Үлгілі отбасы

29 наурыз 2015 - Назира Ділжанова

Үлгілі отбасы

1жүргізуші:

Наурыз келсе құт келгені, халайық, Есік ашып, шашу шашып, Ел боп қарсы алайық!

2 жүргізуші:

Тәуелсіз биік халқымның Желбіреп туы шалқысын Әз наурыз келін еліме Жер — Ана бойы балқысын Жаңғырар дәстүр – салтымның Көзелсін бұлақ жылғасы Қастерлі менің халқымның Мереке наурыз жыл басы.

1 жүргізуші:

Қазағымның салт дәстүрі жаңғырған Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған Салт дәстүрді ардақтайық ағайын Қазақ атты үлкен – кіші балдырған. Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де Үлкен кіші, жасымыз кәріміз де, Төрлетіңіз қадірменді қонақтар.

2 жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар ата – аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен шын жүректен құтықтаймыз. Бүгінгі наурыз мерекесіне ұйымдастырылған «Үлгілі отбасы» атты сайысымызға қош келдіңіздер.

1 Жүргізуші :

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Босқа қарап қалмаңыздар «Отбасы» тойы басталды, Қызықтан тыс қалмаңыздар.

2 жүргізуші:

Қастерлейміз халық боп, Салт дәстүрді дәріптеп Айтып кеткен бабалар Дәстүріңді таныт деп. Олай болса ортаға сайысқа шыққалы тұрған үлгілі отбасыларды шақырамыз.

1 жүргізуші:

Жұмысты терең меңгерген Жақсылықты жөн көрген Отбасы тұр құлшынып Қалмайын деп сендерден. 1. Әлімбаеовтар отбасын ортаға шақырамыз

2 жүргізуші:

Әділді іздеп талпынып Тынбайтұғын шарқ ұрып Бұл отбасы жарыста Озам дейді талпынып. 2. Әбжамиевтер отбасын ортаға шақырамыз.

1 жүргізуші:

Мінезге бай салмақты Байыптайтын жан жақты Бүгінгі мына сайыста Жеңімпаз боп қалмақшы.

3. Бимашовтар отбасын ортаға шақырамыз.

2 жүргізуші:Сайысымызды бастамас бұрын мектебіміздің директоры Жолмырзаева Айтолқынға сөз кезегін береміз.

1 жүргізуші:

Әділ қазы алқалары келіңіз Отбасылар сайысын бүгін көріңіз Бұл сайыста өнерліні саралап Әділдікпен әділ баға беріңіз.Әділқазылар:

2 жүргізуші:Сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар:

    1.Сәлем сөздің анасы (сәлемдесу)

    2.Өнерлі өрге жүзер (өз өнері)

    3.«Дәстүріңді сақтай біл» (салт дәстүрге байланысты көрініс)

    4.«Артық болмас білгенің» (сұрақ жауап)

    5.«Шебердің қолы ортақ» (бұйым жасау)

    6.Сән үлгісі.

1 жүргізуші:

Тас үйдің салдық бүгін түтіндігін Отбасылықбайқауына келіп бүгін Ендеше көрермендер қол соғыңдар Үлгілі отбасылар байқауына (Әр отбасы қазылар алқасының алдынан реттік нөмірлерін алсын)

2 жүргізуші:

Сәлемдесу игі дәстүр киелі Сөзбен қарап кейде шешер шиені Жақсы сөзге жан семірер қашанда Жолданады сайыскерлер сәлемі. – Бірінші сайысымыз бойынша таныстыру шартына кезек берейік. (қазылардың бағасына беріледі)

1 жүргізуші: Асыл тастан шығады 2 жүргізуші:Өнер жастан шығады. 1жүргізуші: Өнерлі – өрге жүзеді,өнер алды – қызыл тіл 2 – жүргізуші: Ел іші өнер – кеніші демекші, ортада отбасылардың өз өнерін көріңіздер (қазылардың бағасына беріледі)

1 жүргізуші: Шілдехана бесік той! 2 жүргізуші: Тұсау кесер, сүндет той! 1жүргізуші: Пай! Пай! Шіркін – ай! Қазағымның салт дәстүрі, кең пейілі дархан даласынан да кең ғой. Олай болса отбасылардың салт дәстүрге байланысты көрінісіне береміз. (қазылар бағасын береді.)

2 жүргізуші:Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар, Оның сырын ашқанда жұрт қызығар. Жауаптарын таба ма екен ата – аналар Сол себептен қоятын сұрақтар бар. Олай болса келесі кезегімізді сұрақтарға берейік. (қазылар алдынан алады) (қазылар бағасын береді.)

1 жүргізуші: Ата салтым дәстүрім қол өнерім Ортаға салар отбасылар бар өнерін Көрейік тамашалап енді міне Он қолынан бал тамған шеберлердің. (келесі сайысымыз шебердің қолы ортақ ) (қазылар бағасы)

2 жүргізуші: Келесі кезекте ұлтық сән үлгісіне берейік. (Қазылар бағасы) Қазылар қортындысын шығарғанша Жеткергенова Данагүлдің орындауында ------------------------музыкалық сәлеміне кезек берейік.

1 жүргізуші: Қазылардың қорытынды сөзіне кезек берейік.

Қортындылау

2 жүргізуші: Демеңіздер өнерді аяп қалды 1жүргізуші:Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. 1Жүргізуші: Қош болып тұрыңыздар кездескенше 2 – жүргізуші: Осымен сайысымыз аяқталды.

Осыған ұқсас жазбалар:

БиологияҚазақстандағы экологиялық проблемалар

БаяндамаОтаншылдық отбасынан басталады

Тәрбие жоспарыОтбасы -өмір аясы

Ұстаз үніҚазақ отбасындағы бала тәрбиесі

Қазақ әдебиетіЫбырай Алтынсарин- қазақ балалар әдебиетінің атасы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152321

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар