Судың құрамы

14 тамыз 2015 - Дараев Азамат

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы су, құрамы, қасиеттері, қолданылуы

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға судың химиялық құрамы, қасиеттері,

судың тіршілік үшін маңызы, тиімді пайдалану

жолдары жөнінде әртүрлі әдістерді қолдану арқылы

түсіндіру

ә) Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау арқылы жаңа

білімді игеру іскерліктерін, шығармашылық қабілетін

дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

б) оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетінше білімдерін

тексеріп бағалауға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу

Сабақ типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру

Қолданылатын әдіс: Мәтінмен жұмыс, интерактивті әдістер, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Слайд, суға арналған бейнетаспа, 6.89 плакаттар.

Технология:«Сатылай кешенді талдау»

Сабақтың барысы:

Сабақ бөлімдері

Қолданатын әдіс

Мұғалімдің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру


Сәлемдесу, түгендеу, сыныпты реттеу

Оқушыларды топтарға бөлу

«Сутегі» және «Оттегі»

Эпиграфпен басталады

Сәлемдеседі, жоқ оқушыны айтады, оқу құралдарын реттейді

Оқушылыр тыңдап, назарларын сабаққа аударады. Оқушылар топтарға бөлінеді

ІІ. Тақырып мақсаты

Түсіндіру

Сабақ мақсатымен таныстыру

Сабақ мақсатымен танысады

ІІІ. Жаңа тақырып

Мәтінмен жұмыс

Миға шабуыл

    1.Әр топ өздерін таныстырады

    2.Оқулықтан сабақ мәтінін оқыту

    3.Әр топқа ақпараттық парақ таратылады, мәтінді оқып берілген тапсырмаларға жауап беру

«Иә», «жоқ» әдісі қолданылады

Оттегі тобына:

    1.Суда зат ерігенде түзілетін біртекті жүйе ерітінді деп аталады

    ( Иә)

    2.Судың булануы-химиялық құбылыс (жоқ, физикалық)

    3.Мұздың тығыздығы 0,92г/см3 (иә)

    4.Су мұзға айналғанда көлемі артады (иә)

    5.Өсімдіктердің 50% су.(жоқ 80)

«Сутегі» тобына:

    1.Адам денесінің 70-75% су (жоқ 65-70)

    2.Судың молекулалық массасы 16 (жоқ 18)

    3.1т суды зарарсыздандыру үшін 1кг су қажет (жоқ 0,7г)

    4.Қарбыздың 90-95% су (иә)

    5.500см3 су 500г тең (иә)

Мәтінді белгілі уақыт ішінде оқып шығады

«Сутегі»тобына: Табиғаттағы су, химиялық қасиеттері

«Оттегі» тобына: Судың құрамы, физикалық қасиеті, қолданылуы

Әр топқа 5тен сұрақ қойылады

Әр топ сұрақтарға тез-тез жауап беруі тиіс

ІV. Жаңа тақырыпты пысықтау

Реакцияны толықтыр

Есептер сайысы

Сандарды сөйлетейік

    1.CaO+H2O=……

    2.……+ H2O= H3PO4

    3.Zn+ H2O=…..+H2

    4.Na+……= NaOH+ H2

    5.SO3+……= H2SO4

    6.C+ H2O=…….+ H2

    7.Na2O+……= NaOH

Есептер шығару

    1.Судағы оттегімен сутегінің массалық үлесі қанша?

    2.72г суды айырғанда шығатын сутек пен оттектің массасын табыңдар?

18-судың молекулалық массасы

65-70- адам денесіндегі судың пайызы

0,7г-1т суға қосылатын хлордың көлемі

100-судың қайнау температурасы

0-Судың қатуы

4/5- өсімдіктің 4/5 бөлігі судан тұрады

2л- ересек адамдың 1тәуіліктегі қажет ететін судың мөлшері

Оқушылар флипчарт арқылы тақтаға реакцияны толықтырып жазады.

Оқушылар бір-бір есептен шығарады

Оқушылар кезекпен тез-тез жауап береді

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1096883

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 12 қыркүйек 2015 в 09:03 0
Су- таптырмайтын минералды зат, су- тіршілік нәрі емес пе,табиғаттың сыйы тәрбиелік мәні зор, пән аралық байланысы көрініп тұр, рахмет.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар