Сілтілік металдар

20 ақпан 2016 - Газиза Бекишева

Есимов Муратбек Каскырбекович

Химия және биология пәні мұғалімі

ҚазҰӨУ дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат

 

 

Тақырып:  Сілтілік металдар.

Сабақтың уақыты45 минут.

Мақсаты: Сілтілік металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу, олардың өндірілуінің және қолданылуының негізгі тәсілдерін қарастыру.

Міндеттері:         

1.Білімділік:  Сілтілік металдарға жалпы сипаттама беру. Периодтық жүйедегі металдардың өзгеру қасиеттерінің негізгі заңдылықтарын, металдық байланысты, металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін қайталау.

2. Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерінің дамуына жағдай жасау; салыстыру, жалпылау біліктерін қалыптастыру; оқулық, нұсқаулықпен, тестпен жұмыс жасау арқылы өз білімін жетілдіру дағдыларын дамыту.   

3.Тәрбиелік: химия сабағында қауіпті заттармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау арқылы оқушыларды тәртіпке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа тақырып

Әдісі:жобалау әдісі, іздену

Әдістемелік тәсілдер:

·       Презентациямен жұмыс

·       Тәжірибелік жұмыс

·       Пікірталас

·       Проблемалық тапсырмаларды талқылау

·       әңгімелеу

Сабақтың формасы: жекеше, топпен.

Технологиялық ерекшеліктері:

1. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану.

2. Іздену іс-әрекеттері.

3. Денсаулық сақтау технологиясы..

Құрал-жадықтар: компьютер, проектор, экран,Power Pointпрезентациясы, Д.И. Менделеевтің химиялық элементтер жүйесі.

Оқушылардың сабақтан алатын дағдылары:

·       компьютермен жұмыс.

·       зертханалық жұмыс

·       көрнекілікпен жұмыс жасау.

·       проблемалық тапсырманың шешімің табу.

 

 

                                                         

 

 

 

 

 

  Сабақ  жоспары

І.Ұйымдастыру

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын  таныстыру;

ІІІ.Жаңа сабақты  баяндау:       

IV. Сабақты бекіту.       

          V. Үйге тапсырма беру

                                                          

     

І.Ұйымдастыру

Балалармен амандасу. Үй жұмысын тексеру.

 

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын  таныстыру

Сілтілік металдарға жалпы сипаттама беру

Сілтілік металдардың электрондық құрылысын анықтау, физикалық және химиялық қасиеттерін салыстыру.

Металдардың маңызды қосылыстарымен танысу.

Металдардың және олардың қосылыстарының қайда қолданылатының анықтау

 

ІІІ.Жаңа сабақты  баяндау

Металдар және бейметалдарды салыстыру. Металдардың қасиеттеріне бейімделу.

          Оқушылардың дайындаған баяндамасын оқыту.

          Қауіпсіздік ережесің ескерту!

Сілтілік металдардың анықтамасын айту.  Металдар мен су әрекеттескенде сілті түзетін металдарды сілтілік металдар деп атаймыз.

Элементтің атауы

Таңба

Реттік нөмірі

Салыстырмалы

атомдық массасы Аr  

Тотығу дәрежесі

ЛИТИЙ

Li

3

7

+1

НАТРИЙ

Na

11

23

+1

КАЛИЙ

K

19

39

+1

РУБИДИЙ

Rb

37

85

+1

ЦЕЗИЙ

Cs

55

133

+1

ФРАНЦИЙ

Fr

87

223

+1

 

 

 

 

 

Химиялық периодтағы орындарын көрсету.

 

Екі немесе үш заттың электрондық және графикалық формулаларын құрғызу.

 

Физикалық қасиеттерің зерттеу.

Бейнероликтарды көрсету. Түсіндіру. Оқушыларға талдату. Дәптерге жазғызу.

 

Химиялық қасиеттерің зерттеу.

Флипчартармен жұмыс істеу. Оқушыларды тақтағы кезекпен шығару. Шығарылған есептерінің нәтижесін бейнеклиппен көрсету. Талдау.

 

Сілтілік металдардың қолданылуы

Түсіндіру.

 

Бекіту.  Бағалау.

 

Үй жұмысын тапсыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сілтілік металдармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

 

Мектепте қолданылатын металдар арасында аса ұқыптылықты қажет ететін натрий металы. Литийдің химиялық белсенділігі сәл төмендеу. Калий мектепте қолданылмау керек!

Сілтілік металдармен судан, сулы ерітінділерден қашық жерде жұмыс жасап, аталған шарттарда сақтау қажет. Метал бөлшектерін зауыттық қораптарында сақтау керек. Қораптың сыртына қызыл және жасыл түсті жазулар жабыстырылады. Металдың беткі қабатындағы оқшаулаушы сұйықтықтың (керосиннің) мөлшері 10-15 мм кем болмау керек.

Сілтілік металдармен жүргізілетін тәжірибенің кезінде, олардың беткі қабаты алдын ала пероксидтерден тазартылады. Қысқышпен қораптан металды алып, керосин толтырылған түбі тегіс ыдысқа салып, соның ішінде тазартып, мөлшерлеп бөлшектейді. Тазартылған бөлшектерді қысқышпен алып, арнайы қағазбен құрғатып, дәл тәжірибе алдында ғана қолданады. Егер тәжірибеден кейін металл қиықтары қалатын болса, оларды этил спиртінде толықтай ерітіп, залалсыздандырады. Сілтілік металдармен жұмыс жасаған кезде қорғаныс құралдарын қолдану қажет.

Алғашқы көмек.Ен алдымен металл бөлшектерін тері қабатынан тез арада алып тастау қажет. Содан кейін 10-15 мин аралығында зақымданған жерді ағып тұрған сумен шайып, 5% сірке қышқылы жағылған дәкемен орау қажет. 10 минуттан соң дәкені алып, жараны құрғатып, глицерин жағу керек.

Сілтілік металдарды тасымалы сейфте сақтайды. Өрт кезінде ол алғашқы кезекте шығарылуы тиіс. Сілтілік металдар қолданылатын тәжірибені мұғалім ғана өткізеді. 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152274

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар