​Астанадан хат келді.

30 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева

Астанадан хат келді.

Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның директоры Жаңыл Орынбаеваға Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е. Сыдықов мырзадан жанды жадыратар «Алғыс хат» келді.Бұл университет халықаралық рейтинг бойынша әлемдегі ең озық Os World University Rankings болып саналады. 2011жылғы мектепті бітіруші түлектер – «Алтын белгі» иегерлері – Загидуллина Галина Наильевна мен Батырбекова Асылзат Жарқынбекқызы осы аталған жоғарғы оқу орнына грантпен түскен болатын.Олар осы оқу орнының қабырғасында «Оқу инемен құдық қазғандай» дегендей, білім алу барысында білімділіктерімен, тәрбиеліктерімен, мәдениеттіліктерімен, ізденімпаздықтарымен, елгезектіліктерімен, байқампаздықтарымен, танымдық қабілеттерімен, даралықтарымен, қоғамдық өмірде белсенділіктерімен,

жауапкершіліктерімен көзге түседі. Хат мәтінінде университет ұжымы осы аталған студенттердің болашақта мықты маман болуларына ықпал ететіндерін, қажетті жағдаймен қамтамасыз ететіндерін хабарлайды. Осы ізгі де оңды қасиеттердің №9 мектеп-гимназиядан түлеп ұшқан шәкірттерінің бойында болғаны үшін, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е. Сыдықов Некрасов атындағы №9мектеп-гимназияның директоры Жаңыл Орынбаеваға шынайы шын ықыласты алғысын хат мәтіні арқылы жеткізеді.Хат соңында,№9мектеп-гимназия ұжымына «шығармашылық табыс пен еңбектерінің өркендей беруіне» тілектестік білдіреді. « Осындай тәлім-тәрбие алған білімді шәкірттеріңізді алдағы уақытта да іскерлікпен, біліктілікпен қабылдауға әрқашанда дайынбыз. Сіздермен бірлесе жұмыс жасау – біз үшін үлкен қуаныш»деп, жазады хат мәтінінде. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»дегендей, ұстаздардың жасап жатқан еңбегі ұшан-теңіз.Ата-анамен мұғалімдер қауымы «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарса» алынбайтын асу бар ма? Алғыс алғаннан асқан қуаныш жоқ шығар.Осы алғыс хат Некрасов атындағы №9мектеп-гимназияның біршама еңбегін елеуіштен өткізгендей. Өлшеуі жоқ Еңбектің жанғанын аңғартқандай ма,қалай?! «Адам көркі – жақсы іс екенін» есте сақтай отырып, барлық күш-қуатымызды ұстаздық еңбекке жұмылдырайық.

Несіпкүл Өтебаева,

Н.А.Некрасов атындағы

№9 мектеп-гимназияның мұғалімі,

Түркістан қаласы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062475

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар