10-сыныпқа химия пәніне арналған мектеп құраушысы.

13 қыркүйек 2016 - Бақыт Уалихан

Тақырыбы: «Жұмбақталған химиялық есептер»

11 сыныптың жаратылыстану- математика бағытына арналған бағдарлама.

Түсінік хат. (11 сынып. Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат).

Химиялық білім жаратылыстанудың өзегі ретінде, «адам-зат» күрделі қатынасына, одан әрі үңілсек, «зат- материал- практикалық іс- әрекет» қатынасын айқындайды. Жаратылыс туралы ілгері ұғымдар химияның нақты материалдары арқылы көрнекі сипат алып, ақыл- ой мен зердені дамытуға жол ашады. Мектептегі химиялық білімнің қолданбалы аспектісі де аса маңызды. Әрбір түлекке қай салада еңбек етсе де, химияға тікелей қатынасы жоқ болса да, күнделікті өмірінде химиялық білімнің белгілі мөлшері қажет. Химиялық білім адамды экологиялық сауатты, өзіне де, өзгеге де қауіпсіз іс- әрекетке дағдылануды көздейді. Бұл бағдарламада бейорганикалық және органикалық заттардың физикалық және химиялық қасиеттері бойынша жұмбақталған химиялық есептердің шешу әдістері, шешу үлгілері, оқушылардың өз бетімен шығаруына арналған топтамасы және химия олимпиадаларына дайындалуға арналған есептерді шешуге негізделген. Бағдарлама негізінен химиялық және физикалық қасиеттеріне сүйене отырып, жұмбақталған есептерді шешудің үлгілерімен таныса отырып шешуге жұмыстану. Курс- мектеп оқушыларына келешектегі оқу бағытын таңдап алуға көмек көрсетуші құрал болып табылады. «Жұмбақталған химия есептері» курсы аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағатқа енгізілген. Сонымен қатар бұл курстың зерттеушілік те рөлі бар. Сабақтың кейбір бөлігі оқушылар орындайтын практикалық жұмыстар.

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаШәкәрім Құдайбердіұлы "Қалқаман - Мамыр" 8-сынып

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141954

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар