«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты топтық таныстырылымдар бойынша есеп

12 наурыз 2014 - Асем Тургалиева
«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған  тапсырмаларға  қатысты  топтық таныстырылымдар бойынша есеп

 

«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған  тапсырмаларға  қатысты  топтық таныстырылымдар бойынша есеп

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының білім саласында қазіргі жаһандану заманға, адамның соңғы технологияларды игеруінің шексіздігіне сәйкес реформалар енгізілуде. Осының бірі – Қазақстан Республикасының білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру мақсатында 2012 жылы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің жанындағы педагогикалық шеберлік орталығы («Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы») мен Кембридж университетінің зерттеушілерімен бірлесіп құрылған  бағдарлама .

   Теориялық білімді игерген  кез келген  мұғалім  мектептегі  тәжірибе кезінде жұмысын неден бастау керектігі жөнінде ойланады.Әрбір адам көпшілік ортада жұмысы жүруі  үшін  алдымен  ұжымда  ынтымақтастық  атмосферасын  қалыптастырады.Сол ортада өзін еркін ұстауы  үшін   өз  мәдениеті туралы ойлануы тиіс.Ішкі, сыртқы мәдениет, киіну, тыңдау, сөйлеу қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін күнделік жүргізен дұрыс деп ойлаймын.Күнделік-күнделікті жұмыстың ережесін қалыптастырады,әрбір іске есеп беріп,қортынды шығару үшін ең сенімді, көмекші дос.

       Ұжымдағы ынтымақтастық, ауызбіршілік топтық жұмыс  кезінде өз пайдасын тигізеді.Топтық таныстырылым да осындай ұжымдық  ынтымақтастықпен  жасалған  еселі еңбектің  жемісі.Мұндай жұмыстар жеке адамдардың идеяларының, шығармашылықтарының  жүзеге асуына  өз ықпалын тигізеді.Топтық таныстырылымдар идеялар мен шығармашылықтың нәтижесінен көрінетін жұмыс.                Бүгінгі таңда, жаһандану заманында оқушыларға заман талабына  сай білім беру қажеттілігі туындауда. Сол қажеттілікті іске асыру жолы оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздерінде деп білемін.  Курс тренерлері бірінші және екінші   «Бетпе-бет» кезеңдерінде түрлі ресурстарды пайдалану арқылы «Мұғалімге арналған нұсқаулықтағы» тақырыптарды түсінуге көмектесті.  Тренерлердің берген бағыт-бағдары арқылы ондағы теорияларды, ғалымдар мен зерттеушілердің тұжырымдамаларын, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы  оқып түсіндік. Солардың негізі болып табылатын  Бағдарламаның жеті модулінің бірі «Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер». Бұл модульдегі тәсілдердің бірі – топтасып  оқыту және оқу. Дәстүрлі оқытуда да  топтық жұмыс түрлері бар және біз өз сабағымызда оны қолданатынбыз,  бірақ көбінесе олар жарыс түрінде ұйымдастырылатын. Ал, курста үйренген қазіргі жаңа тәсілдің бірі- топтық таныстырылым бәсекелестікті мүлдем көздемейді, керісінше серіктестік негізінде қарастырылады.

 Екінші «Бетпе — бетте» мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған сегіз тапсырма бар болатын, әрқайсымыз сол жұмыстарымызды ортаға салып талқыладық. Сондай-ақ әріптестеріммен бірге біз де тренердің тапсыруымен топтық жұмыстар істедік. Тренеріміз күнде тренинг арқылы жаңа топ құрып, жаңа тұлғалармен бірігіп жұмыс істеуге  жағдай жасады. Сол топтарда әріптестерімізбен  тиесілі тақырыпқа қатысты пікір алмасып, әрқайсымыздың көзқарасымызды талдадық.

 Мен бағдарламаның  бірінші  «бетпе-бет»  кезеңінде     бағдарламада  қарастырылатын  жеті модулдің  негізгі  идеяларын  түсініп,  оқудағы  жаңа  тәсілдерді  үйрендім. Осы  алған  білімімді  бағдарламаның  екінші кезеңі «Мектептегі практика» кезеңімен  ұштастырдым. Мектептегі  практиканы  алғаш мектеп директорымен  кеңесуден  бастадым.   Мектеп  директорына  бағдарламаның негізгі  идеяларын  түсіндіргенде  ол  үлкен қызығушылық  танытты.  Тәжірибеден  өту  барысында   қолдайтындығын, көмек көрсететіндігін  атап  өтті. Әріптестерім  бағдарлама  бойынша  үлкен қызығушылық танытты. 

Мен  бағдарламаның «Мектеп тәжірибесі»    кезеңінде  тізбектелген сабақтар топтамасындағы  сабақтарды өзім  жетекшілік ететін 7а сыныпта  өткіздім.  Алдымен  сыныптағы  оқушылардың  психологиялық   ахуалын  зерттеп  алдым. Мектеп психологымен  кеңестім.  Оқушылардың  психологиялық   ахуалын,  отбасындағы жағдайын  ескеріп, қызығушылықтары  туралы  мәліметтер  жинадым.  Сыныпқа  алғаш кіргенде оқушылармен  жақыннан  амандасып, олардың  қызығушылықтарын  сұрадым. Мектептегі  осы курсты оқыған математика пәні  мұғалімі  Жұмағазина  Гүлмира  апайдан  бағдарламадағы жеті модулді сабаққа кіріктіру  туралы  кеңестім. Олар  сабаққа  қатысып, өз ұсыныстарын  айтты. Бірінші  сабағыма  әріптестерім  қатысты. Математика пәні мұғалімі Жұмақұлова Марал  апай оқушылардың  ұжыммен жұмыс  істеуін, өз ойларын  ортаға  салуын, оқушылардың  барлығы түгел  сабаққа қатысуын,  сөздік  қорының молайғанын, өз бетінше жұмыс істеуін,  өзгенің  пікірін  тыңдап, қорытынды жасағаны ұнағандығын  атап  өтті. Ал, керісінше дәптермен  жұмыс жүргізілмегенін уақыттың жетпей қалғандығын,  оқушыларды  қысқа да нұсқа     сөйлеуге үйрету керектігін, бірін-бірі тыңдау керектігін  айтты.  Директордың  инновация  жөніндегі орынбасары  Қонақбаева Перизат  апай топпен  жұмыс ұнағанын, сабақты диалог арқылы топтық  түсіндіргендігім, оқушылардың белсенділігі жоғары болғандығын, оқушылардың  сабаққа түгел  қатысуы  ұнағанын айтты. Оқушылар тапсырмаларды орындағанда, сұраққа жауап бергенде  марапаттап отыру керектігін  айтты.   Осы  курсты  оқыған математика  пәні мұғалімі  Жұмағазина Гүлмирамен ақылдасып, модулдердің  сабаққа кіріктіру әдіс-тәсілдерін  сұрадым.     Ол  өз    кеңестерін  берді.

         Мен алдыңғы  «дәстүрлі» сабақтарымда  материалды  оқушыларға  дәстүрлі  түрде  беретін  едім. Олар сабаққа кезінде түсінгенімен бақылау  жұмыстары  кезінде есептерді  шығаруда  қиналатын еді. Себебі дайын түде берілген білім оқушы есінде механикалық түрде есте сақталады. Оны болашақта өмірде пайдалана алмайды. Ал, сындарлы білім беруде  оқушылар өздігінен білім алады. Мұғалім оларға  бағыт-бағдар беріп тұрады.  Сабақта диалогтық білім беру арқылы «мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы» арасында интербелсенді қарым-қатынас жүзеге келеді.  Яғни, Мерсер айтқандай  диалогтың сабақта маңызы  зор. Топтық жұмыстарда оқушылар арасында дәлелді пікірталастар орын  алады. Мұндай  пікірталастарда үлгерімі  нашар оқушы, қабілеті жақсы оқушылардан интербелсенді қарым-қатынас арқылы  білім алады. Әлеуметтік-мәдени  теорияның   зерттеушісі  Лев Выготский  айтқандай  топтық  жұмыстарда  оқушылар  Жақын арада даму  аймағына   кіреді. Сол арқылы  оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы  оянып,  білім алуына  қолайлы  жағдай  жасалады. Бірінші бетпе-бет кезеңіндегі жинақтаған топқа бөлу стратегияларының барлығын да оқушыларға пайдалану арқылы сабақтарымды түрлендіре өткіздім.

Топқа бөлу әдістерін:  мозайка, капитан ойыны, тайпа атаулары, санау арқылы, руларына қарай, буындар арқылы сабақ бөлімдері кезіндегі әрекеттеріне қарай түрлендіріп отырдым. Топтық жұмыстар кезіндегі оқушылар арасында бәсекелестік туындады. Үнемі бірге отыратын парталаспен  жұмыстанғаннан, күнде өзгеріп отыратын көршілермен жұмыстану балалар үшін қызықты болды. Себебі сыныпта әлі де бір-бірімен жұмыс жасап көрмеген оқушылар бар екендігін байқадым. Сабақтарымды жоспарлауда ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға үлкен мән бердім. Бірінші сабақтан бастап оқушыларымды осы сабақтарға қызықтыру арқылы оларды өз бетімен оқуға жетелегім келді.  Алғашқы сабағымда мазайка арқылы топқа бөлдім. Балаларыма топ ережесін, топ ұранын даярлаттым. Топтық жұмыстардың  көмегімен бұрын қанша сұрасақта жауап ала алмайтын оқушылардың сөздерін естідім. Көшбасшы оқушылардың ықпалымен үнсіз оқушыларым ашылып, тұжырымды ойларын ортаға салды. Оқушылар бір-бірімен еркін, ашық қарым-қатынасқа түсті. Өзара талқылау арқылы жаңа сабақтарды игерді. Жаңа дарынды оқушылар анықталды.Сыныптағы ерекше қарым-қатынасқа әріптестерім де оң бағаларын берді. Сынып жетекшісі де оқушыларының сабақ сайын өз-өздерін реттеуге, сабаққа деген ерекше құлшыныстарын байқағанын айтты. 1 ай ішінде оқушылардың тарих сабақтарында жеткен жетістіктеріне менде қатты қуандым.

Жаңа оқу жылында топтық жұмыс формасын  басқа сыныптарымды да қолданамын деп  мақсат қойып отырмын. Өзіммді өзгеріске, қайта даярлануға мүмкіндік берген курсқа келгеніме қуаныштымын.

 Мектептегі  тәжірибе  кезеңінде  әріптестерім  менімен    ынтымақтастықта жұмыс  жасауға  ұмтылды. Қазақ тілі   пәнінің мұғалімі   Ерманова Мөлдір, еңбек пәні мұғалімі Жайлыбаев Боранғали, информатика пәні мұғалімі Қожадиясова Ақнұр сабаққа қатысып жаңа әдіс-тәсілдер бойынша өз ой-пікірлерін білдірді.     Мен  курста оқудың бірінші «бетпе-бет» кезеңінде  талқылаған  білім беру  мен білім алудағы жаңа тәсілдер  модулін  мектептегі тәжірибемде  бақыладым. Бұл модулдің оқушыларға  білім беруде мағңызы  өте  зор. Себебі, диалог арқылы  бір оқушының жүрегіне жол тауып, оның қызығушылығын  анықтап, соған бағытталған  білім  беремін. Бағдарламаның да негізгі идеясының  өзі  осы  балаларға    бағытталған. Мерсер  айтқандай  сабақта диалогтың маңызы    өте  зор. 

         Мен алдағы тәжірибемде осы бағдарламаның негізгі идеяларын   басшылыққа ала отырып жалпы мектептің  білім жүйесін  дамытамын. Әрбір оқушының бойындағы  қабілеттерін  ашып, оларға сенім мен үміт артамын. Мектепте әріптестеріммен         ынтымақтастықта жұмыс істеп өз идеяларыммен бөлісемін.

 

  Сонымен топтық жұмыс болашақта да менің   іс-тәжірибемде   үнемі қолданылатын болады.Ел  ертеңі болар жастарымызға дамыған елдер қатарына қосылу үшін тек  жай ғана  білім  беру  жеткіліксіз, оны өмірде қолдана білу үшін сыни тұрғыдан  ойландыра білуіміз керек.Ол үшін мұғалімнің өзі де бәсекеге қабілетті болуы керек.Әріптестеріме айтарым топтық жұмысты сабақтың тақырыбы бойынша емес, кез келген  әрекет бойынша да  жасайық  дегім келеді. 

Осыған ұқсас жазбалар:

ХимияХимия пәнінен олимпиада есептерінің шығарылу жолдары

БастауышСабақ-саяхат. Математика.4 сынып

БаяндамаТізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.

ҰстаздарғаДиалогтік оқытудың оқу үдерісіне оң ықпалы

ҰстаздарғаТізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивтік есеп

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083439

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар