Су- табиғи әмбебап еріткіш

13 қаңтар 2016 - Құндыз Қабиден

8сынып

Сабақтың  тақырыбы

Су- табиғи әмбебап еріткіш. Сулы ерітінділер және жүзгіндер, қоспаларды бөлу жолдары. Судың тірі организмдер үшін маңызы, су және ерітінділердің табиғаттағы, өндірістің түрлі салаларындағы және ауыл шаруашылығындағы маңызы

 

Сабақтың  мақсаты

Білімділік:Судың еріткіш қасиетін түсіндіру, тәжірибелер арқылы суда еритін және ерімейтін заттар туралы мәлімет беру. "Ерітінді", "ерігіштік " ұғымдарының  мәнін ашып, оның   өнеркәсіптегі,  халық шаруашылығындығы  алатын орнын  көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың байқағыштығын, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

Оқу  нәтижелері

— Қандай заттың суда еріп, қандай заттың суда ерімейтіні туралы мағлұмат алады;
— Судың адам үшін маңызын түсінеді;

— оқушылардың танымдық қабілетін дамиды;
— Суды ластамау, суды үнемдеп пайдалану керектігін ұғынады.

 

Сабақ түрі

Аралас  сабақ;

 

Сабақ әдісі

топпен  жұмыс,  сұрақ-жауап, есептер  шығару.

 

Көрнекілігі

интерактивті  тақтада  слайдтар, периодтық жүйе, ерігіштік кестесі,

 

Құрал- жабдықтар

ыдыстар, су, қант, этил спирті, гипс, бор, газды сок, өсімдік  майы, сүзгі қағазы,                          құм,   ағаш жаңқасы;

 

Модульдер

АКТ, СТО, бағалау, диалог,  көшбасшылық;

 

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің  іс — әрекеті

Оқушының  іс- әрекеті

 

Ұйымдастыру

2 минут

Оқушылармен  амандасу; сыныпты түгендеу, сыныпты топтарға бөлу.

                       

Мұғаліммен амандасады

Топ  ережесі:

Ойды қайталамау; Сөзді бөлмеу;

 

Үй тапсырмасы

10 минут

1) 1-топ:  Табиғаттағы су. Судың физикалық қасиеттері.

    2-топ:  Судың құрамы. Судың химиялық қасиеттері.Қолданылуы.

2)  Екі топ оқушылары Су туралы мақалдар айтудан жарысады.

1)Үй тапсырмасы  Табиғаттағы су. Судың құрамы, қасиеттері және қолданылуы. Оқушылар берілген тапсырма бойынша  кластер  құрады

2)  Екі топ кезекпен мақал айтады.

 

Негізгі  бөлім

 

15минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәжірибелер:
1 — топ: Суда қанттың еруінен не байқадыңдар?

2 — топ: Суда гипстің еруінен не байқадыңдар? 

Су — еріткіш.Көптеген заттар суда еріп, ерітінді түзеді. Ерітінділер дегеніміз — еріткіш пен еріген зат бөлшектерінен тұратын және өзара бір-бірімен физикалық-химиялық әсерлесетін жүйе. Іс жүзінде көргеніміздей заттардың барлығы дерлік суда жақсы ери бермейді.(ыдыстағы суға борды салып, ерімейтінін байқау). Сондықтан бір заттың екінші затпен салыстырғанда қанша еритінін көрсету үшін ерігіштік ұғымы қолданылады. Ерігіштіктің сандық мөлшерң ерігіштік немесе ері коэффициенті арқылы анықталады.  ол ерітінді түзген зат массасының еріткіштік көлеміне қатынасына тең. Өлшемдері: г/см3, г/мл3. Берілген температурада әлі де ери алатын болса, ерітінді қанықпаған, ал ери алмаса - қаныққан деп аталады.

Ерітінділер үшке бөлінеді: Е — жақсы еритіндер, АЕ — аз еритіндер, ЕМ — ерімейтіндер. (ерігіштік кестесімен таныстыру). Бөлме температурасында 100 г суда 10 г-нан артық зат ерісе жақсы еритін, 1 г-нан кем зат ерісе аз еритін, егер зат 0,01 г-нан кеміп кетсе ерімейтін заттар деп аталады.

Қатты заттардың көпшілігі үшін температураны арттырғанда ерігіштігі де артады. (Тұздардың ерігіштік қисықтары. 32-суреті бойынша түсіндіру)

Сұйықтардың еруіне тәжірибе:Стакандардардағы суға май және этил спиртін құю. Спирт суда шексіз ериді, ал май эмульсия түзеді.

Газ күйіндегі заттар үшін ерігіштік қысым мен температураға байланысты. Газдардың ерігіштігі қысым артқан сайын артады, ал температураны арттырғанда кемиді. Газдардың ерігіштік қасиетін газды сусындар дайындау үшін пайдаланады. (газды сусыны бар шөлмектің қалпағын ашқанда, пысылдаған дауыстың ішінде газ бөлініп шыққанын білдіреді) Газды сусындар дайындауда көміртек диоксидін жоғары қысым арқылы ерігіштігін жоғарылатып жасайды.

 

 

Бекіту

 

 

 

 

 

 

 

 

4 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5минут

 

 

"Иә, жоқ" ойыны

 

 

1.Қалыпты қысымда 100°С-та қайнайды

2. Молекулалық массасы 16

3. Тірі ағзалардың 60-70%-ы судан тұрады.

4. Су  -1°С-да мұзға айналады

5. Су үш күйде ұшырасады

6. Белсенді металға су қосса металл оксиді мен сутек газы түзіледі.

7. Металл оксидтері мен су  негіз түзеді.

8. Бейметалл оксидтері мен су қышқыл түзеді.

9. Су буға айналады, ұшып кетеді

10. Судың нақты пішіні болады. 

11. Адам организіміне тәулігіне 5 л су керек.

12. Таза судың түсі болмайды.

13. Таза судың дәмі болады.

14. Таза судың иісі болмайды. Су-иіссіз!

15.  Су жай және күрделі заттармен реакцияға түседі.

16. Қышқылдық оксидтер сумен әрекеттесіп негіз түзеді.

 

 

1. иә

2. жоқ

3. иә

4. жоқ

5. иә

6. жоқ

7. иә

8. иә

9. иә

10. жоқ

11. жоқ

12. иә

13. жоқ

14. иә

15. иә

16. жоқ

 

Мәселе сұрақтар:

 

 

1 — топ: Стакандағы су мен  құм қоспасы берілген. Құрамындағы заттарды қалай бөліп аласыздар?

2-топ: Үстіне жүк артқан екі түйе келе жатты. Біреуінің үстінде тұз, екіншісінде мақта. Алдарынан өзен ағып жатыр. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өтті де, мақта артқан түйе ауыр өтті. Неге?

 

1-топ: Құм қиыршықтары сол қалпында стакан түбінде шөгеді. Құм суда ерімейді.

Сүзу арқылы құм араласқан су  қоспасын тазартамыз. Сүзгі қағазында құм түйіршіктері бөлініп қалады.

 

2-топ: Тұз суда еріп жеңілдеп қалды. Мақта су болып ауырлап қалды.

 

 

Бүгінде құрамы әлемдік стандартқа сай келетін «Мұздыбұлақ» минералды суы бәрімізге таныс. Осы «Мұздыбұлақ» жер асты суын өндіруді дамыту, болашақта әлемдік деңгейде танылуы  үшін шағын жарнама қою.

 

 

Бағалау

1 минут

 

Жинаған ұпай сандарын  топ басшысы есептеп орта балын шығарады.

Мұғалім сырттай  бақылауы бойынша бағалайды.

 

 

Үй тапсырмасы

1 минут

1. «Су қалай ластанады?» эссе жазып келу

2. Тақырыпты оқып, соңында берілген есептерді шығару

 


Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115421

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар