Химия сабағында эксперименттік есептерді шығаруда сыни ойлану

27 қыркүйек 2014 - Тлектес Сидакова
Химия сабағында эксперименттік есептерді шығаруда сыни ойлану

                                                     Аннотация

 

1.Зерттеу тақырыбы: Химия сабағында эксперимент есептерді шығаруда сыни ойлану

2.Зерттеу тақырыбының мақсаты: Химия сабағында эксперименттік есептерді шығару оқушылардың теориялық білімдерін тиянақты етеді,іс-жүзінде қолдана білуге дағдыландырады.

3.Тақырыптың өзектілігі: Оқушылардың өздігінен жұмыс істей білуге,өз ісіне сын көзбен қарауға және жұптық жұмыста сенімділік білдіреді.

4.Зерттеу тақырыбының терниялық маңыздылығы: Химияда білімдерін нығайтуда, оқушылардың алған білімдерін бақылап, бағалауда эксперимент есептердің теориялық маңызы зор.

5.Зерттеу тақырыптың жаңалығы: Соңғы жылдары эксперимент есептерді шешу,құрал-жабдықтарды пайдаланбай да, жүзеге асыру негізделген.Қазір мектептердің химия кабинеттері жаңа технологияға сай жабдықталуда.Виртуалды он-лайн зертханалық, сарамандық жұмыстар енгізілуде.

6.Зерттеу тақырыбының құрылымы: Зерттеу тақырыбы кіріспеден, негізгі бөлімнен,қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

    

 Қытай  даналығының«Маған айтшы-мен ұмытып қаламын; маған көрсетші-менің есімде     қалады;өзіме істетші-мен сонда түсінемін»  деген сөзін басшылыққа ала отырып, мен эксперимент есептерінің химияны оқыту процессіне отызыншы жылдары енгізілгенін айта кетемін.Эксперимент есептерін шығарудың алдымен көрнекі көрсету, содан соң зертханалық тәжірибе жасау, ақырында сарамандық әдістері қалыптасты.Бұл методиканы қазіргі кездерде де қолданамыз.Мұғаліммен алғашқы берілген есеп талқыланады.Мұғалім оқушылар мен бірлесе отырып жоспар құрады, тәжірибені бір немесе екі оқушы, немесе мұғалімнің өзі көрнекі көрсетеді.Екінші кезеңде есепті шығару үшін, жоспарды топтық жұмыста бірлесе отырып талқылау арқылы жүзеге асырады да, тәжірибелерді зертханалық түрде жасайды.Үшінші кезеңде арнайы сарамандық сабақтарда оқушылар эксперимент есептерін өздігінен шығарады.Жаңа технология бойынша эксперименттік есептерді шығаруда  жасалынатын тәжірибелерді вертуальды  онлайн бойынша АКТ-ны пайдаланып көрсетіледі.Мұғалімнің көмегімен оқушылар жеке жұмыс жасайды.Интернетке кіре отырып, компютердің тышқанын қозғалта отырып тәжірибе жасап, нәтижесін жұмыс дәптеріне енгізеді. 8-сыныпта оттегіні алу тақырыбында оттегіні алу, оттегіні жинайтын құрал құрастыру, оттегіні анықтауға байланысты қарапайым есептер шығарылады.Осы жерде проблемалы мәселе туындайды.Оны оқушыларға былай түсіндіремін:

          1.Қалай ойлайсыңдар таза оттегінің жанғаны қауіпті ма,қоспасы бар оттегінің жанғаны қауіпті ма? Осылай оқушылардың сыни ойлануларына мүмкіндік беремін.Оқушылар топта ақылдасып, ортақ тұжырым жасайды.Ал сутегіні алу  тақырыбын өткенде есептердің мазмұны кеңейіп, реакция жасау үшін тұз алу,қоспаның құрамын анықтау және бөлу есептері қосылады.Есептің қиындығы біртіндеп арттырылады.Оттегіні тану деген эксперименттік есепті шешу ретінде мысал келтірейік.Топтарды есептің шарты таратылады.Мысалы: Аузы бекітулі екі пробиркада оттегі және көмір қышқыл газы берілген. Әр пробирканың ішіндегісін анықтаңдар.

1.Алдымен оқушылар топта жұмыстың орындалуымен танысады. 

2.Табиғатта оттегі және көмірқышқылгазы туралы білетіндерін еске түсіреді.

3.Физикалық қасиеті бойынша табуға бола ма, талқылайды.

4.Қандай тәжірибе жасау керек екенін ойластырады?

5.Тәжірибе жасайды немесе вертуалды онлайн бойынша жасайды

6.Жазбаша есеп береді.Онда не істегендерін, не байқағандарын ,қорытындысын кестеге түсіреді.Мысалға былай:

Не істелінді?

Не байқалды?

Қорытынды

№1.Оттегіні алу

 

 

№2  Оттегіні тану

 

 

     Мектеп курстарында химия есептері сандық және сапалық болып екіге бөлінеді.Сапа есептері эксперимент есептері деп те атайды, себебі оларда сандық мәліметтер болмайды, химиялық тәжірибелер жасау арқылы шығарылады.Химияда оқушы білімін қалыптастыруда оқушылардың алған білімін бағалауда эксперименттік есептердің мағызы зор.Эксперименттік есептерді шығара отырып, оқушының теориялық білімі тиянақты болады.Эксперименттік есептерді шығаруда оқушы тез қабылдаса, оның өздігінен жұмыс жасау қаблеті өседі, сырқа сын көзбен қарай алады.Сондықтан зертхана жұмыстарының саны артуда.9-сынып оқулығында заттарды алу эксперименттік есептері көбірек.Мысалы: «Мыс (II)оксидінен, су, мыс сульфатын және натрий гидрооксиді берілген.Мыс гидрооксидін алып,қоспадан бөліңдер»; Топта оқушылар есептің шешуін талқылайды.Оқушылар негізгі заңдылыққа сүйеніп, гидрооксидтер, негіздік оксидтерден алынады деп ойлап, реакция теңдеулерін жазады, тәжірибе жасайды.Сырқы белгілеріне қарап басқа зат түзілмегеніне көзі жетеді.Мыс оксидіне су қосып негіз алуға болмайтындарына көздері жетеді.Қалған екі заттың арасына алмасу реакциясын жасайды:

                          CuSO4+2NaOH=Cu(OH)2+Na2SO4

Пайда болған тұнбаны сүзгі қағаз арқылы бөліп алады.Алынған тұнбаны сүзгіш қағазда кептіреді.

Нәтижесін кестеге түсіреді.Не істегендерін, байқағандарын,қорытындысын жазады.

2-есеп.Алюминий хлоридінің сапалық құрамын анықтау.Бұл экспеименттік есептің шешу жолдарын, біріншіден топта талқылайды.Ортақ тқжырым жасайды.Шешуі: Алюминий хлоридінің формуласы-AICI3 оқушы оның құрамын анықтайды.Құрамында Алюминидің бар екенін дәлелдеу үшін оқушы сілті ерітіндісін пайдаланады, ақ тұнба түзілуі тиіс.

     AICI3+3KOH=AI(OH)3+3KCI

Тұздың екінші бөлігін анықтау үшін оқушылар CI-ды анықтау үшін, мына реакцияны жасайды.

AICI3+3AgNO3=AI(NO3)3+3AgCI ақ тұнба.

Келтірілген реактивтер заттарды ажыратып, тану үшін керек.Нәтижесін кестеге жазады.Осындай эксперименттік есептерді топтық жұмыста талқылау, оқушылардың сыни ойлануларын дамытты.Эксперименттік есептің нәтижелерін сарамандық сабақтың соңында қорытындылау тиімді екені іс жүзінде дұрыс болып шықты.Топта біреуі әр типке жататын есептің шешімін жазба есебі бойынша айтады,қалғандары өз шығапғандарымен салыстырып, талқылайды.Есептердің дұрыс жауабын компютер арқылы да көрсетуге болады.Оқушылар сарамандық жұмыстың бағасын критерий түзе отырып өздері-өздерін бағалайды.

      Сарамандықжұмыстың бағалау  жүйесі 

Критерилер

Балл

Техника қауіпсіздігін сақтау

1

Жұмыстың мақсатын қою

1

Гипотеза  жасауы

1

Жұмысты орындау үшін реактивтер мен приборларды дұрыс таңдауы

1

Жұмысты  жазуы

1

Жұмыс бойынша қорытындылар

1

барлығы:

6

 

            Бағалау шкаласы:

2-3- ұпайға-----«3»

     4-5 ұпайға----«4»

              6-  ұпайға----«5»

Осыған ұқсас жазбалар:

ХимияХимия пәні бойынша таңдау курсының бағдарламасы

ХимияХимия пәнінен олимпиада есептерінің шығарылу жолдары

Химия​ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ ДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН, ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

ХимияГалогендер

Күнтізбелік жоспарХимия пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148611

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар