Физика сабақтарында ақпараттық технологияны пайдаланудың мүмкіндігі мен тиімділігі

30 сәуір 2016 - Еркеназ Алиева

РЕЗЮМЕ

  Применение информационных технологий в учебном процессе учителей и учащихся, расширяет возможности. Оно стало в настоящее время одной из актуальных проблем в использовании информационных технологий и безусловно гармонично.

ABSTRACT

The using of information technologies expands opportunities of both teachers and students. So competent using of information technologies is one of the main priorities.

Ақпараттық технологияны пайдалану мүмкіндігі мен тиімділігі атты жұмысында қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияны пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіндігі туралы айтылған.

Мектеп мұғалімдері үшін тиімділігі мынадай:

-  оқушының өз бетімен жұмысына;

-  уақытын үнемдеуге;

-  білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексерде;

-  сапалық есептерді шығаруда;

-  шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру.

Мұғалім сабағында ақпараттық технологиясының тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық технологияны пайдалану іс-тәжірибесі тиімді әдіс деп ойлаймын.

Үшінші мыңжылдық кезінде  қоғамның даму көрсеткіші ретінде ақпараттық қоғамға өту ісі алынады да, ал оның ең анықтаушы рөлін ақпарат түсінігі атқарады. Ақпаратқа жинау, сақтау, өңдеу және тарату тәсілдерімен құралдары динамикалық түрде өзгеріске ұшырап солар арқылы қоғамның инфрақұрылымы қалыптаса бастады.

Физикалық есептерді шығару процесінде электронды есептеу техникасын пайдалану оқушылардың шығармашылық жұмысының өнімділігін артыруға ықпалын тигізеді.

Ақпараттық технологияны пайдаланудың тиімділігі:

1.       қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы.

2.       қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі.

3.       экономикалық тиімділігі (бару, келу, тұрмыс тауқыметі, т.с.с материалдық шығынды қажет етпеуі).

4.       білім сапасына әсері зор.

5.       іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндермен тапсырмаларды  оқып үйренуде (би өнері, қол еңбек, дене шынықтыру т.с.с).

6.       қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ  пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі физикалық, химиялық, биологиялық тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді.

7.       оқушының ой-өрісін дүние танымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Физикалық процестермен құбылыстарды модельдеу оқу  процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы рөлі ерекше. Физикалық экперименттерді моделдеу мұғалімге сабақта физикалық ғылымдардың мағынасын тереңірек ашуға, оқушыларды физиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық құбылыстармен зерттеу әдістерін толық, түсіндіруге мүмкіндіктер береді.

Компьютерді пайдаланып есеп шығару процесін шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлуге болады.

-  есептің қойылуы;

-  математикалық модель құру;

-  алгоритм құру;

-  компьютерде бағдарламалау;

-  алған нәтижелерді талдау.

Сандық есептер, жай есептер, жаттығу есептері, формуланы есте сақтауға көмектесу үшін қажетті өлшем бірліктерінің мәліметтеріне есептің мәтіндерін қойып шығаруға үйретуге арналған есептер жатады. Шығару тәсіліне қарай сандық есептер: ауызша, эксперименталдық, есептеу және графикалық болып бөлінеді. [1,7-8бет]

1. Есептеу есептерін шығару бағдарламасының көптеген тақырыптарын жете түсініп, практикалық тұрыдан бекіту үшін қажет.

2. Графикалық есептер мен жаттығулар физикалық заңдылықтарды саналы түрде меңгеруге ықпал етеді. Графикалық есептерді шығаруда ЭЕМ-ді пайдалану оқушылардың техникалық қабілетін дамытады, олардың теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйретеді. Компьютерді пайдаланып шығарылған есептерден алған нәтижелер мен анықталған мәселелерді талдау оқушылар үшін өте пайдалы. Физикалық график есептеулерді шешуде ЭЕМ-ді пайдалану әрі дағдыны, әрі танымды дамытатын тартымды тәсіл болып табылады.

3. Сапалық есептерді шығаруда компьютерлік модельдерді пайдалану өте тиімді. Құбылысты, процесті зерттеуді еске түсіріп және көз алдына елестетіп, компьютерлік модель оқушының объект жөніндегі толық түріндегі және жинақтап қорытылған ақпаратты алу үшін объекттінің орнына жүреді.

Шығармашылық есептер-бұл шығару кезінде қандай да бір физикалық құбылысты түсіндіру арқылы орындала отырып, белгілі бір жағдайда құбылыстың қалай өтетініне болжам жасауды қажет ететін есептер. ЭЕМ көмегімен шығармашылық есептің нәтиесінде алған графиктерін схемаларын, суреттерін қадағалай отырып, ол қандай құбылыстарды түсіндіретінін, онда қандай сыр жатқанын ұғатындай дәрежеге көтеріле алады. [2, 20бет]

Физиканы оқыту процесін компьютерлендірудің түрлі жолдарымен жүзеге асыруға болады. Соның бірі қазіргі буынғы компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін есептер шығаруда кеңінен пайдалану.

Мысалы: «Электр тогы мен жұмысының практикалық бірліктері» тақырыбына байланысты өткен практикалық түрдегі сабақты қарастырайық. Сабақтың бастапқы кезеңінде оқушылардың тірек білімдерін қалыптастыру үшін «Электр энергиясы», «Электр тогының жұмысы мен қуаты» бұл шамалардың өлшем бірліктер жөнінде сұрақтар қойылып, белгілі физикалық фактілері айқындалды. Бұл үшін төмендегі блок-схема пайдаланылады

 

1.Физикалық факт

2.Проблеманың қойылуы

3. Болжамның ұсынылуы

4. Болжамның тексерілуі

5. Арнайы программа арқылы тапсырманың машинада орындалуы

6. Физикалық заңдылықтың негізделуі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Бұл кезеңде оқушылар алынған нәтиже бойынша физикалық заңдылықты тағайындап, негіздейді.

  Оқушыларға нақты сұрақтар қойылады:

1.      Экранда алынған график қандай заңдылықты көрсетіп тұр?

2.      Бұл заңдылықтан қандай қорытынды жасаймыз?

3.      Күнделікті тұрмыс үшін, еліміздің экономикасы үшін, осы айтылған жауаптарға байланысты қандай нәтиже жасауымызға болады?

Сабақтың осындай әдістемесі оқушылардың іскерлік қабілеттерімен компьютерлік сауаттылықтарын арттырады. Оқушылар физикалық білімдерімен қатар экономикалық білім элементерін де меңгереді. [3,84-102б]

Физика сабағында қарапайым есептерді шығаруда компьютерді қолдану өте тиімді. Себебі:

-             Оқушы уақытын үнемдейді;

-             Пәнаралық байланыс қалыптасады;

-             Оқушы өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;

-             Оқушының логикалық ойлау  қабілеті артады;

  Мысалы, 9-сыныптар үшін мынадай тапсырма берілсін:

  Жер бетіне жақын орналасқан дененің еркін түсу үдеуін есептеп шығарыңдар. Жердің массасы 5,976*1024, ал радиусы 6400км.

  Бер:

  M 5.976*1024кг *1024кг

  R 6400км=64*105м

  G=6.67*10-11Нм2/кг2

             т/к: g=?

  Шешуі:

  Бүкіләлемдік тартылыс заңы: Fт=GMm/R2

   Ауырлық күші: Fa=mg

                            Fт=Fa

                            mg=GMm/R2

                                   g=GM/R2

   программа   10 INPUT M. R.G

                      20 LET g=G*M/R2

                      30 PRINT «g=»;g

                      40 END

                      RUN F5 Enter

                     ?.6E+24, 64E+5, 6.67E-11Enter

                     g=9,8м/с2

  Бұл жерде ескерте кететін жай енгізілген айнымалыға мәнді  программалық тілде жазылу ретімен беру керектігін айта кету керек. Олай болмаған жағдайда есепте қате кетеді.

  Кез келген физика есебін осылайша компьютерде орындауға болады. Ол үшін оқушыларға енгізу, шығаруғ меншіктеу т.б. негізгі операторлардың атқаратын қызметтерін және түсіндіру керек.

  11-сыныпта физика сабағында Атом құрылысы тарауын оқушыларға түсіндіруде компьютерді қолдану тиімді болары сөзсіз, яғни жаңа оқу материалын қорытып, бекіту кезінде оқушылар өздері атомның құрылысымен электронды оқулық арқылы танысады. Олардың білімдері тест сұрақтарына жауап беру арқылы бағаланады.

  Дифракциялық тор тақырыбын оқушылар электронды оқулық арқылы танысады. Түсініктерін тексеру үшін оқушыларға сұрақтар қойылады және топшамалар беріледі. [3, 115-119бет]

  Физика сабағында ғалымдардың өмірбаяны Power Point программасымен дайындалып, презентация арқылы беріледі. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндік артады. Дыбыстық, графикалық, видео, мультимедия, гипертексттік элементтерімен қашықтан компьютерлік оқытудың мүмкіндігі пайда болады. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электронды оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал.

  Физика пәніне арналған электронды оқулық орта, сонымен қатар орта оқу орындарының оқушыларына физиканың «электр» курсын оқып үйренуге көмек ретінде жасалған. Бұл бағдарлама лабораториялырда эксперимент Компжүргізу арқылы практикамызды толықтыруға негізделген. Оқып үйренудің классикалық схемасын толықтырады. Программа монитор экранында электр схемаларын жинақтауды көрсететін, олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін зерттейтін кәдімгі физикалық экспериментте өлшенетіндей электр шамаларын өлшеуге болатын электронд конструктордан тұрады. Бағдарламаның  лабораториялық жұмыстары қосымша сипаттамаларымен түсініктемелерімен берілген. Лабораториялық жұмыстарды орындау кезінде оқушы схемаларды өз қолымен табиғи түрде жасап жатқандай әсерде болады. Бағдарлама өте қызықты адамды өзіне тартып алады.  Жаңа буын оқулықтарына арналған электронды оқулықтар қолданылуға беріледі.

  Мұғалім үшін электронды оқулық – бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады.[4,8-9бет]

  Компьютерді қолдану негізінде мектеп пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде жүзеге асады. Компьютерді пайдалану, физикалық эксперименттерді модельдеу – эксперименттің логикасын анықтайды, болжам жасау процесін белсенді етеді.

  Мектепте физиканы оқытуда компьютерді пайдалануға байланысты мынадай ұсыныстар жасауға болады.

1.  Мектептегі физика пәнін оқытуда компьютерлік техниканы пайдаланудың тиімді жолдарын ұйымдастыру.

2.  Физика сабағын компьютерлік оқытудың әдістемелік әдістерін үйретуді ұйымдастыру.

3.  Физика-информатика пәндерін кіріктіріп оқыту идеясын іске асыру.

 

         Пайдаланылған әдебиеттер:

1.    «Математика және физика» ғылыми-әдістемелік журналы, 2004ж, №3.

2.    «Физика» ғылыми-әдістемелік журналы, 2009ж, №4, 5-7бет.

3.    Қалығұлов А.Ж. «Физиканы оқыту методикасы». Алматы «Рауан» 1992ж.

4.    «Физика» ғылыми – әдістемелік журналы, №4.2010ж.

Осыған ұқсас жазбалар:

Кембридж9 сынып физика пәніне орта мерзімді жоспар (кинематика тарауы)

ФизикаДененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. Қуат (ҚМЖ)

ФизикаАвторлық қолданбалы курс бағдарламасы "Физика болашақ- мамандықта"

ФизикаСабақтың тақырыбы: Заттың тығыздығы.

ФизикаСабақтың тақырыбы: Метеорит

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124406

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар