Химия пәнінен емтихан билеттері (11 сынып)

16 сәуір 2014 - Админ

Химия пәнінен билеттер

2011-2012 оқу жылы

Билет № 1

  1. Д.И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі және периодтық заңы. Периодтық жүйенің құрылысы. Периодтық жүйеде көрінетін заңдылықтар. Периодтық заңның маңызы.
  2. Алкандар, осы қатардағы гомологтардың жалпы формуласы, электрондық қасиеттері қолданылуы.
  3. Есеп. Бастапқы заттардың біреуінің зат мөлшері белгілі болған жағдайда, реакция өнімінің зат мөлшерін есептеу.

Билет № 2

  1. Атом құрылысы туралы қазіргі кездегі көзқарастар. Изоптар.
  2. Этилен қатарындағы қанықпаған көмірсутектер, жалпы формуласы, құрамы, электрондық және кеңістіктегі құрылысы. Этиленнің химиялық қасиеттері, қолданылуы.
  3. Тәжірибе. Берілген үш бейорганикалық заттың әрқайсысын сәйкес реакция көмегімен анықтау.

Билет № 3

  1. Химиялық байланыс түрлері: иондық. металдық, сутектік, ковалентті ( полюсті, полюссіз), бір және еселі байланыстар.
  2. Алкадиендер, олардың құрылысы, қасиеттері, алынуы және практикалық маңызы. Каучуктар.
  3. Есеп. Бастапқы немесе заттардың әрекеттесуінен алынған заттардың біреуінің зат мөлшері белгілі болғанда зат массасын есептеу.

Билет № 4

  1. Бейорганикалық және органикалық химияда химиялық реакцияларды жіктеу.
  2. Ацетидлен – алкиндер өкілі. Химиялық қасиеттер, алынуы және ацетиленнің органикалық синтезде қолданылуы.
  3. Тәжрибе. Берілген үш органикалық затты сәйкес реакция көмегімен анықтау.

Билет № 5

  1. Химиялық реакциялардың қайтымдылығы. Химиялық тепе-теңдік және оның ығысу жағдайлары. Ле-Шаталье принципі.
  2. Қаныққан және қанықпаған көмірсутектердің кеңістіктегі құрылысы.
  3. Есеп. Басқа газдың белгілі көмегімен әрекеттесу үшін қажетті газдың көлемін есептеу.

Билет № 6

  1. Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Жылдамдықтың заттардың табиғатына концентрациясына, әрекеттесуші заттардың жанасу бетіне, температураға, катализаторға тәуелділігі.
  2. Арендер. Бензол, құрылымдық формуласы, қасиеттері және алынуы. Бензолдың және оның гомологтарының қолданылуы.
  3. Тәжрибе, қышқылдардың химиялық қасиеттерін дәлелдейтін реакцияларын жасау.

Билет № 7

  1. Қаныққан біратомды спирттер, олардың құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері. Этил спиртін алу және қолданылуы, оның адам организміне физиологиялық әсері.
  2. Ион алмасу реакциялары. Олардың қайтымсыз жағдайы.
  3. Есеп. Реакция өнімінің зат мөлшері белгілі болған жағдайда бастапқы органикалық заттардың біреуінің массасын есептеу.

Билет № 8

  1. А.М. Бутлеровтың органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясының негізгі қағидалары, оның маңызы.
  2. Темір, периодтық жүйеде орналасуы, физикалық және химиялық қасиеттері. Темір құймалары және олардың қолданылуы.
  3. Тәжрибе. Аталған газтектес затты алу және оның қасиеттерін сипаттайтын реакциялар жасау.

Билет № 9

  1. Органикалық қосылыстар изомериясы және олардың түрлері.
  2. Азот қышқылы, физикалық және химиялық қасиеттері, нитраттар. Қолданылуы.
  3. Есеп. Бастапқы заттардың берілгені бойынша, олардың біреуі артық алынғанда реакция өнімдерінің біреуінің массасын немесе зат мөлшерін есептеу.

Билет № 10

1. Бейорганикалық заттардың аллотропиясы.

2. Фенол, оның құрылысы, қасиеттері, алынуы және қолданылуы.

3. Тәжрибе. Зерттелетін органикалық заттар класының біреуінің маңызды химиялық

қасиеттерін дәлелдейтін реакция жасау.

Билет № 11

  1. Металдардың жалпы химиялық және физикалық қасиеттері. Металдардың электорхимиялық кернеу қатары.
  2. Альгидтер олардың құрылысы және қасиеттері. Сірке альдегиді мен құмырысқа альдегидтерінің алынуы және қолданылуы.
  3. Есеп. Салыстырмалы тығыздығы және қосылыстағы элементтердің массалық үлесі бойынша газтектес көмірсутектің молекулалық формуласын табу.

Билет № 12

  1. Электролиттік диссоциация теориясы.
  2. Қаныққан бір негізді карбон қышқылдары, олардың сірке қышқылы мысалында құрылысы және қасиеттері.
  3. Есеп. Жану өнімінің массасы (көлем) бойынша органикалық қосылыстардың молекулалық формуласын табу.

Билет № 13

  1. Металдардың химиялық және электрохимиляқ коррозиясы. Коррозияға ұшырауға ықпал ететін жағдайлар. Коррозиядан сақтау тәсілдері.
  2. Майлар. Олардың құрамы, қасиеттері. Табиғаттағы майлар, организмдегі майлар айналымы. Майларды техникалық өңдеу өнімдері, синтетикалық жуғыш заттардан қорғау.
  3. Тәжрибе. Берілген бейорганикалық заттың сапалық құрамын дәлелдеуге арналған тәжрибе жасау.

Билет № 14

  1. Қосымша топша металдары, олардың құрылысы мен қасиеттерінің ерекшеліктері.
  2. Көмірсулар. Құрамы. Құрылысы. Моно -, ди-, полисахаридтер. Адам өміріндегі және табиғаттағы маңызы.
  3. есеп. Қоспасы бар бастапқы заттың массасы бойынша реакция өнімінің зат мөлшерін есептеу.

Билет № 15

1. Негізгі топша металдары. Сілтілік металдар, олардың қасиеттері. Сілтілік

металдардың қосылыстары.

2. Аминдер. Атом құрылысы. Анимен. Оның алынуы және пайдаланылуы.

3. Тәжрибе. Тұз ерітінділеріне индикаторлармен әсер ету. Бақылау нәтижелерін

түсіндіру.

Билет № 16

  1. Бейорганикалық және органикалық қосылыстар кластары арасындағы генетикалық байланыстар. Химиялық қосылыстардың саналуандығының себептері.
  2. Аммиак өндірісі. Оптимальды жағдайларды таңдау қоршаған ортаны және еңбекті қорғау.
  3. Есеп. Реакция өнімінің массасын есептеу, егер оны алуға бастапқы заттың массалық үлесі белгілі (% — бен) ерітінді берілсе.

Билет № 17

1. Тұздардың ерітінді және балқымасының электолиздері.

2. Авогадро заңы. Авогадро заңының ғылыми және практикалық маңызы.

3. Тәжрибе. Берілген органикалық затқа сай реакциялар жасау.

Билет № 18

  1. Сабын және жуғыш заттар. Сабын алу және оның қасиеттері. Синтетикалық жуғыш заттар. Табиғатты синтетикалық жуғыш заттардан қорғау.
  2. Электролиттік диссоциация тұрғысынан қышқылдар.
  3. Есеп. Егер бастапқы заттың массасы белгілі болса, алынған газдың көлемін есептеу қажет.

Билет № 19

  1. Бейметалдардың жалпы қасиеттері.
  2. Жай және күрделі эфирлер. Физикалық, химилық қасиеттері және қолданылуы.
  3. Тәжрибе. Берілген органикалық заттарды қосылыстардың белгілі класына жатқызу.

Билет № 20

  1. Металлургия. Металлургиядағы негізгі процестер. Болат және шойын өндірісі. Қазақстандағы металлургия өндірісі.
  2. Көміртек. ХЭПЖ көміртектің орналасуы. Көміртек қосылыстары. Көміртек қосылыстарының көптүрлілігі.
  3. Есеп. Газдың белгілі көлемі және реакция нәтижесінде бөлінген жылу мөлшері бойынша реакцияның жылу әрекетін есептеу.

Билет № 21

  1. Органикалық карбон қышқылдарын жіктеу. Көпнегізді және қанықпаған карбон қышқылдарының өкілдері. Олардың ерекшеліктері.
  2. Галогендер. ХЭПЖ галогендердің орналасуы. Хлор атомының құрылыс ерекшелігі және химиялық қасиеттері мен оның қосылыстарының ерекшеліктері.
  3. Тәжрибе. Берілген үш бейорганикалық заттың әрқайсысын сәйкес реакция көмегімен анықтау.

Билет № 22

  1. Жоғары молекулалы қосылыстар туралы түсінік. Табиғи және синтетикалық жоғары молекулалы қосылыстар. Жоғары молекулалы қосылыстардың маңызы.
  2. Азот. Атом құрылысы. ХЭПЖ орналасуы. Азоттың қасиеттері. Аммиак, аммоний тұздары, қасиеттері мен қолданылуы.
  3. Тәжрибе. Берілген бейорганикалық заттың сапалық құрамын анықтайтын реакция жасау.

Билет № 23

  1. Көмірсутектердің табиғи көздері. Өндіру, қайта өңдеу. Пайдалану перспективалары. Көмірсутектердің табиғи көздеріне байланысты мәселелер. Қазақстандағы негізгі газ, мұнай және көмірдің отандары.
  2. ЭДТ тұрғысынан тұздар.
  3. Тәжрибе. Айналуды орындау: тұз — ерімейтін негіз – металл оксиді.

Билет № 24

  1. Күкірт қышқылы. Сұйылтылған және концентрациялы қышқылдардың қасиеттері, қолданылуы.
  2. Ақуыздар табиғи биополимерлер тәрізді, ақуыздың құрамы, құрылымы, физикалық және химиялық қасиеттері. Қазақстандағы микробиология өндірісінің дамуы.
  3. Есеп. Бейорганикалық заттың сапалық құрамын дәлелдейтін реакциялар жасау.

Билет № 25

  1. Электрометаллургия. Алюминий алу. Қазақстандағы алюминий өндірісі.
  2. Аминқышқылдары. Құрамы, құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.
  3. Тәжрибе. Екідайлы гидроксид алу және оның қасиеттерін сипаттайтын реакциялар жасау.

Билет № 26

  1. Кремний және оның қосылыстары. Силикат өндірісі.
  2. Сілтілік жер металдар. Судың кермектілігі және оны жою жолдары.
  3. Тәжрибе. Берілген үш бейорганикалық заттың әрқайсысын сәйкес реакция көмегімен анықтау.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119677

Пікірлер (2)
Джамайка # 8 сәуір 2015 в 23:30 0
Жауаптары кайда?
айя # 14 мамыр 2016 в 17:26 0
Электрометаллургия. Алюминий алу. Қазақстандағы алюминий өндірісі.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар