Ұстаз-Ұлы тұлға

20 қыркүйек 2015 - Алтынгүл Берсүгірова
Ұстаз-Ұлы тұлға

Қармақшы ауданы, Қызылтам ауылы

№79 негізгі мектеп Берсүгірова Алтынгүл Әмірқызы

5 қазан халықаралық ұстаздар мерекесіне арналған

«Ұстаз-Ұлы Есім!» тақырыбында жүргізілген жұмысқа

АНЫҚТАМА

№79 негізгі мектебінде 29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында ұлы мамандық иелеріне арналып, «Ұстаз – Ұлы Есім!» тақырыбында апталық өткізілді. Апталықтың мақсаты ұстаздар күні — бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған. Сондықтан да осы ұлы мамандық иелеріне апта арнап, төл мерекелерімен құттықтау, ұлы мамандыққа бас ию, құрмет көрсету. Өз мамандығымызды сүю, жалпы ұстаздықтың терең сырларын ұғыну, бір — бірімізбен тәжірибе алмасу болды.
Алдын — ала апта бойы жасалынатын жұмыстардың жоспары құрылып, бағдарламасы жасалып бекітілді. Жұмыс бағдарламасына сай апталықтың алғашқы 29 қыркүйек күні апталықтың ашылуы болды. Мұнда мектеп басшысы Н. Ерпанова, оқу ісі меңгерушісі Н. Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, апталықты ашып, әріптестерінің апталық жұмысына сәттілік тіледі. Одан әрі тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Берсүгірова «Ұстаздық – Ұлы мамандық» тақырыбында баяндама жасады.

30 қазан күні мектеп тәлімгері А. Құлбаева 4-9 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Ұстазым менің, ұстазым» атты мерекелік құттықтау өткізді. Оқушылар ұстаздарға арнаған мерекелік жылы лебіздерін өлең шуақтарымен келтірді. «Ұстазым менің, ұстазым» әні мектеп оқушыларының ұстаздарға деген алғысын білдіріді. Сонымен қатар бұл күні мектебімізде «Ұстаздарға мың алғыс!» атты бастауыш сыныптардың қабырға газеті шығарылды. Мектеп кітапхансында А. Көлбаеваның жетекшілігімен «Ұстаз жолы — ұлылық» тақырыбымен көрме жасалып оқушыларға таныстырылды.
1қазан күні тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жетекшілігімен «Ұстаз туралы үзік сыр» атты аяулы ұстаз Әбікенова Несет апайдың шәкірт тәрбиелеуге сіңірген өнегелі өмір жолына арналған еске алу кеші өткізілді. Өмірден өткен аяулы апайды еске алу күнінде мектебіміздің көркеюіне үлес қосқан бірнеше жылдар бойы шәкірт тәрбиелеуге еңбек сіңірген ұстазымыздың өнегелі өмір жолдары мен жарқын істерін паш ету, еске түсіру және оқушыларға ұстаз туралы мағлұмат беру мақсатында шара өткізілді. Кешке ұстазбен бірге қызмет еткен әріптестері С. Қожаева, Р. Ембаева, дәріс алған шәкірті Н. Ахметов және ұстаздың қыздары Б. Әбікенова, Н. Ерпанова мен С. Әбікеновалар шақырылды. Әріптестері мен шәкірттері ұстаздың еткен еңбегі мен ұстаздан алған тәлім тәрбиесін айтып тебірене еске алды.

2 қазан күні «Ұстаз ұлағаты» тақырыбымен ұстаздар күніне арналған өзін – өзі басқару күні өтті. Өзін – өзі басқару орталығының жетекшілігімен 9 сынып оқушылары Б. Пақтаев 7 сыныптың қазақ тілі пәнінен, Н. Мұратбек 5 сыныптың математика пәнінен сабақ берсе, 8 сынып оқушылары А. Далабай 5 сыныптың қазақ тілі пәнінен, О. Төлепберген 4 сыныптың дүниетану пәнінен сабақ берді.

2 қазан күні қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Н. Ахметовтың жетекшілігімен «Ұстаз – ғылым – білімнің символы» тақырыбымен 7-9 сынып оқушылары арасынан шығарма жұмыстары алынып, үздік деп танылған шығарма жұмыстары марапатталды.

3 қазан күні 1-4 сыныптарда «Менің алғашқы ұстазым», 5-7 сыныптарда «Ұстазым менің, ұстазым», 8-9 сыныптарда «Ұлағатты ұстазым» тақырыптарында сынып сағаттары мен тәрбие сағаттары өтілді. Сонымен қатар бұл күні мектептің АКТ залында «Ұстаз – Ұлы Есім!» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік кешке мектеп мұғалімдері мен мектеп әкімшілігі түгелдей қатысты. Мерекелік кеште мектеп басшысы Н. Ерпанова ұстаздарға арналған баяндамасын оқып, жыл бойы жақсы көрсеткіш көрсеткен мұғалімдердің еңбегі аталып, мақтау қағаздарымен марапатталды. А. Құлбаеваның жетекшілігімен салтантты мерекелік кешке 6 сынып оқушылары концерттік бағдарлама жасады.

Тәрбие ісінің орынбасары: А. Берсүгірова

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышҰстаздарға мың алғыс (ұстаздар мерекесіне арналған сценарий)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147861

Пікірлер (1)
Нургиза Кульджина # 22 қыркүйек 2015 в 09:55 0
Тамаша. Өз төл мерекемізге аса мән беріп, оқушылардың санасына ұстаз тұлғасын ұғындыра білсек жақсы болады.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар