Ұстаздық шығармашылық

26 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева

Ұстаздық шығармашылық

Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектеп және гимназиялардың алдында тұрған басты міндет – оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларды қазіргі қоғам талаптарына сай сапалы білім алуға даярлау, оқушы дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.Сондықтан бүгінгі қоғамды жетілдірудің негізгі бір саласы — ғылым мен білімге баса назар аудару. Осы орайда жас ұрпаққа жүйелі білім, сапалы тәрбие беруде аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз баршылық. Соның бірі – Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Турсунбаева Зулфия Ибрагимқызы. Ол Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес жаңа мазмұнда шығармашылықпен еңбек етіп жүрген ұстаздардың бірден-бірі.Ол оқытудың жаңа мазмұнын жасап, оқу-тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыруды жолға қойған.Педагогикалық жаңашылдығының арқасында қала көлемінде бастауыш сыныптар бойынша 2008жылы «Математика пәнінен оқушылардың логикалық қабілеттерін дамыту» тақырыбындағы іс-тәжірибесі таратылды.Ол-қалалық педагогикалық оқудың 1-орын иегері. Сондай-ақ, Түркістан қаласы бойынша «Ең үздік бастауыш сынып кабинеті» байқауының 2-орын иегері.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, З.Турсунбаеваның шәкірттері үнемі білім сайыстары мен ғылыми жоба жұмыстарымен, ізденімпаздығымен көзге түсіп ерекшеленеді.Мысалы,қалалық олимпиададан орыс тілі пәнінен А.Қалихан, дүниетану пәнінен М.Ермухамедова сынды шәкірттері 1-орындарды иеленген.Ал Республикалық «Ақбота»интеллектуалды марафонынан оқушысы А.Абдураимова 2-орын алған.2009жылы оқушысы А.Абсаматова облыстық «Зерде» шығармашылық жобалар байқауынан 3-орын алған болатын. Осы тұрғыда З.Турсунбаеваның кәсіби шеберлігінің арқасында шығармашылық деңгейінің нәтижесін айқын көруге болады.Оны бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудағы ақиқатты ашуға бастайтын жол басшысы десек те болады. Жоғарыда айтылған педагогикалық әрекеттің табысты болуы – мұғалімнің мақсаткерлікпен, шығармашылықпен дараланып еңбек етуі.

Шығармашыл қабілет әр баланың табиғатында әуел баста салынған. Мұғалімнің міндеті – оқушыға оның бойында жатқан мүмкіндікті ашып көрсету.Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдардың қолынан келеді.Тек шығармашылық қана қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытты сезінуге мүмкіндік әпереді.Осындай кәсіби шығармашылығының арқасында тың идеяларды іске асырып, жаңа серпінмен қызмет жасап жүрген майталман әріптесіміз – Турсунбаева Зулфияға «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға»деп, Абай атамыз айтқандай, оқушыларды шығармашылықпен оқыту мен тәрбиелеу жолында жалықпай, сындардан сүрінбей өтіп, биік шыңдардан көріне бер демекпіз.

Несіпкүл Өтебаева,

Некрасов атындағы №9мектеп-гимназия,

Түркістан қаласы

Осыған ұқсас жазбалар:

Химия​ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ ДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН, ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Ұстаз үніДарындылыққа апарар жол

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141108

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар