Рефлексивтік есеп, коучинг

21 мамыр 2014 - Нургиза Кульджина

Рефлексивтік есеп

Тарих пәні мұғалімі Кульджина Нургиза Бекзуркановна

Жас мамандарға жетекшілік жасай отырып «Жас мамандар» апталығында «Мінсіз мұғалім болу мүмкін бе?» деген тақырыпта коучинг өткіздім. Мақсаты жас ұстаздардың мұғалім мамандығын терең түсінуге, ұрпақ алдындағы жауапкершілікті үнемі есте ұстауға, шыдамдылыққа, төзімділікке, ізденімпаздыққа баулу. Коучингке жас мамандар мен қоса тәлімгерлер, мектеп әкімшілігі басқа да пән мұғалімдері қатысты. Коучингте топтық жұмыстар жүргізілді. Алдымен ұстаздарға берілген тапсырма «Мұғалім мамандығын неге таңдадым» деген тақырыпта мұғалімдер өз ойларын жазды, бір-бірінің пікірлерімен танысты. Мамандықты саналы түрде таңдағандықтарын, мамандықты ауыстыру ойларында жоқ екенін, балалармен жұмыс істеу ұнайтындықтарын айтты. Келесі тапсырма мұғалімдердің кәсіби шеберлігін зерделеуге арналды. Осы тапсырма мұғалім өзінің қандай болуға тиіс екендігі туралы пікірін ой елегінен өткізуге және талқылауға көмек көрсету мақсатында әзірленген. Топтың әрбір мүшесі төрт карточка – өздері толық келісетін көзқарас жазылған екі карточка және өздері үзілді-кесілді келіспейтін көзқарас жазылған екі карточка таңдап, ол туралы ақпаратпен бөлісті. Осы тапсырмада негізінен мұғалімдер таңдаған карточкадағы пікірлер:

·Мектеп тиімді мұғалім болу үшін мұғалімдер біліктілігін арттыруға тиіс.

·Барлық мұғалімдер өз мектептеріндегі оқушылардың білім нәтижелері үшін ұжым болып жауап береді.

·Жақсы мұғалімге айналу үшін жаңа кәсіби білім қалыптастыру мақсатында әріптестеріңізбен бірлесіп жұмыс істеуге қабілетті болуыңыз керек.

Бұдан кейін бой сергіту жасалды. «Қоян туралы ән» сөзі таратылып, бір топ халық әніне, екінші топ операға, үшінші топ эстрада әуеніне салып айту керек. Бой сергіту қызықты болды. Мұғалім-оқушы әректтестігі туралы пікір алысылды. Соңында «Мінсіз мұғалім қандай болу керек?» әр топ ментальды карта жасап, қорғады. Соңында интернет мәліметі ұсынылды:

Мінсіз мұғалім ол…

40% – байсалды, шыдамды, ақылды, өзін және басқаларын сыйлайтын, балаларды жақсы көретін және аздап калжыңы бар. 39% өте сапалы білім беретін, жұмыста тәжірибелі, қызықты түсіндіретін, жақсы психолог, өз ісін жақсы көретін 17% әділ, жақсы көретін жеке оқушылары жоқ. 6% – мінсіз мұғалім болмайды

Соңында «Екі жұлдыз, бір тілек» айтылды.

Жас мамандарға арналған коучинг жоспары

Семей «№13ЖОББМ» КММ

Тарих пәні мұғалімі Кульджина Нургиза Бекзуркановна

Күні

18.04.2014

Тақырыбы:

«Мінсіз мұғалім болу мүмкін бе?»

Мақсаты:

Жас ұстаздардың мұғалім мамандығын терең түсінуге, ұрпақ алдындағы жауапкершілікті үнемі есте ұстауға, шыдамдылыққа, төзімділікке, ізденімпаздыққа баулу. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін зерделеуге бағыт-бағдар беру.

Нәтижесі:

Интернет мәлімет: Мінсіз мұғалім ол…

40% – байсалды, шыдамды, ақылды, өзін және басқаларын сыйлайтын, балаларды жақсы көретін; 39% өте сапалы білім беретін, жұмыста тәжірибелі, қызықты түсіндіретін, жақсы психолог, өз ісін жақсы көретін; 17% әділ, жақсы көретін жеке оқушылары жоқ; 6% – мінсіз мұғалім болмайды

Түйінді идеялар:

Мінсіз мұғалім болуға болады. Ол үшін: байсалды, шыдамды, ақылды, өзін және басқаларын сыйлайтын, балаларды жақсы көретін; өте сапалы білім беретін, жұмыста тәжірибелі, қызықты түсіндіретін, жақсы психолог, өз ісін жақсы көретін болу.т.б.

Жаттығулар:

1. Топ құру (суреттің түсіне байланысты) 2. Топ мүшелері қызметтер бөліседі, міндеттері түсіндіріледі 3. Бір –біріне жылы лебіз айту (пихологиялық ахуал қалыптастыру)

Дереккөздер арқылы таныстырылым Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: Жек тапсырма орындайды. Топтық тапсырма

Слайдтар көрсетілімі

«Мұғалім мамандығын неге таңдадым?» әр мұғалім өз ойын жазады, бір-бірінің пікірлерімен танысады

Проблеманы шешу жолдарын анықтау тапсырмасы

Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін зерделеуге арналған тапсырманы орындайды. Осы тапсырма мұғалім өзінің қандай болуға тиіс екендігі туралы пікірін ой елегінен өткізуге және талқылауға көмек көрсету мақсатында әзірленген. Топтың әрбір мүшесі төрт карточка – өздері толық келісетін көзқарас жазылған екі карточка және өздері үзілді-кесілді келіспейтін көзқарас жазылған екі карточка таңдап, ол туралы ақпаратпен бөлісті.

Қорытынды

«Мінсіз мұғалім қандай болу керек?» әр топ ментальды карта жасап, қорғады.

Кері байланыс

Екі жұлдыз, бір тілек»

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз үніҰстаз жауапкершілігі (эссе)

Тәрбие жоспарыМамандық таңдау-ертеңді ойлау. 9-11 сыныптар

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068752

Пікірлер (4)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru