8 сыныпқа химия пәнінен өткізілген ашық сабақ жоспары

24 қыркүйек 2015 - Ажар Алтыбаева
8 сыныпқа  химия пәнінен өткізілген ашық сабақ жоспары

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы №9 жалпы орта білім беретін мектептің химия пәні мұғалаімі Алтыбаева Ажар Әлиқызы

8 сыныпқа өткізілген ашық сабақ тақырыбы: Химиялық байланыстың негізгі түрі


Күні: 10.12.2014жыл

Сыныбы: 8 «в»

Ашық сабақтың тақырыбы: Химиялық байланыстың негізгі түрі

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың химиялық байланыс туралы білім алуына жағдай туғызу;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеті мен дүниетанымдарын кеңейту;

Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын ояту, бірлесіп жұмыс жасауға өзгенің пікірімен санасуға

тәрбиелеу

Әдісі: Ой қозғау, түсіндіру, сұрақ жауап

Көрнекілігі: Периодтық кесте, сызбалар

Күтілетін нәтиже: 1. Химиялық байланыстың негізгі түрі туралы түсінеді;

2. Тапсырмалар орындай алады.

І Қызығушылықты ояту

    1.Сабаққа психологиялық дайындық

    2.Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ – жауап:

1 Электртерістік деген не?

Кез келген элемент атомының өзіне электрон ды тарту және тебу қабілетін қоса сипаттау

үшін салыстырмалы электртерістік деп аталатын шама қолданылады.

2 Электртерістілік пен электртерістік ұғымдарының айырмашылығы неде?

Энергетикалық мәндері бойынша тарту күштері әрдайым тебу күштерінен басымдау болады.

Атомдардың өзіне электрондарды тарту қабілетін электртерістілік деп аталады.

3 Периодта және негізгі топшада орналасқан элементтердің электртерістіктері қалай өзгереді?

Әр периодта элементтердің электртерістіктері солдан оңға қарай өседі. Сондықтан электртерістіктің ең

үлкен шамасы F, ең кіші шамасы Cs.

4 Периодтарда элементтердің электртерістігі солдан оңға қарай өсетін себебін түсіндір.

Период бойынша элементтердің атом ядроларының зарядтары артқан сайын олардың сыртқы электрондық

қабаттарын толтыру аяқтала бастайды. Осыған сай элементтердің бейметалдық қасиеттері күшейіп

олардың электртерістіктері артады.

5 Кестенің көмегмен электртерістіктерінің өсу ретімен орналастырыңдар: P, Mg, B, Cs, O, Si, K, C, H, Li, F, S.

F>O>S=C>P>H>B>Si>Mg>Li>K>Cs

    3.Ой қозғау: «Жедел жауап»

    1.Сутегідегі протон саны (1)

    2.Периодтық жүйедегі элементтер саны (110)

    3.Периодтық жүйені ұсынған (Д.И. Менделеев)

    4. Электртерістік деп (Атомның өзіне электрондар тарту қабілеті)

    5. Оттегіндегі нейтрондар саны (7)

    6.Электртерістігі ең үлкен элемент (F)

    7. Электртерістігі ең кіші элемент (Cs)

    8.Атомдары электрондарын өзіне қарқынды қосып алатын элементтер периодтың қай жағында орналасқан

    (период соңында)

    9.Белсенді металдардағы электртерістігі жоғары элемент (Li)

    10.IV топтың негізгі топшасының басында тұрған бейметалл элемент ©

ІIМағынаны тану

4.Жаңа сабақ:Химиялық байланыстың негізгі түрі

    Жаңа сабақтың жоспары:

    I Химиялық байланыстың түзілуі.

    II Химиялық байланыстың типтері.

    III Ковалентті полюссіз байланыстың түзілуі.

    IV Ковалентті полюсті байланыстың түзілуі.

    V Иондық байланыс.

    I Химиялық байланыстың түзілуі.

Заттың химиялық қасиеттеріне сүйіне отырып, оның молекуласының құрылысын анықтауға болады.

Сонда жұптаспаған электрондар жұптасу үшін атомдар арсында химялық байланыс түзіледі.Сыртқы валентілік электрондарын 8 ге толтыру үшін электіртерістілігі төмен элементтер беріп жіберсе, электіртерістігі жоғары элементтер қосып алуға бейім.Сондықтан арасында байланыстүзіледі.

Химиялық байланыстың 1916 жылы американ ғалымы ЛЬЮИС теориясын ұсынды.

Реагент заттар бөлшектерінің біртұтас жаңа затқа айналуына әкелетін әрекеттесу химиялық байланыстың арқасында іске асады.Электртерістік ұғымының көмегімен жай және күрделі заттар түзілгенде пайда болатын химиялық байланыстардың мынадай типтерін анықтауға болады:

    II Химиялық байланыстың типтері.

    <img width=«404» height=«41» src=«file:///C:/DOCUME~1/Admin/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image001.gif» alt=«Подпись: Химиялық байланыс» v:shapes="_x0000_s1026">
    <img width=«46» height=«37» src=«file:///C:/DOCUME~1/Admin/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image002.gif» v:shapes="_x0000_s1028"> <img width=«42» height=«36» src=«file:///C:/DOCUME~1/Admin/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image003.gif» v:shapes="_x0000_s1029">

    <img width=«106» height=«37» src=«file:///C:/DOCUME~1/Admin/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image004.gif» alt=«Подпись: полюссіз» v:shapes="_x0000_s1032"><img width=«31» height=«57» src=«file:///C:/DOCUME~1/Admin/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image005.gif» v:shapes="_x0000_s1033"><img width=«44» height=«58» src=«file:///C:/DOCUME~1/Admin/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image006.gif» v:shapes="_x0000_s1034"><img width=«106» height=«37» src=«file:///C:/DOCUME~1/Admin/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image007.gif» alt=«Подпись: полюсті» v:shapes="_x0000_s1031"><img width=«136» height=«43» src=«file:///C:/DOCUME~1/Admin/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image008.gif» alt=«Подпись: Ковалентті» v:shapes="_x0000_s1030"><img width=«109» height=«43» src=«file:///C:/DOCUME~1/Admin/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image009.gif» alt=«Подпись: Иондық» v:shapes="_x0000_s1027">

    Ортақ электрон жұбына сай келетін екі атом ядроларының арасындағы электрон бұлты арқылы түзілетін химиялық байланыс к о в а л е н т т і к байланыс деп атайды.

    III Ковалентті полюссіз байланыстың түзілуі.

    Электртерістіктері бірдей атомдар арасында коваленттік полюссіз химиялық байланыс түзіледі.Мәселен, молекулалары өзара бірдей екі атомнан тұратын жай заттар: H2, O2, N

    2, CI2, F2, т.б. Коваленттік полюссіз байланыс нәтижесінде түзіледі.

    Электіртерістіктері бірдей сутектің екі атомының әрекеттесіп молекулаға айналуын қарастырайық.Сутек атомы оң зарядты ядродан және оны қоршаған шар пішінді электрон бұлтынан тұратындығы белгілі.Осындай екі атом әрекеттескенде, олардың электрон бұлыттары жақындасып бірімен-бірі араласады.

    Екі атомның ядроларының дәл ортасында болатын мұндай араласу аймағында электрон бұлтының тығыздығы артатындықтан, екі атомның ядросы да оған күштірек тартылып, тұрақты жаңа жүйеге – молекулаға айналады.Екі атомды біріктіретін электрондар өзара екі ядроға ортақ электрон жұбына айналып, сутек молекуласын түзуге көмектеседі.

    Сыртқы қабатта орналасқан валенттік электрондарды нүкте түрінде көрсетеді. Екі атомға ортақ электрон жұбын олардың химиялық белгілерінің ортасына орналастырады.Сонда сутек молекуласының тузілуін былайша корсетуге болады:

    ·H+ · HH∙∙H

    атом атом молекула

    Әректтесуші атомдардың ядроларынан бірдей қашықтықта бірдей орналасқан ортақ электрон жұбы арқылы түзілетін байланысковаленттік полюссіз деп аталады.

    IV Ковалентті полюсті байланыстың түзілуі.

    Жалпы алғанда әрекеттесуші атомдардың электіртерістіктерінің айырмашылықтарына байланысты, көбіне молекулалар ковалентті поюсті байланыс түзеді. Коваленттік полюсті байланыс көбіне қышқылдарға тән.

    Мысалы, хлорсутек молекуласында электрон жұбы хлор атомына қарай ығысқан:

    ∙∙ ∙∙

    ∙H + ∙Cl ∙∙ → H ∙∙Cl∙∙

    ∙∙ ∙∙

    Полюсті молекулалар ығысқан кезде атомдар қосымша зарядқа ие бола бастайды. Молекуланың бір жағы оң, ал екінші жағы теріс зарядталады: H+:CI-.Мұндай молекулалар полюсті деп аталады.

    Ортақ электрон жұбы әрекеттесуші атомдардың біреуіне қарай ығысқанда пайда болған байланыс ковалентті поюсті деп аталады.

    V Иондық байланыс.

    Иондық байланыс деп – қарама – қарсы зарядталған иондар арасындағы байланысты айтады.

    Металл мен бейметалл арасында түзіледі.

    Ион – бұл электрон беру немесе алу нәтижесінде түзілетін зарядталған бөлшек.

    Өзінің сыртқы валенттік электрондарына сай элкетрон бұлтын берген атомдар оң зарядты катиондарға, ал осы электрондарға сай бұлтты қосып алған атомдар теріс зарядты аниондарға айналады.

    Электронды беру металдарға, ал электрондарды қосып алу көбіне бейметалдарға тән қасиет.

    Мысалы: Ас тұзы NаСІ иондық байланыс арқылы түзіледі. Хлор атомы натрий атомының бір электронын қосып алып теріс зарядты (CI- ионы), ал натрий атомы бір электронын беріп жіберіп оң зарядты (Na+ ионы) иондарға айналады.Бұл процесті былай бейнелеуге болады:

    <img width=«662» height=«202» src=«file:///C:/DOCUME~1/Admin/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image011.gif» v:shapes=«Рисунок_x0020_19»>

    Химиялық байланыстың түзілуі.

    Байланыс түзуші бөлшектер

    Әр түрлі химиялық байланыстың түзілуі

    Байланыс қалай түзіледі

    Химиялық байланыс түрлері

    Әр түрлі химиялық байланыстағы заттар

    Бейметалл атом-

    дарының бір түрі

    Бейметалдардың

    әр түрлі атомдары

    Металдармен

    бейметалдар

    атомда ры

    Н·+·Н→Н: Н

    : СІ·+·СІ:→: СІ: СІ:

    Н·+СІ:→Н: СІ:

    Nа·+·СІ:→Nа+(: СІ:)-

    Электрондардың жұптасуы арқылы

    Электрондардың жұптасуы арқылы

    Металлатомдарынан бейметалл атомына электронның ауысуы және түзілген

    иондарының электростатикалық тартылуы арқылы

    Ковалентті полюссіз

    Ковалентті полюсті

    Ионды

    Н2, СІ2, О2, Вr2, F2, N2

    НСІ, НВr, НI, Н2S, т.б.

    NaCI, NаF, К2S, Li2О, NаВr т.б.

      5.Сыныппен жұмыс:

      №1. Химиялық пирамиданың шыңына шығу жолы – қосылыстардағы ионды химиялық байланыс.

      Осы заттардағы байланыстың түзілу сызбасын сызыңдар.

    <img width=«668» height=«227» src=«file:///C:/DOCUME~1/Admin/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image013.gif» v:shapes=«Объект_x0020_8»>

    №2.Кесте толтыру

    Иондық қосылыстарқосылыстар

    Полюссіз

    ковалентті

    Полюсті

    ковалентті

    1 NaI

    1 N2

    2S

    2 ZnF2

    2 O2

    2НI

    3 H2SO4

    3 Br2

    3 PH3

    4 К2S

    4 I2

    4 НСІ

    Жоғарыда берілген кестенің сәйкес бағанына мына заттарды толтырыңыз

    NaI, ZnF2, N2 ,H2SO4, PH3,O2, Н2S, I2, Br2, НI, НСІ, К2S

      ІІІ Толғаныс

      6.Венн диаграммасы:

      Иондық және ковалентті байланыс

    <img width=«620» height=«152» src=«file:///C:/DOCUME~1/Admin/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image014.gif» v:shapes="_x0000_s1035 _x0000_s1036 _x0000_s1037">

    7.Сабақты бекіту:

    «Химиялық диктант»

    1.Электртерістік дегеніміз не?

    А)атомның электрон беру қабілеті

    Б)қосылыстағы атомнығ электронды өзіне тарту қабілеті.

    С)атомның қосылыстағы белгілі валенттік көрсететін қасиеті.

    2.Элементтердің электртерістілігі период бойынша қалай өзгереді?

    А)солдан оңға қарай өседі

    Б)алдымен өседі, сосын кемейді

    С)артады

    3.Элементтердің электртерістілігі топ бойынша қалай өзгереді?

    А)артады

    Б)алдымен өседі, сосын кемейді

    С)кемейді

    4.Иондық байланысы бар қосылыстардың қатарын көрсетіңіз

    а)NaF CaF2 Na2SO4

    б) N2 Na2S HF

    с) K2SO4 O2

    5.Полюссіз ковалентті байланысы бар қосылысты көрсетіңіз

    а) Na2SO4 б) HF с) O2

    6.Полюсті ковалентті байланысты қандай элемент атомдары түзеді?

    А)электртерістігіайқын айырмашылық бар элемент атомдары

    Б)электртерістігі бірдей

    С)электртерістігінде айырмашылық аз.

    7.Ковалентті полюссіз байланысы бар қосылыстар қатарын көрсетіңіз

    а)F2 O2 N2 C8 б) N2 Na2S HF С) NaF CaF2 Na2SO4

    8)Ортақ электрон жұбы арқылы түзілген байланыс қалай аталады?

    А)иондық б)коваленттік с)металдық

    9.Оттек молекуласы түзілгенде неше ортақ электрон жұбы түзіледі?

    А)1 б)2 с) 3

    10. Иондық байланыс қалай жасалады?

    А)атом электронын электртерістілігі жоғары Атомға беруі

    Б)ортақ электрон жұбының түзілуі

    С)электрондардың жалпылануы

    Жауаптары

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    10

    Б

    А

    С

    А

    С

    С

    А

    Б

    Б

    А

    8. Бағалау:

    9.Үйге тапсырма:$63,64. 2-3 жаттығулар.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119636

Пікірлер (2)
Базаргүл Алтынбекқызы # 5 қазан 2015 в 21:28 0
Химия пәні оқыту элементтерін қажет ететін пән, білім негізі 8 сыныпта қалыптасатыны белгілі.
акнур # 15 желтоқсан 2015 в 11:25 0
өте дұрыс айтасыз. сондықтан 8-9сынып оқушыларды қызықтыратындай сабақтар құру керек.рахмет осындай сабақ өткен әріптеске.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар