Ароматты көмірсутектер. Бензол

Бекітемін:

ДОІЖО_______________ Күні: 22.04.2015

Сыныбы: 9А, 9Б

Пәні: Химия

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы:

Ароматты көмірсутектер. Бензол

Оқып-үйренудің жалпы мақсаты:

Ароматты көмірсутектер туралы мағлұмат алып, бензолдың физикалық,

химиялық қасиеттерін, алыну жолдарын, қолданылу аясын білу.

Оқыту нәтижелері

    Ø-Бензол туралы теориялық білім кеңейеді;

    Ø-Тақырыпты түсініп, өз көзқарасы тұрғысынан қорытынды жасай алады;

    Ø-Таным әрекетінде коммуникативті қатынасты іске асырады;

    Ø -Тақырып бойынша жан – жақты түйіндеме жасай алады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер, қолданылатын модульдер:

Топтық жұмыс, СТО, Блум таксономиясы, Ассоциация, Кластер, Венн диаграммасы, Балық қаңқасы, Бағалау бетшесі, диалог құру

1 модуль – Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс)

2 модуль – Сыни тұрғыда ойлау

3 модуль – Оқыту мен оқудағы басқару мен көшбасшылық

4 модуль – Оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану

5 модуль – Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

6 модуль – Дарынды және талантты балаларды оқыту

7 модуль – Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

Қадамдар:

1.1. Ұйымдастыру (ынтымақтастық атмосферасын құру)

2. Үй тапсырмасын тексеру (тест)

3. Топпен жұмыс (ассоциация, кластер, Венн диаграммасы, балық қаңқасы)

4. Рефлексия (диалог құру)

5. Бағалау (критериалды бағалау)

Блум жүйесі:

Химиялық формулалар арқылы топ бөлінеді.

І. Білу. «Миға шабуыл»

ІІ. Түсіну.

Еске түсіріңдер!

    1.Бензол туралы не білесіңдер?

    2. Неге олар ароматты деген атауға ие болған?

Суреттен нені байқадыңыз?

ІІІ. Қолдану.

Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру.

«Алкандар» тобы:Ароматты көмірсутектер. Бензол құрылысы (Бензол моделін жасап, түсінік беру)

«Алкендер» тобы: Бензолдың физикалық қасиеті (Бензол мен ацетиленді Венн диаграммасы арқылы салыстыру)

«Алкиндер» тобы: Бензолдың химиялық қасиеті (Балық қаңқасы арқылы түсіндіру)

«Арендер» тобы:Бензолдың қолданылуы (Кластер құру)

IV. Талдау.

Ой толғаныс

Өзіңді тексер!

Бейнүзік тапсырмасы

Есептер шығару

«Алкандар» тобы

    1.Бензолдың ауа бойынша салыстырмалы тығыздығын анықтаңдар.

    2.Төмендегі айналымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар:

    С2H6 → C2H4 → C2H2 → C6H6

    3.ЕЖ 12-8 есеп

«Алкендер» тобы

    1.Массасы 39 г бензолдың (қ.ж) көлемін есептеңдер.

    2.Төмендегі айналымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар:

    С→ CH4 → C2H2

    СH3Cl

    3.ЕЖ 13-8 есеп

«Алкиндер» тобы

    1.Бензолдың сутек бойынша тығыздығын анықтаңдар.

    2.Төмендегі айналымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар:

    С2H5OH C2H4 → (-CH2 – CH2-)n

    С2H4Br2

    3.ЕЖ 13-9 есеп

«Арендер» тобы

    1.Массасы 39 г бензолдың құрамында қанша молекула бар екенін есептеңдер.

    2.Төмендегі айналымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар:

    СaC2→ C2H2 → CO2 →CaCO3

    3.ЕЖ 13-10 есеп

V. Жинақтау.

Қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма

Рефлексия.

Диалог құру, өз деңгейлерін білім ағашына орналастыру

VІІ. Бағалау

Қ/с

Критерийлер

Дискриптор

Ұпай

1.

Үй тапсырмасы (тест)

Өте жақсы

3

Орташа

2

Қанағаттанарлық

1

2.

Сөзжұмбақ шешу

Өте жақсы

3

Орташа

2

Қанағаттанарлық

1

3.

Ой қозғау

Ойын ашып айтты, толық жеткізе білді

3

Толық жеткізе алмады

2

4.

Мағынаны тану

Толық айтты

3

Жартылай айтты

2

5.

Бейнеүзік бойынша жауап беру

Өте жақсы

3

Орташа

2

Қанағаттанарлық

1

6.

Тапсырмалар (есеп шығару)

Толық орындады

3

Жартылай орындады

2

Мұлдем орындамады (берілгені, формула)

1

7.

Ойтолғаныс

Толық айтты

3

Жартылай айтты

2

Мүлдем айтпады

1

Бағалау бетшесі

14 ұпайдан жоғары «5»

8-13 ұпай «4»

4-7 ұпай «3»

Формативті бағалау. Критериалды бағалау.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152312

Пікірлер (1)
Айнур 83 # 18 қараша 2015 в 02:29 0
сабағыныз өте ұнады рахмет.тапсырмалар ашып көрсетілген

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар