"Азот.Азот оксидтері"

12 қаңтар 2016 - Ғалия оспанова

    Пәні:

  химия

Пән мұғалімі:  Оспанова Галия

  9- сынып

Сабақтың тақырыбы:

Азот. Азот қосылыстары..

 Күні:              

Сілтеме:

 

Нұрахметов Н.Н., Бекішев Қ.Б., Заграничная Н.А.,-Алматы: Мектеп, 2014.-206 б.

Мақсаты:

Периодтық жүйедегі азоттың орнына байланысты оны V топ элементі ретінде сипаттау; оқушыларды оның физикалық және химиялық қасиеттерімен таныстыру; азоттың маңызды қосылыстарының  құрылысын,  қасиеттерін, аммоний тұздарының маңызды қасиеттерін қарастыру;

Әдіс- тәсілдер:

СТО; диалогтық оқыту әдісі,  жеке, жұптық жұмыс, топпен жұмыс; ой қозғау, деңгейлік тапсырмалар, бейнероликтер, тест тапсырмалары

Оқып-үйренудің нәтижесі:

Топпен жұмыс жасай алады; сыни сұрақтар қояды және   сұрақтарға жауап бере алады:Ізденімпаздылық қабілеттері артады.

 Дереккөздер мен ресурстар:

нотбук, стикер, бояулар, үлестірмелер, бейнежазбалар, лабораториялық тәжірибелер

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Оқушының

іс -әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

— Оқушылармен амандасу.

— Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу. Ойсрегек«Атомдар мен молекулалар»

— Оқушыларды топқа бөлу. (2 топқа бөлу, топ жетекшілерін сайлау)

 

 

 

— Жұмбақ айту арқылы сабақ тақырыбын, мақсат, міндеттерін айқындау.

.Бірінші бөлігі көп емес мағанада, екінші бөлігі «тілсіз жау» мағанадағы химиялық элемент. Айтыңыздаршы ол қай элемент?.

 

 

 

 « Өзің еңбектену арқылы өзің үшін де басқалар үшін де барлығын өзің істейсің, ал еңбегің нәтижесіз болса, қаймықпа тағы да тырысып көр » деген орыстың ұлы ғалымы, химияның атасы Д.И.Менделеевтың сөзімен сабағымызды бастаймыз.

І. Жаңа сабақ.

Білу кезеңі.    «Ой шабуыл»  әдісі арқылы оқушыларға мәтін таратылып, жеке жұмыс жүргізіліп сұрақ  қойылады.

Сіздің ойынызша бұл мәтінде не туралы айтылатын болады?

 

Түсіну.   «Ойлан-жұптас- бөліс»  әдісі. Химиялық элемент таңбасы мен формулалары  бойынша оқушыларды жұптастыру.

1-жұп: Азот; Азот (ІІ) оксидтері.

ІІ –жұп: Азот (ІҮ) оксидтері; Оттек :

IIІ – жұп: Аммиак. Сутек .

ІV. Қолдану.  Деңгейлік тапсырма.

 Реакция теңдеуін толықтыр:

1.  N 2 +                 →   NH3

2. NH 3 +               →  NH 4OH

3. NН 4OH +         →  NH 4Cl

 

 

 Тапсырма.Сөйлемді толықтыр.

Аммиакты жинайды – аузын төмен қаратып  (неге?____________________________)

Анықтайды: иісі бойынша  (қандай?______________________________),

Лакмус қағазы көгереді (бұл нені білдіреді?____________________________)

Екі шыны  таяқшаны  алып, біріншісін аммиак суына, екіншісін конц. Тұз қышқылына батырып, екі таяқшаны бір –біріне жақындатса  түтінденеді (бұл нені білдіреді?______________________________________________________________________)

 

V. Талдау.«Топтық  жұмыс»

 Зертханалық тәжірибе. Бейнеролик.

«Азотты» және «Аммиакты»  лабораторияда алу бейнероликті көріп, сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасаңдар.

VІ. Жинақтау.

I-топ  «Графикалық диктант»

Тапсырма

Ия

Жоқ

1

Амииак – өткір иісті түссіз газ

+

 

2

Аммиактың формуласы – NO2

 

+

3

Аммоний тұздары суда ерімейді

 

+

4

Аммиактың судағы ерітіндісі аммоний гидроксиді

+

 

5

Аммоний хлориді тыңайтқыш ретінде қолданады

+

 

IІ-топ   «Сәйкестендіру тесті»

1

Донорлы –акцепторлы механизмі бойынша түзіледі

Ауаның 78% — ын құрайды

2

NH4 NO3

 

N2

3

Тыныс алуды қолдамайтын газ

Чили селитрасы

4

NaNO3

 

NH4+

5

Тыныс алуды қолдамайтын газ

Аммоний нитраты

 

VІI. Бағалау:

      -     Өзін –өзі бағалау қағазы таратылады.

      -     Сабақта белсенді қатынасқан оқушыларды ауызша марапаттау.

-          Жиынтық бағалау.

Үйге тапсырма:

§17.18 Тапсырмаларды орындау, оқу.             

   Рефлексия :

-          Оқушы мен мұғалім арасында дұрыс қарым – қатынасты тудыру.

-          Кері байланыс «ЕКІ жұлдыз, БІР тілек»

Мұғаліммен амандасады.

Ойынға қатысады.

 

 Элемент таңбалары арқылы «А» және «Б»

 топтасып столға орналасады.

 

Оқушылар сабақ тақырыбын оның оқып үйрену  мақсат, міндеттерін айтады.

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар мәтінді оқып, сұраққа жауап іздейді.

Әр жұп  өздеріне берілген тапсырманы бірлесіп орындап, сұрақтар қойып талқылайды.

 

 

Тапсырманы әрбір оқушы жеке орындайды.

         

 

 

 

 

 

 

Зертханалық жұмыс көріп қорытынды жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Алған білімдерін тексеру үшін графикалық диктант, сәйкестік тест, венн диаграммасын орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау  парағын

толтырады

 

 

Дәптерге жазып алады.

 

Кері байланыс парақшасын толтырады.

 

 


Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072369

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар