Химиядан олимпиадалық есептерді шығару

11 қазан 2014 - Күлзия Есенқызы

«Химиядан олимпиадалық есептерді шығару»тақырыбына авторлық бағдарламаның үлгісі

Мамырканова Лира Нұқсиқызы

Астана қаласы №56 мектеп-лицейдің

химия пәні мұғалімі

 

 

Түсінік хат

 

Бұл бағдарлама химияны оқытудың маңызды бір құрамдас бөлігі –  олимпиадалық есептер шығару әдістемесіне арналған.

Бұл бағдарлама мазмұны олимпиадалық  есептерді шешу тәсілдерін меңгертуге, химия ғылымының негізгі түсініктері мен заңдарын көп дүркін қайталауға, оларды түсіну және есте сақтауға арналған.

  Жұмбақталған  есептердің шығарылу әдістемесінен басталып, деңгейлері күрделі есептердің шығарылу әдістемесімен аяқталады.Бағдарламадағы есептер органикалық және бейорганикалық химия курсына арналған; сапалық  реакция теңдеулеріне арналған есептер жүйесі де берілген.

 

Бұл курстың мақсаты:

Оқушылардың химия пәніне қызығушылықтарын дамытып, химиядан мектеп бағдарламасына сәйкес және күрделілігі  жоғары есептерді шығаруға дағдыландыру. Химия пәні бойынша алған теориялық білімдерін бекітіп, дамытып, іс жүзінде қолдана білуге үйрету. Оқушыларды жауапкершілдікке, бастаған ісін аяғына жеткізуге, тиянақты болуға тәрбиелеу.

                                                 Курстың міндеттері:

1.Химия пәнінен оқушылардың жалпыға бірдей білім стандартын меңгеріп және алгоритмдік деңгейге жетулеріне мүмкіндік жасау.

2. Химия пәнінен есептер шығарудың түрлі тәсілдерін меңгерту.

3.Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып, шығармашылық деңгейлерін көтеру.

4.Оқушыларды өз бетімен белсенді жұмыс істеуге үйрету.

5.Оқытуды өмірмен тығыз байланыстыру.

 

 

Өзектілігі

Оқушы әртүрлі ғылым салаларынан алған білімін өзара ұштастырып, білім мен әрекеттің тұтастығы, ойлаудың әртүрлі әдістерін (пайымдау, жіктеу, жүйелеу, дәлелдеу, қорытындылау)қалыптастырады.

Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

Химияның негізгі түсініктері мен заңдылықтарды, химиялық терминдерді білу;

Беорганикалық және органикалық заттардың жіктелуі мен олардың арасындағы генетикалық байланыстарды білу;

Заттардың алыну тәсілдері мен химиялық қасиеттерін білу;

Есептердің шығару алгоритмдерін білу;

Есеп шартын дұрыс жаза білу;

Есептердегі физикалық  шамаларды  білу;

Химиялық реакциялар теңдеулерін жазу және коэффиценттер қоя білу;

 

Оқу-әдістемелік құралдар:

Есептер жинақтары, кестелер, периодтық жүйе,

диаграммалар, таблицалар, электрондық оқулықтар,ғаламтор материалдары,қызықты химиялық реакциялары.

Пән аралық байланыс:

Биология, математика, физика, география.

 

Курстың уақыт көлемі

10  сынып: аптасына – 1 сағат, жыл бойы- 34  сағат.

 

Курстың ұйымдастыру формасы:

Лекция, есептер шығару, шығармашылық жұмыс, пікірталас.

 

Курсты аяқтау формасы:

Тест, есептер нұсқаулары, шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау формасы:

«5» — балдық  жүйе

Күтілетін нәтиже:

-          Оқушылардың теориялық  және  практикалық білімдері қалыптасады;

-         Оқушылар  есептерді  шығарудың алгоритмдерін үйренеді;

-         Оқушылар  есептерді  шығарудың түрлі тәсілдерін меңгереді;

-          Оқушылардың  өз бетінше жұмыс жасау қабілеттері  дағдыланады;

-          Оқушылардың ойлау қабілеттері  дамып, шығармашылық деңгейлері көтеріледі;

-         Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады;

 

№1 тақырып:  Жиі кездесетін бейорганикалық заттардың қасиеттері

( 4 сағат )

Газдардың қасиеттері. Түсті жалынмен Жанатын түсті газдар. Түсті газдар.

Сұйықтықтардың қасиеттері.Өзіне тән түсі бар ерітінділер. Түссіз сұйықтықтар. Ауада түтіндейтін түссіз сұйықтықтар. Қатты заттардың қасиеттері.Жалын түсін бояйтын жай заттар мен иондар. Өздеріне тән түстері бар заттар.Металдар мен металдық жылтыры бар заттар. Қара түсті заттар. Ақ және түссіз заттар. Қызыл және қоңыр түсті заттар. Қызғылт-сары түсті заттар. Сары түсті заттар. Жасыл түсті заттар. Көгілдір, көк және

күлгін түсті заттар. Өздеріне тән реакциялар арқылы анықталатын заттар. Ерітінділерде  өздеріне тән реакциялар арқылы анықталатын иондар. Қасиеттері ұқсас қосылыстар

 

№2 тақырып:  Бейорганикалық заттар жұмбақталған есептер және

оларды шешу үлгілері (4 сағат )

 

Бейорганикалық заттар жұмбақталған есептер және оларды шешу үлгілері. Бейорганикалық заттар жұмбақталған есептер және оларды шешу үлгілері. Өз бетінше шығаруға арналған есептер.

 

 

№3 тақырып: Жиі кездесетін  органикалық заттардың қасиеттері

( 2 сағат )

Табиғи заттар. Өндірісте қолданылатын заттар. Маңызды полимерлер. Фенопластар

Өздеріне ғана тән реакциялар арқылы анықталатын заттар. Спецификалық иісі бар заттар

Улы заттар. Жарылғыш заттар. Органикалық қосылыстардың маңызды кластарының ерекшеліктері

 

№4 тақырып: Органикалық заттар жұмбақталған есептер және

оларды шешу үлгілері (4 сағат )

Органикалық заттар жұмбақталған есептер және оларды шешу үлгілері. Органикалық заттар жұмбақталған есептер және оларды шешу үлгілері. Өз бетінше шығаруға арналған есептер

№5 тақырып: Күрделі деңгейлі есептер шығару

( 20 сағат )

Белгісіз заттың формуласын анықтау. Қоспаларға арналған есептеулер. Изотоптар

Кристаллогидраттарға арналған   есептер. Жұмбақталған есептер. Химиялық өзгерістер тізбектері. Ерігіштік. Органикалық синтез.

Химиядан олимпиадалық есептерді шығару

РС

Мазмұны

 

Сағат

саны

Мерзімі

№1 Жиі кездесетін бейорганикалық заттардың қасиеттері

( 4 сағат )

1-1

Газдардың қасиеттері

 

 

1

 

1-2

Түсті жалынмен Жанатын түсті газдар

1-3

Түсті газдар

1-4

Сұйықтықтардың қасиеттері.Өзіне тән түсі бар ерітінділер

1-5

Түссіз сұйықтықтар

2-1

Ауада түтіндейтін түссіз сұйықтықтар

1

 

2-2

Қатты заттардың қасиеттері.Жалын түсін бояйтын жай заттар мен иондар

2-3

Өздеріне тән түстері бар заттар.Металдар мен металдық жылтыры бар заттар

2-4

Қара түсті заттар

3-1

Ақ және түссіз заттар

1

 

3-2

Қызыл және қоңыр түсті заттар

3-3

Қызғылт-сары түсті заттар

3-4

Сары түсті заттар

3-5

Жасыл түсті заттар

4-1

Көгілдір, көк және

күлгін түсті заттар

1

 

4-2

Өздеріне тән реакциялар арқылы анықталатын заттар

4-3

 Ерітінділерде  өздеріне тән реакциялар арқылы анықталатын иондар

4-4

Қасиеттері ұқсас қосылыстар

 

№2  Бейорганикалық заттар жұмбақталған есептер және

оларды шешу үлгілері (4 сағат )

5-1

Бейорганикалық заттар жұмбақталған есептер және оларды шешу үлгілері

1

 

6-2

Бейорганикалық заттар жұмбақталған есептер және оларды шешу үлгілері

1

 

7-3

Өз бетінше шығаруға арналған есептер

 

1

 

8-4

Өз бетінше шығаруға арналған есептер

 

1

 

№3 Жиі кездесетін  органикалық заттардың қасиеттері

( 2 сағат )

9-1

Табиғи заттар

 

 

1

 

9-2

Өндірісте қолданылатын заттар

9-3

Маңызды полимерлер

9-4

Фенопластар

9-5

Өздеріне ғана тән реакциялар арқылы анықталатын заттар

10-1

Спецификалық иісі бар заттар

1

 

10-2

Улы заттар

10-3

Жарылғыш заттар

10-4

Органикалық қосылыстардың маңызды кластарының ерекшеліктері

№4 Органикалық заттар жұмбақталған есептер және

оларды шешу үлгілері (4 сағат )

11-1

Органикалық заттар жұмбақталған есептер және оларды шешу үлгілері

1

 

12-2                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

Органикалық заттар жұмбақталған есептер және оларды шешу үлгілері

1

 

13-3

Өз бетінше шығаруға арналған есептер

1

 

14-4

Өз бетінше шығаруға арналған есептер

1

 

№5  Күрделі деңгейлі есептер шығару

( 20 сағат )

15-1

Белгісіз заттың формуласын анықтау

 

1

 

16-2

Белгісіз заттың формуласын анықтау

1

 

17-3

Белгісіз заттың формуласын анықтау

1

 

18-2

Қоспаларға арналған есептеулер

 

1

 

19-4

Белгісіз заттың формуласын анықтау

1

 

20-5

Белгісіз заттың формуласын анықтау

1

 

21-6

Изотоптар

 

1

 

22-7

Изотоптар

 

1

 

23-8

Кристаллогидраттарға арналған

 есептер

1

 

24-9

Кристаллогидраттарға арналған

 есептер

1

 

25-5

Жұмбақталған есептер

 

1

 

26-6

Жұмбақталған есептер

1

 

27-7

Жұмбақталған есептер

1

 

28-8

Химиялық өзгерістер тізбектері

 

1

 

29-9

Химиялық өзгерістер тізбектері

1

 

30-10

Химиялық өзгерістер тізбектері

1

 

31-11

Ерігіштік

 

1

 

32-12

Ерігіштік

 

1

 

33-13

Органикалық синтез

 

1

 

34-14

Органикалық синтез

 

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланатын әдебиеттер:

Мұғалім үшін:

1.Бекішев Қ «Аудандық химиялық олимпиада есептері»

Алматы: «Білім » 2012ж

2.Усманова М.Б.  Сақириянова Қ.Н.  «Сандық есептер шығару әдістемесі»

Алматы: «Атамұра »  2004ж

3.Шамова М.О. «Учимся решать расчетные задачи по химий»

Москва: «Школьная пресса» 2002ж

4.Хомченко Г.Г. Хомченко Г.И. «Задачи по химии»

Москва: «Высшая школа» 1987ж

5.Рудзитис Г.Е. Фельдман Ф.Г. «Решения и ответы»

Висагинас: «Альфа» 2000ж

6. Врублевский А.И. «Задачи по химии с примерами»

Мн: «Юнипресс» 2002ж

7.Резяпкин В.И. «700 задач по химии с примерами решения»

Минск 2001ж

 

 

 

Оқушы үшін:

 

1.Бекішев Қ «Аудандық химиялық олимпиада есептері»

Алматы: «Білім » 2012ж

2.Усманова М.Б.  Сақириянова Қ.Н.  «Сандық есептер шығару әдістемесі»

Алматы: «Атамұра »  2004ж

3.Темірболатова Ә.Е. «Химия»

Алматы: «Атамұра» 2004ж

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062488

Пікірлер (2)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар