"Зерде"әдістемелік- бірлестік хабарламасы

Жанай орта мектеп-бақша»  КММ-нің 2015-2016 оқу жылындағы  «Зерде»  политехникалық пәндер  бірлестігінің  22-31 қазан аралығында  өткізілген  10 күндік аясында хабарламасы                                                       

     Мемлекеттік білім стандартына сәйкес оқу бағдарламасы орындалды. Қазан  айында «Зерде» политехникалық  пәндер бірлестігінің ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.

    Политехникалық пәндер бірлестігінің пән мұғалімдері   жоспарға сай ашық сабақтар  мен кластан тыс сабақтар ,  кештер өткізді.  Әр мұғалімнің    күнтізбелік жоспары бойынша , сабақтары  бекітілді.   Бірлестігіміздегі мұғалімдер оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін заманауи әдістер негізінде арттыру мақсатында ақпараттық технология мен сандық білім беру ресурсы, электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы сабақтарын өткізді.  22 -31 қазан  аралығында  « Ақпараттық технология үрдісінде сабақ өткізудің тиімді әдістері»    тақырыбында  онкүндік  өткізілді.

 22 қазан  күні 10 күндік декаданың ашылуы жарияланып, декаданың өтілу жоспарымен таныстырылды .

 23 қазан күні технология пәнінен « Шебердің қолы ортақ »  тақырыбында  оқушылардың ең сапалы жасаған бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. Жауапты технология пәні мұғалімі Арганатова Б.А

22 қазан күні  « Африканың географиялық орны, материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы.» атты ашық сабақ 7 сыныпта география пәні мұғалімі Агимбекова Б.А-ның  ашық сабағы өткізілді.Мұғалім электронды оқулық пайдалана отырып, оқушыларды тапсырмаларды өздігінен орындауға үйретті, интернет материалдарын пайдаланды. Оқушылар ізденген, мұғалім шеберлігі байқалды, материалдарын толық пайдаланды. Сабақ уақытында аяқталды. Сабақ мақсатына жетті.

26 қазан күні дене шынықтыру пәні мұғалімі Бегембаев С.К- тің   ұйымдастыруымен   « Волейбол » 7-10 сыныптар арасында өтті .  Сабақта мұғалім шеберлігі байқалды. Сабақ мақсатына жетті. Оқушыларда жоғары белсенділік байқалды.

28 қазан күні  8  сыныпта  «Қайнау меншікті булану жылуы» атты ашық сабақ өтілді. Мұғалімі: Ахметова Г.М. Мұғалім ізденген, оқушылардың сабаққа белсенділіктері байқалмады.

  27 қазан күні дене шынықтыру   пәнінен 10 сыныпта С.К Бегембаев

  «Баскетбол ойын ережесі және ойнау » атты ашық сабақ өтті.                          26 қазан күні алгебра пәнінен« Көп мүшеге амалдар қолдану» 7  кл.

Мұғалімі: Математика  пәні мұғалімі  Калиева Т. Ж  .Мақсаты: Оқушыларға теңдеулер шешудің әдістері бойынша білімдерін жалпылау, теңдеулер шешу дағдысымен білім, біліктіліктерін жетілдіру.   Қазіргі заман талабына сай технологиялық әдістерді  ,   интерактивтік тақтаны қолданумен, сабақтың мақсатына жетті.

28 қазан күні 10 сыныпта  « Цитоплазма органоидтері. Пластидтер. Митохондрия.» атты  ашық сабақ өтті. Мұғалімі Уаков М.С. Оқушылар жаңа технологияны жақсы меңгерген, өз ойларын еркін жеткізе білді. Сабақ өз мақсатына жетті

28 қазан күні 5 сыныпта  « Баскетбол. Кеудеден және жоғарыдан допты беру»  тақырыбында дене шынықтыру пәні мұғалімі Тыныбаев Д.Т- нің ашық сабағы өтілді. Оқушылар сабақта белсенділік танытты, сабақ өз мақсатына жетті.

29 қазан күні 10 сыныпта  «Калашников автоматы арнауы және ұрыстық қасиет » тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Оқушыларды сапқа тұрғызды, рапорт қабылдады, А.Ә.Д киімі барлық оқушылар болды. Сабақта  автомат құрылысын еске түсіріп, шашып, қайта жинауды  көрсетті. Сабақ  орташа деңгейде өтті. Мұғалім жаңа сабақты түсіндіруде, өз ойын терең жеткізе алмай, сол себептен де оқушылардың  белсенділігі төмен болды. Сабақта дайын плакаттарды, ноутбукты қолданды, өзі ізденген, былтырғы жылғыдан өзгеше қазақ тілін біраз меңгергені байқалды.  

29 қазан күні 5  сыныпта « Тапқырлар сайысы»

алгебра пәні мұғалімі Ербосынова С.Т ның  сыныптан тыс сабағы өтті. Мақсаты: Оқушылардың   білімін теңдеу  ережелерін қолдану шеберлігін, терминдер  ұғымы бойынша оқушының ойлауын дамытуға, пәнді оқып үйренуге қажетті білім және іскерлік дағдыларын меңгеруін бекіту.    «Алғырлар», «Тапқырлар»,  атты  топтарға бөлініп, өзара сайысқа түсті.  Әр топтың оқушыларының қызығушылығы мен белсенділіктері айқын көрініп тұрды.

30 қазан күні 6- 10 сыныптар арасында « Жігіт сұлтаны » атты сайыс  сабақты  технология пәнінен

 Арганатова Б.А- ның ұйымдастыруымен өтті.  Мақсаты: ұлдар бойларындағы  біліктілік, қабілеттілік,, батылдық,  танымдылық қасиеттерін дәріптеп дамытуға баулу.  Сайыста оқушылар өздерінің шеберліктерін  көрсете білді. 

30 қазан күні 9-10 сыныптар арасында математика пәнінен     «Екі жұлдыз» тақырыбында Калиева Т.Ж-ның ұйымдастыруымен сайыс өтті. Кластан тыс жұмысты дене шынықтыру пәнімен тікелей байланысты болды. Оқушылар өздерін ұшқыр ойлылығын нақтылы дәлелдеді.  Әр топтың оқушыларының қызығушылығы мен белсенділіктері айқын көрініп тұрды.

31 қазан күні  « Көңілді тапқырлар клубы» 7 -10 сыныптар аралығында география пәні мұғалімі Агимбекова Б.А. ұйымдастыруымен қортынды кеш болып өтті.

Қазіргі заман адамы шексіз ақпарат түрлерімен қамтылған. Міне осы орайда бұл сабақ ғылым мен техниканың дамыған заманында озық ойлы, шығармашылығы дамыған білімді ,әр пәндердің тапсырмалары, дара тұлғаны тәрбиелеу әр ұстаздың басты міндеті екендігін нақты дәлелдеп берді. Оқушылар өз білімдерін дер кезінде пайдаланып, озық ойлы білімді оқушы болуға тырысты. Мұғалімдер оқушыларды белсенді жұмыс істеуге жұмылдырды және сабақты қызықты өткізуге,өзіндік білімдерін дамытуға мүмкіндік берді.Кеш өте қызықты өтті.Оқушылардың белсенділіктері жоғары болды. Кеш соңында мектеп директоры Нуркасымова Сәуле Сембайқызы  қатысқан командаларға Мадақтама грамоталар тапсырды, бірлестік мүшелеріне алғыс білдірді.

Апталық кезінде оқушылардан қима жұмыстары, бақылау жұмыстары алынды.  2-ші тоқсанда әдістемелік  «Ашық есік» күні белгіленді. Онда пән мұғалімдері әртүрлі тақырыптар да ашық сабақтар өткізді. Атап айтқанда, Ербосынова С.Т. математика пәнінен 5 сыныпта «Дұрыс және бұрыс бөлшектер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдермен, сабағын қызықтыра білді.Сабақ өз мақсатына жетті. Химия пәні мұғалімі Уақов Мәди  Серікқажыұлы 9 сыныпта «Көміртектің маңызды қосылыстары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта технологияның жаңа әдістерін қолданды. Көрнекілігі көп, оқушылар жақсы дайындықпен келген. Сабақ өз мақсатына жетті. Қалиева Тұрған Жақыпқызы 10 сыныпта «Тригонометриялық теңдеулерді шешу » тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім ізденген, оқушыларды қызықтыра отырып, әртүрлі технология тәсілдерін қолданды. Сабақ өз мақсатына жетті.Физика пәні мұғалімі Ахметова Гульназ Мейрамбекқызы 7 сыныпта «Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабағында әртүрлі технология әдістерін қолданып, оқушыларды қызықтыра білді. Сабақ өз мақсатына жетті. Мұғалім көп ізденген. География пәні мұғалімі Агимбекова Базаргуль Алтынбекқызы 8сыныпта «Қазақстанның ішкі суларының түрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақта әртүрлі тапсырмалар беріп оқушылардың белсенділігі артты.Сабақта топтық жұмыс жүргізді. Картамен,  «жигсо» әдісі, кубизм, топтастыру әдістерін қолданды. Сабақ өз мақсатына жетті.

   Жетістіктері:  11 сынып оқушысы Бегешова Эльмира Аудандық ғылыми жобаға қатысып, «Пифагор теоремасының қолданылуы»тақырыбы бойынша  3-орынды иеленді.  Жетекшісі: математика пәні мұғалімі Қалиева Т.Ж. Сол сияқты  Аудандық жобаға қатысқан 11 сынып оқушысы Даниярова Еркежан « Итмұрын- дәрілік өсімдік» тақырыбы бойынша 2- орынды иеленді. Жетекшісі: биология пәні мұғалімі  Агимбекова Б.А.

   1-ші жартыжылдық бойынша оқу пәндерінің қорытындысы

ҚалиеваТ.Ж. математика пәні білім сапасы 61 % ,

 үлгерімі 100% ;   Ахметова Г.М. физика пәні білім сапасы 

55 % ,үлгерімі 100%   ;  Ербосынова С.Т. математика пәні 

46 % , үлгерімі 100  %; Агимбекова Б.А.   география пәні  білім сапасы  60% , үлгерімі 100%  ; биология пәні  білім сапасы  52 %, үлгерімі 100% ;   Уақов М.С.  химия пәні  білім сапасы   60    % ,  үлгерімі 100 % , биология пәні білім сапасы     %, үлгерімі    100%.  Бірлестік мүшелері өз пәндері бойынша оқушыларды қызықтыра отырып, мектептегі әр-түрлі іс-шараларға белсенді қатыстырып жұмыстар атқарды.Атқарылған іс-шаралары интернет сайттарына жіберілді. Келесі оқу тоқсанында нәтижелері хабарланады.

 

 

 Әдістемелік-бірлестік жетекшісі:  Базаргүл Алтынбекқызы

                                                                 

 

 

              

 

 

 

 

 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаздарға«Ана – өмір гүлі»

ХимияАлкандардың құрылысы. Табиғатта кездесуі мен алынуы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115438

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар