыларды  Ом заңының тұжырымдамасымен таныстырып, формуласын есептер шығаруда

    қолдануға, электр кедергісіне анықтама беріп, кедергіні өлшейтін құралға, тізбекте

    белгіленуіне түсінік беру;

2. Ток күші, кернеу, кедергіні  сипаттайтын шамаларды есептеу арқылы ойлау қабілеттерін,

    танымдық, өз бетімен жұмыс жасау қабілеттерін, шығармашылық деңгейін арттыру;

3. Оқушыларды ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:ой қозғау, сұрақ-жауап, баяндау, жеке, топпен жұмыс

Сабақтың қолданылған технология:деңгейлеп-саралап оқыту

Сабақтың көрнекіліктер:амперметрлер, электр шамдары, вольтметрлер, ток көзі, өткізгіш сымдар, кілт, резисторлар, реостаттар, үлестірме қағаздар, суреттер, сызбалар, интерактивті тақта,  электронды оқулық

Пәнаралық байланыс:математика, информатика, дене тәрбиесі

ЭПИГРАФ:Адам байлығының ең тамашасы – білім.

 

                       Барлығы соған ұмтылады, бірақ ол өзі келмейді
                                                                                             Әбу Райхан Әл Беруни

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі     

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.       

  — Балалар, алдымен үй тапсырмасы  бойынша  алдымызға мақсат қояйық:

1.теориялық білімді практикада тексеру.

2.өз бетінше жұмыс жасау

3.достық көмек беру

4.алдыңғы қатардан көріну

1-тапсырма

    Үлгірімі төмен оқушылармен жұмыс

            Суреттерде берілген тапсырмаларды алып, сұраққа жауап береді.

    Орта деңгейде оқитын оқушылар үшін:

                        Жауап алынған тапсырмалардың суреттерінен тізбек құрастырады.

    Жоғары деңгейде оқитын оқушылар үшін:

                        Құрастырылған тізбектің схемасын сызып, берілгендері бойынша есеп шығарады.

2-тапсырма(жалпыға бірдей слайдта орындау)

Анаграмма «Амперметр» шешу

  1. Электр тогының әсерлерінің бірі                                                     /магниттік/
  2. Ток күшінің өлшем бірлігі                                                                /ампер/
  3. Вольтметрді тізбекке қалай қосады?                                                /параллель/
  4. Табиғатта адам әрі бөлуге болмайтын ең кішкентай зарядқа ие болатын заттың ең ұсақ бөлшегі?                                                                                              /электрон/
  5. Атомға электрондар келіп қосылса немесе ол  электронынан айырылып қалса, ол неге айналады?                                                                                            / иондар/                                                                                              
  6. Ток күшінің қосымша өлшем бірлігі?                                              /миллиампер/
  7. Электр өрісінің  бар екендігін айтқан  ғалымның бірі?                  /Фарадей/
  8. Секундпен өлшенетін ол не?                                                             /уақыт/
  9. Зарядталған бөлшектердің реттеліп бағытталған қозғалысы?       /электр тогы/

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М

 

 

 

 

 

П

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Е

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Р

 

 

 

 

 

 

 

 

М

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Е

 

 

 

 

 

 

Т

 

 

 

 

 

 

 

Р

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Жаңа  сабақты түсіндіру.   15 минут

    —   Біз осыған дейін  ток күші, кернеу деп аталатын  физикалық шамалармен таныс болдық.

        Бүгінгі таныс болатын физикалық шаманың бірі- электр кедергісі.

  өткізгіштердің тізбектегі ток күшін азайту, яғни

  электр тогына қарсы әсер ету қасиетін  электр кедергісі деп атайды. 

  Кедергіні R әрпімен белгілейді. 

  Өткізгіштерде кедергі болады және әр түрлі өткізгіштің кедергісі әр түрлі болады. 

  Әр түрлі өткізгіш деп отырғанымыз, мысалы өткізгіштерге, мыс, нихром, никелин, аллюминий   сымдарын жатқызуға болады. әр түрлі өткізгіштердің кедергісінің әр түрлі болатындығы туралы алдағы тақырыптарда қарастыратын боламыз.

    -   Бізге таныс болған ток күші, кернеу, кедергі ұғымдары электр тізбектерінде өтетін құбылыстармен байланысты. Осы  физикалық шамалардың арасында белгілі бір байланыс болуы мүмкін.  Осы байланысты алғаш рет жан-жақты зерттеген Г. Ом болды. 

       Ол ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын ашты.   Бұл заң Омның құрметіне Ом заңы деп аталды.

Ом заңының тұжырымдамасы:

    Тізбектің бөлігіндегі ток күші — осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал.             I=U/R

Кедергіні ХБЖ Оммен өрнектейді.   Ом заңына сәйкес  кедергіні  төмендегі формуламен есептейді:                                                                      R=U/I

Тізбектегі кедергінің шартты белгісі:    

Кедергіні өлшеу үшін реостаттар деп аталатын құрал қолданылады. 

                                             реттегіш

Реостат                                      іске қосқыш

Реостат тізбектегі кедергі өзгергенде, ток күшін баяулату үшін қажет.

Ом заңы бойынша тізбектегі кернеуді өлшеу үшін  U=IR формуласы қолданылады.

/дәптермен жұмыс: негізгі формулаларды жазу/

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту   2 минут

-Біз бүгін қандай жаңа ұғымдармен, өлшем бірлікпен, қандай заңдармен таныстық.Жалпы жаңа сабақтан нені түсіндік?

1. Тақатада ілінген плакаттағы кестені толтыру

      Нені білемін?     

      Нені білдік?       

      Нені білгім келеді?

2. «Формула жаз»

Сурет:Ohm's law triangle.PNG

 

Ү. Теорияны практикада қолдану.      8 минут

«Эстафеталық ойын»

Эстафета ойыны туралы не білеміз? Ойынның шарты қандай?

Оқушылар жауабы:

Олай болса қазір есепті де эстафета шарты бойынша шығаратын боламыз. Ол үшін екі топқа бөлініп топпен жұмыс жасайық.

Есептердің шартымен танысып төмендегі ретпен тақтада орындайды.

Есептер мәтін есептер, суретті есептер болып бөлінген.

1 оқушы-есептің берілгенін жазады

2 оқушы –берілген шамалардың өлшем бірліктерін жазады

3 оқушы- есептеуге қажетті формуланы жазады

4 оқушы-формуланың орнына қойып, есептеулерді орындайды.

5 оқушы-жауаптың дұрыстығын тексереді.

18-жаттығу.

№1.Өткізгіштен 0.40А ток күші өткенде,өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8В болды. Өткізгіштің  кедергісі неге тең ?

Берілгені :                              Шешуі:                                   Шығарылуы:

        І=0,40A                           R=U/I                                     R= 8В/0,40А=20 Oм

        U=8  В

Т/к:     R-?

№4.Электр бұрғы орамының кедергісі 20Ом. Егер электр бұрғы 19А ток күшіне есептелген болса, онда оған қандай кернеу берілуі тиіс?

Берілгені :                              Шешуі :                                  Шығарылуы :

        R=20 Ом                         U=R*I                                    U= 20Ом*19А=380 В

        I= 19 A

Т/к:     U -?

№6. Электр сорғыту қондырғысының кернеуі 45кВ. Су мен мұнай араласқан

Қоспаның кедергісі 15кОм болса, онда қоспа арқылы өтетін токтың шамасын

есептеңдер.

Берілгені :                                       Шешуі:                                   Шығарылуы:

      U=45кВ=45000 В                     I=U/R                                     I=45000 В / 15000 Ом= 3 A

      R=15кОм=15000 Ом

Т/к:      I -?   

ҮІ. Ой толғау. Шығармашылық жұмыс      4 минут

  Оқушыларға  алдын-ала берілген сұрақтар бойынша өз ойларын ортаға салады.

-электр энергиясының күнделікті өмірдегі маңызы

-жаңа үлгідегі электр энергиясын тұтынушы техникалық құралдар туралы не білемін?

-жоғарыда аталған техникалық құралдар ерте кезде қандай үлгіде болды деп ойлайсың?

-электр энергиясын үнемдеу туралы сенің ойың және басқаларға айтар кеңесің?

ҮІІ.  Ғалымдар туралы не білеміз?  Тарихи мәлімет беру       3 минут

— Слайд арқылы берілген тарихи мәліметтер бойынша  электр құбылыстары заңдылықтарына еңбегі сіңген, тарихта қалған физик-ғалымдар туралы мағлұмат алу.

ҮІІІ. Бағалау   2 минут

   Оқушыларға сабақ барысындағы әрбір тапсырмасына белгілер таратылып отырады, соңында арифметикалық ортасын табу арқылы, бағаланады.

ІХ. Үйге тапсырма  1 минут

1. §38 оқу.

2. 18-жаттығу

Х. Қорытындылау  Рефлексия           2 минут

     Слайдта  түннің,  айдың, күннің суреттері берілген осы суреттерді пайдаланып, бүгінгі сабақты қорытындылау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062298

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар