Химия пәні бойынша таңдау курсының бағдарламасы

13 қаңтар 2015 - Марзия Абылхаева

Бекітемін:_______________________

Абай аудандық білім бөлімінің әдіскері: Г. Қасеева01.09.2014

Бекітемін: Келісемін:Қаралды:

«Шәкерім атындағы орта мектебі»
КМММектептің

директор: Б.Н.СкаковаОқу
ісінің меңгерушісіәдістемелік бірлестік отырысы

____________________________________Қаулы№: __________

«1» қыркүйек 2014 жыл«1» қыркүйек 2014
жыл«29» тамыз 2014 жыл

Таңдау курс атауы: Таңғажайып химия

Сыныбы:10

Автор: Абылхаева
М.А.Химияпәні мұғалім

Абай ауданы Кеңгірбай би ауылы

2014-2015
оқу жылы

Түсініктеме хат

10- сыныпқаарналған таңдаукурсы «Таңғажайып химия»бағдарламасыныңмазмұны.

Адамзат қоғамы бұдан мыңдаған жылдар бұрын кейбір табиғи
шикізаттарды мұқтажына сай өңдеп, қажетіне пайдалана білген.Қазақ халқы да
химияның таңғажайып сырларын ерте уақыттан өз қажетіне жарата алған. Мысалы,
өсімдік клеткаларынан бояғыш құрауыштарды бөліп алып: мақта-мата, жүн және оқ
дәрі жасау, металдарды қолдану олардың табиғатта айналымы, ағаш бұйымдарын
бояу, сабын, былғау, тері илеп, оны бояу, айранның сары суымен шашты жуып, оған
жұмсақтық қасиет беру, судың ластануы, қышқыл жаңбырлар, жылыжай эффектісінің
пайда болуы, құрылыс материалдары т.б.
химиялық процестердің жүруін оқыту.

Бүгінде химия шаруашылықтың барлық салаларында,
күнделікті тұрмысымызда кеңінен қолданылады.Қазіргі уақытта ғылым мен техника
жетістіктері нәтижесінде тұрмыс химиясы зор қарқынмен дамуда, сондықтан әлемнің
басқа елдеріндегідей, қолданылу сипатына қарай оларды былайша топтастырып,
жіктейді: жуғыш заттар, тазартушы, залалсыздандырушы заттар, үй жиһаздары мен
еденді сүртуге, зиянды жәндіктер мен өсімдіктерді жоюға арналған препараттар,
ағартушы және рең беруші заттар, желімдер, бояулар мен лактар, т.б.

Ерте заманнан бері адамдар күнделікті тұрмысында химиялық
құбылыстармен кездесіп отырды. Қоршаған табиғат көптеген химиялық реакциялардан
тұрады. Тіршілік барысында адамзат баласы қоршаған ортадағы көптеген химиялық
реакциялармен және химиялық жолмен жасалынған бұйымдармен кездесіп отырады.
Тұрмыста кең қолданылатын, химиялық жолмен жасалынған немесе химия ғылымына
қатысы бар біраз заттарға химиялық көзбен қарайық.

Қазіргі кезде химия өнімдері біздің өміріміздің барлық
салаларына, күнделікті тұрмысымызға кеңінен еніп отыр. Бізді қоршаған орта
химия саласымен тығыз байланысты, сондықтан да химия күннен күнге, жылдан жылға
тез қарқынмен дамуда, үнемі химияға байланысты жаңа заттар пайда болып отыр.
Жедел қарқынмен дамып келе жатқан салалардың бірі – ол күнделікті өмірде қолданылып
жүргенхимия ғажайыптары туралы оқыту, әдіс-тәсілдерін
оқушыларға кеңінен үйрету жағдайы қарастырылады.

«Таңғажайып химия» арнайы курсы 10 сынып оқушыларына арналған. Ол
«бейорганикалық химия» және «органикалық химия» пәндеріне қосымша курс болып
табылады.

Аптасына 1 сағатқа, жылына 34 сағатқаесептелініп жасалған. Курсты оқыту барысында
бейорганикалық та, органикалық та қосылыстар қарастырылған.

Бағдарламаныңмақсаты: Оқушылардың өмірде жиі қолданылатын әр түрлі
заттар туралы білімдерін кеңейту, оларды қолданылудың әдіс –тәсілдерін үйрету.

Бағдарламаның міндеттері:

1.Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыра
отырып, әртүрлі заттардың өмірде
қолданылуын эксперимент жүзінде дәлелдеуі, ойын жинақтауды, өз бетімен ізденуін
қалыптастыра отырып дамыту.

2.Оқушылардың интеллектуалды және практикалық білімі мен
дағдысын қалыптастыру.

3.Оқушылардың ғылыми- зерттеу ізденісін, коммуникативті
дағдысын, топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту.

4.Оқушылардың керек материалдарды өз бетімен іздеп,
қорытындылауға дағдыландыру.

Мамандыққа бағдар беру: Химия пәндік мүмкіндіктерін пайдаланып,
оқушыларға кәсіптік бағдар беру қажет, өз жерінде сұраныс туғызатын мамандыққа
баулуға жағдай жасау керек.

Курстың қысқаша мазмұны:«Таңғажайыпхимия» курсы 10 сынып химиясының оқу бағдарламасы негізінде құрылған. Оқушылар
зат құрылысы, химиялық заттар, атом құрылысы, периодтық жүйе және т.б. 10 -
сынып химия пәні бойынша біліммен қаруланып, берілген әрбір тақырып бойынша

тәжірибелік жұмыстар жасауға мүмкіншілік алып, ғылыми зерттеулер жүргізуге
үйренеді. Тәжірибелік жұмыстар заттардың алынуын, қасиетін зерттеуге,
негізделген.Заттарға сандық, сапалық
анализ жасауда қолданылатын әдістермен танысады. Курс соңында оқушылар химиядан
ғылыми жоба тақырыбын бекітіп, қорғайды.

Курс
5 бөлімнен тұрады:


№1 тарау
«Химиялық
заттың құрамы иен қасиеті. Химиялық байланыс» (9 сағат):

№2 тарау «Бейорганикалық заттар сыры» (5 сағат):.

№3 тарау «Металдар саяхат» (11 сағат): .

№4 тарау «Бейметалдарға саяхат» (7 сағат).

№5 тарау «Химия және экология» (3 сағат)

Курсты жүзеге асыру формалары. «Таңғажайып
химия»курсында химия пәні бойынша
білімдерін одан әрі меңгеру, оны оқыту үрдістерін түрлендіру арқылы жүзеге
асырылады. Сабақ процесі лекция, семинар ,өздік жұмыс, лабораториялық және
сарамандық жұмыстар арқылы талқылау, эксперименттік жұмыстар, есептер шығару
арқылы жүзеге асырылады.

Оқушылардың дайындық деңгейіне
қойылдатын талаптар:

Химия пәні бойынша алдымен техникалық қауіпсіздік еске
сақтау.

Химиялық терминдерді дұрыс атау.

Химиялық теңдеулер мен формулаларды дұрыс жазу.

Лабораториялық жұмыстар жасау кезінде приборлар мен
заттарды дұрыс ұстай білу.

Химиялық заттардан Заттарды аз мөлшерді құйып алу.

Әр заттың құрамын анықтай білу.

Құймалардың құрамын анықтай білу.

Қарапайым судан кермек суды ажырата білу.

Кез -келген химиялық уланған кезде алғашқы көмек көрсете
білу.

Құрылыс материалдарын ажырата білу.

10.Дақтарды
кетіру үшін дақ кетіретін заттарды ажырата білу

Күтілетін
нәтижелер:

1. Сабақта алған білімдерін
күнделікті өмірде қолдана біледі.

2.Химиялық қауіпсіздік ережелерін
қолдана біледі.

3. Сараманды жұмыстарды орындай
алады.

4. Танымдық қабілеттері дамиды.

5. Күрделенген есептерді шеше біледі.

6.Пән бойынша ғылыми жоба жасай алады.

Оқушыларға арналған
әдебиеттер:


  1. «Химия мектепте» №1 2008 ж. «Мұнай» тарауын қортындылау.23 бет
  2. «Химия мектепте» №6 2005ж. «Табиғатты қорғайық» 40 бет
  3. «Химия мектепте» №3 2005ж. «Таза ауа тапшы болмасын» 45 бет
  4. «Химия мектепте» №3 2007ж. «Автокөлік және адамдар» 65 бет
  5. «Химия мектепте» №6 2007ж. «Вигатенді технология» 8 бет
  6. «Химия мектепте» №6 2003ж. «Отын және оның қоршаған ортаға әсері» 42
    бет
  7. «Химия мектепте» №5 2008ж. «Ғаламшардың маңыздысы» 51 бет

«Судың тазартудың маңыздылығы»51 бет

«Жер шарының тынысы» 66 бет

«Бағдарлы
курс. Көмір» 71 бет


  1. «Химия мектепте» №3 2005ж. «суды пайдалана білу» 67бет
  2. «Химия мектепте» №4 2007ж. «Оқушы-мамандар» 72 бет
  3. «Химия мектепте» №1 2008ж. «Барлық дүниенің бастамасы» 58 бет
  4. «Химия мектепте» №5 2008ж. «Мария Кюри — Склодовска»73 бет
  5. «Химия мектепте» №2 2007ж. «Биогнеді элементтер»48 бет
  6. «Химия мектепте» №2 2008ж. «Ауыр металдар»31 бет

Мұғалімге арналған әдебиеттер:


  1. «Химия мектепте» №1 2007ж. «Пәннің мүмкіндігін пайдалану»67 бет
  2. «Химия мектепте» №4 2005ж. «Баспасөз конференциясы» 77 бет
  3. «Химия Қазақстан мектебінде» №1 2009ж. «Тұрмыс химиясы» 38 бет
  4. «Химия Қазақстан мектебінде» №2 2008ж. «Экология-химия сабағында» 52
    бет
  5. «Химия мектепте» №1 2008ж. «Пәннің Тұрмыс химиясы»67 бет
  6. «Химия мектепте» №1 2009ж. «Ауаны ластанудан сақтайық»39 бет
  7. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан -2030. 1998ж

Л.Н.Бушман. Шөлімізді қандыра аламыз ба? Алматы.2002ж,20 бет

«Химия мектепте» №5 2006ж. «Судың сапалық көрсеткіштері»3бет

«Химия мектепте» №2 2006ж. «Су таңғажайып зат»6 бет

«Химия мектепте» №1 2007ж. «Пәннің мүмкіндігін пайдалану»67 бет


  1. «Химия мектепте» №3 2003ж. «Қышқылдық жаңбырлар және олардың қоршаған
    ортаға әсері»9 бет
  2. «Химия мектепте» №1 2007ж. «Кейбір заттардың адам ағзасына әсері»23 бет
  3. М.Н.Нұрахметов Химия 2006
    жылЮ.Н.Кукушкин.Химия біздің
    айналамызды. 1992 жыл
  4. Электрондық оқулық 10-сынып,2013
  5. 10 сынып химия оқу кітабы, 2013

10 сынып таңдау.( 34 сағат)

Таңғажайып химия

Р/с

Сабақтың
тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Үй тапсырмасы

І тарауХимиялық заттың құрамы
мен қасиеті. Химиялық байланыс9 сағат

1

Көзге көрінбейтін бөлшектер

1

Оқу. Молекулалар құрастыру

2

Химияның іргетасы

1

10 теңдеу жазу

3

Күрделі заттар мен элементтер

1

БҚК қайталау

4

Периодтық жүйені жасау

1

5 э электрондық ф.

5

Атомның өз ішінде

1

Оқу

6

Молекуланың өз ішінде

1

оқу

7

Ковалентті байланыстың құпиясы

1

О2, Н2 хим. б. жазу

8

«Қатты» молекулалар

1

ИаҒ, НСІ х.б. жазу

9

Катализдік мүмкіндік беретін жылдамдық

1

Жылд. ф. қайталау

2 тарау Бейорганикалық
заттар сыры(5 сағат):.

10

Қышқылдар

1

Қышқ. жаттау

11

Негіздер

1

Негізд. жаттау

12

Тұздар және Балқаш көлі

1

Тұздарды жаттау

13

Су сыры

1

Су хим.қ. мысал

14

Металдар – техника негіздері

1

Оқу

ІІІ
тарауМеталдар саяхат11сағат

15

Металдар өмірде, өндірісте

1

Оқу

16

Асыл металдар

1

Т. оқу

17

Ас тұзы менқұнарландырғыш тұз

1

Хлоридерге мысал

18

Кең және оны байыту

1

Т. оқу

19

Шойыннан болатқа дейін

1

Ғе гент. қатарын ор

20

Калий

1

Кгент. орындау

21

Қазақ оқ-дәрісінің құрамы

1

Т. оқу

22

Кальций

1

Са ген. орындау

23

Құрылыс материалдары

1

Т. оқу

24

Магний

1

Магний г. орындау

25

Алюминий

1

АІ ген. орындау

ІҮ
тарауБейметалдарға саяхат6 сағат

26

Көміртектен гауһарға дейін

1

С ген. б.

27

Фосфордың табиғаттағы айналымы

1

Ргент. Б.

28

Оттек

1

Т. оқу

29

Күкірт қышқылы

1

Т. оқу

30

Хлор

1

СІ гент.б.

31

Әлемді шарлаған йод

1

Ігент. б.

Ү
тарауХимия және экология3 сағат

32

Ежелгі дүниенің хим-қ технологиясы

1

Т. оқу

33

Ауыз суын ластайтын химикаттар

1

Т. оқу

34

Жылыжай эффектісі, қышқыл жаңбырлар

1

Т. Оқу

Осыған ұқсас жазбалар:

Химия​ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ ДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН, ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

ХимияХимия сабағында эксперименттік есептерді шығаруда сыни ойлану

ХимияХимия пәнінен олимпиада есептерінің шығарылу жолдары

ХимияГалогендер

Күнтізбелік жоспарХимия пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148557

Пікірлер (2)
Гульмира # 27 қыркүйек 2015 в 12:05 0
Маған ұнады,рахмет
Айжақсы # 22 қазан 2015 в 18:06 0
Курс бағдарламасы ұнады. Рахмет

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар