Альдегидтердің алынуы, физикалық жəне химиялық қасиеттері, қолданылуы.

13 ақпан 2016 - Асем Дадаева

Сабақтың мақсаты

Білімділік: альдегидтер мен кетондардың құрылымдық формуласын және алынуы мен химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құру дағдыларын жетілдіру. Дамытушылық: талдау, жүйелеу дағдыларын қалыптастыра отырып дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік:сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:  Жаңа білімді игерту сабағы.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі  сұрақ- жауап, ой- толғаныс.

 

Сабақтың көрнекіліктері: шарстерженді модельдер. 

Сабақтың барысы:          

 

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.

Өткенді қайталау  формулалар құру?

Жаңа тақырып

1.Білімді жаңғырту:

·         Альдегидтер мен кетондарды анықтайтын сапалық реакцияларды ата?

·         Көмірсутектердің тотығу реакциясы қалай жүреді?

        Алдегидтердің физикалық қасиеттері. Еңқарапайым альдегид ол кұмырска альдегиді—өткір иісті газ. Метанальдің 35 — 40%-тік судағы ерітіндісі формалин деп аталады. Ол өте улы. Қалғандары сұйык, ал жогары молекулалы қосылыстары — қатты заттар. Мұнда да окушылар санның сапага өтуін, ятни диалектика заңын байкайды. Карбонилді косылыстардың қайнау температуралары сәйкес біріншілік және екіншілік спирттерден төмен болады. Мысалы, пропанол 97°С-та, ал ацетон 56°С-та кайнайды.

 

Альдегидтердің химиялық касиеттері. Альдегидтер кетондарға қарағанда белсендірек реакцияласады.

Мыс (ІІ) оксидін қолданып, спиртті альдегидке тотықтыру, альдегидтен карбон қышқылын алу.

Альдегид, құмырсқа қышқылы, глюкозаның «күміс айна» реакциясы;

 

а) Альдегидтердегі карбонил тобының тотығуы косылу реакциясы арқылы іске асады. Ауыр металдардың оксидтері альдегидтерді кышқылға дейін тотықтырады, ал өздері босметалға дейін тотықсызданады. Қалған қасиеттері: қос байланыска сутектің қосылуы, натрий гидросульфитімен реакциясы, толык тотығуы, мыс (II) гидроксидімен альдегидтерге тән сапалық реакцияның нәтижесінде әуелі сары мыс (I) гидроксиді, одан соң кызыл түсті Cu20 түзілуі. Формальдегидтің фенолменполиконденсациялану реакциясына түсіп, полимерлік зат фенолформальдегид шайыры алынады.

Поликонденсациялану реакциясыдегеніміз — жогарымолекулалызаттүзілуіменкатаркішімолекулалыөнімсутүзіледі.

 

Формальдегид немесе формалин ерітіндісі улы екені есте болуы шарт.

 Ерекше бір айтып кететін нәрсе альдегидтер мен оның туындылары тағамдардың құрамында, мысалы, сағыз (шайнайтынрезеңке), газдалған су, косметикалық бояулар құрамында болады.

Альдегидтерді алу. Біріншілік спирттерді өршіткі қатысында дегидрлеп альдегид алады. Ацетилен және оның гомологтерінен Кучеров реакциясыжағдайында су косып альдегид алады. Дигалоген туындыларды гидролиздеп альдегид алады, т.б. окулықта берілген альдегид алудың 6 жолы бар

Бекіту   сұрақ-жауап арқылы                                                                                                                                        Спиртті тотықтырып альдегид алу                                                                                                                    Реактивтер мен құрал-жабдықтар:этил спирті, калий перманганатының ерітіндісі, сынауықтар.

Жумыстың орындалуы.

Сынауыкка 1 мл калий перманганатының ерітіндісін және 1 мл этил спиртін кұйып, коспаны аздап кыздырады. Түзілген альдегидтің әсерінен ерітіндінің күлгін түсі біртіндеп жойыла бастайды. Реакция теңдеуін жазыңдар.

 

Үйге тапсырма: 1-5 жаттығулар.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150681

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар