Ғылыми-практикалық конференция (сценарий)

1 наурыз 2015 - Газиза Бекишева

Қазақ ұлттық өнер университеті дарынды балаларға арналған мектептің математика, физика, информатика пәндері апталығында өткізілген ғылыми-практикалық конференция жоспары.

1-жүргізуші Сафура, 2-жүргізуші Сабина

1-жүргізуші: (сахна сыртынан) « Эврика! Эврика! Шешті, шешті. » деп айғайлайды

2- жүргізуші: Сафура, Эврика деп айғайлайтындай Архимед ата түсіңе кірді ме?

1-жүргізуші: Жоқ, шешті, шешуі табылды!

2- жүргізуші: ненің шешуін?

1-Әлемдегі жеті керемет есептің алтыншысыныңшешуі

2- жүргізуші: Кім шешті?

1-жүргізуші: Дүние жүзі ғалымдары жүз жылдын бері бас ауыртып жүрген теңдеуді Астаналықғалым, профессор Мұхтарбай Өтелбаев атамыз 35 жыл зерттеп, ақыры әдісін тапты ғой.

2- жүргізуші: Бұл теңдеуТайфун, Цунамитәрізді табиғи құбылыстардың пайда болуын, қозғалыс қайдан басталып, қайдан аяқталатынын анықтауға мүмкіндік береді екен.

1-жүргізуші: Бір сұхбатында « Иә, осы есепті шешу жолына 40 жылға таяу өмірімді арнаппын. Әй, қойшы! деп жылы жауып қойған күндерім де кездесті.Бірақ айналып соға бердім. Бір тылсым күш еркіме жібермеді. Ақыры проблемма шешілді, түбі қайырлы болды »- деп ағынан жарылды Мұхтарбай атамыз.

2- жүргізуші: Иә, ұлы адамдарды бүгінгі ұрпаққа дәріптеп таныстырмасқа

1-жүргізуші: Олай болса бүгінгі конференциямыз, профессор, ғалым, акдемикМұхтарбай Өтелбаевтыңқұрметіне өткізіліп отыр.

2- жүргізуші: Барлықтарыңызды математика, физика, информатика апталығының ашылуымен құттықтаймыз!

1-жүргізуші: Конференция қонақтары:-

2- жүргізуші:-Қазақ ұлттық өнер университеті оқу-әдістемелік қызметінің жетекшісі Жуманкулова Еркін Нурсағатовна

1-жүргізуші: Мектеп пен колледж бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Нуркенов Тельман Тлегенович

2-жүргізуші: колледж әдіскері Бекишева Хадиша Ескендировна

1-жүргізуші: Мектептің жалпы білім беру бойынша оқу бөлімінің меңгерушісі Ибраев Саят Баймұратович

2- жүргізуші: Мектебіміздің әдіскері Альбекова Ғалия Шакеровна

1-жүргізуші: Сөз кезегі өздеріңізде —

2- жүргізуші: келесі сөз кезегін мектеп әдіскері Ғалия Шакеровнаға береміз

1-жүргізуші: Елбасымыз « Ғылымға қол жеткізу, жетістіктерін қоғамдық өмірге, елдің игілігіне пайдалану, білімді де парасатты ұрпақ тәрбиелеу – халқымыздың қашаннан бергі арманы – деген еді».

2- жүргізуші: Олай болса сол қадамға бір қадам алға басайық!

1-жүргізуші: Конференция өз жұмысын бастайды.

2- жүргізуші: Ортаға ең жас қатысушымыз 5а сынып оқушысы Жақсылықов Нұрлыханды шақырайық. Жетекшісі математика пәні мұғалімі Оралбаева Гульнар Кийсановна

1-жүргізуші: Келесі қатысушымыздың тақырыбы « Математика и музыка». Сонда есепті музыкамен шығарады ма?

2- жүргізуші:Өзін тыңдап көрелік. 8 Б сынып оқушысы Байгазинова Томирис, жетекшісі математика пәні мұғалімі Атыгаева Бақыт Жуматовна.

1-жүргізуші: Келесі қатысушыларымызды ортаға шақырайық

2- жүргізуші: неге қатысушылар?

1-жүргізуші: Себебі, келесі жобаны жұп болып қорғайды. 8Ә сынып оқушылары Қуатұлы Айтөре мен Ахмедов Темерлан. Жетекшісі математика пәні мұғалімі Нұрханова Майра Хасеновна

2- жүргізуші: Аты координаталық жүйемен байланысты француз математигін білесің бе?

1-жүргізуші: Мен білмеймін

2- жүргізуші: Келесі қатысушымыздың тақырыбы « Координатный луч, координатная плоскость» -деп аталады екен

1-жүргізуші: Онда 7В сынып оқушысы Рудик Эльзадан сұрап көрейік. Жетекшісі математика пәні мұғалімі Бапишева Гульнар Ризабековна

2- жүргізуші: Бұл қандай бейнетүсірілім?

1-жүргізуші:2017 жылы Астана қаласында өтетін ЕХРО-17 көрмесі емес пе.

2- жүргізуші: Сен оның тақырыбын білесің бе?

1-жүргізуші: Табиғи қуат көздерін пайдалану емеспе!

2- жүргізуші: Біздің келесі қатысушымыздың тақырыбы ғой.

1-жүргізуші: Иә. Ендеше шақырайық 9Ғ сынып оқушысы Кенжешов Кемеңгер, жетекшісі физика пәні мұғалімі Мансуров Муратхан Болысханұлы.

2- жүргізуші: Көзімді ашамын

1-жүргізуші: Интернетті қосамын

2- жүргізуші: Инстаграмм басамын

1-жүргізуші: Бүкіл әлемге

2- жүргізуші: сәлемімді шашамын

1-жүргізуші: Сен қандай әлеуметтік желіде отырасы?

2- жүргізуші: Ол туралы біз Мөлдірден сұрайық

1-жүргізуші:6Ә сынып оқушысы Нығыметова Мөлдір, жетекшісі математика және информатика пәні мұғалімі Бекишева Ғазиза Есеновна

2- жүргізуші: Сен мультфильмдерді жақсы көресің бе?

1-жүргізуші: Иә, мен мультфильмдерді жақсы көрем, бірақ қалай жасалатынын білгім келеді.

2- жүргізуші: Оны Алтайдан сұрайық

1-жүргізуші:8Б сынып оқушысы Мейірханов Алтай, жетекшісі информатика пәні мұғалімі Амралина Светлана Гайнуллаевна

2- жүргізуші: Ал енді қатысушылардың қорытындысын әділқазылар алқасышығарғанша ортаға 5 сынып оқушыларының орындауындағы « Күй тартысты » тамашалайық

1-жүргізуші: Енді әділ қазылар алқасының шешімін тыңдайық

2- жүргізуші: Рахмет! Қатысушыларымызды өз табыстарымен құттықтаймыз!

1-жүргізуші: Келген қонақтарға көп-көп рахметімізді айтамыз!

2- жүргізуші: Осымен конференциямыз өз жұмысын аяқтады.

1-жүргізуші: Хош сау болыңыздар!

Ұйымдастырушылар информатика пәні мұғалімі

Бекишева Газиза Есеновна, математика пәні мұғалімі

Оралбаева Гульнар Кийсановна

Осыған ұқсас жазбалар:

БиологияМал шаруашылығын көркейтуде сарып ауруының алдын алу.

БиологияЖаңарған өлкеде жасыл ел.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068773

Пікірлер (2)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru