Ұлттық ойындар сауық кеші

20 қыркүйек 2015 - Айдана Амангелді


Ұлттық ойындар

Мақсаты: Балаларды ұлттық ойын арқылы татулыққа, адамгершілікке баулу. Бір — біріне деген сыйластығын, достық қарым қатынасын нығайту. Ұлттық ойын арқылы салт — дәстүрлерді сақтай білуге тәрбиелеу. Бір — біріне деген шынайы достықты сезіне білу дағдысын дамыту.
Көрнекіліктер: Ұлттық киімдер, аттар.
Тәрбиеші:
— Балалар алдымен бізге келген қонақтармен амандасып алайық.
Қош келіпсіз ата — ана, апай білікті,
Жүздеріңде мейрім нұры тұныпты.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Сайыс төрт бөлімнен тұрады.
І. Көкпар тарту
ІІ. Теңге ілу.

III.Қыз қуу.

IV. Арқан тарту.

Сәттілік тілей отырып сайыскерлерді ортаға шақырамыз.

«Тұлпар» тобы (төрт адам)
«Сұңқар» тобы(төрт адам)
І. Көкпар тарту.
Ойынның шарты.
Алаңның әр бұрышына жалаушалар ілініп, оның екі жағына шеңбер (отау) сызылады. Шеңбердің дәл ортасына Көкпар қойылады. Жарыс басталар кезде командалар орталық шеңбердің сыртында тұрады. Жарыс алаңындағы төрешінің хабары бойынша басталады. Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8 — 15 минут аралығында өтеді. Көкпаршылардың мақсаты — орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз командасының «отауына» жеткізу. Көкпар отауға жеткізілгеннен кейін алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде қай команда Көкпарды өз отауына көп жеткізсе, сол команда жеңіске жетеді.


ІІ. Теңге ілу
Ойынның шарты.
Ойынға қатысушылар тепе — тең екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезінде басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20 — 30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он — оннан тас салынады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады, сызыққа келіп қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі қарай шауып кете береді, шұңқыр тұсына бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңіске жетеді.
III
. «Қыз қуу»

әр топтан екі сайыскер қатысады.1-ші топтан ұл мен қыз бала, 2-ші топтан екі ұл бала.2-ші топ 1-ші топқа жетіп алса, мойнына

Орамал тағады.Жете алмаса 1-ші топтағы қыз бала қамшымен ұрады. Женген топ сайысқа 3-ші топпен шығады.

IV. «Арқан тарту»

Әр топтан бес қатысушы қатысады.Екі жақта тұрып Тартысады.Қарамақарсы топты өз жағына қарай тартып. Алған топ жеңімпаз болып шығады.


Тәрбиеші:
Міне бүгінгі «Ұлттық ойындар» атты сайысымыз аяқталды.

Сайысты қорытындай келіп, бұлай өткізілген сайыс түрлері

Ұлтжандылыққа, жолдастыққа тәрбиелей отырып ұжымдық

Бірлестікке баулиды деп сенеміз.

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліҰлттық ойындар атты ашық сабақтың жоспары

Дене шынықтыруДене тәрбие сабағындағы ұлттық ойындардың алатын орны

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147896

Пікірлер (2)
Нургиза Кульджина # 25 қыркүйек 2015 в 11:38 0
МІНЕТІН ШЫБЫҚТАРЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ? ШҰҢҚЫРДАН АЛАТЫН ТАСТАР КӘДІМГІ ТАСТАР МА?

БЫЛАЙ ОЙЛАҒАНДА БАЛАЛАРҒА ҚЫЗЫҚТЫ БОЛАТЫН СИЯҚТЫ.
Базаргүл Алтынбекқызы # 25 қыркүйек 2015 в 22:09 0
Ұлттық ойындар қазағымыздың салт- дәстүрлерін нығайтатыны сөзсіз, рахмет.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар