Тербелістер мен толқындар қозғалысын оқыту әдістемесі

23 қараша 2015 - Айнагул Бекшораева

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

І. Білім беру сапасын арттыру мәселелері.....................................................6

1.1. Сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануды жетілдіру...........................6

1.2. Физикалық білім берудің дәстүрлі және альтернативті үлгілері… ..18

ІІ. Тербелмелі және толқындық қозғалыстарды оқытудың әдістемесі… .......28

2.1. Физика курсындағы тербелмелі және толқындық қозғалыстарды

зерделеу.............................................................................................................28

2.2. Көрнекіліктерді қолдану арқылы физиканы оқыту әдістерін

жетілдіру....................................................................................................39

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…

Кіріспе

Жалпы білім беретін мектептерде білім сапасын арттыру, білім беру мазмұнын жетілдірудің, оқыту үрдісін жаңа сапалық деңгейге көтеретін факторлардың саналуан түрлері бар. Физика саласындағы және онымен іргелес басқа да ғылым салаларында ашылып жатқан жаңалықтар мен жаңа білімдер ауқымы жыл сайын жылдам қарқынмен ұлғайып келеді. Орасан зор эксперименттік деректер де жинақталуда. Ол мектептегі физикалық білімнің даму болашағын да айқындайды. Оқушыларды білімнің мән-мағынасымен, оның физика саласындағы ғылыми зерттеулердегі ролін анықтау үшін сабақтың сапасын арттыру қажет деп есептейміз. Құбылыстарды, ұғымдарды оқып-үйрену – оқушылардың ғылыми көзқарасының қалыптасуына, физикалық заңдарды неғұрлым тереңірек меңгеруге, мектеп оқушыларының пәнді оқып үйренудегі қызығушылығын арттыруға себін тигізеді. Физикалық процестерді демонстрациялап көрсету және оқушылардың өздерінің істеп, зерттеп, бақылауы яғни, оқытудағы әртүрлі әдіс-тәсілдерді таңдап алу, көрнекі құралдарды тиімді қолдану арқылы ғана білімді жетілдіруге болады.
Сабақта оқушыларды ұқыптылыққа, төзімділікке, қиыншылықты жеңе білуге, ізденушілікке тәрбиелеумен қатар, олардың бақылай білу ебдейлігін дамытуға, политехникалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілсе, білім алушылар тәжірибе жасауды, бақылаулар, өлшеулер жүргізуді, өзіндік білім алуды үйренеді.
Соңғы жылдарда педагогикалық процесті ізгілендіру тенденциялары күшейюде, осыған байланысты мектептерде арнайы жабдықталған физикалық зертханалар, жаңа буын оқулықтар, т.б. оқыту үрдісін жетілдіруге қажетті оқу-техникалық және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуге үлкен қаржы бөлініп отыр. Бірақ, мектептерде физика пәнін оқытудың жағдайы бүгінгі күнгі талаптарға жауап бермейді. Оқушылардың білімдері көп жағдайда тек теориялық шеңберде қалып отыр, өйткені мектепте сабақты әртүрлі әдіс-тәсілмен өткізуді ұйымдастыруға және жүргізуге жеткілікті дәрежеде мән берілмейді. Мектепте физика пәні бойынша өтілетін сабақтарды талдай келе, дипломдық жұмысымыздың тақырыбын “Физика курсындағы тербелмелі және толқындық қозғалыстарды оқыту әдістемесін жетілдіру” деп алуды ұйғардық.
Мектепте физиканы оқытудың әдістерін жетілдірудің бірнеше мақсат-міндетін атауға болады:
1. Физикалық білім алуда оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру;
2. Демонстрациялық тәжірибе көрсету арқылы физикалық құбылыстарды, шамалар мен тұрақтыларды тағайындайды, заңдылықтарды түсінеді;
3. Зертханалық жұмыстарды орындағанда оқушылар физикалық құрал-жабдықтармен, аппаратуралармен жұмыс істеуге үйреніп, политехникалық ебдейліктері мен дағдыларын дамытады, практикалық маңызын түсінеді;
4. Оқушылар бізді қоршаған табиғат құбылыстары туралы өзінше қорытынды жасауға үйренеді, физика заңдарының практикалық маңызын нақтылайды, физика ғылымының техникамен және өмірмен байланыстылығына сенетін болады;
5. Ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізуге дағдыланады, физика ғылымының танымдық күшіне сеніп, оқуға деген олардың ынта-жігері артады;
Сапалы, тиімді, нәтижелі жүргізілген әрбір сабақ — ұстаздың еңбегінің айғағы. Осыған орай озық тәжірибелі физика пәнінің мұғалімдерінің тәжірибелеріне сүйене отырып, оқушылардың білімі мен біліктіліген дамыту жұмыстарына қойылатын талап-тілектерді зерттеуге тырыстық. Оқушылардың физикалық білімін дамыту, физикалық ойлауын жетілдіру, тіпті жалпы білім алуға құштарлығын ояту мақсатында жасалатын әдістемелік жұмыстар дипломдық зерттеудің көкейтесті мәселесіне айналды.
Зерттеудің мақсаты: физикалық білім беру барысында оқыту үрдісінің алатын орнын анықтап, қолданылуын зерттеу, оны ұйымдастырудың тиімді жолдарын қарастыру.
Зертеу объектісі: оқу-тәрбиелік іс-әрекетті зерделеу, оқу материалын толық түсіну үшін оқушының өз бетінше білім алуы, өзіндік жұмысты орындауы, ол үшін білім мен біліктілікті дамытуға арналған тапсырмалар жүйесі зерттелді.
Қазіргі кезеңде сабақтың мазмұны мен оны түсіндірудің негізгі әдістері оқушылардың өз беттерінше танымдық іс-әрекеттерін дамытатындай, әрбір нақты материалды жүйелі меңгеретіндей етіліп құрылғаны жөн. Осы мәселелердің бәрі оқушылардың жасы мен жеке басының ерекшеліктерін білуді қажет етеді, сондықтан зерттеу жұмысымыздың міндеттерін шешіп алдық: Сабақ берудің тиімді жолдарын іздестіру арқылы тербелістер мен толқындар туралы материалды оқушылардың санасына сіңіруге арналған әртүрлі оқыту әдістерін анықтау, олардың арасындағы байланыс пен айырмашылықты ашып көрсетуді зерделеу, қасиеттеріне тоқталу, олардың өзара әсерлесуін оқыту оқушылардың пәндік білімін дамытып қана қоймайды, оларды жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Сабақта тек білім беріп қана қою жеткіліксіз, оқушыларды ғылымды сүйе білуге тәрбиелеп, өз беттерінше білім ала білуге үйрету керек.
Зерттеу жұмысымыздың І-тарауы физикалық білім берудің сапасын арттыру мәселелерін талдауға, сабақтың түрлеріне анықтама беруге, оқыту үрдісінде физикалық ойлауды дамытудың жолдарын анықтауға арналған. Осы жерде оқушының санасына өткен материалды қалыптастыру үшін сабақтың тиімділігін арттыру керектігі айтылған. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді талдай келе “оқыту” ұғымына жан-жақты түсінік берілді.
Дипломдық жұмыстың ІІ-тарауы “Тербелмелі және толқындық қозғалыстарды оқытудың әдістемесі” деп аталады, мұнда сабақта “тербелістер және толқындар” туралы түсініктерді қалыптастырылып, олардың арасындағы байланыс пен айырмашылықты ашып көрсетуге арналған теориялық ұсыныстар беріледі. Оқушылардың осы мәселелер туралы алған білімдерін жетілдіру мақсатында қолдануға болатын көрнекіліктер топтамасының жасадық, ол туралы осы тараудың екінші бөлімінде айтылады.
Сабақтың мазмұны әр түрлі іскерліктерді, дағдыларды жетілдіруге бағытталады, оны жоғары деңгейде ұйымдастыру оқушылардың ізденімпаздығын, дербестігін, танымдық біліктерін дамытады. Демек, сабақты өткізудің жоспарын жасаған кезде әрбір оқушының жеке міндеттері де есепке алынады, жұмыстың мазмұны көрсетіледі. Ұжымдық жұмыстардың нәтижесі сан алуан түрде тұжырымдалады. Бұл кезде оқушылардың іс жүзіндегі қимыл-әрекеті басым болғандықтан, өтілетін материалдың мазмұнына байланысты тиімді әдістерді іріктеп ала білудің маңызы зор. Сондықтан дипломдық жұмыста физика пәнінен білім мен біліктілікті жетілдіру әдістемелерін ұсынып отырмыз. Мұның бірқатар ұйымдастыру — әдістемелік артықшылықтары бар: а) өтілетін тақырыппен тығыз байланысты болады; ә) барлық оқушының бірдей жұмысты орындауы, оны өткізу мен тексеру мұғалім үшін жеңілдейді.
Мұғалім бұл жұмыстың мынадай өзіндік қиыншылықтарын да аңғаруы керек: а) сыныптағы барлық оқушыларды бірдей қамтудың мүмкіндігі бола бермейді; ә) білім нақты болуы үшін тәжірибелер қоюға мұғалімнің уақыты көбірек жұмсалады; т.б.
Дипломдық жұмыста қарастырылған ұсыныстардың білімдік және тәрбиелік маңызы күшті деп есептейміз, себебі, ол оқушылардың физика мен техникаға қызығушылығын арттырады; оларды өз бетінше тәжірибелер, бақылаулар, өлшеулер жүргізуде баулиды; физикалық теория мен практиканың байланысын терең түсінеді; айналамыздағы физикалық құбылыстардың мән-маңызын ұғады; физика және техника туралы әдебиеттерді оқуға әуестенеді.
Физика сабағын оқытудың әдістері және ұйымдастырудың формалары, оны оқыту әдістемесінің негізгі бағдарлары, педагогикалық практикада анықтаған тәжірибеміз оқыту процесінде дағдылануды білім алудан бөлуге, ажыратуға болмайтындығын көрсетеді. Сондықтан оқушыларды басынан бастап білім алуға дағдыландыру қажет деп есептейміз.
Жұмыста физиканы оқытудың әдістемесін жетілдіру жолдарын жан-жақты зерделеп, әдістемелік ұсыныстар жасадық. Кез келген сабақты әртүрлі әдістермен өткізудің оқушының біліктілігі мен білімге қабілеттілігін және бейімділігін ашу мен қалыптастыру үшін маңызы зор.
І. Білім беру сапасын арттыру мәселелері
1.1. Сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануды жетілдіру
Iлiм мен бiлiмнiң дамуы – адамзат өркениетiнiң өлшемi. Олай болса, бiлiм саласы үнемi жетiлiп, жаңарып отыруды қажет етедi. Бiлiм жүйесiн тұтастай жаңарту – мектеп оқушыларының жасына, жеке-психологиялық және шығармашылық қабiлетiне сай бiлiм алуына мүмкiндiк туғызады. Балалардың мектеп бiлiмiне деген құлшынысын арттыратын, жеке бiлiм траекториясын өзi таңдауына құқық беретiн тәсiлдердi табу қажет. Ол үшiн бiлiм жүйесi мынадай қағидаттарға негiзделеді:
Бiрiншiсi – тұлғалық бағдарлау, екiншiсi – бiлiм процесiн тұлғаландыру.
Тұлғаландыру – бұл сыныптық-сабақтық жүйе шеңберiндегi оқытудың топтық әдiстемелерiн жобалау. Ол «мұғалiм – оқушы» диалогынан бас тартқызуға жетелеп, «мұғалiм – топ – оқушы» деген үштiктiң өзара қарым-қатынасына көшуге мүмкiндiк бередi. Оқушы бiр уақытта бiрнеше түрлi сабақты оқиды және бiр пәннiң аясында екiншi бiр пәндi оқу үшiн, олардың ара жiгiн ажырату үшiн көп жағдайда бiлiмi мен бiлгiрлiгiн пайдалана бермейдi. Бұл — пәнаралық байланыстың мәселесi. Осыған орай дәстүрлi бiлiмнiң осы уақытқа дейiн белгiлi бiр пән бойынша бiлiмдердi ғана берудi көздейтiн деректемелiк сипатта қалып отырғандығы жөнiнде аз айтылған жоқ [1].
Қазiргi заманның талабы – өскелең ұрпақты жаңашылдыққа, шығармашылдыққа, ұшқырлыққа баулу. Мектептi азаматтық қоғамның әлеуметтiк-мәдени институты ретiнде қарастыруымыз қажет. Бұл — мектеп бiлiм жүйесiнiң ғана емес, жалпы адамдық капиталдың дамуы мен қалыптасу процесiнiң негiзi деген сөз. Бiлiм ошағы өскелең ұрпақтың жеке тұлға ретiнде қалыптасып, оның бойында рухани құндылықтар мен жаңа азаматтық әлеуметтiк тетiктердiң, өмiрлiк көзқарастардың жинақталуына негiз болуға тиiс. Болашақ жастардың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етудің ең биік шыңы – білім сапасын арттыру, бұл мынадай сатылармен өлшенеді:
Білім сапасын арттыру сатылары:
Білім беру Мұғалім
Білім беру үрдісі Мұғалімнің кәсібилігі
Білім беру үрдісінің субъектісі Білім сапасы
Білім беру үрдісінің субъектісін дамыту шарты Білім сапасын арттыру
Қазақстан Республикасы өзінің ғылыми техникалық, экономикалық, ресурстық және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағытталуда. Бұл өзгерістер, сөз жоқ, білім беру саласына, соның ішінде білім беру үрдісіне де әсерін тигізуде. Сондықтан білім үрдісінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету, оны жан – жақты зерттеу және әлемдік деңгейге көтеру — басты міндет болып қала береді. Өйткені егеменді елдің ертеңгі білім үрдісі — білімінің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамынан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді. Осыған байланысты білім беру үрдісінің халықаралық стандартын енгізу – аса маңызды өзекті мәселе [20].
Білім үрдісінің негізгі мақсаты – біздің отандық білім беру үрдісінің әлемдік талап бәсекеге қабілетті бола алатынына жағдай жасау болып табылады. Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамытудың жаңа жолдарын, яғни педагогика ғылымының парадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдетке айналған білім үрдісінде мұғалімге басымдылық рөл берілсе, ал қазіргі білім үрдісінде оқушы белсенділігін көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, өздігінен оқуы керек, яғни оқушыға субъект ретінде қарау керек. Субъект — таным объектісі ретінде сыртқы әлемге төтеп бере алатын ізденімпаз, іскер, мақсаткер адам.
Субъектілік ұғымының мазмұны оқытуды басқару жүйесі мен білім беру жүйесіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Бұл ұғымның өзі объектіге, яғни – балаға әсер етудің мәні мен мазмұнын жояды. Ал білім беру үрдісінің субъектісі – білім үрдісі баланың дамуына, тұтас тұлға болып қалыптасуына, қоғамдық өмірдің белсенді субъектісі болуына мүмкіндік ұсынуы тиіс. Олардың өзара әрекетін үйлестіруді қамтамасыз етудегі және білім беру үрдісінің қорытындысының және сапасының артуының маңызды аспектісі әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану болып табылады. «Бала объект те, мақсат та нәтиже де емес, ол үрдіске қатысушы, қоғамның, мектептің, ата – ананың, өзінің даму үрдісініңс өзара іс — әрекетіне қатысушы баланың субъектілік ұстанымы, оның қалай болу керек, кім болу керек деген белсенділігі өте қажет. Тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынов: „Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика әдістемесінен хабары мол, оқыта білетін мұғалім“ — деген болатын. Ендеше оқушының білім сапасын арттыруда күнделікті өткізілетін сабақтың қызықты, мазмұнды, жаңа талаптарға сай жүргізілуінің маңызы өте зор [14].
Білім сапасын арттыру — өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық – гумандық бағыттылығы жоғары, педагогикалық ақиқат пен ондағы өзінің іс – қимылын жүйелілікпен арттыруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды таба, таңдай, сараптай алатын мұғалімге байланысты [18].
Білім беру үрдісінің субъектісін дамыту шарты — оқушының білім сапасын арттыру болғандықтан, сабақ жүргізетін кез – келген мұғалім сабақ өткізудің тиімді, қызықты, қажетті, тартымды, өзекті үрдісін таңдап алу қажет. Мұндай үрдіс оқушының білім сапасын арттырып қана қоймайды, оның білімге деген біліктілігін арттырып, ізденімпаздылық пен шығармашылыққа деген іскерлік пен дағдыларын қалыптастырады, білім кеңістігіне жол ашады.
Бiрiншi кезекте мұғалiмнiң «өзiндiк жаңалығы» болуы қажет. Сабақты түрлендiруде өз үлесiн қосу арқылы жасаған нәтижелi жұмысы өзгелердiң тәжiрибесiн толық көшiрмей, жаңа ортаға икемдеп, өзiндiк iс-әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткiзу керек. Бұған оқыту әдiсiне жаңа элементтер ендiру, оның нәтижелегi арқасында уақытты тиiмдi пайдаланып, сапалық биiкке көтеру арқылы мұғалiм – оқушы арасындағы жаңа, өзiндiк педагогикалық ынтымақтастық жолдарын табу, дарынды, уақытша үлгiрiмi төмен оқушылармен жеке, топтық жұмыс жүргiзудiң жаңа әдiстерiн ендiру де жатады [25].
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді зерделей отырып, пәндер, ғылымдар арасындағы байланысты жетiлдiру, оқушыларға бiлiм стандарттары бойынша оқыту әдістерін қолдану, т.б. ұсыныстарын беруге тырыстық. Өзiндiк бақылау, талдау жасау арқылы физикалық білім берудегі озат тәжiрибенiң алғы шарттарын анықтадық:
• Сапалы бiлiм, саналы тәрбие беру арқылы оқушыны өзiн-өзi жетiлдiруге, дамытуға баулу. Соның арқасында Отансүйгiштiкке, имандылыққа, адам табиғат және қоғам арасындағы қарым –қатынасты терең бiлуге игеруге тәрбиелеу арқылы оқушының мектеп бiтiргеннен соңда өмiрден өз орнын таба бiлуiне бағыт сiлтеу;
• Оның бағдары, талап – белгiлерi, жиынтығы, тұжырымдамасы, оқыту жүйесi, оқыту мазмұны, оқыту құралы, материалдық базасы оқыту мазмұны мен базасының отандық стандартына сай келуi;
• Оқыту әдістемесіне жаңа технологияларды ендiру, НОТ еңбектi ғылыми ұйымдастыру, оқу негiздерiн тиiмдi ұтымды пайдалану; [2].
Сабақ мақсатын игеру, үйде дамыту, қосымша әдебиеттермен жұмыс, дарынды балалар мен үлгерiмi төмен балаларды теңестiру жұмыстары, тиiмдi көрнекiлiктердi табу мәселелерімен айналыса отырып, оқушы ↔ мұғалiм арасындағы педагогикалық ынтымақтастыққа тиiмдi ықпал ету, табиғаттану, тарихтану, өнер – салт, дәстүр тану, әдебиет тану, ой дамыту, руханият әлемiн кеңейту жолдарын іздестірдік. Ол үшін бiрiншi кезекте сабақтың шығармашылық – проблемалық тақырыбын анықтау керек деп есептейміз.
Тақырып анықталып болған соң әдiстемелiк тақырып пен жұмысты мынандай кезеңдерге бөледi:
1. Ғылыми – теориялық дайындық жасау;
2. Объектiнi өтiлетiн, жүргiзiлетiн жұмысты терең анықтау, болжау;
3. Сыныпты, пәндi, оқушыны жан-жақты дайындау;
4. Кiшi эксперимент кезеңдерi;
5. Салыстырмалы нәтижелерi;
6. Өзiндiк әдiстемелiк талдаулары;
7. Жүйелi, тұрақты түрде нәтиже көрсету;
8. Қорытынды, сараптау, талдау жасау;
9. Ғылыми тақырып ретiнде ғылыми жұмыспен айналысу – ғалым жолы, т.б.
Қоғам дамуының белгілі сатыларында тәрбиенің құрамына оқыту ұғымдары жеке мағына бере бастайды. Оқыту — бұл оқушы мен мұғалімнің мақсатты түрде өзара әрекет жасау үрдісі. Осы үрдістің барысында білім және тәрбие беру және баланың дамуы, білім алуы жүзеге асады. Аталған үш ұғым тәрбие, білім беру, оқыту өзара тығыз байланысты қарым-қатынаста болады [3].
Оқыту әдісі дегеніміз ол мұғалімнің мектеп оқушыларына танымдық қабілетін дамытып, көзқарастарын қалыптастыратын және олардың өмір сүруге дайындайтын білім, іскерлік және дағды беру әдістері. Пәнді оқыту әдістері оқушыларға жаңадан білім беріп, бұрын алғандарын бекітуді қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде олар мұғалімнің басшылығымен ғылым негіздерін игереді және оқытудың мазмұнымен тығыз байланысты болады.
Мұғалім мазмұны бойынша қажетті оқу материалын іріктей отырып, одан сабақ берудің белгілі бір формасын аңықтайды. Оқушылардың міндеті оқытушының берген білімін меңгеріп, оны оқу және практикалық іс-әрекетке қолдана білу болып саналады. Демек, бағдарламадағы қандай да бір мәселені оқып үйрету әдісін аңықтаған кезде мұғалім мен оқушылар іс-әрекеттерінің сипатын, сондай-ақ осы кезде пайдаланылатын білім көзін ескеруі қажет [4].
Әдістердің қай-қайсысы болса да біріншіден, оқытушы баяндап берген даяр білімді игеруге; екіншіден, оқытушының басшылығымен өздігінен жұмыс істеуге; үшіншіден, ешкімнің жәрдемінсіз өздігінен жұмыс істеуге көмектеседі. Бұл білім игеру барысындағы оқытушының жетекшілігіне және мектеп оқушыларының танымдық қабілетінің дамуына бағытталған іс-әрекеттерін де қамтып көрсетеді. Белгілі бір әдіс сабақтың мақсатына, оқу материалының мазмұны және танымдық іс-әрекеттің сипатына байланысты әртүрлі бағытта түрліше дәрежеге ие болады. Әдетте бір әдіс екінші әдіспен үйлестіріліп отырады. Мұғалім сабақ беру барысында формулалар мен плакаттар көрсетуді пайдаланады, ал практикалық жұмыс барысында түсінік береді немесе оқушылар, нұсқау кеңес берілетін оқулықтарды және т.б пайдаланады. Физикадан сабақ беру барысында әрбір әдістерді тақырыптың мазмұнына, оқушылардың жалпы дамуына және мұғалімнің шеберлігіне сәйкестендіре отырып, пайдаланған дұрыс.
Оқыту мен оқу әрекетінің бір-бірімен тығыз байланыста болып, баланың ақыл-ойының дамуында зор рөл атқаратындығы белгілі. Ал оқыту барысында ақыл-ойдың дамуы, „оқи алуға үйрену“ бүгінгі күннің басты талабы. Оқушылардың оқу әрекеті — ол орындайтын әрекеттердің жетекшісі, негізі. Оқу әрекеті арқылы осы кезеңге тән психологиялық жаңа құрылымдар теориялық сана және ойлау қалыптасады. Олармен байланысты рефлексия,
Мектепте бұл кажеттіліктерді қанағаттандырудың мүмкіндігі мол. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен әр түрлі тапсырмаларды шеше отырып, қарапайым теориялық білімдерді меңгере бастайды. Осылайша оқу әрекетінің мазмүны болып табылатын теориялық ілім олардың қажеттілігіне айналады. Тапсырманы табысты орындап шығуға басшылық ететін ынта-ықылас, ішкі түрткілер пайда болады. Оқу әрекеті деп білім, білік алуға бағытталған әрекетті айту қабылданған. Ол өз бетінше де, мүғалімнің. жетекшілігімен де жүзеге асады. Мұғалім басшылыққа алып отырған әрекет теориясының психологиялық негізін Ы.Ананьев, Л.С.Выготский, А.И.Леоньтев, А.Р.Лурья, С.Л.Рубинштейн жасады. Жоғарыда аталған авторлар әрекетті өмірдің бірлігі деп қарап, онын төмендегідей ішкі құрылымдарын белгілейді:
Қажеттілік — мотив — мақсат — құрал — әрекет — нәтиже.
Әрекеттің ішкі құрылымына енетін бұл компоненттер былайша сипатталады. Қажеттілік — индивидтің өзінің өмір сүруге, дамуға білімінің, тәжірибесінің, басқа да әлеуметтік жағдайлардың жеткіліксіз екенін сезінуі. Белсенді әрекеттің негізі. Мотив — ынта-ықыластың аууы. Құрал — әрекеттің амадарын белгілеу, жолдарын таңдау. Әрекет — іс-қимыл, құрал. Ол, ойын, тілдік, ойлау ерекеттері түрінде жүзеге асады. Нәтиже — өнім [6].
Оқу әрекеті арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, теориялық сана, теориялық ойлау қалыптасады. Окушының дамуының негізі болып табылатыи әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек.
Сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы — баланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Ол үшін мүғалім мына қағидаларды есінде үстауы қажет:
— баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылыгын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру.
— білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау.
— өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.
Айтылғандарды қорыта келе, дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (экстенсивтік, сандық, мазмүндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалык, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын ұстанымдарға негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтау, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді. Оны кесте түрінде бейнелеуге болады:
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелернің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы
Педагогикалық процестің компоненттері
Мазмұнындағы басымдылық
Дәстүрлі иллюстрациялық түсіндірме әдісіДамыта оқыту
МақсатОқушыларда білім, білік, дағды қалыптастыруБайқампаздығын ойлаумен, практикалық әрекетін дамыту
Бастапқы мазмұнФакторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдерЗандылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту
Оқытудың
формаларыЖеке, топтық, фронтальдіБірлескен ұжымдык іс-әрекет
Оқыту әдістеріАуызша түсіндіру, көрнекілік, практикалықПроблемалық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік
Бақылау, бағалауОқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауыӨзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлексия
Дамыта оқыту арнайы педагогакалық технологияларды қажет етеді, онда баланы қоршаған ортамен еркін қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі беріледі. Қарым-қатынастар: жоспарлау, ұйымдастыру, мақсаттарды жүзеге асыру, іс-әрекетті талдау кезеңдерінен тұрады. Әр кезең бала тұлғасының дамуына өз үлесін қосады [7].
Республикамызда соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды. Оларды „инновациялық процесс“, немесе педагогикалық жаңалықтарды енгізу деп жүрміз [8].
»Инноватика" үғымының мәні, латынның in-novus деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту» мағынасын береді. Педагогикада жаңа әдістер, тәсілдер, құралдар, оқулықтар, бағдарламаларды пайдалануды білдіреді, яғни оқыту мән тәрбиелеуте өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру болып табылады. Білім беру саласындағы жаңалықтар: ұйымдастырудағы, технологиялардағы, оқулықтар мен бағдарламалардың өзгеруі деп 3 топка бөлінеді.
Француз ғалымы Э.Брансуик педагогикалық жаңалықтарды үшке бөлген:
1. Жаңалық ретінде бұрын еш жерде, еш уақытта қолданылмаған білімдік идеялар мен әрекеттер алынады. Мүлдем жаңа нәрсе. Практикада ондай жаңалық өте сирек кездеседі.
2. Белгілі бір кезде, белгілі бір ортада көкейкестілігімен ерекшеленген, қайта орын алып отырған, жаңа жағдайға бейімделген идеялар. Бұл қазіргі педагогакалық жаңалықтардың көп бөлігін құрайды.
3. Практикада бүрын болған, тек максатын өзгертіп пайдалану жаца нәтижелер беретін жаңалықтар.
Мұғалім физика сабақтарында көбінесе әңгімелеу немесе әңгімелесу, практикалық жұмыс және бақылаулар кезінде салыстыру тәсілін пайдаланады. Әңгімелеу оқу материалын сабақта, диаолгсыз, тек мұғалімнің өзінің үздіксіз сөзбен ауызша баяндау тәсілі айтады. Мұндай тәсілді мынадай жағдайда пайдаланған ұтымды болады [9].
-физикалық заңдар мен жаңалықтың (өнер тапқыштықтың) ашылу тарихынмен, физик-ғалымдардың өмербаянымен оқушыларды таныстыру қажет болғанда ( тербелістілі қозғалысты сипаттайтын негізгі шама,
-ғылым мен техниканың жетістіктерімен, даму перспективаларымен мектеп оқушыларын таныстырылады.
-заңдар мен құбылыстардың ғылымда, техникада, өмірде қолданылуын түсіндіре отырып, табиғатта және техникалық қондырғыларда байқалатын физикалық құбылыстарды баяндадалады.
Бұл оқушылардың білімін тақырып бойынша логикалық бір ізділікпен аңықтауды қамтамасыз етеді. Әңгімелеуді осылай өткізу оқушылардың ойлау белсенділігін арттырады. Оларды басты және өте маңызды мәселелердің мазмұнын, өзара байланысын анықтауға талаптандырамыз. Оқушыларды болжауға бағыттайды, өз ойларын дәлелдеуге мәжбүр етеді. Әңгімелеу әдісінің барлық үрдісі өтілген оқу материалын жүйеге келтіруге және жинақтап қорытуға мүмкіндік береді.
Әңгімелесу дегеніміз — сабақта мұғалім мен оқушылардың сұрақ-жауабы арқылы оқу материалы ауызша баяндалып, түсіндіріледі. Мұны, әсіресе, эврикалық әңгімелесуді, көп жағдайда төмен сыныптарда пайдаланған қолайлы.
Диалог түрінде жүргізілетін әңгімелесу тәсілі арқылы: физикалық заңдар түсіндіріледі; құбылыстардың мәні ашылып, көрсетіледі; ұғымдар қалыптастырылады; оқу материалдары қайталанып, бекітіледі; оқушылардың алған білімдері, ебдейліктері, дағдылары тексеріледі. Әңгімелесу арқылы өткізілген сабақтарда көбінесе оқушылар тыңдайды, оқу үрдісіне өздері де қатысады, демонстрацияланған құбылыстарды көріп бақылауды, мұның нәтижесінде олардың сабақтағы белсенділігі жоғары болады. Сабақтың қалған уақытында оқушылар мұғалімнің басшылығымен әртүрлі жұмыстарды өз бетінше орындайды. Қолданылатын тәсілдің әрқайсысы оқушылардың білімді тиімді игеруіне барынша жәрдемдесе алатын болуы қажет. Физика пәнінің бағдарламаларында оқушылардың қоршаған табиғтты бақылауына мән беріледі. Табиғатты тікелей бақылап, оқып үйрену негізінде мектеп оқушыларында нақты түсініктер қалыптасады.
Орта мектепте білім берудің ішінде әртүрлі әдістер (әңгімелеу, түсіндіру, есеп шығару, тәжірибелер қою, бақылауды ұйымдастыру т.б.) сабақтың сапасын арттырып, қызығушылықты дамытады. Осы әдістерге тоқталатын болсақ, мұндағы түсіндіру мұғалім оқу материалын баяндауда оқушылардың белсенділігіне, ынтасына, білім деңгейіне сүйенеді, материалдың мазмұнын дәлелдейді, физикалық кейбір ережелердің, ұғымдардың, заңдардың мәнін ашады. Материалды түсіндіруге түрлі құралдарды, есептер шығаруды, жазып алуды қолданады, оқушылар баяндау үрдісінде мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, байымдайды, дәлелдеуге тырысады.
Есеп шығару әдісі. Физикалық заңдарды тереңірек және берік меңгеруге, логикалық ойлаудың дамуына, ұғымдылық, ерік және қойылған мақсатқа жетудегі табандылыққа себі тиеді, қызығушылығын оятады, өзіндік жұмыс дағдыларын бойына сіңіруге көмектеседі және өзіндік ой қорытуда бірден-бір құрал болып табылады. Оқушылар есептерді шығарғанда тікелей алған білімдерін қолдану қажеттілігімен кездеседі, теория мен практиканың байланысын тереңірек сезінеді.
Тәжірибелер қою мектеп жағдайында пайдаланып, арнайы құралдармен жабдықталаған сыныптарда мұғалімнің басшылығымен оқушылар табиғи құбылыстарды, заңдарды зеттейді. Мұндай зерттеу жұмысы оқушылардың физикалық білімін терең және берік игеруді талап етеді. Дұрыс ұйымдастырылған тәжірибелер оқушылардың таным қабілетін, ой-өрісін дамытады, олар түрлі құралдар және жабдықтармен жұмыс істей білуге үйренеді, ғылыми эксперименттердің элементтерімен танысады. Тәжірибер қою барысында оқушылардың дәлдікке, ұқыптылыққа, еңбек мәдениетіне тәрбиелейміз. Байқағанымыз, оқушылардың ойлау қабілетін, іскерлік дағдысын дамытуда бақылау іс-әрекеті үлкен мәнге ие болады. Бақылау оқушылардың түсінік пен ұғымдарды, іскерлік пен дағдыны дұрыс қалыптастыру мақсаттарында физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды тікелей қабылдауы деп ұғынуымыз керек [10].
Бақылау, біріншіден, қоршаған болымыстан нақтылы және бейнелі түсініктер мен ұғымдар қалыптастыруға, соның негізінде оқушылардың логикалық ойлау әрекетін дамытады, өткен материалды баяндауды ауызша дамытуға мүмкіндік береді. Екіншіден, ол материалистік дүние танымның қалыптасуына себепкер болып, олардың өзара байланысы мен заңдылығықтарына, дүниенің материалдылығына және табиғаттың бір тұтастығына балалардың көз жеткізуге мүмкіндік береді. Үшіншіден, бақылау жеке адамда ең маңызды сапаның бірі — бақылағыштықтың қалыптасуына мүмкіндік береді, ол зейін тұрақтылығын тәрбиелеу, ес, талпынғыштық, білуге әуестенудің дамуына, әр түрлі табиғи құбылыстар арасындағы байланыстарды анықтай білуге тікелей байланысты болады. Бақылау дұрыс ұйымдастырылса, оқушылардың кейбір құрал-жабдықтарды (сызғыш, термометр, штатив, флюгер) пайданалана білу дағдысы қалыптасады; бейнеленген плакаттарды оқуға іскерлігі жетіледі. Оқушылардың іс-әрекеттердің жұмыс дайындауда үлкен маңызы бар. Халық арасында жақсы тараған «Қарап қана қойған жеткіліксіз, көре білу керек» делінген мақал бойынша бақылауды іскерліктен ұйымдастырып, әдістемесін жақсы жолға қою керек. Бұл жұмысты мына жүйеде өткізуді жөн санаймыз:
оқытушының бақылау өткізілетін объектіні таңдап ала білуі;
олардың бақылауға дайындалуы;
қарапайым түсініктер мен ұғымдарды (сабақ барысында) қалыптастыру;
бақылаудың мақсатын айқын қоя білу;
тапсырмалар жасап, оларды оқушыларға бөліп беру;
бақылауға қажетті көрнекіліктерді жасау;
нәтижелерін жазу;
іс-әрекетті ретке келтіріп, олардан алдын ала қорытындылар шығару;
қарапайым себеп, салдар, байланыстарды анықтау.
Бақылауды дұрыс ойластыру арқылы өткен материалды оқушының санасына сіңіру, әртүрлі әдістер арқылы физикалық ойлауды дамыту, танымдық үрдісті жетілдіру мәселелері іске асады. Мысалы, тапсырманы біртіндеп қиындата отырып, оқушыларды бақылай білуге үйрету үшін арнайы жұмыс жүргізу керек. ІХ сыныпта физика пәнін оқыту барысында мұндай іскерлікті қалыптастыруды бірнеше кезеңге бөлуді ұсынамыз:
оқытушының басшылығымен өзіндік жұмыс жасау (оқушыларға өтілген тақырыптар бойынша қайталау, қорытындылау сабақтары өткіземіз);
жүйелі түрде қысқа мерзімдік уақытша бақылау өткізу (оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша демонстрациялық немесе виртуальды зертханалық жұмыстар орындайды);
өздігінен ұзақ бақылау (үй тапсырмасын беру мысалы, үйлеріңің жанынан ауыр жук машинасы жүріп өткенде терезе әйнектерінің шылдырын естілуі, қатты сөйлегіштің диффузорның тербелісі, телефонмен сөйлескенде микрофон мембранасының тербелісі, су бөлшектерінің тербелісі);
зерттеу жұмысына байланысты бақылау (кез келген физикалық заңдылықты мысалы, тербеліс пен толқындық қозғалыстардың байланыстарын оқып-үйрену үрдісі); Мұндай кезеңдерді қамту үшін, оқытушы бақылау құрылымын, яғни оны ұйымдастыру тәсілдерін меңгере білуі тиіс, олар мына мақсаттарды қамтиды: оқушыларға бақылау мақсатын ұсына білу және сол мақсатты сезіне отырып түсінуге мүмкіндік беру; бақылаудағы объектілер шеңберін нақтылы анықтау; бақыланатын табиғи объектілердің негізгі белгілерін анықтап көрсету; жинақтап, қорытындылауды ұйымдастыру [11].
Бақылаудың негізгі мақсаты-оқушының іс-әрекетін ынталандыру, олардың белсенділігін дамыту, дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Оқушы алған білімді игеруі және баянды етуі бойынша, оқу үрдісі барысында неге көңіл бөлу, қай жерде кемшілік жіберді, сол кемшілікті қалай түзету қажеттігін білгені дұрыс. Осыдан келіп ұстаз бен шәкірт арасында ынтымақтастық орнайды, бұл «Ынтымақтастық педагогикасы» деп аталады. Бақылаудың турлері көп, бірақ солардың ішіндегі негізгілеріне тоқталайық:
а) тақырыптық бақылау;
ә) тараулар бойынша бақылау;
б) қорытынды бақылау.
Бақылау нысаналы болуға тиіс, тек сонда ғана ол ойлаудың дамуына жәрдемдеседі. Оқушылардың бойында байқағыштықты қалыптастыру үшін жүйелі түрде жаттықтыру қажет. Фронтальды эксперимент ұйымдастырып, тәжірибелер көрсетіп, экскурсиялар жүргізе отырып, мұғалім оқушылардың алдына белгілі мақсат қоюға болады. Мысалы, ІХ сыныпта «Физика және астрономия» оқулығында 3-зертханалық жұмыста математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласы бойынша еркін түсу үдеуін анықтап, тұғырымдар жасаймыз [12].
Оқыту үрдісін ұйымдастырудың нәтижесі білімді бақылаудан тексеруге дейін, одан оның нәтижесін бағалау арқылы белгіленеді. «Бағалау» деп оқушылардың жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін білімнің, іскерліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады. Үлгерімді бағалаудың білім берушілік және тәрбиелік мәні бар. Білім берудің мағынасы оқушылар объективті білім алады, ой-өрісі кеңиді, дүниетанымы қалыптасады, іскерлікті, дағдыны игереді, өз білімдерін өздері тексереді.
Тәрбиелік мағынасы өз білімдерін өздері тексеру барысында әділеттілік, қайырымдылық, еңбекқорлық, дербестік, ұғымшылдық, татулық, жолдастық, достық тағы басқа жеке адамға тән қасиеттер қалыптасады. Бағалаудың тағы бір ерекшелігі-мұғалім оқушылардың білімді, іскерлікті, дағданы игеру сапасын тексеріп қана қоймай, оларға ойлау тәсілдерін, алған білімді қолдану жолдарын үйретеді, кемшіліктерді дер кезінде жоюға көмектеседі. Физика сабағында оқушының білімін бағалауда мына жағдайларды ескеру керек:
а) Оқушы білімінің жетістіктері мен кемшіліктерін дәлелдеп талдау. Біз осы жерде баланың көңілін қалдырмай, оқушыға құлшыныс беретіндей талдау жасағанды жөн көрер едік;
ә) Әділ болу керек. Мұнда көңілшектік, сарандылық, қаталдық жасауға болмайды. Ағайын, таныстық, тағы басқаға жол бермеу керек;
б) Баға-тәрбие құралы. Сондықтан бағаны қатып қалған қағида ретінде пайдалануға болмайды. Бағаны дәлелдеп, баланың көзін жеткізіп, керек болса баланың өзі бағалайтын дәрежеде пайдаланған жөн;
в) Білім туралы бағаны баланың тәртібіне қоюға болмайды;
г) Бағаның көп болғаны жақсы. Сол бағаларды қосып, жалпы ортақ шамаға бөліп, балл ретінде берген өте қолайлы [13].
Жоғарыда айтқандай ұстаз жаңа материалды өту үшін өткен сабақты талдайды, ой түйіндейді, кемшіліктерді ескереді. Сондықтан да білімді бақылау, тексеру, бағалау-оқу үрдісінің өте қажетті бөлігі. Оқу мен оқытудың нәтижесін білу, жалпы білімді тексеру мен бағалау жөнінде екі түрлі пікір бар. Олар:
а) Оқушылардың білімін бағалау мен тексеруден бас тарту, бағасыз оқыту. Әрине олар бұл ойды шетелдік әріптестердің еңбектеріне немесе жаңашыл-ұстаздардың еңбектеріне сүйене отырып айтуда. Бұған жартылай келісуге болады тек бағалау мен тексеру дұрыс жүрмей, жазалау әдісіне көшкен кезде ғана оны қолдануға болады.
ә) Оқушының білімін әр уақытта тексеріп бағалау керек. Себебі шетелдік әріптестер жылына 1-2 рет бүкіл өтілген бағдарлама бойынша тест жүргізеді. Ал В.Ф. Шаталов сияқты жаңашыл-ұстаздар баға қоймаса да, баланың қалай дамып, қалай үлгеруін іштей қадағалап отырады. Қалай болған күнде де білімді бақылау, тексеру, бағалау керек. Бағалау мен тексерудің қызметі:
-бақылау жасау-бұл ұстазға да, шәкіртке де тиімді;
-оқыту-өткен сабақты пысықтау, білімді дамыту, кеңейту, пікір таластыру, баланың өсуін көру;
-тәрбие- баланы жауапкершілікке тәрбиелеу.
Кәзіргі таңда ғылыми ақпарат ағымы өте үлкен, оқыту уақыты шектеулі. Ең маңызды талаптардың бірі оқытудың әдістері мен тиімді мазмұнын табу болып саналады. Сабақтың құрылымы дидактикалық мақсат негізінде оқу материалының мазмұны, оқу іс-әрекетінің барысында жүзеге асырылатын ақыл-ойлық және практикалық операция құрамына, психологиялық заңдылықтары мен жағдайына (сынып құрамына, дайындық деңгейіне, оқушылардың әсері т.б.) сәйкес құрылады. Қандай да бір оқу материалының меңгерілу деңгейінің заңдылыға сәйкес мұғалім үйренудің логикасын, реттілігін құрады, ол оқытудың нақты әдістері мен амалдардың көптеген түрлерінің сан алуандылығымен байқалады. Мұны қамтамасыз ететін жағдаяттарға: оқытудың, тәрбие мен дамудың мақсатын кешенді жоспарлау; сабақ мазмұнының ішіндегі негізгісін және тақырыптың маңыздысын, нақтылығын бөлу; материалдың мөлшерлігі және қайталау уақыты, жаңа материалды оқу, үй тапсырмасын бекітудің мақсатқа лайықты реттілігін анықтау; оқытудың ұтымды әдіс – тәсілдері, амалдарын таңдау; оқушыларға жеке дара және дифференциалды көзқарас; оқытудың қажетті оқу – материалдық жағдайын қамтамасыз ету жатады [14].
Мысалы төменде келтірілген плакаттар жүйесін Тербелістер мен толқындар ұғымын өту барысында, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету үшін, материалды ұғындару үшін қолдануға болады (1-сурет):
1-сурет. Тербелістер мен толқындар туралы берілетін материалдарға қосымша плакаттар жүйесі
Оқыту процесінде бала логикалық ойлау әректеінің жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға үйренеді, яғни оқыту – баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Жеткіншектің пәнге қызығуын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру мүмкін емес, да білім мен біліктілікті бақылау мақсатындағы жұмыстар әр түрлі жүргізіледі. Мұндай істер білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, кәсіптік бағдар беріп, мамандықты таңдауға көмектеседі, яғни біліп-тану процесі іске асады. Оның негізгі мақсаты — әр түрлі тапсырмалармен қамтылған оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтеру. Бала өз күші жететін іспен айналысса ғана оның ісі жемісті болады, олардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары пәндік апталықтар мен ғылыми апталық жобалар. пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтарды дұрыс ұйымдастыру [15]. Орайлы ұйымдастырылған жұмыстар арқылы оқушылар өздерінің әр түрлі танымдық жеке шығармашылық сұраныстарын қанағаттандыра алады, мектеп олимпиадалары мен байқауларға, көркемөнер және техникалық көрмелерге белсене араласады, бұл мектеп ішіндегі оқушылардың арасынан дарынды балалардың шығуына ықпал етеді.
Физикадан оқушылардың танымдық процесіне жетілдіру — оқыту міндеттерінің бірі, ал мақсаты олардың дербес қасиетін және қабілетін байқау. Бұл жеткіншектерді жауапкершілік сезімге тәрбиелейді, қиыншылықтармен күресуге үйретеді, сабақтағы алған білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту үшін пайдаланылады. Мысалы, мына суретте (2-сурет) тербеліс пен толқынға қатысты ауқымды мағлұматтар берілген деп есептейміз:
2-сурет. Тербелістер мен толқындарға қатысты мағлұматтар жүйесі
Мұғалімдердің мына мәселелерді ескергені жөн: бірінші әрбір мұғалім сабақ үстінде білім алушылардың оқу материалын толық игеруін қамтамасыз ету жолдарын іздестіреді, екінші жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін терең оқып шығармашылықпен пайдалану әрбір сабақтың теориялық және практикалық дәрежесін көтереді.
Оқушыға белгілі бір дәрежеде білім беру мен қатар оқуға, үйренуге деген ынтасын арттыру-әр ұстаздың басты міндеті. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, олардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру, ешқашан күн тәртібінен түспейтін мұғалімдерге қойылатын басты талап [16].
1.2. Физикалық білім берудің дәстүрлі және альтернативті үлгілері
Тәрбиелiк жағынан алғанда мектепте оқылатын барлық пәндердiң маңызы бiрдей. Бүгiнгi таңда мемлекеттiк бiлiм беру саясаты Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” жаңа заңына сәйкес жүзеге асуда. Осыған орай бiлiм мазмұнын қайта құруға, республикамыздың мектептерiнде пәндердi оқытуға, оқушының жеке басының қабiлеттерi мен қызығуын ескере отырып ұйымдастыруға ерекше мән берiлiп отыр. Бұл факторлар жаңа заман талабына сай төл оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн жасауды талап етедi [17].
Оқулық-мектептiң негiзi бiлiм беру мiндеттерiн, яғни ынталандырғыштық, бағыттаушылық, дамытушылық, тәрбиелiк, бақылаушылық қызметтерiн жүзеге асыратын негiзгi оқыту құралы. Педагогикалық әдебиеттерді талдай келе, пән мұғалімдерінің тәжірибесіне сүйене отырып, сабақтың өзіндік талдауы: оның тиімділігінің бағалау критерийлері төмендегіше екендігіне көз жеткіздік:
1. Оқу үрдісінің заңдылығы;
2. Сабақты талдау түрлері мен типтері;
3. Талдаудың жалпы критерийлері;
4. Оқушылардың өзіндік талдаудың деңгейлері;
5. Өзіндік талдау;
6. Әдебиеттерге шолу;
Көрсетілген критерийлерге сәйкес, сабақ – логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу-тәрбие үрдісі. Оның құрамында күрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс-әрекеттің байланысы. Сабақ өз алдына мұғалімнің шеберлігінің айқын көрінісі болғанымен, бір жағынан оқытудың психолого – педагогикалық заңдылықтарына, екінші жағынан білім беру стандартының қоятын талаптарына негізделген. Бұл оқу үрдісінің жалпы заңдылықтарына бағынады:
1. Мақсат қою — қоғамның қажеттілігі мен даму деңгейіне, білім үрдісіне қоятын талаптарына, тұлғаны тәрбиелеу мен оқытуға тікелей байланысты.
2. Мазмұнын айқындау — оқытудың мақсаты мен міндеттеріне, оқушының жас ерекшелік және жеке дара қабілеттеріне, оқытудың теориялық және практикалық даму деңгейіне байланысты.
3. Әдістерді таңдау — оқытудың міндеттері мен мазмұнына, оқушылардың нақты оқу мүмкіндіктері мен оларды қолдануына байланысты.
4. Оқу үрдісін ұйымдастыру формасы оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістеріне байланысты.
5. Оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі белсенділігі оқушылардың бойында ішкі танымдылық түрткілердің және сыртқы ынталардың (қоғамдық, экономикалық, педагогикалық) қамтылуымен тығыз байланысты.
6. Сабақтың тиімділігі барлық заңдылықтардың өзара байланысы мен ұйымдастырылу жағдайына тәуелді.
Байқағанымыз, физикадан білім беруде сабақтың оқу үрдісінің жекеленген заңдылықтарына қатысты құрылуы керек. Бұл заңдылықтар:
• дидактикалық өз құрамына үрдістің мазмұнды – процесуалдық сипаттамасын (мазмұны, тәсілдері, түрі, әдісі, формасы т.б.) қамтиды;
• мұғалімнің басшылығымен оқушының қоршаған ортаның нақтылығын, табиғаттың, қоғамның және өз — өзін факторлары мен заңдылықтарын тану аспектілерін айқындау.
• оқушының оқу үрдісінің барысындағы айрықша ішкі психикалық (танымдылық) іс — әрекетіне қатысты.
• кибернетикалық оқу үрдісіндегі барлық байланыстың сан қырлығын, ақпараттық ағымының таралуын, ақпаратты меңгеруін басқаруды бейнелейді.
• әлеуметтік жалпы үрдіске қатысушылардың (оқушы мен оқушы арасындағы өзара қатынас, бағыттылық, оқудың әлеуметтік маңыздылығы т.б.) қарым – қатынасын қамтиды.
• ұйымдастырушылық оқу үрдісін интеллектуалдың еңбек (оқу мен оқытушылық еңбекті ұйымдастыру, олардың материалдық – техникалық жабдықталуы, ынталандырылу, өнімділік т.б.) негізінде айқындайды [18].
Оқыту заңдылықтарын білу оқу үрдісін әртүрлі нақты жағдайларда қолайлы құруға мүмкіндігін береді. Жоғарыда аталған заңдылықтар элементтерін қолдану арқылы сабақта саналы тәрбие, дүниетаным қалыптастыра аламыз, яғни сабақты өткізу, талдау түрлері мен типтері мұғалімнің шығармашылығын көрсетеді. Мұның негізгі жоспары мынадай элементтерден тұрады: оқытудың толық жүйесін құру; оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту; озат педагогикалық іс – тәжірибені жинақтау; техникалық қауіпсіздігін сақтау; сыныпта психологиялық ахуалды қамтамасыз ету [19].
Сабақты өтудің жоспарын жасау барысында мынадай талдау типтері қолданылады: а) толық талдау, бұл мұғалімнің іс-әрекетінің стилін анықтау мен іс тәжірибесін, оқу – тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыруды бақылау мақсатынды жүзеге асырылады; б) қысқа талдау, сабақтың жалпы сапасын бағалау мақсатында және негізгі дидактикалық категорияларды айқындайды; в) кешенді – сабақты ұйымдасту формасы, әдісі, мазмұны, мақсаты арасындағы байланыс пен бірлігін жан – жақты қарастыруды болжайды. Көп жағдайда бір тақырыпқа байланысты бірнеше сабақтарды талдауда қолданылады; г) аспектілі талдау, бұл сабақтың бір түрін терең қарастыру қажеттілігі туындаған кезде мұғалімнің іс — әрекетіндегі жекеленген амалдардың тиімділігі мен кемшіліктерін айқындау мақсатында қолданылады. Талдаудың әр қайсының бірнеше түрлері бар: дидактикалық, психологиялық, тәрбиелік, әдістемелік, ұйымдастырушылық. Педагогикалық талдаудың мақсаттары әр түрлі болуы мүмкін, осыған сүйене отырып сабақтың бір аспектісіне (жалпы педагогикалық, психологиялық т.б.) сәйкес келетін жекеленген талдау жүзеге асырылады [20].
Білімнің нәтижелігі сабақты өткізу технологиясына тәуелді деп саналады, оқу үрдісін ұйымдастурудың негізгі ережелері орындауға негізделген және неғұрлым технология сапалы, соғұрлым сабақты нәтижесі жоғары болады. Сондықтан мұғалімнің және оқушының барлық іс-әрекеті қазіргі заманғы педагогикалық жетістіктерді ескеру негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Сабақтың тиімділігін арттырудың негізгі жолдары мыналар:
• танымдылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсатты қою мен шешу;
• оқу үрдісінің қолайлығы (оқушының жеке дара мүмкіндіктері мен қабілетін ескере отырып оқытудың барлық кезеңдерінде ең қолайлы нұсқасын таңдау);
• оқушылардың танымдылық қызығушылықтарын қалыптастыру мен ынталандыру;
• оқытудың ынталандыру әдістері мен тәсілдерін қолдану;
• өзіндік іс — әрекетін ұйымдастыру;
• жалпы және арнаулы білім, білік, дағды тұтастығын қалыптастыру;
• қарама – қарсы байланыстың шапшаңдығын ұйымдастыру;
• оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынасының ынтымақтастығын қалыптастыру, жағымды психологиялық қолайлы ахуалды қамтамасыз ету;
Физикалық білім беруде оқушылардың танымдылық іс-әрекетін белсенділігін арттыру: оқушының оқу – танымдылық міндеттердің қабылдауы мен түсінуі; шешу жолдарының жоспарын құру; міндеттің іс-жүзінде шешуі; міндетті шешу үрдісін бақылау; нәтижесін бағалау; жинаған білімін одан әрі жетілдірудің міндеттерін айқындау көзделеді [14].
Мұғалімге оқушыларға сабақ үстінде өзіндік шығармашылықпен оқу іс-әрекетін ұйымдастыра білу және оқытудың «белсенді» әдісін қолдана отырып меңгерілу үрдісіне бақылау жасау, ерекше қарым – қатынасты ұйымдастыра отырып көптеген әдістемелік амалдарды қолдана отырып жүзеге асыру қажет.
Сондықтан физика сабағында оқушыларға кез-келген материалды оқып-үйренгеннен кейін өзіндік талдау деңгейін қалыптастыруды ұсынамыз. Бұл бірнеше деңгейге бөлінеді:
1. Эмоционалдық — ырықсыз деңгей, оқушының өзінің алған біліміне, өз іс — әрекетіне толық қанағаттануы немесе қанағаттанбау деңгейі.
2. Бағалау – сабақтың нәтижесінің қойылған мақсат пен жоспарға сәйкестігін бағалау;
3. Әдістемелік – сабаққа қабылданған талаптар негізінде сабақты талдау жасау;
4. Рефлексивті – себептері және одан шығатын нәтижені айқындау. Бұл талдаудың жоғары түрі, оны іске асыру үшін сынып оқушыларына деңгейлік тапсырмалар беру керек.
Пәнді оқытудың әдістемесін жетілдіру мақсатында, физикалық білімнің нәтижелілігін арттыру үшін сабақ өтуге қойылатын негізгі талаптар:
• талданатын тақырыптың мақсаты мен міндеті анықталу;
• дидактика, психология, әдістеме, бағдарлама, нормативтік талаптар мен әдістемелік ұсыныстардың негізін білу;
• өз сабағына талдау жасайтын позиция мен көрсеткіштерді айдындай білу;
• оқушылардың ерекшеліктерінің мінездемесі және сабақтағы жұмыста оның ескерілуі;
• жоспарын, түрін, құрылымын, мазмұнын, әдіс – тәсілдерін дәлелдеу;
• оқушылардың орындайтын жаттығулар мен тапсырмалардың оқу міндеттерінің жүйесінде психологиялық және педагогикалық бағалау;
• сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқушылардың ойлау қабілетінің өз бетінділігінің дамуын бағалау;
• жоспарланған міндеттерді жүзеге асыру;
• фактілер мен әрекеттердің педагогикалық мақсатқа лайықтылығын бағалау;
• сабақтың кезеңдерінің өзара байланысын көрсету мен бағалай білу;
• сәтсіздіктерді немесе кемшіліктерді жоюды іске асыру жолдары; [21].
Төменде берілетін физикалық білімнің нәтижесіне қатысты құрылым берілген:
3-сурет. Физикалық білім құрылымы
Суреттегі білу, түсіну, қолдану, талдау, топтау, білімді бағалау әдістері оқушылардың шығармашылығын дамытып, сөздік қорын көбейтеді деп есептейміз. Ал елестету, ойлау, жадыны жаңғырту, зейін қойып оқу, тыңдау және өзара қарым-қатынас жасау арқылы білімді арттыруға болады. Осы түрғыда физика сабақтарын пән аралық байланысты қамти отырып өткіземіз және оқушылардың фундаментальды ғылымдарға деген қызығушылықтарын арттырамыз [22].
Оқу мен оқыту (сабақ беру) процестерінің өзі қызметтің екі ерекше түріне жатады және оқыту процесінің қосалқылық сипатын көрсетеді. Дидактика мен бүкіл педагогиканың ең маңызды саласы болып табылатын оқыту процесінің ғылыми теориясы өзіне оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыратын әдістер мен тәсілдерді жасап шығаруды енгізеді, ал олар оқушылардың білімді тиімді меңгеруін, іскерлік пен дағдыны жасап алуын және қабілеттіліктерін қа-лыптастыруын қамтамасыз етеді [23].
Физикалық білімді меңгерудің де, олардың негізінде практикалық жолмен заңдылықтарды дәлеледеуге оқушыларды дағдыландырудың маңызы зор, демек, дағдысыз іс жүзінде физикалық білімді пайдалану мүмкін емес. Дәл осы сияқты, оқушыларды физикалық өрнектерді орфографиялық дұрыс жазуға үйреткенде және т.б. дағдының зор маңызы бар. Әрбір нақты затты меңгеру үшін білімнің, іскерлік пен дағдының маңызына, сондай-ақ ондағы бар айырмашылыққа қарамастан іскерліктің де, дағдының да пайда болу негізі білім болып табылады. Сондықтанда оқыту процесі білімді меңгеруден басталуға тиіс. Педагогтар мен психологтар оқыту жүйесінде білімді жетекші буын деп есептейді, демек, тек білім ғана іскерлік пен дағдыны саналы қолдануға ықпал жасайды, оларды берік те орнықты етіп шығарады.
Қойылатын талаптарды сақтай отырып жоспар жасағанда жалпы құрылымын бағалау, бұл өткізілетін сабақ қандай түрге жататындығын анықтау, бөлім, тарау, тақырып ішіндегі орны қандай екендігіне мән беру, материалдың ішінде элементтерді нақты белгілеу, уақыт мөлшерін жоспарлау жұмыстары жүргізіледі.
Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс. Әр сынып оқулықтары қажетіне орай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық тапсырмалармен, суреттермен қамтамасыз етілген. Өздігінен жұмыс істеуді енгізу сабақтың құрылымына да, элементтеріне де әсерін тигізеді, ол үшін оқулықтан берілген жаттығулар ұсынылады. Тапсырмаларды әр оқушының шама-шарқын ескере отырып, сұрыптауға болады, яғни жұмыстың өз бетімен орындалу дәрежесінің жоғары болуы қамтамасыз етіледі. Оқушыларды жалықтырып жібермес үшін, өзіндік жұмыс түрлерінің өзгермелі болғаны жөн.
Оқу мен оқытудың теориясы мен практикасының дамуының, сабақ берудің жаңа әдістерін іздестірудің, сондай-ақ мұғалімдердің іс жүзінде тапқан жаңа әдістемесінің оқудың тиімділігін жылдан-жылға арттыра түсетіндігі белгілі. Сондықтан, дүниетанымды қалыптастырудың басты міндеті мүмкін болғанша, оқушылардың көпшілігінің физикаға және оны практикада қолдана білуге деген ынтасын арттыру, физикалық білімі төмен оқушылардың сол физика сабағына деген ықыласын тудыру болып табылады. Бұл міндетті ойдағыдай шешу үшін жұмыстың алуан түрлерін пайдалануға болады: төменгі сынып оқушыларына физика мен техниканың жетістіктері туралы баяндамалар жасауды тапсыру, осы техниканың дамуына дейін ашылған жаңалықтарды тарихи талдау, осы жаңалықты ашуға қол жеткізген ғалымның іс-әрекетін бағалау, барлық оқушыны шақырып жарыс өткізу, қызықты тәжірибелерді, викториналарды әзірлеп, тақырыптық кештер ұйымдастыру, ұлттық дүниетаным мен физика пәні арасындағы байланысқа араналған тапсырмалар беру. Осыған сәйкес қабырға газеттер мен бюллеттендер шығару, пәндік экскурсиялар, ғалымдармен кездесулер туралы фоторепортаждар даярлау, т.б.
Физика және астрономия пәні бойынша оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға байланысты мұғалімдердің мына мәселелерді ескергені жөн: бірінші әрбір мұғалім сабақ үстінде оқушылардың оқу материалын толық игеруін қамтамасыз ету жолдарын іздестіреді, екінші пәнді оқытудың әдістемесінің ең тиімді жолы арқылы оқушылардың білімі мен біліктілігін жетілдіреді. Бұл әрбір сабақтың теориялық және практикалық дәрежесін көтереді. Білім берудің ерекшелігіне әр бір оқушының, оның ішінде пәнге ықылас пен қабілеттілік байқатқан оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік туғызатын оқытудың деңгейлік және бағдарлы саралауға бағытталуын жатқызуға болады. Физиканың жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі жетекші рөлі, жалпы азаматтық мәдениеттің маңызды құраушысы ретіндегі ауқымды гуманитарлық потенциялдарының болуы, сондай-ақ оның оқушыларды тәрбиелеу мен дамытудағы мүмкіндіктері физиканы мектепте жалпы білім беретін міндетті пән ретінде оқытылуы тиіс екендігін көрсетеді [12].
Оқушылардың материалды дұрыс ұғынуды пәнге қызығуының артуы, білімінің берік қалануы мұғалімнің сабақ өткізудегі шеберлігіне, әр түрлі әдіс тәсілдерді дұрыс қолдана білу жолындағы ізденімпаздығына байланысты. Әдістемелік талдаусыз, жақсы ойластырылмаған сабақта оқушыларға бағдарламадағы материалдарды меңгерту оңайға түспейді. Сынып оқушылардың ерекшеліктері, пәннің құрал-жабдықпен қамтамасыз етілу мүмкіндіктері ескеріліп сабақ сапасын көтеру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденімін, танымын қалыптастыру қойылуы тиіс. Сондықтан пән мұғалімі оқушыларға білім берумен бірге біліктілікті дамытуға қатысты әртүрлі әдәстемені қолданады. Күнделікті өмір тынысымен бірге тіршілік етіп ұрпақ тәрбиелеп отырған ұстаздар үшін заман ағымына қарай оқыту әдістері де өзгертілуде, бұл физика пәнін оқыту барысында да өзекті мәселе болып отыр [23].
Мектепте физиканың сапалы оқытудың ең бірінші және басты шарты — ғылымды мұғалімнің берік меңгеруі, оның зертеу әдістері мен даму тарихын терең түсінуі. Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептерде барлық пәндер оның ішінде физика пәні бойынша да терең әрі берік білімді қалыптастыру бойынша үлкен тәжірибе жинақталған. Алайда соңғы 10-15 жылда теориялық білімді жеткілікті деңгейде игерген оқушылырымыздың көпшілігі физиканың практикалық қолданысымен мәселелерді шешуге келгенде қиналатындықтарын байқатты. Әсіресе физика курсында тербелмелі және толқындық қозғалыстарды оқыту әдістерді жетілдіру керек екендігіне көз жеткіздік. Бұл тақырыптар 9-сыныпта беріледі, осыған орай жасалған күнтізбелік-тақырыптық жоспардың үлгісі төмендегіше:
9-сынып.
ІІ тоқсан.
Р/сСабақ тақырыбыС/суақыты
1.§§19,20. Денелердің импульсі. Импульстің сақталу заңы.1
2.§21. Реактивтік қозғалыс.1
3.§§22,23.Энергия. Энергияның айналу және сақталу заңы.1
4.Бақылау жұмысы №2.1
Тербелістер және толқындар.
5.§§24, 25. Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалар.1
6.§§26,27. Тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі. Математикалқы және серіппелі маятник тербелісі.1
7.§§28, 29. Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс.1
8.Зертханалық жұмыс №3. 1
9.§30. Толқындық құбылыстар.1
10.§§31,32. Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.1
11.Есептер шығару.2
12Тест жұмысы.1
13.§§33-35. Акустикалық резонанс. Дыбыстар шығалуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс.1
Физикалық білімдер жүйесі теориялар мен негізгі идеялардан, принциптер мен гипотезалардан (жорамалдардан) түзіледі. Бұл математикалық теңдеу түрінде өрнектелген, қарастырылып отырған физикалық құбылыстардың мәні мен қасиеттерін сипаттайтын теориялық заңдардан тұрады.
Физика-табиғат туралы ғылым. Оның басты мақсаты — заттар мен денелердің, құбылыстар мен процестердің негізгі қасиеттерін біліп-тану, табиғат құбылыстарының заңдылықтарын зерттеу. Сабақта мұндай танымдық процесс оқушылардың физикалық ойлауын дамытуды қажет етеді. Бұл үщін оқыту процесінде анализ және синтез, салыстыру мен аналогия, классификация және жүйелілік, абстракция және жинақтап қорытындылау сияқты логикалық ойлау операцияларын пайдаланамыз. Мектепте физиканы оқыту кезінде оқушыларды логикалық ойлаудың негізінен мынадай түрлеріне үйретуіміз керек:
1.физикалық ойлау;
2.ғылыми-техникалық ойлау;
3.диалектикалық ойлау;
4.индуктивтік ойлау.
5.Дедуктивтік ойлау;
6.абстракты ойлау.
Әрине, мұның бәрі бір сабақта немесе бір тарауды оқытумен бітетін іс емес, мұны оқушылардың мектепті бітіргенге дейін дамытылатын қабілеттерідеп түсінуіміз тиіс. Физикалық ойлау деп оқушылардың:
а) физикалық құбылыстарлы бақылау,
ә) күрделі құбылыстарды құрамды бөліктерге жзіктеу,
б) олардың арасындағы өзара байланыстар мен қатынастарды анықтау,
в) құбылыстар мен шамалардың арасындағы сандық және сапалық байланыстарды тағайындау,
г) теориялардан шығатын салдарларды көре білу,
д) білімдерді практикада қолдана білу ебдейліктерін дамытуды түсінеміз.
Мұның сапалық дәрежесін оқушылардың мынадай іс-әрекеттерінен көруге болады: а) ой еңбегін жеңілдететін логикалық тәсілдерді қолдана білуі, ә) формулалардың дұрыстығына сеніп, тексере білуі, б) есеп шығаруда тиімді тәсілдерді дұрыс таңдап ала білуі, в) шамалардың өлшем бірліктерін тексере білуі, г) физикалық заңдылықтардың өмірде қолданылуын түсіндіре білуі [24].
Ойлаудың жүйелі түрде қалыптасуы тек оқу процесінде ғана емес, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына да көмегін тигізеді. Ойлау мәдениеті жеке тұлғаның туа біткен қасиеті болып табылмайды, ол таным процесі барысында қалыптасады. Ойлау аппаратының дамуы арқылы адамның танып-білу мүмкіндігі ұлғаяды,қарастырылып отырған мәселенің түп мәніне тереңірек үңілуге мүмкіндік алады. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты мына көрсеткіштерден тұрады: ақыл-ой еңбегі мәдениеті — ойлау мәдениеті--- сыншыл ойлау мәдениеті.
Оқушылардың белгілі бір бөлігі ғана өз бетінше білім алу дағдыларын меңгереді. Бұл оларда өзінің жұмыс орнын қарапайым ұйымдастырудан бастап, дәл және дұрыс ақыл-ой, сонымен бірге практикалық әрекет дағдыларына дейін барлығынан көрініс табады. Олар ақыл-ой әдістерінің бірқатар қорын жинақтайды, таным әрекеті жоғарғы дәрежелі ойлаумен, ойлаудың шапшаңдығы, икемдігі, оралымдығымен, жаңа, тың тапсырмаларға өзінің білімін, интеллектуалдық біліктілігі мен дағдыларын өз бетінше көшіріп қолдана алуымен ерекшеленеді.
Білік-дағдыларға үйрету бір-бірімен тығыз байланысты болатын төрт мәселені қамтиды: ойлау әрекетінің саналы болуына қажеттілік қалыптастыру, әрекет ету бойынша жалпы ережелерді білу, бұл әрекеттерді тәжірибе жүзінде тексеру және өзін-өзі бақылау. Ой еңбегіне тәрбиелеу түгелдей оқыту-тәрбие жұмыстарының кезінде үздіксіз жүріп отырады. Ақыл-ой тәрбиесінің табыстылығын айқындайтын негізгі факторлар; оқу материалдарының мазмұны, оқыту әдістері және оқушының сол арықылы реттеле ұмтылдырған, қоршаған өмірге байланысты жеке өзіндік тәжірибесі арқылы бекітілген танымдық әрекеті, сыныптағы және сыныптан тыс сабақтардың мазмұны және мектеп оқушылары оқып білім алатын, өмір сүретін жалпы ақыл-ой ортасының дәрежесі болып табылады [25].
Оқушылардың ойлау әрекетін басқарудың маңыздылығы қазіргі заманғы оқыту процесін талдау барысында үш негізгі аспектіден ашылады:
1.структуралық/құрылымдық/-оқыту процесін жүзеге асыратын жүйенің құрылысы жағынан;
2.функционалды /қызметтік/ — оқыту процесін басқаратын негізгі бағыттың көрінісін анықтау тұрғысынан;
3.информативтік /ақпараттық/ — осы жүйеде әрекет ететін білімдік, танымдық ақпараттар тұрғысынан;
Ойлау дамудың жеке көрсеткіштерінің бірі адамның алдынан пайда болған қағидалық және тәжірибелік міндеттерді аңдап қалуы, оны жете түсінуі және оны орындап шығуы болып табылады. Оқушылар үшін даму үйрену, оқу арқылы анықталады. Өзіндік жұмыстар арқылы оқытудың әдістері мен ойлау әрекетіне меңгерту тәсілдері тығыз байланысты [18].
Дамыту әрқашан тәрбиеленуші, ал тәрбие дамытушы болуы тиіс. Бұл пікірдің көкейтестілігі сонда, жеке тұлғаның белгілі бір сапаларын меңгермейінше ойлауды дамыту мүмкін емес, оқыту барысында тәрбиелеу процесі әрдайым қатар жүріп отырады. Ойлау қабілетін дамытуды қарастырғанда, оның жүйелі ұйымдастырылған оқыту процесінде жүзеге асатынын ескере отырып, оның ерекшелігін көрсету қажет: ол оқушылардың теориялық ойлауының қалыптасуына қарай бағдарланады. Оқыту процесінде ойлауды дамыту әлеуметтік, қоғамдық тапсырыстардың педагогикалық үлгісі ретінде білімнің мазмұны арқылы, түптеп келгенде белгілі бір нақты ұғымдар мен түсініктерді, біліктер мен тәжірибелерді оқушыларға меңгерту арқылы жүзеге асырылады [14].
Педагогика мен психологияда дамытудың көптеген шарттары көрсетіледі. Мысалы, Л.В.Занков оқушылар үшін үш аспектіні көрсетеді:
1.Бақылай алу, ойлау және практикалық әрекет;
2.Кеңінен танылған шарт ретінде оқушының өз білімдері мен тілектерін іс жүзіне ауыстырылып қолдана білуі болып табылады;
3.Ол неғұрлым өз бетінше жұмыс жасай алатын болса, бұл ауыстырудың да аумағы соғұрлым кең және оның шарттары да күрделі бола түседі, бұл оқушының даму дәрежесін көрсетеді. Дамуды бағалау шарттары дамытуға қажетті танымдық сапаларды береді.
Оқыту процесінде ойлаудың дамуы жіктелмелі түрде жүреді. Қандай да бір сабақта дамуға қол жеткізгені анық көрініс беруі керек. Бір сабақтарда даму және меңгеру анық көрініп тұрса, кейбір сабақтарда ол елеусіз ғана болуы мүмкін. Әрекет ету сипатына қарай және қайшылықтарды шешудің оқу танымындағы жолына қарай ойлаудың түрлі деңгейлері туралы айтуға болады. Бұл деңгейлер ойлаудың табиғатына және таным процесінің заңдылықтарына байланысты анықталады: бірқатар оқушылар жақсы түсіне отырып өз бетінше жемісті ойлай алады, кейбірі олай етуге қабілетсіз болады, бірқатар оқушылар талдау жасай алады, енді біреулерінің бұл әрекет қолынан келе бермейді. Оқушылардың бұлайша әр деңгейдегі дайындығы әртүрлі нұсқаларды құрастырудың объективті негізі ретінде танылады, ол үшін оқытудың барынша түрлі әдістерін қолдану керек, яғни түрлі дидактикалық құрылымдарды, ерекшеліктерді ескеретін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ойластыру қажет болады [26].
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге, өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстай білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін белсендіруде, ойлау қабілетін дамыту негізінде педагогикалық технологияларының бірі – деңгейлеп саралап оқыту технологиясының элементін қолдануды ұсынамыз [14].
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2) Білім дәрежесі әр түрлі балалармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей, сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін жеке тұлғаның ерекшеліктеріне, пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөлінуі тиіс. Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатындағы тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді [15].
Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі – оқушыларға деңгейлік тапсырма беру. Мұнда оқушылар өздік жұмысын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Педагогика ғылымдарының доктор профессоры Қараев оқушылардың оқу деңгейін 4 түрге бөлген:
1)репродуктивтік деңгей – жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты;
2)алгоритмдік деңгей – мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды;
3)эвристикалық деңгей оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді;
4)шығармашылық деңгей – оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады.
Оқыту процесінде ойлауды дамыту әлеуметтік, қоғамдық тапсырыстардың педагогикалық үлгісі ретінде білімнің мазмұны арқылы, түптеп келгенде белгілі бір нақты ұғымдар мен түсініктерді, біліктер мен тәжірибелерді оқушыларға меңгерту арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде жаңа технология үрдісінде оқыту түрлерінің тиімділігі дәлелдене түсуде. Дамыта оқытудың және модулді оқытудың да өз тиімділіктері бар, мысалы М.М. Жанпейісованың «модульдік технология бойынша оқыту», В.Ф.Шаталовтың оқыту материалын тірек-сызбалар, тірек-конспектісі арқылы қарқынды оқыту әдістері. В.К.Дьяченконың «ұжымдық оқыту технологиясы және проблемалық оқыту ойын элементтерін пайдалану сияқты тәсілдері. Жаңа технология әдістерін пайдалану оқушының бос отыруына, зерігуіне мүмкіндік бермейді. Ол өз бетімен білім алуға дағдыланады және пәнге қызығушылығы артады.
Жаңаша оқыту арқылы оқушылардың өздігінен ізденуге, ғылымға сүйіспеншілігін қалыптастыруға дәстүрден тыс сабақтар неғұрлым көбірек жүргізілсе, білім сапасы да күшейе түсетіні анық. Мұғалімге қойылатын басты талап оқушыларға терең де тиянақты білім берудің жаңа технология әдістерін қолдана отырып, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей алатын болашақтың іскер де жігерлі ұрпағын даярлау [18].
Модульдік оқыту технологиясының негізі – модуль. Осы технологияны басшылыққа ала отырып, бағдарламада берілген тақырыптарды логикалық бір жүйеге келтіріп, модульдерге бөлеміз. Бұл модульдік оқытудың негізгі идеясы – жаңғырту. Оның мазмұны:
1.оқытудың жалпы мақсатын қою;
2.жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3.оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау;
4.оқу әрекеттерінің жиынтығы;
5.нәтижені бағалау
Оқушыларды оқу мақсатымен, модульмен таныстырамыз. Олар оқу мақсатын, өзіне қойылатын талапты, модульдің мазмұнын, жұмыс-үрдісін, нәтижесінің бағаланып және түзетіліп отыратынын біледі.
Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады:
1.кіріспе (модульге, тақырыпқа енгізу)
2.сөйлесу бөлімі (оқушылардың өзара сөйлесуін ұйымдастыру)
3.қорытынды бөлімі (бақылау, тест)
Әрбір оқу модуліндегі сабақ санының ауытқуы тақырыпқа байланысты бестен тоғызға дейін тиімді деп есептейміз, себебі білімнің молаюы аз мөлшермен беріліп қайта-қайта жаңартылып, өз пікірін ортаға сала алатындай болуы керек.
ІІ. Тербелмелі және толқындық қозғалыстарды оқытудың әдістемесі
2.1. Физика курсындағы тербелмелі және толқындық қозғалыстарды зерделеу
Қазіргі заманда оқушының білім деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының білім деңгейін көтерудегі басты тұлға – ұстаз екені бәрімізге белгілі. Оқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз – оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін азамат етіп шығару. Оқушының бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп, жетілдіре түсу. Бұл мәселе білім деңгейін анықтау және физикалық түсінікті қалыптастыру арқылы жүзеге асады. Мысалы, мектеп бағдарламасында тербелістер мен толқындар туралы мағлұмат жеке тақырыптар болып беріледі. Мұнда олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы нақты айтылмайды. Ал ұстаздың міндеті осы ұғымдарды түсіндірумен бірге олардың қасиеттерін, өзара байланысын жан-жақты зерделеу, оқушының санасына сіңірудің тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау және қолдану [19].
Жалпы білім беретін мектептің ІХ сыныбына арналған «Мектеп» баспасынан шыққан «Физика және Астраномия» оқулығында берілетін тербеліс және толқын құбылыстарына қысқаша тоқталайық: мұнда күрделі де қызықты, тербелістерге байланысты тарауды қарастырғанда әртүрлі мысалдар келтіре отырып, тербелмелі қозғалыс туралы түсінік бергеннен кейін, механикалық қозғалысты сипаттайтын амплитуда, жиілік, период сияқты негізгі ұғымдар енгізіледі. Механикалық тербелістер кезінде дене қозғалысының бұл сипаттамалары туралы көрнекі түсінік қалыптасуы үшін, серіппеге ілінген жүк тербелісінің ақ қағазда бейнеленуін көрсететін оқулықтағы тәжірибені орындаған жөн. Осы оқулықтың §26 тербелмелі қозғалысты кезіндегі энергияның сақталу және түрленуін қарастырғанда алдыңғы өткен §23 энергияның сақталу және түрлену заңы туралы білімді пайдаланамыз. Әрі қарай метематикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері туралы мәлімет келтіріп, олардың периодтарының формулалары қорытылып шығарылады [1].
Математикалық және серіппелі маятниктер мысалында жүкті тепе-теңдік қалыпқа қайтаруға тырысатын қандай күштер екенін білуіне мән береміз. Еркін және еріксіз тербелістердің ерекшеліктерін әртүрлі мысалдар арқылы түсіндіре отырып, олардың графиктерін салыстырмалы түрде көрсетуін және оқушылардың еркін тербелістердің өшу себебін түсіндіруіне назар аударсақ, сонан кейін резонанс құбылысы, оның пайда болу себептері қарастырса, түрлі мысалдар арқылы резонанстың техникадағы және тұрмыстағы пайдалы және зиянды әсерлері туралы айтылса физикалық білім өз деңгейінде қалыптасып, келесі ұғымдарды түсіндіруге алғашқы мәліметтер алады [2].
Толқын туралы тақырыптарды қарастырғанда оқушылардың тербеліс пен толқын арасындағы айырмашылықты ажырата алмайтынын тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан оқушылардың назарын толқын таралған кезде зат тасылмалданбайтындығына, тек тербелуші орта күйінін орын ауыстыруы болатындығына аудару керек. Серпімді ортаның қандай да бір нүктесінде пайда болған тербеліс көрші нүктелерге беріледі де, нәтижесінде олар да тербеле бастайды. Толқын тарайтын орта бөлшектері толқынмен бірге таралмайды, олар тек өзінің тепе-теңдік қалпының орнында тербеліп қана тұрады. Ортада тарала отырып, тербеліс көзінен энергияны ғана тасылдайтындығына ерекше көңіл бөлу қажет. Олардың көлденең және қума болып бөлінетіндігін ескере отырып олардың таралу ортасына байланыстылығын айтамыз.
Механикалық көлденең толқындар қатты ортада ғана таралады, ал қума толқындар қатты, сұйық, газ тәрізді денелерде де пайда бола алады. Осыдан кейін электромагниттік толқынның да кездесетінін ескеріп, қысқаша оның аңықтамасын айтып, тербеліске қатыстылығын оқушыларға түсіндіреміз. Электромагниттік толқындарды тек электромагниттік өріс тербелістері тудырады. Түсініктірек болу үшін оқушыларға толқындар графигі нені бейнелейді деген сұрақ қоюға болады. Толқын графигі тербеліс көзінен әр түрлі қашықтықта орналасқан орта нүктелерінің тепе-теңдік орнының қалпынан бірдей уақыт мезетінде ығысуын гармоникалық тербелістер графигі тербелетін бір ғана нүктенің әртүрлі уақыт мезетіндегі координаталарын көрсететіндігіне оқушылардың назарын аудару қажет. Кейде оқушылар қума толқын- горизантал тарайтын, ал көлденең толқын-вертикаль тарайтын толқындар деп анықтама береді. Ал дұрысында қума толқындар деп орта бөлшектерінің толқынның таралу бағытында, көлденең толқын деп олардың толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағыттағы тербелістерін айтады [8.
Сонымен бірге дыбыс толқындары туралы өткенде дыбыс туралы айта отырып, оларда серпімді ортада таралатын механикалық тербелістер болып табылатындығына ерекше көңіл бөлу қажет. Адам құлағы 16 Гц-тен 20 000 Гц-ке дейінгі дыбыс толқындарын қабылдай алатындығы оқулықта берілген, бірақ дыбыстың объективті және субъктивті сипаттамаларына тоқталмаған. Осыны зерделейік: дыбыстың объективті сипаттамаларына жиілік, тербеліс апмлитудасы, дыбыстың спектрлік құрамы жатады. Адам құлағаның жарғағы дыбыс қабылдаған кезде дыбыстың субъктивті сипаттамалары ретінде көрініс табады. Оларға дыбыс жоғарылығы (тон), қаттылығы, темр (дыбыс реңі) жатады. Оқулықта берілген тәжірибелерге сүйене отырып, дыбыс сипаттамаларын түсіндіріледі. Оқулықта көрсетілгендей сұлба жинастырылады. Дыбыс генераторын ток көзіне қосып, дыбыс биіктігі тербеліс жиілігіне байланысты болатындығы көрсетіледі. Тонның биіктігін дыбысты есту бойынша, ал тербеліс жиілігін осциллограмма бойынша анықтайды. Шығу сигналының кернеуін азайта отырып, дыбыс қаттылығының өзгеруін көрсетеді. Сонымен бірге дыбыстың қаттылығын оны есту бойынша ал тербеліс жиілігін осциллограмма бойынша байқау арқылы толқының шағылуы қарастырылады. Оқушылардың назарын жиһаз жоқ бөлмеде дыбыс гуілдеп шығатын, ал ашық орындарда дәл сол дыбыс үздік-үздік шығатын құбылыстарды, яғны дыбыс толқындарының кедергіден шағыла алатын қабілеттігімен түсіндіреді. Оқушыларға жақсы таныс жаңғырық құбылысы –дыбыстың алыстағы кедергілерден шағылуы арқылы қайталанып естілу құбылысы мысалға келтіріледі. Толқындар туралы материалды қорытындылай отырып, оқушыларды әртүрлі диапазондағы дыбыс толқындарымен және олардың қоладанылумен таныстырып өткен жөн [30].
Балаларды ең бастысы ұлттық құндылықтарға бай, тiлiне, дiлiне, тарихына, әдебиетi мен мәдениетiне, салт-дәстүрге берiк, рухы мықты, танымы мен тағлымы кең тұлға ретiнде қалыптастыру барысында ең негiзгi сын да, салмақ та ұстаздарға артылатыны түсiнiктi. Осыған орай өзіміз өткен сабақ жоспарына тоқталайық:
Уақыты: Сынып 9”А”
Сабақ тақырыбы: Домбыра физикасы
Мақсаты: білімділік: а) тербеліс туралы түсінік беру
ә) серіппе тербелісін графикпен кескіндеу.
б) статикалық тепе-теңдік туралы түсінік
тәрбиелік: ұлттық өнерге баулу, дыбыстың адам өміріндегі маңызын ашу.
Домбыраның құрылысымен танысу. Этнопедагогикалық тәрбие беру. дамытушылық: пәнге деген ынтасымен қабілетін дамыту, білімділік
танымдарын өмірмен байланыстыра отырып арттыру.
Сабақ әдісі: түсіндіру, баяндау, демонстрациялау.
Көрнекілік құралдар: домбыра, домбыра схемасы, серіппе жүктер, кодоскоп.
Пән аралық байланыс: тарих, этнопедагогика, қазақ тілі, ән-күй.
Сабақ барысы:
I.Кіріспе. Ертегі –аңыз.
Ертеде бір хан болыпты. Оның жалғыз қызы бар екен. Хан қызын өзі сияқты хан баласына атастырып қояды. Қыз бойжеткенде кедей жігітке ғашық болып, көңіл қосып жүреді екен. Мұны білген хан жігітті дарға астырады. Жігіт өлгенен кейін қыз мезгіліне жетпей бір ұл, бір қыз табады. Ел сөзінен сескенген хан жаман атқа қалмаудың амалын іздеп, қос бүлдіршіннің көзін жоюды астыртын мыстан кемпірге тапсырады. Сәбилерді көз-көрмес құлақ –естімес жерге апарып, биік ағаштың басына қызды шығысқа, ұлды батысқа қаратып іліп кетеді. Нәрестелердің көз жасы тамған ағаш бұтақтары суалып, қуара бастайды. Қос жүрек соғуын тоқтатқанда, бәйтерек те өсуін тоқтатады. Ел ішіндегі өсек-сөз, өтірік өкпеге шыдамаған қыз, егізін іздеп жолға шығады. Бармаған жері, баспаған тауы қалмайды. Қатты шаршап діңкесі қатқан қыз әбден қурап, қабығы түсіп шіруге айналған биік ағаштың түбіне қисая кетеді. Оны бір сүйкімді саз, сиқырлы әуен оятады. Құлақ түріп тыңдаса, “ән салып ” тұрған қасындағы биік ағаштан күмбірлеген үн естіледі. Қыз күндіз егізін іздеп, түнде осы ағаштың түбіне келіп, көңіл жұбатып, тынығып жүреді. Бір күні айналаға көз салмақ болып, басына шығам деп, ағашты құлатып алады. Ағаш жуан түбінен басына дейін қуыс екен. Жіңішке басының екі жағында бұтақтан-бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Бұл қыздың екі баласынан қалған жұрнақ еді. Батыс жағындағы ішек бостау, шығыс жағындағы ішек қаттылау тартылыпты. Шертіп көрсе, керемет үн шығады. Қыз байғұс бостау тартылған ішектің үні мұңды шығатындықтан ұлым-Мұңлық, тым зарлы шығатындықтан қызым-Зарлық деп ат қойып, күндіз түні қасынан тастамай күй шығарып, ел кезіп, егізін іздеп кеткен екен.
II. Домбыра құрылысы.
Домбыра 3 бөліктен тұрады. Бас бөлігі, мойыны, шанақ. Басында құлақтары, шайтан тиегі орналасады. Мойын бөлігінде пернелер, шанақта тиек, ойық, ілгек орналасады. Домбыра- әрбір құрылымдық элементтерінің қызметін жалпы физикалық күрделі заңдармен түсіндірілетін ұлттық акустикалық –аспап.
III. Жаңа сабақ. Статистикалық тепе-теңдік.
А) Домбыра төрде ілулі тұрғанда немесе шертпей жай ғана қолымызға алғанда барлық бөліктері өзара тепе-теңдікте тұрады.
а-табалдырық тиектің биіктігі
в-шайтан тиектің биіктігі
а1, а2- домбыра бойы мен ішектің арасындағы бұрыш.
L1-табалдырық тиектен домбыра түбіне дейінгі қашықтық.
L2- шайтан тиектен домбыра түбіне дейінгі қашықтық,
L-домбыра ұзындығы.
Егер домбыра ішегін қолымызбен шертсек белгілі бір үн естиміз.
1.Тепе-теңдікте тұрған ішекті шертіп тербеліс тудырдық.
2.Ішектің тербелісі ауа арқылы, біздің құлағымызға жетеді.
3.Біздің көзімізге көрінбегенімен домбыраның беттік тақтайы да
күрделі тербеліске ұшырайды.
Дыбыс ауада таралып тербеліс тудырады. Дыбыстардың осындай ауытқуы дифракция деп аталады. Міне осындай қарапайым құбылыстар арқылы домбыра тербелісін түсіндіруге болады.
IV.Қосымша материалдар (есептер шығару).
1.Жиілігі 0,5Гц, амплитудасы 80 см болатын гармониялық тербеліс теңдеуін жаз.
2.Амплитудасы 5см, периоды 0,5с болатын тербеліс теңдеуін жаз.
3.Домбырадан төгілген күй неге құлаққа жетеді?
4.Алыста жүрген адамды шақырғанда дауыс күшею үшін қандай амал істеу керек?
5.Домбыра туралы басқа қандай аңыздар білесіңдер?
6.Тоғыз перненің тағылу себебі неде?
V.Оқушыларға домбырамен 1-2 күй ойнату.
VI.Оқушыларды бағалау.
VII.Үй тапсырмасын беру
VIII.Сабақты бағалау.
Оқушылардың білімін тиянақтау үшін келесі сабақты толқын тарауын қорытындылай келе ойлау қабілетін кеңейту физика сабақтарын пәнаралық байланысты қамти отырып өткізуге болады [16].
Қозғалысты тербеліске қатысты бөлімін зерделей келе оқушылардың толқындар мен тербеліс арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты өз дәрежесінде түсініп кете алмайтындығын байқадық. Зеттеу жұмысымыздың мақсаты осы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ашып көрсету, міндеті әртүрлі тапсырмалар беру арқылы осы мәселелерді шешу болды. Осыны талдайық: маятник тербелісі, двигателі поршенннің қозғалысы, кеменің шайқалысы, көпір мен үйлердің теңселісі, айнымалы тоқтын тізбектегі тербелісі, жүрек соғысы т.б тербелістің мысалдары бола алады. Тербелмелі қозғалыс — деп қайтымды-ілгерілемелі сипаты бар және периодты қайталанатын қозғалысты айтады. Тербеліс пайда болу үшін мына шарттар қажет:
•а) жүйедегі артық энергия;
•ә) жүйені бастапқы күйге қайтаратын күш;
•б) жүйедегі ескерусіз аз шамадағы үйкеліс пен кедергі күштері.
Осы шарттар орындалатын жүйелер тербелмелі жүйелер деп аталады. Олар механикада маятниктер (математикалық, серіппелі, физикалық) деп, ал электродинамикада тербелмелі контур қарастырылады. Пайда болу табиғатына қарай тербелістер механикалық және электромагниттік болып бөлінеді. Тербелістердің туу табиғатының әртүрлі болуына қарамастан, оларды сипаттаудың математикалық заңдылықтары бірдей [2].
Механикалық тербелістер деп дененің координаталарының, жылдамдығының, үдеуінің, денеге әрекет ететін қорытқы күштердің периодты өзгеруін айтады. Электромагниттік тербелістер деп зарядтың, конденсатордың астарларындағы кернеудің, тербелмелі контурдағы ток күшінің периодты өзгеруін айтады. Тербелістер өту сипатына қарай еркін (олар жүйенің ішкі күштерінің әрекетінен болады) және еріксіз (олар сыртқы күштердің әрекетінен болады) тербелістер болып бөлінеді. Осы ұғымдарды Мектеп баспасынан шыққан ІХ сынып үшін «Физика және астрономия» оқулығының §27-29 қарастырамыз. Тербелмелі қозғалысты оқып-үйренуді жеңілдету мақсатында тербелмелі қозғалыстың идеал моделі-гармоникалық тербелмелі қозғалыс ұғымы енгізіліп, оны сипаттау үшін ерекше физикалық шамалар оқытылады, мысалы:
1.Т — период-бір толық тербеліс уақыты: Т=. [T]=c.
2. ν-сызықтық жиілік-бірлік уақыттағы тербеліс санымен анықталатын шама:
ν= =; [ν]=Гц.
3. ω-циклдік жиілік-2π секундтағы тербеліс санымен анықталатын шама:
ω=2πν; [ω]=рад/с.
4. Гармоникалық тербеліс кезінде қозғалыстың координата, жылдамдық, үдеу, заряд, кернеу, ток күші және тағы басқа шамалары периодты түрде өзгеріп отырады және тербелмелі қозғалыс кезінде максимал мәндер қабылдайды, олар амплитудалар немесе амплитудалық мәндер деп аталады.
5. Тербеліс фазасы-периодтың үлесімен өрнектелетін уақыттың бұрыштық болып есептеледі:
φ=; [φ]=рад
Гармоникалық тербелмелі қозалысты зерттеу үшін арнайы шыбыққа бекітілген шар электромотордың осіне қатысты бірқалыпты айналатын қондырғыны (4-сурет) қарастырсақ:
4-сурет
= (1)
мұндағы R=χm-гармоникалық қозғалыстағы шар проекциясы координаталары-ның амплитудалық мәні, ал φ-айналған шар проекциясы тербелістерінің фазасы, сонымен бірге оның бұрыштық орын ауыстыруы. Оны мына формуладан табамыз: φ=ωt, себебі қозғалыс бірқалыпты. Сондықтан (1) теңдеу былай жазылады:
χ =χmsinωt. (2)
(2) формула гармоникалық тербелмелі қозғалыс кезіндегі координаталардың өзгеріс заңы болып табылады. Егер бақылау басталған мезетте ол айналғанда сызатын шеңбердің кез келген бір нүктесінде болса, онда шар көлеңкесі координаталарын табуға керекті теңдеу мына түрде болады: χ =χmsin(ωt+φ0), мұндағы φ0 –тербелген дененің бастапқы координатасы. 5а-суреттен υ=υmcosφ
немесе υ=υmcosωt, мұндағы υm=ωR –жылдамдық амплитудасы. R=χm екенін ескерсек,
υ=ω χmcosωt (3)
(3) формула гармоникалық тербелмелі қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың өзгеріс заңы болады. (2) мен (3) формулаларды салыстырсақ, мынаны аңғаруға болады; тербеліс координаталары мен жылдамдықтың фазалық ығысуы ∆φ=π/2.
Сол сияқты 5ә-суреттен, ах =-a msinφ немесе ах =-a msinωt (4)
“—’’таңбасы біздің таңдаған бағытымыздағы үдеу проекциясының мәні теріс екенін көрсетеді. Шар бірқалыпты айналады, сондықтан оның тек нормаль үдеуі ғана болады:
5-сурет
аm = = =ω2R=ω2χm
Осыны ескере отырып, (4) формуланы былай жазуға болады:
a=-ωχm sinωt (5)
(5) формула гармоникалық тербелмелі қозғалыстағы үдеудің өзгеру заңы болып табылады. χ =χmsin(ωt+φo) болғандықтан, (5) формуланы мына түрде жазуға болады:
а= -ω2 χ. (6)
(6) формула механикалық гармоникалық тербелмелі қозғалыстың теңдеуі болып табылады. Ньютонның екінші заңы мен (5) формуланы пайдаланып, кез келген уақыт мезеті үшін қайтарушы күш шамасын есептейтін формуланы аламыз:
F= -mω2χmsinωt. ( 7)
(7) формула гармоникалық тербелмелі қозғалыстағы қайтарушы (қорытқы) күш өзгерісінің заңы болады. Ол мына түрде де жазылады: F= -mω2χ, мұндағы k=mω2 шамасы қайтарушы коэффициент деп аталады. Ол –берілген тербелмелі жүйе үшін тұрақты шама. Сонда
F= — kχ (8)
Осы өрнектің түрі серпімділік күшіне (Гук заңы) ұқсас, сондықтан бұл күшті квазисерпімді күш деп атайды. (8) формулада χ-деформацияның шамасы емес, тербелген дененің тепе-теңдік қалпынан ауытқуы, k-серіппенің қатаңдығы емес, қайтарушы коэффициент екенін есте сақтау қажет.Гармоникалық тербелмелі қозғалыс кезінде тербелген дененің кинетикалық энергиясы үнемі оның потенциалдық энергиясына және керісінше айналып отырады. Гармоникалық тербелмелі қозғалыс кезінде тербелген жүйенің толық энерниясы кез келген уақыт мезетінде тұрақты және жүйенің бастапқы сырттан алған энергиясына тең. Тербелген дененің кез келген мезеттегі кинетикалық энергиясы мына формуламен есептеледі.
Wk= =. (9)
Кез келген мезеттегі потенциалдық знергия мына формуламен есептеледі:
Wп= (10)
(9) және (10) формулаларынан байқауға болатындай, тербелмелі гармоникалық қозғалыстың кинетикалық және потенциалдық энергиялары периодты өзгеріп отырады.Гармоникалық тербелмелі қозғалыстың толық энергиясы
W=Wk+Wп= + (11)
(11) формуладан гармоникалық тербелмелі қозғалыстың толық энергиясы уақытқа қатысты өзгермейтіні көрінеді. Егер тербелмелі жүйеде үйкеліс болса, онда энергияның белгілі бір бөлігі үйкеліс күшін жеңетін жұмысқа жұсалады да, соның әсерінен тербелмелі қозғалыстың энергиясы кемиді, нәтижесінде ығысу амплитудасы кішірейеді ((11) формуланы қараңдар).Амплитудасы біртіндеп кішірейе беретін тербеліс өшетін тербеліс деп аталады. Бұл тербелістердің графигі 6-суретте кескінделген.
6-сурет
Созылмайтын салмақсыз жіпке ілінген материялық нүктеден тұратын тербелмелі жүйе математикалық маятник деп аталады. Оның тербелісі жоғарыда баяндалған заңға бағынады, ал меншікті тербелісінің периоды Гюйгенс формуласынан табылады:, мұндағы l –маятник жібінің ұзындығы, ал g-еркін түсу үдеуі.
Серіппелі маятник –салмақсыз серіппеден, оған бекітілген дене мен ілу нүктесінен тұратын тербелмелі жүйе. Оның тербелісі де жоғарыда баяндалған заңға бағынады, ал меншікті тербелісінің периодты мына формуламен табылады:, мұндағы m – жүк массасы, k-серіппенің қатаңдығы.
Біз жеке тербелмелі жүйелердегі тербелістерді қарастырдық. Алайда дене тербелетін ортада қандай құбылыс болатыны қарастырылмады. Әрине, ортаның да дене тербелісінен тыс қалмайтыны анық. 9-сынып үшін «Физика және астрономия оқулығында §30 бастап толқындық қозғалыс пен танысамыз. Тынық суға тас лақтырса, дөңгеленіп толқын тарайтынын байқаймыз. Немесе қармақ салып отырған баланы алайық, тынық суда қалтқы тыныш тұрады, қармақты балық капқанда қалтқы бір батып бір шығады, сонда қалтқының жан-жағына дөңгеленіп толқын тарайды. Толқын деген не, ол судан басқа ортада (қатты денеде, газда) тарай ала ма деген сұраққа жауап бергенде денеге күш әсер еткенде ол деформацияланатығын айтамыз. Егер күш әсер етуін тоқтатқаннан кейін дене бұрынғы қалпына қайтып келетін болса, онда ол денені серпімді деп санауға болады [1].
Серпімді ортада тербелістердің таралу үрдісі толқындық қозғалыс деп, ал өзара байланысқан материялық нүктелер тербелістерінің жиыны толқын деп аталады. Толқындық қозғалыстың ерекшелігі сол- кеңістіктің бір аймағынан екіншісіне бөлшектер емес, энергия тасымалданады (бөлшектердің күйі тасмалданғандай). Егер ортаның бір нүктесі тербелмелі қозғалыс күйінде болса, онда ортаның онымен байланысты басқа бөлшектері де сондай козғалысқа келеді, бірақ уақыт бойынша сәл кешігіп қозғалатын болады.
Пайда болу табиғатына байланысты толқындар механикалық және электромагниттік болып бөлінеді. Механикалық толқындар дегеніміз- механикалық тербелістердің серпімді ортада таралу үрдісі, ал электромагниттік толқындар дегеніміз-өзара байланысты айнымылы электрлік және магниттік өрістердің алмасып отыруы. Бұған қоса, орта бөлшектері тербелістердің бағыты мен толқындардың таралу бағытына байланысты көлденең және қума толқындар болып бөлінеді. Көлденең толқындар-ортаның бөлшектері толқынның таралу бағытына перпендикуляр тербелетін толқындар. Серпімді көлденең толқындар тек қатты денелерде байқалады. Қума толқындар-ортаның бөлшектері толқынның таралу бағытымен тербелетін толқындар. Қума толқындар қатты, сұйық және газ тәрізді орталарда тарала алады.
Табиғатта біз әртүрлі механикалық толқындарды бақылай аламыз. Олар: дыбыстық толқындар, ультрадыбыс және инфрадыбыс (ортаның серпімділігі-нен пайда болады), су бетіндегі толқындар (ауырлық күшінің және беттік керілу күшінің әрекетінен пайда болады), жер қыртысының тербелісін тасымалдаушы сейсмикалық толқындар. Электромагниттік толқындар-көлденең толқындар. Олар жиілігі мен толқын ұзындығына қарай төменгі жиілікте сәуле шығаратын, радиотолқындар, инфрақызыл, көрінетін және ультракүлгін сәуле шығару, рентгендік сәуле шығару және гамма-сәуле шығару болып бөлінеді. Олардың табиғаты бірдей, бірақ бәрінің де толқындық сипаты электромагниттік екеніне қарамастан, қасиеттері әртүлі.
Толқындық қозғалысты сипаттау үшін екі физикалық шама енгізілді: толқын ұзындығы және толқынның таралу жылдамдығы. Толқын ұзындығы λ –бірдей фазаларда тербелетін толқынның іргелес екі нүктесінің арақашықтығымен анықталатын физикалық шама, яғни бұл-толқынның бір периодқа тең уақытта өтетін қашықтығы. Толқынның таралу жылдамдығы υ – берілген ортадағы “толқудың” таралу жылдамдығы, яғни орта бөлшегінің тербелген күйдегі таралу жылдамдығы. Толқынның таралу жылдамдығы мына формуламен анықталады:
υ=
Тербелістің периоды мен жиілігі өзара T∙ν =1 қатысымен байланысты болғандықтан, толқынның таралу жылдамдығын мына формуламен де табуға болады: υ= λ•ν
Толқындық қозғалысты оқып-үйрену толқын шебі және толқындық бет ұғымдарын енгізгенде едәуір жеңілдейді. Толқындық бет-тербеліс фазасы бірдей нүктелердің геометриялық орны, ал толқын шебі-ортаның тербеліс қамтыған бөлігін оның тербелмеген бөлігінен ажырататын бет. Мысалы, өлшемі онша үлкен емес дербес осциллятордан тарайтын толқын шебінің түрі – шеңбер; ұзартылған жазық осциллятордан таралатын толқын шебі-түзу сызық; репродуктордан (дауыс көтергіштен) таралатын толқын шебі-сфера тәріздес, ішектен таралатын толқын шебі-цилиндр пішінді болады. Толқын шебін құратын сфераның барлық нүктелері бірдей фазада тербеледі, сондықтан толқын шебінің таралу жылдамдығы фазалық жылдамдық деп аталады. Толқын жылдамдығының бағыты әрқашан толқын шебіне перпендикуляр болады. Толқындық үрдістерге төмендегідей құбылыстар тән:
Интерференция (екі немесе бірнеше толқындардың бір-бірімен қабаттасуынан олардың бір – бірін күшейтуі не әлсіретуі), дифракция (толқындардың кедергіні ортағытып өтуі).
Механикалық толқындардың дербес түрі дыбыстық толқындар болып табылады, олар жиілігі 16 Гц –тен 20000 Гц-ке дейінгі сфералық, механикалық толқындар. Бұл толқындарды адам естиді. Дыбыс бір ортадан екінші ортаға өткенде толқын ұзындығы мен таралу жылдамдығы өзгереді, ал жиілігі өзгермейді. Мысалы, домбыраның ішегін тартып тұрып жіберіп қалыңыз. Ол дыбыс шығарады. Дыбыс шығып тұрған ішектің тербеліп тұрғанын байқаймыз. Ол дене механикалық тербеліс жасап отырып, өзін қоршаған ортаны (газ, сұйық және қатты дене) сығады және сиретеді. Әртүрлі орталарда дыбыс әртүрлі жылдамдықпен таралады, мысалы, дыбыстың жылдамдығы ауада = 340 м/с, ал болатта 4500 м/с. Дыбыс қаттылығы тербелістердің жиілігімен анықталады. Дыбыстың таралу заңы және оның ерекшеліктері физиканың арнайы бөлімі-акустикада зерттеледі. Егер кеңістіктің қайсыбір нүктесінде тербелістегі заряд болса, оны қоршаған кеңістікте, бірте-бірте үлкен аймақты қамтитын, периодты өзгеретін электр және магнит өрістерінің жүйесі пайда болады. Тербелетін зарядтан барлық бағытқа тарайтын электромагниттік толқын пайда болады. Кеңістіктің кейбір нүктесі тербелуші зарядтан неғұрлым қашық орналасса, тербелуші өріс оған соғұрлым кешігіп жетеді. Бұл электромагниттік толқындардың таралу жылдамдығы шекті екенін көрсетеді және ол 300000 км/с жарық жылдамдығына тең. Электромагниттік толқында магниттік және электрлік өрістер-өзара перпендикуляр, яғни электромагниттік толқын- көлденең толқын. Толқындық үрдістерді сипаттайтын математикалық заңдар толқындардың барлық түрі үшін ортақ [1].
2.2. Көрнекіліктерді қолдану арқылы физиканы оқыту әдістерін жетілдіру
Қоршаған ортаның заңдылықтары мен құбылыстарының шынайлығын эксперимент арқылы тани аламыз, жаратылыстану ғылымдардың ішінде физика-эксперименттік ғылым. Біздің түсінігіміз бойынша, физиканы меңгеру құбылысты көзбен көргенде ғана сенімді болады. Сондықтан оқушыларға физика сабақтарында тәжірибелерді көрсетуге немесе оны сипаттауға (көрсетулер жасау мүмкін болмаса) көбірек көңіл бөлінгені дұрыс. Алайда, тәжірибелерді бақылау –құбылысты оқып-білудің бастамасы ғана. Тәжірибе не үшін қойылғанын, түйіні неде екенін түсіндіруміздің өзі маңызды роль атқарады. Физикалық эксперименттерді немесе тәжірибелерді бақылаған кезде мыналарды ескерген жөн:
•оқушыларға қойылу мақсатын айқындаймыз, түсіндіреміз;
•экспериментті құрылғының схемасымен таныстырамыз;
•тәжірибе барысын өткіземіз;
•нәтижесін аламыз;
Осыған орай, тербелістер мен толқындық қозғалыстары туралы білім беру мақсатында сыныпта зертханалық жұмыстардың екі түрлі әдіспен өтуді ұсынамыз: (7-сурет)
7-сурет
Оқулықта зертханалық жұмыстар тербелістер және толқындар тақырыптарына толық берілген. Барлық сипаттамалар бір жоспар бойынша жазылған:
1)Жұмыстың нөмері аты және «Физика және астрономия-9» ( Р.Башарұлы, Д.Қазақбаева, У.Тоқбергенова, Н.Бекбасар. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық Алматы «Мектеп» 2009 ж) оқулық бойынша қайталауға арналған параграфтар;
2)жұмыстың мақсаты;
3)қажетті құрал-жабыдықтардың тізімі;
4)теориялық кіріспе;
5)жұмыстың орындалу тәртібі;
6)бақылау сұрақтары.
Зертханалық жұмыстарды өткізер алдында оқушыларға күні бұрын жұмысқа арналған нұсқауларды таратып беру керек, Сонда оқушылар әрбір жеке белгіленген жұмыстың мазмұнын толық оқып үйреніп қысқаша жазбаша есеп беру үшін алдын ала біршама дайындық жасай алатындай болады. Орта мектептегі физикадан зертханалық жұмыстардың өткізудің әдістемесін жан-жақты талдау жасап, орындаудың тиімді әдістерін іздестірдік. Оның мысалын төменде келтіріп отырмыз:
№1-зертханалық жұмыс (слайд) 9-сыныпқа арналған «Физика және астрономия» оқулығының § 27 өткенде жасауға болады:
Жұмыстың аты: Серіппелі маятник тербелістерімен танысу
Жұмыстың мақсаты: Серіппелі маятник тербелістерінің меншікті жиілігін анықтау.
Құрал-жабдықтар: 1) механика бойынша жүктер жиынтығы НГМ-100;
2) спираль серіппелі ұстатқыш;
3) жұппай жұмысқа арналған штатив;
4) демонстрациялық метр;
5)қалта секундомері немесе секундық тілі бар сағат.
Теориялық кіріспе
Болат серіппеге іліп, тепе-теңдік күйден шығарылған жүк, серіппенің серпімділік және ауырлық күшінің әсерінен гармониялық тербелістер жасайды. Мұндай маятник тербелістерінің меншікті жиілігі:
өрнегімен анықталады, мұндағы k- серіппе қатаңдығы; m-дененің массасы. Бұл жұмыстың міндеті теория жолымен табылған заңдылықты тексеру. Бұл міндетті шешу үшін алдымен зертханалық қондырғыда колданылатын серіппенің k қатаңдығын, жүктің m массасын анықтап, маятник тербелістерінің меншікті жиілігі мен Т0 периодын есептеп шығару қажет. Содан соң, массасы m жүкті серіппеге іліп, теория жолымен алынған нәтижені эксперимент арқылы тексеру керек.
Жұмыстың орындалуы
1. Дәптерлеріңе өлшеулер мен есептеулер нәтижелерін жазу үшін кесте сызыңыздар.
Тәжірибе №
F,H
∆χ, м
k, н/м
m, кг
, с-1
∆t¸c
, с-1
1
2
2. Серіппені ұстатқышымен бірге штативтің қысқышына бекітіңіздер және оған массасы 100г жүк іліңіздер. Жүк жақтан өлшеуіш сызғышты вертикаль бекітіп, жүктің бастапқы қалпын белгіліңіздер (8-сурет).
3. Серіппеге массалары 100г-нан болатын екі жүк іліңіздер және F ≈2Н күштің әсерінен оның ∆х ұзаруын өлшеңіздер. Өлшенген ∆х ұзартуы мен белгілі F күші бойынша серіппенің қатаңдығын есептеп шығарыңыздар:
8 — сурет
4. Серіппенің қатаңдығын біле отырып, массасы 200 және 400г серіппелі маятник тербелістерінің меншікті жиілігі мен Т0 периодын есептеп шығарыңыздар.
5. Серіппеге массасы 100г-дық екі жүк іліңіздер, серіппелі маятник 5-7см төмен түсіп, оның тепе-теңдік күйі бұзылады, енді маятник тербелістерінің ω жиілігін эксперимен жолымен аңықтаңыздар. Ол үшін маятник толық 20тербеліс жасайтындай ∆t уақыт аралығын өлшеп, оны мына формула бойынша:
Есептеп шығарыңыздар, мұндағы n-тербеліс саны.
6. Осындай өлшеулер мен есептеулерді массасы 400г маятникпен де орыңдаңыздар.
7. Серіппелі маятник тербелістерінің ω0 меншікті жиілігінің есептелінген мәнінің эксперимент жолымен алынған ω жиілігінен ауытқуын есептеп шығарыңыздар, өлшеулер мен есептеулер нәтижелерін таблицаға жазыңыздар.
Бақылау сұрақтары
1.Серіппеге ілінген дене қандай зат бойынша тербеледі.
2. Маятник тербелістерінің жиілігі тербелістер амплитудасына тәуелді бола ма?
3.Салмақсыздық жағдайларында тәжірибе нәтижесі қандай болар еді?
№2-зертханалық жұмыс, осы оқулықтың §28,31,32,33,34. қатысты жасалғаны дұрыс:
Жұмыстың аты: Резонанс әдісімен ауадағы дыбыс толқыны ұзындығы мен дыбыс жылдамдығын анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Резонанс әдісімен толқыны ұзындығын және дыбыс толқының жиілігін аңықтау.
Құрал-жабдықтар: 1) резонанс түтігі;
2) тербеліс жиілігі 440 Гц камертон;
3) камертонға арналған резеңке балға;
4) таға тәрізді магнит (екінші камертонның қызметін атқарады);
5) жаппай жұмысқа арналған штатив.
Теориялық кіріспе
Бұл жұмыста мынадай мәселелерді шешу керек:
1.Белгілі жиіліктегі камертоннан бір басы бітеу түтіктегі тұрған дыбыс толқындарын шығарып алып және осы тәжірибе деректерін пайдаланып дыбыс толқынының ұзындығын анықтау керек.
2.Дыбыс толқынының ұзындығы мен дыбыс көзінің жиілігін біле отырып, дыбыстың ауада таралу жылдамдығын анықтау керек.
3.Жиілігі белгісіз басқа камертонмен тәжірибені қайталап, ол жиілікті бірінші тәжірибеде қолданылған камертон жиілігімен салыстырып барып анықтау қажет.
Бір жағы ашық түтік ішіндегі ауа бағаны меншікті жиілігі бар тербелмелі жүйе болып табылады. Егер ауа бағанының тербелісін жиілігі ауа бағанының меншікті жиілігіндей дыбыс импульстарымен қоздыратын болсақ, онда ондағы ауа тербелістерінің амплитудасы максимал мәнге жетеді, яғни резонанс пайда болады, оны біз дыбыс қаттылығының едәуір артқанынан байқаймыз. Резонанс кезінде түтік ішінде тұрғын толқындар пайда болады, сонда тербелістер түйіні ауа бағаны түбінде жатса, шоқтығы түтік тесігінде жатады. Егер түтік түбінен тесікке дейінгі қашықтық (9-сурет) тұрғын толқын ұзындығының жартысына тең болса, онда бірінші резонанс туады.
9-сурет
Жиілік өзгермесе, ауа бағаны ұзындығы үш есе артқанда, яғни болғанда, екінші резонанс туады. Жалпы алғанда резонанс ауа бағаны ұзындығы тұрғын толқын жартыларының тақ санындай болғанда пайда болады.
Тұрғын дыбыс толқындарын алуға арналған құрал (10-сурет) шыны түтік болып табылады, оның ішінде кішкене саңылауы бар шағын цилиндр қалықтап орын ауыстыра алады. Ауа бағанын дыбыс көзімен резонанс күйіне келтіргенде цилиндр орын ауыстыруы үшін жіп қызмет атқарады, ол цилиндр түптеріне байланып түтік қабырғасымен өтеді.
10 — сурет
Жиілігі 440 Гц деп белгіленген «ля» камертонынан басқа тағы бір камертон қажет болады, оның қызметін квадрат қимасы 10Х10 мм болатын таға тәрізді магнит атқара алады. Резеңке балғамен ұрған кезде ол таза және едәуір қатты тон шығарады. Магнитті ортасынан штативтің муфтасына қыстырып қоюға болады, сонда ол саптың қызметін атқарады.
Жұмыстың орындалуы
1. 11-суретте көрсетілгендей етіп камертонды штативтің муфтасына бекітіңіздер, оның сирағын қандай да бір жұмсақ шүберекпен орап қойыңыздар.
2. Камертонды резеңке балғамен ұрып қоздырып, әрі түтік бойымен цилиндрдің орнын ауыстырыңыздар, сонда дыбыстың едәуір күшейгені байқалатындай цилиндрдің орнын іздестіріңіздер. Осындай орындарды белгілеп, табылған учаскеде цилиндрді әрі-бері қозғай отырып, оны неғұрлым дәл күйге келтіріңіздер. 440 Гц жиілікті камертон үшін мұндай екі орын табылуы мүмкін.
3. Бірінші және екінші резонанс тұсында ауа бағаны ұзындығын өлшеңіздер және алдымен тұрғын толқынның l ұзындығын, сонан кейін жүгірме толқынның ұзындығын есептеңіздер.
11-сурет
4. Температурасы белгілі ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығын, алынған нәтиженің салыстырмалы және абсолют қателігін есептеп шығарыңыздар.
5. Резонанс әдісімен жиілігі белгісіз екінші камертоннан (магниттен) шығатын толқынының ұзындығын анықтаңыздар және табылған дыбыс толқынының ұзындығын, бірінші камертоннан шығатын толқын ұзындығымен салыстыра отырып, екінші камеритонның жиілігін анықтаңыздар.
Бақылау сұрақтары
1.Екінші резонанс тұсында ауа бағанының қай жерінде (6-сурет) ауа бөлшектері ең үлкен амплитудамен тербеледі? Олардың фазаларының айырмасы қандай?
2.Қай жерлерде тербелістер амплитудасы нольге тең болады?
3.Фазаның қай жерлерінде бөлшектер тербелістері деп келеді? Қай орындарда олар қарама-қарсы болады?
4.Қай жерлерде амплитудалар тең, ал фазалары қарама-қарсы болады?
5.Ұзындығы белгілі ауа бағанының бірінші резонанс 440 Гц жиілікте пайда болса, енді қандай жиіліктерде резонанс байқалуы тиіс?
№3-зертханалық жұмыс. Бұл жұмыс «Физика және астрономия-9» оқулығындағы §31,32,34. тақырыптардын соң берілсе болады:
Жұмыстың аты: Ультрадыбыстың жылдамдығын анықтау
Жұмыстың мақсаты:
Құрал-жабдықтар: 1)лабораториялық ультрадыбыстық генератор;
2)микрометр С-25;
3)қоректендіру көзі УЗГ;
4) жаппай жұмысқа арналған штатив;
5) сұйық (су және спирт) құйылған колбалар;
6) тамызғыштар.
Теориялық кіріспе
Беті ультрадыбыс шығаратын пластинканың бетіне параллель болатын шағылдырғышты (рефлекторды) тербелмелі пьезоэлектрлік пластинкадан біршама қашықтықта жайлап орын ауыстратын болсақ, онда пластинка мен шағылдырғыш арасында бірдей жиіліктегі қарсы толқындар таралатын болады. Тура толқынның таралу бағыты тұтас стрелкамен, ал шағылған толқын – пунктир стрелкамен көрсетілген. Шағылдырғыш белгілі бір жағдайға келгенде ультрадыбыстық тұрған толқындар пайда болады. Тұрғын толқынның ұзындығы жүгірме тоқын ұзындығының жартысына тең. Егер пластина мен шағылдырғыш арасында жүгірме толқынның саны бүтін жарты толқындары жайғасса, онда пластина тербелмейді десе де болады және ультрадыбыс шығарушы қуат аз. Қашықтықты жүргірме толқын ұзындығының төрттен біріне өзгертсе, пластина ең үлкен амплитудамен тербеледі әрі дыбыс шығарудың қуаты ең көп болады. Сөйтіп, шағылдырғыш орын ауыстырған кезде дыбыс шығарғыштың қуаты, демек, ультрадыбыс шығарғыштың тізбегіндегі ток күші де (индикаторлық лампы жарқырауының) периоды түрде өзгереді. Мұны ультрадыбыстың жылдамдығын және дыбыс шығарғыштың тербеліс жиілігін аңықтау үшін пайдалануға болады.
12 — сурет
Жұмыстың орындалуы
1. Дәптерлеріңе өлшеулер мен есептеулер нәтижелерін жазу үшін кестені сызыңыздар.
Тәжірибе №
Микрометрдің
көрсетуі
Тұрғын толқын ұзындығы
2. Ультрадыбыстық қондырғыны құрастырыңыздар. Штатив қысқышына микро-метрді бекітіңіздер, ал оның төменгі шығыңқы жеріне дыбыс шығарғышты орнатыңыздар (13-сурет). Тамызғышпен дыбыс шығарғышты сумен толтырыңыздар. Осы түрде қондырғы жұмысқа дайын саналады.
3. Электр қоректендіру көзінен генераторға кернеу беріп, оның жұмыс істейтініне индикаторлық лампының әлсіз жарқырауы арқылы көз жеткізіңіздер.
4.Трещетканы айналдырып, микрометр стерженін жайлап суға түсіріңіздер. индикаторлық лампының алғашқы максимал жарқырауы кезінде микрометрдің бастапқы көрсетуін байқаңыздар және нәтижесін таблицаның бірінші бөлігінің қарсысына жазыңыздар. Содан соң таблицаға жарқыраудың әрбір келесі максимумы кезіндегі микрометрдің барлық басқа көрсетулерін жазыңыздар.
5.Микрометрдің көрсетуі бойынша тұрғын толқындардың ұзындықтарын есептеңіздер және оларды таблицаға жазыңыздар. Жүгірме толқын ұзындығының орташа мәнін аңықтаңыздар.
6.Бөлме температурасы жағдайында дыбыстың суда таралу жылдамдығы 1490 м/с екендігін біле отырып, ультрадыбыс шығарғыштың жиілігін
формуласы бойынша табыңыздар, мұндағы ультрадыбыс шығарғаштың жиілігі; берілген ортадағы дыбыс жылдамдығы; жүргірме толқын ұзындығы.
13-сурет
7. Дыбыс шығарғышты спиртпен толтырып, жоғарыда сипатталғандай етіп, тәжірибені қайталаңыздар. Өлшеулерді орындап, таблицаны микрометр көрсеткен нәтижелермен толтырыңыздар. Ультрадыбыс шығарғыштың бұрын табылған жиілігі өзгермегендігін біле отырып, ультрадыбыстың спирттегі жылдамдығын табыңыздар және алынған нәтижені таблицадағы нәтижемен салыстырыңыздар.
Кейбір сұйықтардағы дыбыс жылдамдығының шамасы:
ЗатЖылдамдық м/с
Су, 80С
Керосин
Этил спирті
Глицерин 1435
1295
1180
1923
Бақылау сұрақтары
1. Бұл жұмыста микрометр көрсетулерінің санақ басы үшін индекаторлық лампы жарқырауының минимумдарын пайдалануға бола ма?
2. Берілген ортада бір генератормен қоздырылған жүгірме және тұрғын толқындар ұзындықтарының арасындағы қатынас қандай?
3. Ультрадыбыстық толқындар басқа да осындай жағдайлардағы дыбыс толқындарға қарағанда тез өшетіні неліктен?
4. Ультрадыбысты қолдануға мысал келтіріңіздер. Өздеріңіз көрсеткен қолданыс оның қандай қасиеттеріне негізделген?
«Физика және астрономия-9» оқулығының §31,34,35. тақырыптарына қатысты №5-зертханалық жұмыс (слайд).
Жұмыстың аты: Ультрадыбыстың көмегімен жүрек тербелісін байқау.
Жұмыстың мақсаты: Ультрадыбыстың көмегімен жүрек тербеліс периодын аңықтау және жүректің соғу үрдісін физикалық тұрғындан түсіндіру.
Көрнекі құрал-жабдықтар және ОТҚ: 1) медициналық фонидаскоп;
2) жүректің формасы;
3) жүрек кардиограммасы;
4) Интерактивті тақта немесе мультимедиалық техналогиялар.
Теориялық кіріспе
Адамның жүрегі еркін тербелістерге жатады. Өйткені, еркін тербеліс деп отырғанымыз — сыртқы әрекет жоқ кезде пайда болатын тербеліс. Осы жүректі біз кардиаграммаға түсірілген кезде гармоникалық тербелісті байқаймыз. (14-сурет). Гармоникалық тербеліс (гректің «гармония»-үйлесімділік, келісушілік деген мағнада) деп-нүктенің тепе-теңдік күйден ауытқығанның уақытқа тәуелділігін sin немесе cos заңы бойынша өтетін заңды айтады.
χ =χmsinωt немесе χ =χmcosωt. (1)
14-сурет
І. Тербеліс периоды. Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығын (интервалын)-тербеліс периоды деп атайды. Басқаша айтқанда, тербеліс периоды дегеніміз-біз толық тербеліс жасауға кеткен уақыт.
Тербеліс периоды секундпен © өлшенеді және оны Т әрпімен белгілейді.
(2)
мұндағы: t-уақыт, n- нүктенің шеңбер бойымен бір айналым саны
(3), -тербелістің жиілігі
ІІ. Тербеліс жиілігі. Бір уақыт ішіндегі тербелістер саны тербеліс жиілігі деп аталады. Тербеліс жиілігінің өлшем бірлігі атақты неміс ғалымы Генрих Герцтің құрметіне герц (Гц) деп аталған. 1Гц=1c-1 (4)
ІІІ. Тербеліс амплитудасы. Тербеліс амплитудасы деп- дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәнін айтады. Амплитуда А әрпімен белгіленеді, яғни
Ультрадыбыстар дегеніміз-тербеліс жиілігі 20 000 Гц-тен жоғары дыбыс толқындарды атайды. Ультрадыбыстар физикалық және технологиялық әдістерде кеңінен қолданылып отыр. Ультрадыбыс толқындарының басты ерекшеліктері-оларды дыбыс көзінен белгілігі бір бағытта таралатындай етіп бағыттауға болады. Медицинада ультрадыбыс адам денесін ультрадыбыстық тексеру (сканерлеу) үшін пайдаланылады. Сүйек, жүрек, май және бұлшық еттер ультрадыбысты түрліше шығалдырыды. Электр импульстеріне тұрлендірілген бұл шағылған толқындар экран кескін береді. Ультрадыбыстық тексеру жолымен сырқат адамның денесіндегі әртүрлі ауытқулар-қатерлі ісіктер, дене мүшелері пішінінің өзгерулері анықталады. Ультрадыбыстың көмегімен тастар ұнтақталады, металдарды және аса қатты материалдарды кесу және дәнекерлеу жүзеге асырылады. Алайда ультрадыбысты адамның ұзақ уақыт бойы қабылдауы нерв жүйесіне әсер етеді, қанның құрамының, сапасының және қысымының өзгеруін, бас ауруын тудырады, құлақ та естімей қалуы мүмкін. Ультрадыбыстарды дельфиндер, иттер, жарқанаттар және басқада тіршілік иелері шығарады. Мысалы, жарқанаттың ультрадыбыстық гидролокаторлары адам жасаған ең күшті деп есептелетін радио және гидролокаторлармен салыстырғанда мүлтіксіз жетілген.
Жұмыстың орындалуы
1.Жүректің кардиограммасының бастапқы деп алып, графиктерін салыңдар.
2.Жүректің кардиограммасын қандай заңдылықпен өзгеруін анықтау.
3.Гармоникалық тербелістің фонедаскоп арқылы жүрек соғу пульсін анықтау.
4.Адам жүрегі 1 минутта қанша тербеліс жасайды?
Бақылау сұрақтары
Ультрадыбыс дегеніміз қандай дыбыстар?
1.Ультрадыбыстың қандай ерекшелігі оны эхолокацияда қолдануға мүмкіндік береді?
2.Ультрадыбыстық толқындарға мысал келтіріңіздер?
№5-зертханалық жұмыс оқулықтың §31,34,35. тақырыптарына арналған:
Жұмыстың аты: Серіппедегі толқындық қозғалысты байқау.
Жұмыстың мақсаты: Серіппенің көмегі мен толқындық қозғалысты бақылау.
Көрнекі құрал-жабдықтар және ОТҚ: Интерактивті тақта
Теориялық кіріспе
Толқын деген не, ол судан басқа ортада (қатты денеде, газда) тарай ала ма деген сұраққа жауап бергенде денеге күш әсер еткенде ол деформациялана-тындығын айтамыз (15-сурет). Егер күш әсер етуін тоқтатқаннан кейін дене бұрынғы қалпына қайтып келетін болса, онда ол денені серпімді деп санауға болады. Ары қарай дипломдық жұмысымыздың “Тербелмелі және толқындық қозғалыстарды оқытудың кейбір түйінді мәселелері” атты бөліміндегі теориялық түсінікке тоқталамыз.
Жұмыстың орындалуы.
1. Ыдыс ішіне су толтырыңыздар.
2. Су құйылған ыдыстың ішіне қандайда бір зат тастаңыздар.
15-сурет
3. Қай кезде көлденең және қума толқындарды байқаймыз.
4. Период, амплитуда, жиіліктер қалай өзгеріп жатырқаның түсіндірініздер.
5. Толқын ұзындығы мен жылдамдығын аңықтаңыздар.
Бақылау сұрақтары
1.Толқын дегеніміз не?
2. Көлденең толқын қандай ортада пайда болып таралады? Қума толқын ше?
3. Толқын энергия тасмалдайтынын қалай дәллелдеуге болады?
4. Су бетінде көлденең толқындар пайда болады. Бұл сұйықтарда қума толқындар ғана таралуы мүмкін деген қағыдаға қайшы келмей ме?
Жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелеріне талдау біз ұсынып отырған педагогикалық жүйені мектеп оқыту үрдісінде толығымен пайдалануға болатындығын білім, білік дағдысы мен тұлғалық сапаларын қалыптастыруға игі әсер ететіндігін дәлелдеп берді. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында тарауларды толық өткеннен кейін білімдерін бағалап, сонымен қатар оларға төмендегідей жарыс сабағын ұйымдастыруды жөн көреміз:
Сабақтың тақырыбы: Тербелістер мен толқындарды қорытындылау сабағы
Жарыс сабағының мақсаты:
•Білімділік мақсаты: тербеліс пен толқындар тарауы бойынша алған білімдерін қорытындылау және бекіту;
•Дамытушылық мақсаты: оқушыларды жаңа инновациялық технологиялар-ды (интерактивті тахта, мультемедини паректор) қолдана отырып, пәнге қызығушылықтарын, ойлау, есте сақтау сақтау қабілеттерін дамыту.
•Тәрбиелік мақсаты: белсенділік, іскерлік, зейінділік, ұлттық дүние танымға тәрбиелеу.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты түсіндірілген соң, сынып оқушыларын екі топқа бөліп, әр топқа ат қойылады. Мысалы, мен І топты «Толқын», ІІ топты «Тербеліс» деп бөлдім. Содан соң, тақтаға екі топтың балы жазылатын арнайы кесте ілінеді. Әрбір тапсырманың балы әр турлі жалпы берілетін 100 балды қамтиды. Сабақ ІІІ тапсырмадан түрады. Жарыс сабағында оқушылар тербелмелі әрі толқындық қозғалыстарына байланысты сұрақтарға жауап беріп, формулаларды жазып, тәжірибелер жасайды. Енді, ойынның шарттына назар аударайық:
І тапсырма ІІ тапсырма ІІІ тапсырма
Бұл қызыл қорапшаның «Ойлан, тап!» тапсырмасы: екі топтан бір-бір оқушы алдағы сұрақтарға кезекпен тәжірибе жасап көрсетіп, тәжірибеге байланысты сұрақ қояды. Қарсы топ мүшелері жауап береді тапсырманың жалпы бағасы 55 балды құрайды.
Эксперименттік тапсырма
1) жіпті маятниктің тербеліс периодын анықтаңдар
2) вертикаль серіппелі маятник арқылы пластилин кесегінің массасын анықтаңдар
3)Толқын қалай пайда болады?
4) Суға лақтырылған дененің тербелісін түсіндіріңіздер?
5)Толқынның жағаға ұрылып кейін қайтуын қандай заңмен түсіндіруге болады.
6)Пружинадағы толқындық қозғалысты байқау.
7) Ультрадыбыстың көмегімен жүрек тербелісін байқау.
ІІ тапсырма
Көк қорапшасы «Кім шапшаң?» деп аталады және ол екі кезеңнен тұрады. Ол ойының бірінші кезеңнің ерекшелігі сонда: парақтарға жазылған физикалық белгілеулерді таңдап, келісі сұрақтар бойынша формулаларды жазу оған 2 минутта кім көп жазса, екінші кезеңнінде соған жоғары 35 балл беріледі.
Формулалар құрастыру:
1) Тербелістің амплитудасы
2) Толқын ұзындығы
3) Тербеліс периоды
4) Толқын ұзындығының жылдамдығы
5) Тербеліс жиілігі
ІІІ тапсырма
«Қызықты сұрақтар» деп аталып, осы сайыста оқушылар тест түрінде берілген келесі сұрақтарға жауап берулері тиіс. Ол интерактивті тақтада слайд түрінде көрсетіледі. Соңғы сайыс 10 балмен бағаланады.
1.Тербелмелі қозғалыс деп қандай қозғалысты айтамыз?
А. зарядтың, конденсатордың астарларындағы кернеудің, тербелмелі контурдағы ток күшінің периотты өзгеруін айтады. (дұрыс емес)
Ә. қайтымды — ілгерілемелі сипаты бар және периодты қайталанатын қозғалысты айтады. (дұрыс)
Б. кезінде координата, жылдамдық, үдеу, заряд, кернеу, ток күші және тағы басқа шамалар периодты өзгеріп отырады және тербелмелі қозғалыс кезінде максимал мәндер қабылдайды .(дұрыс емес)
2.Тербеліс периоды деп нені айтамыз?
А. бір уақыт ішіндегі тербелістер санын атаймыз.(дұрыс)
Ә. дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәнін айтады.(дұрыс емес)
Б. дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығын атаймыз. (дұрыс емес)
3. Атақты неміс Генрих Генц ғалымына тербелмелі қозғалысты сипаттайтын қайсы шамаға “ГЕРЦ” өлшем бірлігі берілді?
А. Тербеліс жиілігіне (Генрих Генц ғалымының өмірбаяны жазылған терезе)
Ә.Тербеліс периодына.(дұрыс емес)
Б. Тербеліс амплитудасына.(дұрыс емес)
4. Толқын дегеніміз не?
А. механикалық тербелістердің серпімді ортада таралу үрдісін айтамыз. (дұрыс)
Ә. ортаның бөлшектері толқынның таралу бағытына перпендикуляр тербелетін толқындар. (дұрыс емес)
Б. ортаның бөлшектері толқынның таралу бағытымен тербелетін толқындар. Қума толқындар қатты, сұйық және газ тәрізді орталарда тарала алады (дұрыс емес).
Сабақты қорыта келе, өткен тарауды пысықтау кезеңін сапалы өткізуге, оқушылардың материалды толық меңгеруне көмектеседі. Белсендіктері арттады, ойлау өрісі дамиды.
Қорытынды
Қазіргі заманда оқушының білім деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз – оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін азамат етіп шығару. Оқушының бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп, жетілдіре түсу. Бұл мәселе білім деңгейін анықтау және физикалық түсінікті қалыптастыру арқылы жүзеге асады. Мысалы, мектеп бағдарламасында тербелістер мен толқындар туралы мағлұмат жеке тақырыптар болып беріледі. Мұнда олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы нақты айтылмайды. Ал ұстаздың міндеті осы ұғымдарды түсіндірумен бірге олардың қасиеттерін, өзара байланысын жан-жақты зерделеу, оқушының санасына сіңірудің тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау және қолдану.
Мұғалім пәнді оқытудың әдіс–тәсілдерін орынды пайдаланғанда ғана оқытудың мақсатына қол жеткізе алады.Сондықтан да оқытудың оқушы тұлғасын дамытуды қамтамасыз ететіндей неғұрлым тиімді әдіс – тәсілдерін таңдау мәселесі мұғалімнің алдында тұрған үлкен міндет болып саналады.
Әртүрлі әдістемелік құралдарда ұсынылып жүрген дәстүрлі күнтізбелік жоспарларды пайдаланған кезде әр сабақ сайын дерлік жаңа тақырып өтіледі.
Демек, бір сабақта оқулықтың бір–екі параграфын түсіндіруге тура келеді. Бұл жағдайда оқушылар төрт –бес сабақтан кейін өтілген материалды ұмыта бастайды. Ал бір сабақты материалды бағдарлама деңгейінде игеру мүмкін емес, оның үстіне, көптеген мәселелер бүкіл тақырыпты тұтастай саналы
түрінде ой елегінен өткізіп зерделеуді талап етеді.
Орта мектептерде оқулықтың «Тербелістер мен толқындар» тарауын оқытуға бағдарлама бойынша 5 сағат бөлінген. Тақырыпқа талдау жасай отырып, негізгі ұғымдарды анықтап алуға болады, олар: механикалық және электромагниттік тербелістер, тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар; математикалық және серіппелі маятниктер, тербелмелі контур.
Оқулық материалының берілу логикасынан тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі, еркін және еріксіз тербелістер тақырыптары түсіп қалғандай болып көрінеді, шын мәнінде электромагниттік тербелістер ұғымын еркін және ерксіз тербелістер, резонанс ұғымдарын өтпей тұрып-ақ түсіндіруге болады.
Материалды қысқаша қорытынды ретінде тағы да бір рет қайталау керек, яғни механикалық тербелістер деген не, оның негізгі сипаттамалары қандай тербеліс жиілігі неге тең, период пен жиілік арасында қандай байланыс бар, жиіліктің өлшем бірлігі не дегенге тоқталады. Осылайша өткенді қысқаша қорытындылау. материалдағы ең маңыздыны ажырату оқушыға үйде сабақ дайындаған кезде белгілі бір жоспар қызметін атқарады. Үйге тапсырма бергенде оқушыларға тақырыпты жаттап алу міндет емес екенін, олардан оқу материалындағы ең маңызды нәрсені ажырату, яғни тербелмелі қозғалыстың мәнін ұғу, тербелмелі қозғалыстың басқа қозғалыс түрлерінен айырмашылығын түсіну талап етілетініне назар аударылады. Әрбір сабақтың соңында ненің жақсы меңгеріліп, ненің әлі де болса пысықтай түсуді қажет ететіндігін, үйде қандай жұмыстар жүргізу керек екендігін айтып, қорытындылап отыру керек.
Оқушылардың білімін тексеру олардың іс-әрекетін бақылап, оған түзетулер енгізу арқылы жүзеге асырылады. Оқушылардан тек сынақ қана алынып қоймай, тақырыпты зерделеу барысында лабораториялық жұмыстар орындалып, өзіндік жұмыстар жүргізіледі.
Педагогикалық іс-тәжірибе өту кезіңде Шымкент қаласындағы №7 Қ. Спатаев атындағы мектептің 9 «А», 9 «Ә», 9 «Б» сыныптарында осы әдістемелік нүсқауларды қолдандық. Сабақтың тиімділігін арттыру, тербелмелі және толқындық қозғалыстарды зерделеу мақсатында оқушыларға тапсырмалар берілді, сабақты өтудің бірнеше әдістемесі жасалды.
Зерттеу барысында 9 «А» сыныбының 17 оқушысының алған білімдері алғашқы берілген мағлұматтарға сәйкес анықталғандай 100-ден 42% көрсетіп, ұсынылып отырған қайталау, қорытындылау, жарыс сабақтарын өткізу нәтижесінде 100дік шкаланың 82% құрады. 9 «Ә» сыныбының 19 оқушысының алғашқы көрсеткіші 100-ден 56% болды, ұсынылып отырған әдіс-тәсілдерді қолданудан соң 100дік шкаланың 79% берді, 9«Б» сыныбының 15 оқушысының алған білімдерін 100-ден 53% деп есептедік, біздің ұсынысымыздан кейін 100дік шкаланың 89%-дай физикалық білім деңгейіне қол жетті. Мұның кестесі төменде берілді:
9 «А», 9 «Ә», 9 «Б» тербелмелі және толқындық қозғалыстар туралы алған білімін бағалау жұмысы бойынша мониторингі
Сабақта білімді физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды сурет және сұрақтар арқылы беріп, оқушылардың физикалық ойлауын дамытуға, білімдерін дидактикалық материалдарды қолдану арқылы (плакаттар жүйесі) ізденімпаздығын арттыруға бағытталған жұмыстар жасалды. Қорытындылау, бақылау-бағалау сабағының нәтижесі бойынша оқушылардың материалды жақсы түсінгендіктері, пәнаралық байланысты дұрыс қолдана алатындықтары белгілі болды. Жарыс сабағында оқушылар тербеліс пен толқынның арасындағы байланысты ашып көрсетті, көрсетілген тәжірибелерді талдау арқылы білімдерін толықтырды.
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі:
1. Қ. Нұрманова, А. Рамазанова. Механикалық толқындар тақырыбына өткен кіріктірілген сабақ. // Математика және физика №3. 2006ж. 56-58б.б.
2. Ш.Садықова. Толқындар тарауын қорытындылау. //Математика және физика №3. 2006ж. 58-59б
3. М.Құдайқұлов, І. Жаңабергенов “Орта мектепте физиканы оқыту әдiстемесi”, Алматы, “Рауан”, 1998 ж.
4. Қ.Сарбасова. Инновациялық педагогикалық технологиялар. Алматы, “Атлас баспасы-2001”, 2006 ж.
5. В.П.Горощенко, И.А.Степанов. Табиғаттанудан сабақ беру методикасы. Алматы, “Мектеп”, 1981ж.
6. Б.А.Кронгарт, С.М.Тезекеев. Физика және астрономия /есептер жинағы/. Алматы “Мектеп”, 2009ж.
7. Орехов В.П., Усова А.В. Физиканы оқыту методикасы. – Алматы “Мектеп”, 1978ж
8. Р.Башарұлы, Д.Қазақбаева, У.Тоқбергенова, Н.Бекбасар. Физика және астрономия -9 /Оқулық/. Алматы “Мектеп”, 2009ж.
9. Орта мектептегі физика практикумы: Дидактикалық материал В.А.Буров; Ю.И.Дик, Б.С.Зворыкин және басқалары; түпнұсқасының редакциясын басқарған А.А. Покровский. 1-басылымы– Аматы “Мектеп”, 1983ж.
10. В.А.Красильникова. Білімді ақпараттандыру ісінің түсініктемелік аппаратары. // Информатика. Физика. Математика №3. 2004ж. 2-4б.б.
11. С.А. Мұсаева, Т.Б. Бегалиев. Жас ерекшелік педогогикасы. Астана “Фолиант”, 2006ж.
12. Г.Өміржанова. Жарыс сабақ. // Физика және астрономия №3. 2007ж. 27б.
13. Ж.Б. Қаянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. Аматы “Рауан”, 1990ж.
14. Смағұлов Г. Сабақ тиімділігін арттырудың жолдары. // Математика және физика №1. 2006ж. 14-18б
15.Байбарақова Н. Сабақта оқушы белсенділігін дамыту. //Физика және астрономия. 2004ж №5 15б.
16. Керейқұлова Б. «Физика және өнер» тақырыбындағы ойын сайыс сабағы // Физика және астрономия. 2004ж №5 21-22б.б.
17.Сариева А. Білімді бекітуде оқушылардың іс-әрекетін дамыту: //Информатика. Физика. Математика. 2001ж. №5
18. Омар Е. Қарқындата оқыту- оқушы белсенділігі дамуының алғы шарты (физика пәнінен қызығуын арттыруда қарқындата оқытудың алатын орны) // Қазақстан мектебі. 2007ж. 53-54б.б.
19. Жаңғақбаев О. Оқушыларға физикадан үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері: // Математика және физика 2005ж. №6 39-40б.б.
20. Қазақстан Республикасының мектеп физикасынан білім беру тұжырымдамасы. // Информатика Физика Математика 1998ж. 3б.
21. Нұргелдиева Б. Физиканы оқыту әдістерінің ерекшеліктері. //Информатика Физика Математика 1998ж. №1. 18б.
22. Тұрманова Ж… Оқушылардың оқу белсенділігінің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері // Педагогика 2006ж. №3
23.Қарамурзин А. Физиканы мектепте оқытудың кейбір мәселелері. Алматы Мектеп 1984ж
24. Білдебаев Т. Қазіргі заман ұғымдары мен терминдерінің түсіндірме сөздігі– А.: Сөздік, 2001
25. Сабиров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы, “Мектеп”, 1978.
26. А.Е. Әбілқасымова. “Қазіргі заманғы сабақ”. Алматы. 2004.
27. Атамұратов Қ.М. Физика терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Алматы: Мектеп, 1981
28. Сабақ беру тиімділігін арттыру жолдары. //Республикалық ХХΙV педагогикалық оқулардың материалдары. Көкшетау.1987.
29. Ауданбаева Қ. Деңгейлiк тапсырмалар // Қазақстан мектебi,- 2003. -№1. -75б.
30. Мамырханова Л.Н Оқушылардың пәнге қызығушыларын арттырудағы халықтық педагогиканың ролi // Педагогический вестник, 2003, -№2 – 29
31. Төлегенов Ө. Оқытудың педагогикалық – психологикалық ерекшелiктерi // Бастауыш мектеп, -2001, -№1 -33
32. Керiмбаева Р. Оқушының дуниетанымын қалыптастыру.// Бастауыш мектеп, -2000, -№2 – 29
33. Сәтiмбекова М. Оқыту сапасын арттыру жолында //Бастауыш мектеп, -1989, -№7-37
34. Білдебаев Т. Қазіргі заман ұғымдары мен терминдерінің түсіндірме сөздігі– А.: Сөздік, 2001

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072346

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар