9 сыныптың химия пәнінен емтихан билеттері

23 ақпан 2016 - Маржан Жакина

                          Химия пәнінен   9 – сыныпқа арналған  емтихан  билеттері     2015-2016 оқу жылы                                                                              

№ 1 билет.

1.      Атом  құрылысы  туралы  ілім  тұрғысынан  Д.И. Менделеевтің  периодтық  заңы және  химиялық  элементтердің  периодтық  жүйесі.

2.      Тәжірибе.  Амфотерлі  гидроксид  алу  және  оның  екідайлылық  қасиетін дәлелдеу.

 

№  2  билет.

1.    Металдар,  олардың  Д.И.Менделеевтің  химиялық  элементтердің  периодтық

        жүйесіндегі  орны,  атом  құрылысы  (натрий, магний, алюминий мысалында).

       Оларға  тән  физикалық  және  химиялық  қасиеттері.

2.    Есеп.  Реакция  үшін  қажетті  газдың  белгілі  зат  мөлшері  (немесе көлемі)   

a.    бойынша  2 – газдың  зат  мөлшерін  (немесе көлемін)  есептеп  шығару.

 

№  3  билет.

1.      Бейметалдар,  олардың  химиялық  элементтердің  периодтық  жүйесіндегі  орны,

атом  құрылысы  (хлор, оттек, азот мысалында).  Бейметалдардың  физикалық 

қасиеттері.  Химиялық  қасиеттері (металдармен, сутек және оттекпен реакциясы

мысалында).

2.      Есеп.  Бастапқы  зат  массасы  белгілі  болса  реакция  өнімінің  біреуінің   зат

мөлшерін  есептеу.

 

№  4  билет.

1.    Зат  құрылысы:  химиялық  байланыстың  түрлері.  Кристалдық  тор  түрлері.  Зат  қасиетінің  атом  құрылысына  тәуелділігі.

2.    Тәжірибе.  Қышқылдарға  тән  реакцияларды  жасау (тұз қышқылы мысалында).

 

№  5  билет.

1.    Электролиттік  диссоциация  теориясының  негізгі  қағидалары.  Қышқыл,  негіз,

a.    тұздардың  электролиттік  диссоциациясы.  Ион  алмасу  реакциялары,  оның

b.    жүру  жағдайлары.

2.    Тәжірибе.  Оттекті  алу  және  жинау.  Осы  газдың  ыдыста  бар  екенін  дәлелдеу.

 

№  6  билет.

1.      Жай  және  күрделі  бейорганикалық  заттар,  олардың  құрамы  және  жіктелуі.

Бейорганикалық  қосылыстар  кластары  арасындағы  генетикалық  байланыс.

2.      Есеп.  Құрамында  массалық  үлесі  белгілі  қосындысы  бар  бастапқы  заттың

массасы  белгілі  болса,  алынатын  газдың  зат  мөлшерін  (немесе көлемін)

есептеп  шығару.

 

 

 

 

№  7  билет.

1.      Химиялық  реакциялардың  жіктелуі (заттың сандық және сапалық өзгерісі, жылу

эффектісі, қайтымдылығы, тотығу дәрежесінің өзгеруі, өршіткі қатысуы бойынша).

2.      Тәжірибе.  Мыс (II) хлориді  мысалында  берілген  тұздың  сапалық  құрамын

анықтайтын  реакцияларды  жасау.

 

№  8  билет.

1.      Электролиттік  диссоциация  теориясы  тұрғысынан  қышқылдар.  Қышқылдардың

химиялық  қасиеттері.  Металдар,  негіздік  оксидтер,  негіздер,  тұздармен   

әрекеттесуі (тұз және күкірт қышқылдары мысалында).

2.      Есеп.  Формуласы  берілген  заттағы  химиялық  элементтің  массалық  үлесін

есептеу (%).

 

№  9  билет.

1.      Электролиттік  диссоциация  теориясы  тұрғысынан  негіздер.  Химиялық  

қасиеттері.  Бейметалдар  оксидтері,  қышқылдар,  тұздармен  әрекеттесуі.

2.      Тәжірибе. Өзен  құмымен  ластанған  ас  тұзын  тазарту.

 

№  10  билет.

1.      Оксидтер,  олардың  жіктелуі  және  химиялық  қасиеттері: суға,  қышқылдар  мен сілтілерге  қатысы.

2.      Тәжірибе.  Берілген  үш  тұздың  ерітінділері  ішінен  күкірт  қышқылы  тұзын 

оған  тән  сапалық  реакция  көмегімен  анықтау.

 

№  11  билет.

1.      Күкірт,  Д.И. Менделеевтің  химиялық  элементтердің  периодтық  жүйесіндегі  

орны,  атом  құрылысы.  Физикалық  және  химиялық  қасиеттері:  металдар,

сутек,  оттекпен  әрекеттесуі.  Күкірттің  маңызды  қосылыстары:  оксидтері

және  қышқылдары.

2.      Есеп.  Массалық үлесі  белгілі (%) бастапқы  зат  ерітіндісі  берілген  болса,

реакция  өнімінің  массасын  есептеу.

 

№  12  билет.

1.      Азот,  оның  Д.И.Менделеевтің  химиялық  элементтердің  периодтық жүйесіндегі орны,  атом  құрылысы.  Физикалық  және  химиялық  қасиеттері:  металдармен, сутек,  оттекпен  әрекеттесуі.  Азоттың  маңызды  қосылыстары:  аммиак, оксидтері азот  қышқылы.

2.      Тәжірибе.  Алмасу  реакциясы  арқылы  суда  ерімейтін  негізді  алу  және  оның қасиетін  сипаттайтын  реакцияны  жасау.

 

№  13  билет.

1.      Көміртек,  оның  Д.И. Менделеевтің  химиялық  элементтердің  периодтық  жүйе-

сіндегі  орны,  атом  құрылысы.  Көміртектің  аллотропиялық  түр өзгерістері.

Көміртек  оксидтері.  Көмір  қышқылы  және  оның  тұздары.

2.      Есеп.  Бастапқы  заттардың  бірі  артық  мөлшерде  алынғандағы  реакция  өнімі-

нің  массасын  есептеп  шығару.

 

 

№  14  билет.

1.      Кальций,  оның  Д.И.Менделеевтің  химиялық  элементтердің  периодтық  жүйе – сіндегі  орны,  атом  құрылысы.  Физикалық  және  химиялық  қасиеттері: сумен, қышқылдармен,  оттекпен  әрекеттесуі. Кальцийдің  маңызды  қосылыстары: оксиді  және  гидроксиді, олардың  сипаты,  қасиеттері.

2.      Тәжірибе.  Берілген  үш  тұз  ерітіндісі  ішінен  тұз  қышқылы  тұзын  сапалық

реакция  көмегімен  анықтау.

 

№  15  билет.

1.      Алюминий,  оның  Д.И. Менделеевтің  химиялық  элементтердің  периодтық

жүйесіндегі  орны,  атом  құрылысы.  Физикалық  және  химиялық  қасиеттері.

Алюминийдің  маңызды  қосылыстары: оксид  және  гидроксиді,  олардың

сипаты,  қасиеттері.

2.      Есеп.  Теориялық  мүмкіндігімен  салыстырып,  реакция  өнімі  шығымының

массалық  үлесі  белгілі  болғанда  реакция  өнімінің  массасын  есептеу.

 

№  16  билет.

1.      Темір,  оның  Д.И. Менделеевтің  химиялық  элементтердің  периодтық

жүйесіндегі  орны,  атом  құрылысы.  Физикалық  және  химиялық  қасиет –

тері: қышқылдармен,  оттекпен  әрекеттесуі.  Темірдің  қосылыстары: оксид

және  гидроксидтері,  олардың  сипаты,  қасиеттері.

2.      Тәжірибе.  Сутекті  алу  және  жинау.  Осы  газдың  ыдыста  бар  екендігін дәлелдеу.

 

№  17  билет.

1.      Электролиттік  диссоциация  теориясы  тұрғысынан  тұздар.  Тұздардың  химиялық қасиеттері:  қышқыл,  сілті,  тұздар,  металдармен  әрекеттесуі.

2.      Есеп.  Берілген  газ  күйіндегі  заттардың  салыстырмалы  тығыздығы  және

элементтердің  массалық  үлесі  бойынша  заттардың  химиялық  формулаларын табу.

 

№  18  билет.

1.      Органикалық  химия  пәні.  А.М. Бутлеровтың  органикалық  заттардың  химиялық  құрылыс  теориясының  негізгі  қағидалары.

2.      Тәжірибе.  Көмірқышқыл  газын  алу  және  жинау.  Осы  газдың  бар  екенін дәлелдеу.

 

 

№  19  билет.

1.      Бензолдың физикалық, химиялық қасиеттері.

2.      Есеп.  Реакцияға  түсетін  заттардың  біреуінің  зат  мөлшері  белгілі  болса,  реакция  өнімінің  массасын  есептеп  шығару.

 

№  20  билет.

1.      Метанның физикалық  және  химиялық  қасиеттері.  Жану,  орынбасу,  қосылу,                         айрылу  реакциялары.

2.      Тәжірибе.  Берілген  үш  тұз  ерітіндісі  ішінен  көмір  қышқылы  тұзын  оған тән  реакция  көмегімен  анықтау.

 

 

 

№  21  билет.

1.      Көмірсутектердің  табиғи  көздері. Табиғатта  таралуы,  құрамы,  қасиеттері,

қолданылуы.

2.      Есеп.  Бастапқы  заттардың  бірі  артық  мөлшерде  алынғандағы  реакция  өнімінің массасын  есептеп  шығару.

 

№  22  билет.

1.      Сірке қышқылының химиялық қасиеттері.

2.      Тәжірибе. Ерігіш  тұз — суда  ерімейтін  негіз — металл  оксиді   — осы өзгерістерді  жүзеге  асыруға  болатын  реакцияларды  жасау.

 

№  23  билет.

1.      Спирттердің  химиялық  қасиеттері. Орынбасу,  қосылу,  тотығу  реакциялары (этанол мысалында).

2.      Есеп.  Бастапқы  заттың  белгілі  массасы  бойынша  алынған  газдың  зат мөлшерін  (немесе  көлемін)  есептеп  шығару.

 

№  24  билет.

1.      Көмірсулар. Табиғатта  кездесуі,  қасиеттері, қолданылуы.

2.      Есеп.  Массалық  үлесі  белгілі  (%), бастапқы  зат  ерітіндісі  белгілі  болғандағы  реакция  өнімінің  массасын  есептеп  шығару.

 

№  25  билет.

1.      Аминқышқылдары,  құрамы.  Белок  туралы  түсінік.  Денатурация.  Амин –

қышқылдары  мен  белоктың  маңызы.

2.      Тәжірибе.  Қышқылдарға  тән  реакцияларды  жасау  (күкірт қышқылы мысалында).  

Осыған ұқсас жазбалар:

КембриджҮшінші деңгейдің емтихан сұрақтары

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068808

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru