Оттек аллотропиясы.Озон және озон қабатының маңызы.Заттардың жануы

26 қыркүйек 2014 - Тлектес Сидакова

Уақыты: 23.01.14ж.

Сыныбы: 8а

Сабақтың тақырыбы: Оттек аллотропиясы.Озон және озон қабатының маңызы.Заттардың жануы.

Сабақтың міндеті:

1.Оқушылар оттектің аллотропиясымен танысады.

2.Олардың бір-бірінен айырмашылығын табады.

3.Олардың маңызын біледі.Сабақтың

мақсаты: Оқушыларды оттектің түр өзгерісі –аллотропиясы туралы мәліметтермен қамту.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар сабақтың соңында *Аллоторпия деген сөздің мағынасын түсінеді*Озонның ауа қабаты екенін біледі*Заттардың жануы қалай жұретінін, реакция теңдеуін жазып біледі.Негізгі идея: Бұл сабақтың негізгі идеясы сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша жаңа сабақты меңгеру.Сабақ барысында үндемей отырған оқушыларды сөйлету.

Іс-әрекеттер: 1.Сынып ахуалын тудыру.Көңілді шеңбер, шеңбер түзу,өз-өздері туралы есіміне сын есім қосып таныстыру.Мысылы мен Айнамын ақ –жарқынмын, сабақта дарындымын.

2.Топқа бөлу.Электрохимиялық кернеу қатарындағы металдар бойынша бөлу.Балдарды тұрғызып қойып әрқайсысна химиялық элементтер беру.Үш топ :1-топ Натрий-белсенді металл2-топ Купрум(Мыс)-белсенсіз металл3-топ Мырыш-орташа белсенді металлТоп басшылары сайланады.элемент көрсетемін, кім бірінші жауап берсе сол топ басшысы болады.Топ басшысы өзінің тобында –хатшыны, бақылаушыны, баяндаушыны, Тайм киперді сайлайды.

Тапсырмалар:Ұй-жұмысын сұрау.Теориясы:«Білу»(Не? Нені?Қалай?Қашан?)Теориясы:«Түсіну»(Қандай? Не себептен? Не үшін?)Теорияны:«Жинақтау» 1.Қызығушылықты ояту.Миға шабул.Өткен тақырыптан сұрақтар беру.1.Оксидтер неше элементтен құралады? 2.AL(III) валентті оксидінің формуласы қалай жазылады?3.Оның халықаралық аталуы қалай?4.Жану реакциясы дегеніміз не?5.Бір жәй зат оттекпен әрекеттессе онда қандай қосылыс түзіледі?6.Жылу бөле жүретін реакция қалай аталады.7.Жылу сініре жүретін реакция қалай аталады?8.Жылу эфектісі қосылып жазылған теңдеу қалай аталады?9.Оттек метал ма, бейметал ма?10.Сұйық оттек сақталатын ыдыстың аты?Әр сұраққа 2-ұпайдан.Шкаласы:2-5-----бағасы -36-8-----бағасы-49-10---бағасы -52.Мәтінмен танысу.3-топқа мәтін тарқатамын.1-топ.Оттек аллотропиясы деген не?Қанша түрі бар, сипаттау?2-топ.Озон қабаты қалай түзіледі? Пайдасы?3-топ.Заттар ауада қалай жанады? Не түзіледі? Түсініктерін постер бетіне түсіреді.1-топ.Оттек аллотропиясының бір-бірінен қандай ерекшелігі бар?2-топ.Озон қабаты қандай себептермен жұқарып жатыр.3-топ.Заттар ауада жанғанда ,қандай құралдар арқылы сөндіреміз. А)Адамның киімі жанғанда Б)Бензин жанғанда В)Ағаш жанғанда Оқушылар ауызша айтады.Венн диаграммасы Практикасы:Қолдану Сөзжұмбақ К Е Т Т О 1.Ғарышта кездесетін элемент.Сутек2.М.В.Ломоносовты, А.С. Пушкин қалай бейнелеген? Шешен3.Сілтілік метал.Литий4.Табиғатта фотосинтез процесі арқылы қандай газ бөлінеді? Оттек5.Ең қатты метал? ОсмийФормативті бағалау Өз-өздерін бағалау, топ басшысы бағалауКейінгі тапсырмалар. Озонға эссе жазып келу.Интервью Бүгінгі сабақ ұнады ма?Қандай кедергілер кездесті?

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліҚыс. Қазақ тілі 5 сынып

КембриджАфриканың жер бедері мен пайдалы қазбалары (ҚМЖ)

Ұстаздарға« Оқытуды жақсартуда оқыту үшін бағалауды тиімді ұйымдастыру »

БастауышМал баласын сүйеді. Сөз (Кембридж бағдрламасы)

Қазақ тіліКөктем. Қазақ тілі 4- сынып

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141171

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар