​ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ ДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН, ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

1 мамыр 2014 - infust
​ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ ДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН, ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

«Егер мұғалім ғылымға өзі беріліп, оны толық меңгеріп, сүйе білмесе, онда оқушыларды да ғылымға құлшындыра алмайды, мұғалімнің бұл саладағы еңбегі де жеміссіз болмақ», — деген ұлы ғалым Д.И.Менделеевтің өсиеті бар. Соған қарай қазіргі таңда оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін мұғалімнің қажырлы еңбегі және талантты балалармен жұмыс істеуі қажет. Ғылыми тәжірибе жасау, сонымен қатар экологиялық білімін көтеру мақсатында балалармен жұмыс істеу тиімді. Табиғат аясында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, тұжырым жасай білуге дағдыландыру, ғылыми конференцияларға қатыстыру, оқушының ойлау қабілетін дамыту, еңбекке баулу үлкен еңбек. Талабы таудай, қабілеті мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой.

Мектептің оқу-тәрбие жұмысындағы әдістеменің қайсысы болсын, оқушының сана-сезімін, ақыл-ойын дамытуды мақсат ететін болғандықтан, олардың дара ерекшеліктерін ескеру қаЖЕТ, Белгілі ғалым және педагог И.А.Каблуков, «Тек қана оқулықтан сабақ бергенше, химияны мүлде оқытпаған дұрыс»,- деп айтқандай зерттеулік жұмыстарды және практикалық тәжірибе жұмыстарын толық деңгейде жүргізбей оқушыларға сапалы білім беру мүмкін емес. Химия сабақтарында зерттеулі оқытуда қолданылатын негізгі әдістерді «химиялық талдау негіздері» пәнінен

алуға болады.

Талдау әдістері:

Химиялық әдіс, физикалық әдіс. Сапалық химиялық талдау әдісі: тамшылық әдіс, бөлшектеу талдау әдісі, жүйелі талдау әдісі.

Сандық талдау әдісі: гравиметриялық талдау әдісі, титриметриялық талдауәдісі. Жоғарыда берілген зерттеу жұмыстарында қолданылатын әдістердің бәрін бірдей мектеп зертханасында қолдану мүмкін емес. Көптеген негізгі әдістерді қолдануға қажетті реактивтер мен приборлар химия кабинетінде жетіспейді. Әсіресе, сандық талдау әдістерін қолдануға мектеп лабороториясында мүмкіндік жоқ. 8-9 – шы сыныптарда сарамандық жұмыстар мен эксперименттік есептер шығарғанда біз сапалық талдау әдісімен ғана шектелеміз.

Онда да жүйелі талдау әдісін қолдануға мүмкіндік жоқ. Қажетті реактивтер тапшы болған соң аниондар мен катиондарға сапалық реакцияны жасауда тамшылық әдісін пайдаланамыз. Бұл әдістің жасалу жолы қарапайым және реактивтерді үнемдеуге мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысының нәтижесі болу үшін, мұғалімнің басты міндеттерінің бірі — әрбір оқушының өз мүмкіндігін, қабілетін және икемділігін таныта білуге жағдай жасау. Себебі, оқушы шамасына қарай өз ісіне бейім болады, ал бейімділік – адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бетбұрысы, оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілетінің алғашқы белгісі. Шын мәніндегі бейімділік әрекетті құштарлықпен ғана емес, оны нәтижелі орындаумен ерекшеленеді.

Мәселенің өзектілігі:

-Жаңаны тез, өз бетімен игеріп, дұрыс түсінетін, даулы мәселелерді оң шеше білетін, істің мағынасын терең және нақты түсінуге тырысатын байқағыштық қасиеті өте жақсы дамыған, сауатты сөйлейтін, білімді нақты игеріп, оны практикада асыратын, химиялық таңбаларды, тілді, теориялық білімді тез меңгеріп, пәнаралық байланыстарға сүйеніп, химиялық үрдістің жүру барысына болжам жасай алатын жеке тұлға қалыптасады

— Мұғалімнің арнайы тапсырмалар дайындауы барысында оқушының ізденгіштік қасиеті үдей түседі;

— Әр жеке тұлғаның қабілетін ескеру арқылы өз аймағында дамуды қолдап әрекет ету қажет.

Зерттеу жұмысының сапалы болуына басты рөлді ең алдымен оқушының өз бетінше жүргізетін әрекеті, белсендігі атқарады. Мұндағы басты нәрсе, мейлі сабақ қанша сапалы, мұғалім білімді, шебер болсын, бала тарапынан ешқандай белсенді іс -әрекет байқалмаса, жұмыс нәтижелі деп айту мүмкін емес.

Қазіргі жаңа буын оқулықтары, оқытудың жаңа әдістері оқушылардың өз бетімен білім алып, дамуына мән беруде. Мұның өзі жас ерекшеліктері, қабілеттері әр түрлі деңгейдегі оқушының өз мүмкіндігін анықтауға жол ашуда. Кезінде өзіндік жұмыстың бала дамуындағы рөлін жете көре білген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ зиялыларының бірі – ағартушы ғалым А.Байтұрсыновтың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі — балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдарын көрсетіп отыру.

Химия сабақтарында оқушының шығармашыл қабілетін дамыту бірнеше бөліктерден тұрады: шығармашылық мотиві, шығармашылықпен ойлау қабілеті және оны шешу жолы, өзгемен бірлесе жұмыс істеу қабілеті, химияның түрлі саласы бойынша білімді қолдану тәжірибесі мен нәтижесі. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, тәжірибемде қабілетті жеке тұлғамен жұмысты мынадай жолдармен ұйымдастырамын:

Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстары:

а) сабақта оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы қабілетті балаларды тану.

Әрбір сабақ — мұғалімнің өз мақсатына жету уақыты. Сол себепті мен өз сабақтарымда күнделікті сабақ жоспарын жасауда оқушының өзіндік іс -әрекетіне қолдау болатын жұмыс түрлерін ұйымдастыруға көңіл бөлемін.

Өз бетінше жұмыс істеу – бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Онсыз оқушылардың шығармашыл қабілетін дамыту мүмкін емес. Егер оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен бейімділіктерін жүйелі түрде дамытып, олардың білім алуға шеберлігін және дағдысын дамытуға жағдай жасалса, әр оқушының өзіндік психологиялық ерекшеліктеріне сай жұмыс жүргізілсе, онда жалпы қабілеттілік те, арнаулы қабілеттілікті де жоғары деңгейде дамытуға болады. Қабілеттілік – адамның іс-әрекеті нәтижесінде дамып, ол жеке адамның ынтасына, бейімділік пен психологиялық үрдістер жиынтығына, шеберлік пен дағдысына байланысты болады. Білімнің жинақталуы адамның ынталануына септігін тигізіп, ал оның өзі жаңа білімді меңгеруге, сол білімді тереңдетуге, жан-жақты тұлға болып қалыптасуға жәрдем етеді. Жалпы қабілеттілік неғұрлым көбірек дамыса,. Химияға қызығатын еңбектің осы саласындағы әрекетке деген арнаулы қабілеттілігі қалыптасқан қызметкерлер ғана еліміздің химиялық зауыттарында, зертханаларда химиялық ғылыми зерттеу институттарында ойдағыдай еңбек ете алады. Оқушылардың химия сабағында зерттеу жұмысына деген қабілеттілігін қалыптастыру, 8-ші сыныптан бастап көптеген оқушылардың химияға әуес болатыны мәлім. Мұндай оқушылар үшін химиядан зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра отырып біз оларды өздігінен тиянақты білім алуға және жан-жақты дамуына қажетті алғышарттарды жасаймыз.

Зерттеулі оқыту – оқушылардың жалпы білім деңгейін көтеруге политехникалық ой -өрісін кеңейтуге жәрдем етіп және олардың химия саласындағы еңбекке тәрбиелеу үшін оқыту үрдісінде теорияны практикамен, еңбекті ғылыми шығармашылық жұмыстармен тығыз байланыстырады.

Оқушының белсенділігін, қызығуын арттыруда жүргізілетін өзіндік жұмыс түрлері:

1.Логикалық дамытушы ойындары берілген тапсырмалар.

2.Өзіндік зерттеу жұмыстарын беру.

Мысалы, 8-ші сыныптарда зат, заттардың қасиеті тақырыбын өту барысында оқушыларға жеке тапсырмалар берілді.

Көлемдері бірдей 1см3 болатын темір, мыс, қорғасын, алюминий үлгілері оқушыларға берілді. Металдарды зерттеу үшін таразы, магнит, спирт шамы берілді. Оқушылар заттың массасы, көлемі бойынша тығыздығын табуды физика курсынан біледі. Сол білімдерін пайдаланып төмендегі кестені толтырады.

Аты

Түсі

Көлемі

Массасы

Тығыздығы

Темір

Мыс

Алюминий

Қорғасын

Оқушыларды зерттеу жұмысы арқылы дайын материалдардан оқымай заттардың қасиеті туралы білімді зерттеу тәжірибе жұмыстары арқылы алады және алған білімі оқушылардың есінде жақсы сақталады.

Сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушының ерекше қабілетін ашу, балаларды танып, әрі қарай оқушының жеке тұлғасын дамытуға көмегін тигізеді. Зерттеуге қабілетті баламен ғылыми жұмыс, түрлі қызықты тәжірибелер жасаудың тиімділігі өте жоғары Химия сабақтарында сегізінші сыныптан бастап химия ғылымына деген қабілеті, бейімі және икемділігі бар оқушыларды сабақ барысында жеке өзіндік жұмыстар және түрлі логикалық сұрақтары бар тестер, эксперименттік есептерді орындату арқылы анықтаймын.

Шығармашылық жұмыстарды жүргізу барысында оқушылардың ғылыми қоғамының химия секциясындағы оқушыларға жеке шығармашылық жұмыс жүргізу үшін қоршаған орта және экология бағытында әр түрлі тақырыптағы жұмыстар берілді.

ОҒҚ — ның мүшесі 9-сынып оқушысы Шалабаев Жандосқа «Құлан ауылының жер асты суларының құрамы» деген тақырып берілді.

Жұмыс барысында оқушыға төмендегідей нұсқаулар бердім:

1.Тақырыптың көкейтестілігі. Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу.

2. Зерттеу проблемасы. Тақырыптың практикада қолдану қажеттілігін анықтау.

3. Зерттеудің мақсатын анықтау.

4. Зерттеудің міндеттерін анықтау.

5. Зерттелетін нысанды анықтау.

Зерттеу нысаны ретінде оқушы артезиан құдықтарын алды.

1. 15 м тереңдіктегі артезиан суының құрамын сапалық талдау әдісімен мектеп зертханасында тәжірибе жүзінде анықтады. Жұмыстың екінші бөлімі 100 м тереңдіктегі артезиан суының құрамын анықтау болды. Бұл жұмысты орындауда оқушыға сандық талдау әдісімен жұмыс жүргізу ұсынылды. Сандық талдау әдісін мектеп зертханасында жүргізудің мүмкін болмағандықтан аудандық СЭС орталығымен бірге жұмыс жүргізілді. Жүйелі жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 9 – сынып оқушысы Шалабаев Жандос «Құлан ауылының жерасты суларының құрамы» тақырыбында жүргізген зерттеу жұмысы облыс көлемінде 2-ші орын алды. Сонымен қатар осы оқушы химия пәнінен өткізілген Қазақстан Республикасы Кіші ғылым Академиясының 35-ші Республикалық ғылыми –тәжірибелік конференциясында 3-ші орынның иегері болды.

Дарындылықтың негізгі сипаттарының бірі танымдық қызығудың ерте оянуы деп білсек, болашақта оның шығармашыл тұлға болып қалыптасуы сөзсіз. Ал мұндай тұлғалар қоғамның сұранысына ие болады және оның дамуының басты жетістігі. Сондықтан өзінің табиғи қабілетінің өзгешелігі жоғары екенін сезінген баламен жұмыс істеу мұғалімнен үлкен жауапкершілік талап етеді. Оқушының шығармашыл қабілетін дамытуда ұстаз басты рөл атқарады. «Ғылым – адам үшін» демекші, бірлескен шығармашыл күш адами қасиеті мол жеке тұлғаны қалыптастыратын болады.

Тіркеу формасы:

Тегі, аты-жөні: Шалабаев Смағұл Ақынбасұлы

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:

Мекеме, лауазымы: Ш.Уәлиханов орта мектебі, химия пәні мұғалімі

Мекен –жайы: Ұлтарақов №1

Мақала тақырыбы: ОҚУШЫЛАРДЫҢТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУҮШІНхимия пәнінОҚЫТУДА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖӘНЕ шығармашылық жұмыстардың тиімділігі.

Секция: химия

Керекті техникалық құрал: интерактивті тақта

Осыған ұқсас жазбалар:

Іс-шара мәліметтеріҰстаздық шығармашылық

ХимияГалогендер

ХимияХимия сабағында эксперименттік есептерді шығаруда сыни ойлану

Ұстаз үніДарындылыққа апарар жол

Күнтізбелік жоспарХимия пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141070

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар