Пән апталығының есебі

7 наурыз 2015 - Майра Нурханова

Қазақ ұлттық өнер университеті

Математика, информатика және физика пәндер бірлестігі әдістемелік апталығының есебі

Тақырыбы:

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын қолданып, әрбір оқушының білім алуға қажеттілігін тудыру

Мақсаты:

1) Оқытудың жаңа технологияларын қолданып, оқушылардың танымдық белсенділігін көтеру;

2) Математика, физика, информатика пәндері мұғалімдерінің кәсіби шығармашылығын таныту

Қараша айының 20-ы мен 26-ы аралығында нақты пәндер бірлестігінің әдістемелік күндері өткізілді.Нақты пәндер бірлестігі әдістемелік күндерінде пән мұғалімдері аталған тақырыпқа сәйкес оқу мен тәрбиені ұштастыра отырып, бірнеше ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар жүргізді, ашық сабақтар:

1.Физика пәнінен ашық сабақ «Жарықтың шағылуы. Дисперсия», 8 «Б», Мансуров М. Б.

2.Математикадан сайыс сабақ « Своя игра», 7 «Б» мен 8 «Б», Атыгаева Б. Ж.

3.Информатика пәнінен ашық сабақ «Создание презентаций», 6 «Б», Амралина С. Г.

4. Математикадан ойын сабақ «О, математики !» 7-8-9 класс, Бапишева Г. Р.

5.Ойын сабақ « Час веселой математики » 5-6 класс, Атыгаева Б. Ж.

6. Математикадан көңілді сайыс «Озық ойлы тапқырлар», 6 «Ә»-8 «Ә» Оралбаева Г. К., Бекишева Г. Е.

7. Математика пәнінен брейн ринг «Ойнайық та, ойлайық»,8 «А», 8«Ғ» Нурханова М.Х.

Информатика пәнінен 6 «Б» сыныбында өткізген «Создание презентаций» ашық сабағында Амралина С. Г. шаблондарды пайдаланып, компьютер мүмкіндіктерімен шығармашылық жұмыс жасауға бағыт бере білді, сабақта оқушылар өте белсенді болып, әр кезеңде оқу материалын зерделеуі байқалды, білім деңгейі қалыптасқан деген пікір айтылды.

Физика пәнінен 8 «Б» сыныбында Мансуров М. Б. «Жарықтың шағылуы. Дисперсия» ашық сабағында оқушылардың физика теориясын меңгеруде, өз пікірлерін еркін жеткізе алуға, қөзқарастарын білдіртуге бағытталған жұмыстар жүйелі екендігі байқалды.

Атыгаева Б. Ж математикадан 7 «Б» мен 8 «Б» сыныптар арасында ұйымдастырған «Өзіміздің ойын» сайыс сабағы эстетикалық талаптарға сай безендіруімен, әрі топтардың дайындықтарымен ерекшеленді. Мұғалімнің ойынды жүргізу барысында ұстамдылығы мен мәдениеттілігі, математиканың музыка пәнімен байланыстыра білуі шәкірт көңілінен шықты десе болады.

Математикадан «Озық ойлы тапқырлар» көңілді сайысын Оралбаева Г. К., Бекишева Г. Е. » 6 «Ә»-8 «Ә» сыныптарда өткізді. Бұл ойын арқылы шәкірт бойында мергендік, шапшаңдық, дәлдік қасиеттерін дамытумен қатар, математиканың есептердің мазмұнын ашуда актерлік шеберліктерін көрсету қызығушылықтарын тудырды.

Нурханова Майра Хасенқызының 8 сыныптар арасында ұйымдастырған «Ойнайық та, ойлайық» брейн ринг сайысы –математика, физика, қазақ әдебиеті пәндерін байланыстыра отырып құрылған стандартты емес сұрақтар мен ауызша есептер шешуде оқушылардың білім деңгейі байқалды. Оқушылардың байқағыштығын, ой ұшқырлығын шыңдайтын тапсырмаларды орындау — математиканы оқып үйренуіне ынта-жігерін арттырғаны сөзсіз.

Бапишева Г. Р. «О, математики !» ойын сабағын 7-8-9 сыныптарда қызықты, әрі көрнекті өткізді. Геометриялық атауларды психологиялық тұрғыдан да қарастыра отырып, математика мен астрономия, космос әлеміне саяхат жасалды. Оқушылардың білімге, жаңалықтарға деген қызығушылықтарын дамытуға, топ мүшелерінің достық және бірлікпен ғана жеңіске жететіндігіне бағыт берді.

Жоғарыда аталған іс-шараларды өткізуде «Ұстаздың еңбегі шығармашылықтан тұрады» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, әр оқушы қазақ елін дамытушы, әлемдегі дамыған елдермен тепе-теңдікке жетуге ат салушы тұлға екендігін ашып, бағыттадық. Ашық сабақтарға қатысқан оқытушылар оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын байқатқаны, мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен педагогикалық біліктілігін, сабақты жүргізудегі қолданылған әдістердің нәтижелілігі жайлы пікір алмасып, оң бағаларын берді.

Апталықың басталуы әдістемелік күндердің бағдарламасы бекітіліп, онымен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Математика, информатика, физика пәндерінен 5-9 сыныптар арасында қабырға газетіне конкурс жарияланды және осы іс-шараға бірлестік мұғалімдері үлкен жауапкершілікпен ат салысты. Қорытындысында,

қабырға газеті конкурсы бойынша

І орын 8 «Ғ» (Нурханова М.Х.) –«Фигуралар әлемі» -геометриялық фигуралар, олардың қасиеттері мен ғалым математиктер жайлы мәліметтер, қызықты есептер берілген. Эстетикалық талаптарға сай етіп жасалған.

І орын- 9 «В» (Бапишева Г.Р.) – «Математика» — математика тарихынан мәліметтер мен логикалық есептер келтірілген, суретпен әсем безендірген. Көркемдік жағынан жоғары деңгейде деуге болады.

І орын-5 «Б» сыныбы «Математика –царица наук», ІІ орын

ІІІ орын- «Алгебра» газеті, 7 «Ә» сыныбы

Осыған ұқсас жазбалар:

БиологияФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

Орыс тіліЗвонкие и глухие согласные

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084863

Пікірлер (1)
Сапар Нұржігітов # 9 тамыз 2015 в 19:55 0
Апталық жоспар керемет жасалған. Маған ұнады. Алдағы уақытта белгілі бір элементтерін пайдалануға көп көмегін тигізетініне кәміл сенімдімін.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар