«Сам орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің 2013-2014 оқу жылының 25 мамыр«Сыңғырла, күміс қоңырау» атты соңғы қоңырау салтанатты жиынның жүрісі.

29 мамыр 2014 - Moldir Turganbaeva
«Сам орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің 2013-2014 оқу жылының 25 мамыр«Сыңғырла, күміс қоңырау» атты соңғы қоңырау салтанатты жиынның жүрісі.

«Сам орта
мектебі» мемлекеттік мекемесінің 2013-2014 оқу жылының 25 мамыр«Сыңғырла, күміс қоңырау» атты соңғы қоңырау
салтанатты жиынның жүрісі.

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар,
ата-аналар, қонақтар! Көптен күткен сәтте келіп қалды. Мектебіміздің «
Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты соңғы қоңыраусалтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!

Кеше ғана тарыдай болып кірген,
көз тартар киелішаңырақтың табалдырығын
аттаған бүлдіршіндер, міне бүгін ер жетіп, таудай болып халқымыздың көз
қуанышына айналған, биыл ашылған жаңаСам орта мектебініңалғашқы
түлектері, мектебімізден қияғақанат
қаққалы отырсыздар!

1-жүргізуші:

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Түлектерді шақырайық ортаға.-қарсы алыңыздар, бүгінгі бітіруші түлектер
менсынып жетекшісі: Джулдасова Зияхан
апайды құрметпен атай отырып, қошеметпен ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші:

Назар аударыңыздар! Қазақстан республикасының Мемлекеттік туыкөтерілсін! (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
әнұраны орындалады)

1-жүргізуші:

Оқу жылын аяқтауға арналған салтанатты жиын
ашық деп жариялансын!

2-жүргізуші:

Мерекеміз құтты болсын ал бүінгі,

Жетіңдер армандарға биіктегі.

Жүрекжарды тілегін арнаймын деп,

Ауданнан мектебіме қонақ келді – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың
қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:

1.Аудан әкімі Әзірханов Басшы Айжанақұлы

2. Аудандық білім бөлімінің басшысы: Наурызбаев Орынбасар Қызылғұлұлы

1-жүргізуші:

Ажырамайұжымынан бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берейік мектептің басшысына,

Шәкірттергеарналсын тілегіңіз. – деп сөзмектеп
директоры Күзекбаев Жеңісбек Дүзелбайұлынаберіледі.

2-жүргізуші:

Қонақ
деген ырысың мен мерейің,

Енді
аяңдап конақтарға келейін.

Уақыт
бөліп, бізге тілек білдірер,

Сөз
кезегін қонақтарға берейін.- деп құттықтау сөз

Аудан
әкімі: Әзірханов Басшы Айжанақұлына беріледі.

1-жүргізуші: Ән: «Ұстазым» Орындайтындар:
бітіруші түлектер

2-жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынаната-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсындепақтілегін,

Ортағашақырайықата-ананы, — деп сөзкезегін ата-аналаратынан Мархабаев
Жұмабайға беріледі

1-жүргізуші:

Абзал
жандар биік тұлға байсалды,

Құшақ
жайып төл мерекең қарсы алды.

Түлектерге
жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайдыбүлдіршіндер баршаңды.

Ортаға
11-сынып түлектерді құттықтауға 1-сынып бүлдіршіндерін шақырамыз. (Сыйлық тапсыру рәсімі)

2-жүргізуші:

Көкшетау қаласында өткен Республикалық
«Тайжарыс» радиобайқауында жүлделі орын иегері 6-сынып оқушысы Юнусова Жансаяны
«Домбыра» әнімен ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші:

Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар,

Жаңа сыр ашатұғын жас дарындар,

Шәкірті жаман екен дегізбеңдер,

Санасы биік адал дос табыңдар! – деп құттықтау сөз кезегін 11 сынып
жетекшісі Джулдасова Зияхан апайға беріледі

2-жүргізуші:

Құрметті салтанатты жиынға
қатысушылар! Соңғы қоңырау мерекесінің дәстүрі бойынша салтанатты ту тапсыру рәсімін
бастаймыз.

1–жүргізуші:

Аманат ту тапсырушылар: 11-сынып түлектері Байлиев
Тойлыбай, Алибаева Ақмарал және Жұмағазиева Элмира

2–жүргізуші:

Аманат ту қабылдаушылар: 10-сынып оқушылары Қадешов Шыңғыс, Амангелдиева
Мөлдір және Қалилаева Талшын.

1-жүргізуші:

Ұмытпаңдар
ұстазыңның барлығын,

Сол
ұстазбен өтті емес пе,әр күнің.

Қайта
оралмас балалық шақ, бал дәурен,

Мектептегі
өмірің,өшпейтұғын ән бүгін. — деп келесі құттықтау сөз кезегінбітірушітүлек: Нурова Құндызға беріледі.

2-жүргізуші:

Атағым
Алатаудай болса биік,

Тұрсада
төбем өсіп көкке тиіп.

Алдымда
әрқашандатағзым етіп,

Тұрамын
мектебім деп, басымды иіп.

1-жүргізуші:

Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.

Шақырайық вальске түлектерді,

Қоштасудың вальсін айтып тұрып.

Ортаға бітіруші түлектеріміз шығып, ән әуенімен вальске билейді.

2 -жүргізуші:

Соңғы
қоңырау соғу рәсімін орындауболашағынан
үміт күттірер мектебіміздің 1 сыныптыңүлгілі оқушысы Дүйсенбаева Жайна менбітіруші түлегіміз Алімбетов Алпамысқа беріледі.

Ән: «Балдәурен»орындайтындар:
9-сынып оқушылары Жұмаханов Молдас пен Агадилова Қаламқас

1-жүргізуші:

Мектеп, мектеп — шаттыққа толы үйің,

Ұшабілсең болмас-ау қону қиын.

Балалықтың соңғы әнін шырқап бүгін,

Қоңыраудың естиміз соңғы үнін.

«Қоштасу вальсі» әні. Орындайтындар
мектеп бітіруші түлектер.

2-жүргізуші:

Қоштасады алтын ұя мектебің,

Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн.

«Сәт сапар!»-деп қол бұлғайық бәріміз,

Тілейік біз армандарға жеткенін.

1-жүргізуші:

Назар аударыңыздар!

Қазақстан Республикасының Мемелекеттік туы түсірілсін!

2-жүргізуші:

Құрметті мектеп бітіруші жас түлектер! Ата-аналар мен қонақтар! Аяулы
ұстаздар! «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты салтанатты жиынын жабық деп
жариялаймыз!

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1130029

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар