Еліміздің химия өнеркәсібіне өз еңбегін сіңіріп жүрген азамат туралы

11 қараша 2014 - Нургиза Кульджина

     Салимбаев Сакенгали Кенесқалиұлы — Қазақстан химия өнеркәсібіне еңбегі сіңген құрметті қызметкер. Бүкілодақтық Комсомол сыйлығының лауреаты. «Құрмет белгісі» орденінің иегері.

        Салимбаев Сакенгали Кеңесқалиұлы 22 -қыркүйек 1953 жылыСемей облысы Ақсуат ауылында   дүниеге келген. 1971 жылы Ақсуат орта мектебінің түлегі Өскемен қаласының жол-құрылыс  институтының студенттер қатарын толықтырады. 1976 жылы жоғары білім иесі біраз уақыт туған ауылында құрылыс маманы, одан соң  Шар қаласының коммуналды-шаруашылық кәсіпорнында бас инженер қызметтерін атқарады. Болашағынан үлкен үміт күттірген талапты жас маман сол жылдары Одақтық маңызға ие болған тың өнеркәсіптерінің бірі, Қазақстан алыбы Жаңа-Жамбыл фосфор заводының құрылысына партиялық тапсырмамен жолданады. Көп уақыт өтпей  іргетасы жаңа қаланған кәсіпорынның жұмысында   шеберлігі мен білімділігін танытқан «Ертіс өңірінің азаматы»-атанған Сакенғали жүздеген орта буынды мамандар арасынан оқ бойы оза шығып, шашасына шаң жұқтырмайтын бәйгедей озаттар қатарында танылады. Шамалы мерзімде еңбекқорлығына, іскерлігіне тәнті болған зауыт басшылары еңбегін бағалап марапатқа ұсынады. 1980 жылы  Бүкілодақтық Комсомол сыйлығының лауреатты атағына ие болып, оған қосымша Жамбыл облысының Елағалары 3 бөлмелі пәтер мен автокөлік кілтін облыстың үлкен жиынында қолына тапсырады. Тараз қаласының орталық саябақ төрінде орналасқанЕңбек озаттары аллеясында аймақтың еңбек тарландарына арналған  орынға Сәкеннің портреті орналастырылған күйде  жылда жаңартылып,   ХХІ ғасырдың алғашқы жылдары зауыт директорының орынбасарлығына тағайындалғанша тұғырынан түспеді.  

         Жаңа-Жамбыл фосфор зауытының цехтары толық іске қосылып заманауи технологиялармен жабдықталған шағында мұнда 40 мыңға жуық  адам жұмысқа тартылып, шығарған өнімдері әлемдік мағынаға ие бола бастайды. Сол жылдардан бері зауытта еңбек ете жүріп мемлекеттік тапсырмамен Қазақстан  химия өнеркәсібі Министрлігінің арнайы өкілі ретінде арнайы делегация басқарып, көбіне жеке төтенше өкіл ретінде  барған іссапарларында  берісі Ресей, арысы Еуропа елдерінің топырағында қазақтың ауылда өскен қарадомалағының қалмаған ізі кем де кем. Сәкеңнің Франкфурт на Майне, Австрия, Германия, Франция, Чехия, Словакия, Хорватия, Словения, Венгрия, Италия, Румыния т.б. көптеген елдермен жұмыс жөнінде жүргізген келісім шарттары, тәжірибе алмасулары, Қазақстанның химия маманы ретінде фосфорды тасымалдау, сақтау, тиімді пайдалану жөнінде берген ақыл кеңестеріне шетел мамандары жоғары бағаларын беріп, Қазақстан елшілігі арқылы  ризалықтарын білдіріп отырған (Фосфор фосфориттен алынып, ауамен (оттегімен) шектескен кезде өте күшті реакция пайда болып өз-өзінен лапылдап жанатын қасиетке ие екендігін химия пәнінен білеміз). 2014 жылы Польша елінің химия өнеркәсіп министрлігіне жолсапар барысында сол елдің мамандарын білімдарлығымен тәнті еткен. Елге қайтар шағында арнайы шақыру бойынша НДФЗ-негізінде «Қазақстан өнернкәсібінің дамуы және алда тұрған міндеттері туралы»-Варшаваның екі университетінде лекция оқып аудитория толы тыңдаушыларды аузына қаратады. Университет ректораты келісім шартпен бірнеше жылға лектор болып қалу жөнінде ұсыныс та жасайды. Сөйтсе экономикасы ерекше дамып келе жатқан ол елде теорияның «сүйық сорпасын» сүйсіне сапыратын ғалым-лекторлардан гөрі, табан ет, маңдай терін төгіп өнімді өз көзімен көріп, қолымен ұстаған ғалым практиктердің құндылығы алтынмен теңес жәдігерлермен қатар бағаланатын көрінеді. (Жалпы Сәкенғали Лауреат атағына ие болған кезден бастап Жамбыл обком партиясы аппаратынан, мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне қызметке ауысу жөнінде бірнеше қайтара ұсыныс жасалады. Табиғатынан қарапайым, досқа адал мінезді болып өскен ол мәнсәп жолында мәртебелі еңбек ұжымын қиып тастап кете алмаған, екінші жағынан ғылым құпиясына бойлай ену, ғылым мен өндірісті ұштастыра іздену Сәкеннің тал бойына сіңген қасиет. Мектеп жасынан оқу, спорт дегенде ішкен асын жерге қоятын майталманның нағыз өзі болды. Математика, физика әсіресе химия пәні оны қатты қызықтыратын. Ол үшін нақты ғылым пәндерінің есептерін шығару, небір күрделі формулалардың кілтін тауып құпиясын ашу шақтарында күнді түнге, түнді күнге жалғастырып көз майын тауысудан артық ләззәт болмайтын. Жан сергіту үшін түрлі спорт түрлерін өзіне серік ететін. Дағдыланған әдет қала ма, пайғамбар жасына таяса да күніге таң қылаң бере 5-6 шақырым шапқыламаса намазынан жаңылған молдадай күй кешетіні анық.)    

           Сіңірген еңбегінің құндылығына — ризашылық білдірген Министрлік коллегиясы, облыс, зауыт басшыларының ондаған мадақтау құжаттарында «За выдающиеся !!! заслуги и достижения (байқаңыз!-за большие, особые заслуги емес. авт. ) выражаем вам огромную благодарность»-деп жоғары бағасын беріп келгендігін аңғаруға болады. Зауыттың тыныс тіршілігінің дамуын баяндайтын мұражайдың бел ортасында Сакенғалидың еңбегін дәріптейтін жеке көрме ашылып қойылған. Ерен еңбектің үлгісін танытқан еліміздің таңдаулы азаматтарының бірі ретінде 2014 жылы Қазақстан телеарнасында «Салимбаевтар әулеті» атты тележурнал жарты жыл бойына айына екі рет экраннан арнайы хабар ретінде беріліп тұрғандығының өзі өнегелі азаматтың өркендігін халыққа кеңінен таныта түсті. Телехабар берілуінің тағы бір себебі Сәкенғалидың жұбайы Әния да осы зауытта көп жылдар еңбек етіп зейнеткерлікке шықса, жоғары білімді ұлдары Серік зауытта инженер-электрик мамандығы бойынша еңбек етіп, әке көңілін марқайтуда.

          Сәкеннің айтуы бойынша фосфор кенінің ең ірі қоры Қазақстанда, одан кейін Ресейдің Курилл аралдарында, Қытай жеріндегі қоры аз мөлшерде болса,  Еуропа  елдерінде кені сарқылып біткен көрінеді. Тарбағатай, Сауыр, Сайқан тауларында. Зайсан қазаншұңқырында фосфоридттердің ірі қендері орналасып, әлі күнге «мұрты» сынбаған қалпын сақтауда. Бастапқыда зауытты сол өңірден салу жолдары да қарастырылған көрінеді, бірақ мамандар Қаратаудың ауа райы өндіріске қолайлы болу себепті зауыттың жобасын Жамбыл жерінде іске асырған дұрыс деген шешім қабылдапты. Қазіргі күні фосфор өнімдерін  әлемдік нарыққа ең жоғары сапамен шығарудың жолдары жасалуда және оның жасалу технологиясы мемлекеттік маңызды құпия ретінде сақтаулы көрінеді.

          Академик Қаныш Сәтбаев Қазақстанның химия өнеркәсібіне сіңірген шексіз мол еңбектерімен қатар, артына кейінгі ұрпақтың ғылыми қызығушылығын танытатын айқын үлгі қалдырып кеткен десек, сол ғылыми  ғибратты ұстанып өнеге тұтып жүрген мыңдаған шәкірттерінің алдыңғы сапында Ертіс өңірінің азаматы Сакенғали Кеңесқалиұлы да бар деп сеніммен ауыз толтырып айтуға болады. Азаматын көріп ауылын таны дегендей, Сәкенғалимен   талай жылдан бері бірге бас маман қызметін атқарып жүрген қызметтестері, оңтүстіктің тумалары Құрман, Бөлеген, Шерхан атты азаматтар Сәкеннің білімдарлығына, еңбекқорлығына риза болып қызығушылықтарын білдіре қалжың-шыны аралас: — «Шығыстың азаматтарының білімділігі мен еңбекқорлығы ерекше танылады. Бұлардың тәрбиелері бөлек сияқты болып көрінеді, жас кезімізде сол жаққа барып біраз оқысақ та болады екен. Келін түсірсек, қыз ұзатсақ  Ертіс өңірімен құда болуға тырысып көру керек екен »-дейтін көрінеді. Абызды бабаларымыздың ерте замандарда «Орта жүзге қалам бер де дауға қой»-дегендері білімдарлықты мегзесе керек.

          Өнегелі жанұяның үлгісі ұрпақ санасына өзгеріссіз дәріптелгені тәрбиеліктерінен байқауға болады. Үлкен қыздары- Яйна, АҚШ елінде магистрлік диссертация қорғап Вашингтон штатында салық инспеторы болса, Әлия терапевт-дәрігер, күйеу балалары Марат Стамбулдың әскери академиясының түлегі, подполковник, Атырау әскери округі бойынша әскери полицияның бастығы, ұлдары Серік, келіндері Айгүл аталарының шаңырағына Алихан, Сезім атты қос немере әкеліп, сәбилердің сүйкімді қылықтарымен үй ішінің мәзірін келтірсе, алтын асықтай кенжелері Ғалия білімдарлық жағынан әкеден де асып түскен тәрізді. Мектеп оқушылары арасында жылда өткізілетін Білім Министрлігінің Республикалық олимпиадаларының бірнеше мәрте жеңімпаз тұғырына көтеріліп, Елордадағы еліміздің ең жоғарғы оқу орны-Назарбаев Университетінің грант иегері, ректораттың таңдауы бойынша аталған оқу орнына қабылданып студент атанған.

           Өмірдің өзектілігі өнегелігінде деп осындайда айтылған болар.       

 

Тарихшы  Т. Салимбаев

Семей қаласы

 

 

      

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148650

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар