Электр тоғының жұымысы мен қуаты

6 наурыз 2014 - Азат Сейылқан

 Мақсаты:

Білімділік:Электр қыздырғыш құрылымдарымен, жұмыс істеу принциптерімен таныстыру. Джоуль – Ленц заңымен таныстырып, оны токтың жұмысы мен қуатын есептеуде қолдану.

Дамытушылық:Топтық жұмыстар кезінде өзгеің пікірін сыйлау, өз көзқарасын ұтымды жеткізе алу және оны қорғай алу машығын дамытуға жағдай жасау

Тәрбиелік:Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, өз ойын дәйекті баяндай білуге баулу.

 

Көрнекі құралдар:жеке карточкалар, тест, топтық тапсырма.

 

 I.   Ұйымдастыру.

 

ІІ. үй жұмысын тексеру.

 

1. тест тапсырмалары

Тест А-1

1.Егер тізбектегі ток күші 8А болса, 20с ішінде өткізгіш арқылы қанша заряд өтеді?

а) 0,4 Кл; б) 16 Кл; в) 160 Кл; г) 2,5 Кл; д) 4 Кл.

2.Көлденең қимасы 0,5ммжәне кедергісі 8 Ом никелин өткізгіштің массасы неге тең? (никелиннің тығыздығы 8900 кг/м, меншікті кедергісі 0,42·10Ом·м)

а) 0,24кг;   б) 0,042кг;   в) 1,5кг;   г) 0,12кг;   д) 0,16кг.

3.Кедергісі 20 Ом өткізгіш арқылы 1мин ішінде 300 Кл заряд ағып өтсе, өткізгіш ұштарындағы кернеу қандай болғаны?

а) 50 В; б) 18 В; в) 200 В; г) 36 В; д) 100 В.

4.Ішкі кедергісі 0,09 Ом амперметрдің өлшеу шегін 10 есе арттыру үшін қандай шунт және оны қалай жалғау керек?

а) 0,01 Ом параллель;

б) 0,01 Ом тізбектей; 

в) 0,1 Ом параллель;

г) 0,1 Ом тізбектей;

д) 0,11 Ом параллель.

5.Тізбек бөлігі параллель жалғанған 9 және 6 Ом резистордан және тізбектей жалғанған 12 ом резистордан тұрады.Тізбек ұшына берілген кернеу 24В. Кедергісі 9 Ом резистордағы ток күші неге тең?

а) 0,15 А;  б) 0,24 А;  в) 0,28 А;  г) 0,31 А; д) 0,62 А.

 

Тест А-2                                                   

1.Электр қыздырғыштың спиралі арқылы өтетін ток күші 6А.Спиральдің көлденең қимасы арқылы 4с ішінде өтетін электрондардың саны:

а) 1,5·10;   б) 3·10;   в) 1,5·10;   г) 3·10;   д) 1,5·10.

2.Электр тізбегіне қосылған резистордың кедергісі 20 Ом.Резистордағы кернеу 50В. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1мин ішінде өтетін зарядтың шамасы:

а) 1000 Кл;  б) 30 Кл;  в) 100 Кл;  г) 2,5 Кл; д) 150 Кл.

3.Отыз бірдей шам параллель жалғанып, кернеуі 220В ток көзіне қосылған.Бір шамның кедергісі 1200 Ом.Осы тізбектегі ток күші:

а) 8 А;  б) 5,5 А;  в) 10 А;  г) 4 А; д) 12А.

4.Әрқайсысының кедергісі 300 Ом төрт кедергі алдымен тізбектей, сосын параллель жалғанған.Осы кезде олардың жалпы кедергісі қалай өзгереді?

а) 4 есе артты; б) 16 есе артты;   в) 16 есе кеміді; г) 4 есе кеміді;  д) өзгермеді.

5.Егер U кернеу көзіне жалғанған өткізгіште t уақыт ішінде Q жылу бөлінетін болса, осы уақыт ішінде өткізгіш арқылы өтетін электр заряды:

а) ;    б) ;    в) ;    г) ;    д) .

 

Тест жауаптары

нұсқа

1

2

3

4

5

А1

в

б

д

а

д

А2

а

д

б

в

б

 

 

2. Лездік сұрақтар

1)  Тоқ күшін өлшейтін құрал – (ампермерт)

2)  Қуатты өлшем бірлігі – (Ватт)

3)  Атомның теріс зарядталған бөлшегі – (электрон)

4)  Кернеуді өлшейтін құрал – (вольтметр)

5)  Ядроның бейтарап бөлшегі – (нейтрон)

6)  Электр зарядының өлшем бірлігі – (Кулон)

7)  Алғаш рет кернеу доғасы үрдісін байқаған орыс ғалымы (Василий Петров)

8)  1879 жылы электр шамдарын жетілдіруге атсалысқан әйгілі американ өнертапқыш. (Томас Эдисон)

9)  Эдисон шамының орташа жұмыс істеу уақыты қанша сағатты құрайтын. (800-1000)

 

 

ІІІ.  Жаңа тақырыпты түсіндіру

    Тогы бар тізбектегі электр энергиясының энергияның басқа түрлеріне айналуының өлшеуіші ток жұмысының, яғни өрістегі зарядтарды орын ауыстырғандағы электр күші атқаратын жұмыстың шамасы болып табылады.                            A=q·U

  мұндағы А  — электр өрісіндегі зарядты орын ауыстырғандағы жұмыс, q-заряд. Осы формуладан тұрақты токтың істеген жұмысын да анықтауға болады. t уақытта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы       q=It   заряд өтсін.    Сонда    A=I·Ut    болады.

Электр тогының жұмысы – ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең.

    SI  жүйесінде джоульмен (Дж) өлшенеді.      1Дж=1A·1B·1c

    Тізбектің бөлігіне арналған Ом заңы    және U=I·R негізінде келесі формулаларды аламыз.                                               A=I2·Rt,    

   II. Уақыт бірлігіндегі өндірілген токтың жұмысы электр тогының қуаты болып табылады.   Электр  қуаты P әрпімен белгіленеді.Қуат мынаған тең:   P =I U

Токтың қуаты табу үшін өткізгіштегі ток күші және кернеуді өлшеп, олардың көбейтіндісін табу керек.

     Сонымен қатар токтың қуаты үшін мына өрнектер дұрыс: P = I2R

Халықаралық бірліктер жүйесінде қуат  бірлігіне ватт алынған: 1Вт

  1ватт (1Вт) қуат бірлігіне  кернеуі бар тізбек бөлінгендегі  1А ток күшінің қуатын алады:       1Вт=1А·1В.                     1ватт=1ампер·1вольт.

      1 Ватт онша көп қуат емес.Тәжірибеде ватқа еселік болып келетін бірліктерді қолданады: гектоватт  1гВт=102 Вт;  киловатт 1кВт=103  Вт; мегаватт 1МВт=106 Вт.

       Токтың қуатын – өлшеуге арналған аспапты ваттметр деп атайды.Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр санауыш деп аталады.Электр санауышында ток жұмысының  1кВ·сағ=3,6·106 Дж   екенін есептеу қиын емес.

            Кейбірэлектраспаптарыныңқуаты, кВт·сағ

  Электр құрылғы

Қуаты, кВт

1.Шаңсорғыш

2.Электр үтігі

3.Кіржуатын машина

4.Шаш кептіргіш

5.Теледидар

0,65

0,6

0,5

0,4

0,3

Тұрғынүйгеберілетінкернеу U=220B болғанда, ондатұтынатын ток күші I=10A-ден аспауытиіс.Үйдетұтынушылардыңбірмезгілдепайдалануқуатыныңшектімәні:

    P=10 A·220 B=2200Bт=2,2Вт.

 1кВт*сағэлектрэнергиясыныңқұны тариф (В) деп аталады. Мысалы, Алматы тұрғындары үшін тариф 1кВт·сағ=20теңгетұрады, яғни В=20теңге/кВт

     Өткізгішбойымен ток өткенде, өткізгішқызады, яғни электр энергиясы ішкі энергияға айналады.

     Бұлметалдардағыеркінэлектрондарэлектрөрісіәрекетіненорынауыстырғанда, кристадық тор түйіндеріндеорналасқаниондарменсоқтығысыпжәнеоларғаөзэнергиясыныңбірбөлігінберуіментүсіндіріледі. Соныңнәтижесіндеиондарүлкенжылдамдықпентербелебастайды, өткізгіштіңішкіэнергиясыартадыжәнеоныңтемпературасыкөтеріледі.

  

 Өткізгіштердің қызуы олардың кедергілеріне тәуелді болады; өткізгіштің кедергісі неғұрлым үлкен болса, ол соғұрлым қатты қызады деген қорытынды шығуға мүмкіндік береді.

   Тәжірибе жүзінде тоқтың жылулық әрекетін ағылшын ғалымы Джоуль және орыс ғалымы Э.Ленц зерттеді. Олар бір – біріне тәуелсіз Джоуль – Ленц заңы деп аталатын заңды тағайындады.

   Өткізгіш бойымен ток жүрген кезде, өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорцинол болады:                     

                                                  Q=I2 Rt.

 

 

ІV. Есеп шығару, виртуалды зертхана тапсырмалары

                             

 

 

 

V. Қорытындылау, Топ бойынша өздік жұмыс

Күннен күнге өсіп келе жатқан әлемдік энергетикалық сұранысты қанағаттандыру үшін көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану ауаны ластап, атмосферадағы тепе-теңдікті бұзды. Ғалымдардың пікі­рінше, осы жүз жылдықтың соңына таман ауаның температурасы 6,4 градус жылы­нып, әлемдік мұхиттардың деңгейі 58 сантиметрге көтеріледі екен. Бұл – құрлықты тұншықтыратын топан судың алғашқы белгісі. Сондықтан да қазіргі таңда әлем сарапшылары дүркін-дүркін дабыл қағып, энергетикалық қуат шикі­заттарына балама табу мәселесін күн тәртібіне батыл қойып тұр.

Астана қаласында өткізілетін ЭКСПРО 2017 халықаралық көрмесінде жасыфл энегия басты тақырып ретінде алынып отыр. Оқушылар өз топтарында Қазақтанда жел энегриясы, АЭС және биоотын энегриясының даму болашағы туралы пікір сайыс жүргізеді.  

 

VI. Үй жұмысы :

№19-жаттығу есептеріжәне тарау  бойынша қайталау

 

VII. Бағалау

Әр кезең бойынша оқушылардың сабаққа қатысуы топ басшыларының қолындағы бағалау парақшасы бойынша талданып, жалпы ұпай саны шығарылады.  

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаДАРЫНДЫ оқушымен ЖҰМЫС

БиологияҚазақстандағы экологиялық проблемалар

Қазақ әдебиетіЫбырай Алтынсарин- қазақ балалар әдебиетінің атасы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103611

Пікірлер (1)
Асем Жалмукашева # 7 қазан 2014 в 22:13 0
Тақырыптың ғылымилығына көп көңіл бөліпсіз. Физиканы түсінуге талпынысы бар оқушылар үшін керемет сабақ. Айып болмаса, деңгейлік бағдарлама курсынан өттіңіз бе?

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар