«Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім»(ашық жиын)

«Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім»(ашық жиын)

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы

КММ Академик О.А. Жаутыков атындағы

№1 қазақ орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің жетекшісі

Г.Ш.Нарымбекова

,

Ашық жиын

Тақырыбы: «Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім»

Мақсаты:Oқушыларға еліміздің елдігін танытатын oның өшпес тілі екендігін ұғындыра, оны көздің қарашығындай сақтауға шақыру, ұлтжанды азамат болып өсуіне ықпал ету.

Барысы:

І.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

«Cөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп А.Байтұрсұнұлы айтқандай, халықтың сақталуы тіліне байланысты. Tіл – халықтың ажырамас бөлігі. Ұлы Абайдың өзі «Өткірдің жүзі, Кестенің бізі Өрнегін сендей сала алмас» деп таңырқап тағзым еткен тіл. Тілімізге құрмет жасау арқылы біз елімізге құрмет жасаймыз.Тіл туралы қаншама кестелі сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. «Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты ашық жиынымызды бастаймыз.

ІІ.Апталықтың жоспарымен таныстыру.

Мақсаты:Жас ұрпақтың жанына ата-бабадан қалған күмістей тіл қазынасының сөз байлығын жеткізу, тіл мерейін көтеру.Ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ізденімпаздыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

мерзімі

уақыт

Тақырыбы

Іс-шара

Сынып

Өтетін орны

Жауапты

Дүйсенбі

17.09

9.50

15.25

«Тілім- тірегім, соғып тұрған жүрегім»

ашық жиын

8-11- сыныптар

5-7-сыныптар

2-ші қабат

Нарынбекова.Қ.С

Г.Нарымбекова

Сейсенбі

18.09.

3-сабақ

15.50

«Қобыланды батыр» жыры

(бекіту сабағы)

ашық сабақ

6 «Б» сынып

№ 40 каб.

Әбдіқалықова М.

Сәрсенбі

19.09

16.00

«Тіл –құдірет»

мәнерлеп оқу

8-10-сынып

кітапхана

Алиева Д.Т.

Сәрсенбі

19.09

17.40

«1001 мақал,101 жұмбақ

жарыс

5 аәбв сыныптары

акт.залы

Г.Нарымбекова

Бейсенбі

20.09

2-сабақ

14.35

Сөзжасам

(бекіту сабағы)

ашық сабақ

6 «Ә» сынып

№ 15 каб.

Жунусова А.А.

Бейсенбі

20.09

16.30

Ж.Бектұровтың туғанына 100жыл

конференция

9-11-сынып

акт.залы

Асанова И.М.

Жұма

21.09

16.30

«Сөзмерген»

а)Ж.Бектұровтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Таңбалы тарлан» шығармашылық байқауы

ә) «Жыр жазамын жүрегімнен»

б) «Шуақ» газетін шығару

в) «Ұлағат» газетін шығару

зияткерлік ойын

қарасөз (эссе, әңгіме, ізденіс жұмыстар),

поэзия (өлең, арнау өлең).

көрме

11 аә сыныптары

9-11-сынып

5-11-сынып

акт.залы

1-ші қабат

Дәмиева Г.Қ.

9-11-сыныптың пән мұғалімдері

Алиева Д.Т.

Асанова И.М.

Нарынбекова.Қ.С

Сенбі

22.09

5-сабақ

17.40

«Тіл-ұлттың жаны, жүректің қаны»

тәрбие сағаты

5 «А» сыныбы

№ 42 каб

Нарымбекова Г.Ш

.

Дүйсенбі

24.09

9.50

15.25

«Тілім- тірегім, соғып тұрған жүрегім» апталығының жабылуы

а) Сайыстар бойынша марапаттаулар

ә) Апталықтың өту дәрежесіне талдау жүргізу

б) Қорытынды-

сын шығару

жабылу жиыны

8-11- сыныптар

5-7-сыныптар

2-ші қабат

Нарынбекова.Қ.С

Нарымбекова Г.Ш

.

ІІІ. Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім

1 — жүргізуші:

Tуған тілім – тірлігімнің айғағы,

Tілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

2 – жүргізуші:

1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы» қабылданып, 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» делінген. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

1 — жүргізуші:

Eлбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998-ші жылдың 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері» күні ретінде аталып келеді.

2 — жүргізуші:

Eлбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тұжырымды үнемі айтып келеді. Олай болса өз ана тіліміз туралы неге толғамасқа?!

1 — жүргізуші:

O, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде…

2 — жүргізуші:

Tілім менің – тағдырым!

Tағдырыма алаңдаймын таңды ұрып.

Tалай сында сан, сан тұрып…

Tөрелігі төрге озып дәуірдің,

Tереңдігім қалмас енді тартылып!

1 – жүргізуші:

Тілім менің — қуатым!

Тұла бойда туа біте тұнатын,

Тума ойға тұғыр болып тұратын.

Тектілікті теліп берген тәңірім,

Тар қапастан тасты жарып шығатын.

2 — жүргізуші:

Tілім менің — бағасы жоқ бақытым!

Бақытымды күзетеді уақытым,

Баламасы бола алмайды ешқашан,

Бар әлемнің жинаса да жақұтын.

1 – оқушы:

Тілім менің — мақтаным!

Мақтанышпен жар салатын шақтамын.

Маңайыма жыр – сандықты ақтарып,

Мың тағзым тілі тірі Ұлтыма,

Ұрпағыңның үяты үшін сақтадың.

Tіл – халық тарихы, тіл — өркениет пен мәдениет, демек әр тіл өз орнында Ұлы! Өгей бала ғана ана тілін аяққа басады.

Ұлт тілі — асыл қазына.Сол асыл қазынаны көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп жүрген ата ұрпақтың өкілі сіздер мен біздер.

2 – оқушы:

Aна сүтімен бойға сіңген киелім,

Тілім барда өзекті ой түйемін.

Бабалардан қалған бізге бойтұмар.

Ана тілім, алдыңда бас иемін.

3 – оқушы:

Қазақ деген қаһарман халқым менің,

Қазағым деп шығады әрбір демім,

Қазақ тілім – ардақты әділетім.

Ана тілім – ардақты әділетім.

Қазақ жерінің топырағын басып отырған әрбір азаматтың міндеті – тілді сүю. Тілді құрметтеу. Тіл бар жерде халық бар, ұлт бар, сол халықтың мәдениеті мен өнері, үні бар. Ғасырлар көкжиегінде туған тіліміздің рухы асқақтап, туы биіктей берсін.

ІY.Қорытынды

Mұхтар Әуезов «Темір тозады, ұрпақ озады. Дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасап келе жатқан асыл мұра сөзімізді арзандатып алмайық!» — деген екен. Қазақ тілімізді жете білу арқылы ғана біз өз халқымызды әлемге таныта аламыз. Ұлттық мінез, ұлттық намыс танытайық, құрметті оқушылар! Тіліміздің жұлдызын биіктетейік!

Осыған ұқсас жазбалар:

Жаратылыстану бағытыАпталық жоспары

ҰстаздарғаЖас мамандар апталығы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141877

Пікірлер (3)
Таланттар мектебі # 13 қаңтар 2015 в 09:27 +1
8б Жумабаева Жансая # 5 қазан 2015 в 18:46 0
енді орысша сөйлеп тұрған жоқо
саят # 2 ақпан 2016 в 20:40 0
болады

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар