КМЖ. 8 сынып. «Тұздардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері және қолданылуы»

7 тамыз 2015 - Хадиша Исабековна

Сыныбы

8

Пәні

Химия

Тақырыбы

«Тұздардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері және қолданылуы »

Түйінді идеялар

тұздардың жіктелуі мен алынуы және химиялық қасиеттері мен қолданылуы

туралы әңгімелеу.

Мақсаты:

Оқушыларға тұздар, олардың құрамы, жіктелуі және химиялық қасиеті жайлы түсінік беру, оларда химиялық формула мен теңдеу құру, есеп шығару дағдыларын дамыту, өздігінен жұмыс істеуге бейімдендіру, танымдық қабілеттерін арттыру және ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, іскерлікке тәрбиелеумен қатар алған білімдерін бірлескен топтық оқуда, өмірде пайдалануға үйрету болды.

Әдіс-тәсілдер

Топтық, жұптық, жеке жұмыс

Күтілетін нәтиже

Тұздардың құрамын біледі.

Тұздардың жіктелуін меңгереді;

Тұздардыңалыну жолдарын үйренеді;

Тұздардың формулаларын талдап, басқа күрделі қосылыстардан ажырата алды.

Тұздардың физикалық қасиеттеріне назар аударады;

Тұздардың химиялық қасиеттерін зерттейді, нақтылы тәжірибелер арқылы қорытынды жасайды;

Химиялық сауаттылықтарын, химиялық тілдерін және химиялық дағдыларын дамытады.

Тапсырмалар

1.Ынтымақтастық атмосферасын құру(Мен сізді таныстырғым келеді)

2.Өткен сабақты қайталау(Химиялық диктант)

3. Тақырыпты ашу(«Ойлан тап »)

4. Топқа бөлу(бейорганикалық негізгіқосылыстары арқылы)

5. Топтық жұмыс: «Үш қадам» әдісі арқылы

6. Сыни сұрақтар қою

7. «Күн шуағы» кластер жасау(жұптық жұмыс)

10. Кері байланыс

Сабақ барысы


Ұйымдастыру кезеңі

1.Ынтымақтастық атмосферасын құру: Мен сізді таныстырғым келеді

2.Химиялық диктант:

І-топ.

1.Фосфордың (V валентті) оксиді мен су әрекеттескенде… түзіледі.

2. Оттексіз қышқылдарға мына қышқылдар жатады :......,.......,.......,.......,

3. Екі негізді қышқылдарға ...........,..........,........, жатады.

4. Тұрмыста… қолданылады.

5. Сутек атомына байланысты қышқылдар… болып бөлінеді.

3.Топқа бөлу: бейорганикалық негнізіг классты

ІІ-топ.

Химиялық диктант

CO2, NaOH, H2SO4,Cu(OH)2, Na2O, BeO, KNO3, CaCO3,

H2S,BaO, H2SiO3, AgCl, КОН

Жоғарыдағы қосылыстарды кластарға жіктеу

оксид:

Негіз:

Қышқыл:

Тұз:

Тақырыпты ашу(білу)

Қышқылдар металдармен әрекеттескенде қандай заттар түзіледі?

Ал енді осы сұраққа жауап беру үшін қышқыл мен металдар арасында жүретін бірнеше химиялық теңдеу жазайық.

Са + H2SO4 → СаSO4 + H2↑

2Аl + 6HNO3 →2 Аl(NO3) 3 + 3H2↑

Fe + 2HCl → FeCl2 + H2↑

К + H3PO4 → К3PO4 + H2↑

Мағынаны тану(түсіну)

«Үш қадам» әдісі арқылы топтық жұмыс, кластерлер қорғау


Сыни сұрақтардың түрлерін қою

Жұптық жұмыс(қолдану)

IV топқа тұздардың алынуы, IV топқа химиялық қасиеттері, IV топқа тұздардың қолданылуы жайлы мәтінмен таныса отырып ортада басқа топтарға таныстырып қорғау жұмысы беріледі. Оқушылар топта бірлесе талқылап, қорытынды таныстыруларын қағазға түсіріп ортада қорғайды.

Топтық жұмыс

І-тапсырма.

Оқушылар бірлесе отырып реакция теңдеулерін аяқтайды.

1. Na +… → NaNO3 + ….

2. CaO + CO2 →…

3. Си +… → СиСl2

4. KOH + ……→ K3PO4 + ……

5. NaOH + SiO2 → ……+ H2O

ІІ-тапсырма

1-есеп. 4,6г натрий металы 150г суменәрекеттескенде түзілетін сілтінің массалық үлесін есептеңіз

2-есеп. Массасы 28 г литий сумен әрекеттескенде түзілетін сутегінің көлемін есептеңіз

3-есеп. Массасы 20г натрий гидроксиді көмірқышқыл ІУ оксидімен әрекеттескенде түзілетін тұздың массасын есептеңіз

Өзіндік жұмыс

Блум таксономиясы бойынша тарсырма беру

Білу: Мынатұздардыжіктеп, аттарынатаңдар. Өзбетіншежаңатақырыптымеңгерту.

СаSO4, NaNO3, K3PO4, СаSiO3, FeCl3,MgSO3, Al(OH)SO4, CaHPO4, КН2РО4 Түсіну: Қасиеттерінен не түсіндің

Қолдану:Үшдеңгейлітапсырма (тапсырманыорындаудыоқушыларбіруақыттабастайды, әрқайсысыөзқабілеттерінеқарайалынғанақпараттықолданаотырыпжетеді.)

«3» — мына тұздардың формулаларын жаз: натрий силикаты, алюминий (III) фосфаты, натрий гидросульфаты, барий динитраты, темір(III) силикаты.

«4» — Мына химиялық реакцияны аяқтап, алынған өнімдегі тұздардың атын ата.

Al(OH)3 + HI → …….

CuSO4 + H2S → …….

CO2 + NaOH → …….

KCl + AgNO3→ …….

«5» — 51 гнатрийхлоридіналуүшінқаншамольтұзқышқылыменнешеграммнатрийгидроксидіреакцияғатүседі.

Талдау: Сәйкестіктест.

1. Калийхлориді Na2SiO3

2. Натрий силикаты KCl

3. Литий фосфаты FeS

4. Темір сульфиді Al2(SO4)3

5. Алюминий сульфаты Li3PO4

Жинақтау: Оқушылар үйрендім бағанын толтырады.

1. Тұздардың жіктелуін.

2. Химиялық қасиеттерін.

3. Күнделікті өмірде қолданылатын тұздарды

4. Алыну жолдарын

5. Реакция теңдеулерін құрып, есеп шығарды.

Бағалау. Оқушылар әр түрлі жұмыс формаларын орындау кезінде алған бағаларын өзін — өзі бағалау парақшаларына қояды.

















Үйге тапсырма: Тұздар мен қышқылдарға Венн диаграммасын құрастыру,

Рефлексия

білемін

білгім келеді

Нені білдім

Рефлексия

Менің ойымша тәжірибебарысындағы бүгінгі сабағым жоспарлы түрде, ойдағыдай өтті.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, кеспе қағаздар мен слайдтар арқылы жұмыс жасағанда топпен белсенді жұмысқа араласты. Топқа бөліп, топтық жұмысты да тез орындап, тақтаға жазды. Әр топтың бақылаушысы әр балаға формативті бағасын қойды және түсініктеме жасап отырды. Стикерлерге өз ойларын жазған кезде қысылмай өз ойларын анық жазды. Топ басшылары өз қызметтерін жақсы атқарды. Ал бағалау барысында бақылаушы бала формативті бағаны әділ қоюға тырысты. Себебі өткен сабақтағыдай емес енді оқушылар да бір-біріне әділ баға қоюларын талап ете бастады. Сабақ аяқталғасын мен өзімнің суммативтік бағамды қойдым.

Сабақ барысында қиындықтар туындаған жоқ, оқушылар өте белсенді, ұйымшылдық танытты.

Сыныптағы топ басшылары да менің сөзімді жерге тастамай, үлгерімі төмен оқушыларға өз білгендерін түсіндіре отыруды ұмытпады.

Сабақ тиімді болу үшін:

1. (кез – келген оқу пәні бойынша) әр сабақта мынадай жағдайлар жасау болып табылады: оқушылардың оқу материалының негізін сабақтың өзінде меңгеруі тиіс, бірақ бұл негіздер кездейсоқ емес, саналы игерілуі керек.

2. Ұжымдық жұмыс кезіндегі әр оқушының барынша дамуына мүмкіндік туғызу.

3.Белгілі бір құрылымның болуы. Бұл жағдайда жұмыстың сыртқы жағы (сұрау, түсіндіру, бекіту) емес, оның ішкі құрылымы оқушыларға білінбейді, бірақ оны мұғалім нақты ойластырған болуы шарт.

4. Сабақта оқушылардың өз бетінше жұмыстарының үлесін арттыру.

5. Сабақтың тиімділігін көтеруде көп жағдайда пәнаралық және пәнішілік байланысты сақтау.

6.Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын, білімін бақылауға, әсіресе ауызша сұрауға уақытты қысқартуы болып табылады. Мәселе, уақытты механикалық қысқарту емес, уақытты қысқарту кезінде тексерудің тиімділігін көтеретін, бақылаудың сапалы жаңа түрлерін іздеу.

7. Көбіне оқушылардың жалпы — интеллектуалдық дағдысының (бәрінен де есептеу және оқу дағдысы) деңгейімен анықталады.Осы тұжырымдамаға сүйенесек сабағымыз әр дайым сәтті, нәтижелі болмақ деп ойлаймын. Мұғалімнің де алға қойған мақсаты өз нәтижесін береді.

Сабақ барысында:

Топта, жұпта жұмыс жасауға үйренеді;

Оқыту үшін бағалау мен оқу үшін бағалауға дағдыландыру;

Мұғаліммен оқушы арасында кері байланысты әрдайым жасап отыру;

Деңгейі төмен оқушылармен көп жұмыс жасау;

Оқушыларды сыни ойландыратын тапсырмалар жасау;

Осыған ұқсас жазбалар:

Химия​ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ ДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН, ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Күнтізбелік жоспарХимия пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар

ХимияХимия пәнінен олимпиада есептерінің шығарылу жолдары

ХимияХимия сабағында эксперименттік есептерді шығаруда сыни ойлану

ХимияГалогендер

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110000

Пікірлер (2)
Базаргүл Алтынбекқызы # 17 тамыз 2015 в 19:07 0
Өткізілген сабақтың тиімді әдістері көп екен, есте сақтауға жақсы
Хадиша Исабековна # 18 тамыз 2015 в 12:06 0
Рахмет!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар