"Құтты болсын,Наурыз" концерттік кеш

21 қараша 2015 - Жамила Даукараева

Қош келдің, Наурыз!

Мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Тәрбиелігі: Ата-ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, шарлар, наурыз мерекесіне

арналған қабырға газеті, көрме т.б.

Барысы: а) Ұйымдастыру

ә) Тәрбие сағатының тақырыбын хабарлап, мақсатымен таныстыру.

І. Кіріспе сөз: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар қауымы мен оқушылар және қонақтар!
Міне, араға жыл салып шуақты да шырайлы мерекеміз – наурыз мейрамы да келіп жетті. Наурыз –қазақ халқы үшін ежелден –ақ береке –бірліктің, ел-жұрт, ағайын –туыс арасындағы татулықтың, ерен еңбектің, жаңарған тіршіліктің ұлы символы.Қадірлі қауым! Сіздерді наурыз мейрамымен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, берекелі бірлік, әрбір отбасына ынтымағы жарасқан баянды бақыт, денсаулық, мағыналы ғұмыр тілейміз. Әрбір шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

Әуен

1. «Жеті шырақ» көрінісі. Жеті жігіт шырақ алып шығады.Орталарына Қыдыр ата келеді.Олар Қыдыр атаны жерге жеткенше басын иіп. Қазақша көкірегіне қолын қойып сәлем етіп, қарсы алады.

2. Қыдыр ата: Өнербек

-Армысыздар халайық,

Бармысыңдар халайық,

Наурыз тойын жұп жазбай,

Жылда қарсы алайық.

Өшкен шырақ жағылсын,

Көктемнің әрбір ақ таңы,

Қуанышпен, жақсылықпен ашылсын.

Жарқыра, жайна Наурызым,
Қабағы жаудың түйілсін.
Береке-байлық –дәм-тұзың,
Халқыма мәңгі бұйырсын!

Көкке күннін өрлетіп,
Ешкі қойын төлдетіп,
Қаймақ, сүтін көлдетіп,
Келді Наурыз- наурыз айы.
Қарсы алайық Наурызды.

7 жігіт Қыдыр атаны орындыққа отырғызады. Наурыз тойын қызықтайды.

1-жүргізуші: Наурыз келсе,

Құт келгені халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық. (шашу шашылады)

Ән: «Отырардағы той» Тілекқабылова І

2- жүргізуші:

Ал, халайық тұрмайық.

Әндетейік шырқайық.

Ортамызды ашайық.

Думандатып би билеп,

Ән мен күйді төгілдіріп,

Інжу-маржан шашайық.

Жиналған жұрт таң қалсын,

Өнерден күмбез жасайық!

1-жүргізуші:

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Би билеп, ән өнерге тамсанайық.

Би: « Қазақ биі » 2-сынып қыздар тобы.

Ән:« Наурыз » 6-сынып Арыстанбай Н, Тілекқабылова І

2- жүргізуші:

Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген,

Мейрамы ежелден.

Құтты болсын, Наурыз!

Жаңғырар дәстүр салтымның,

Көзелсін бұлақ жылғасы.

Қастерлі менің халқымның,

Мереке «Наурыз» жыл басы.

Би:« Қамажай » 6-сынып

Ән: « Жау-жау жаңбыр » Орпабекұлы Диас

1-жүргізуші:

Ән қосылсын әңіне,

Сән қосылсын сәңіне!

Ырысты боп жаңа жыл,

Бақ дарысын бәріңе!

Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа!

Аман –есен жетейік.

Келер Наурыз тойына!

Көркем сөз: «Сәлем көктем»
Оқитын: Жолдыбаева Әсем мен Бөкенбаев Айдос (қолдарында гүлдері бар)
Сәлем, көктем!
Сәлем, көктем,
Мен қайтадан туылдым,
Көк аспанның күмісімен жуындым.
Көк мұз жапқан шатқалында көкейдің,
Ақ арманның бүрлейтінін ұғындым.
Сәлем, көктем,
Таңғы самал ескенде,
Бұлт гүл болып өскенде,
Дәл мен сынды, көңілмен де, еспен де,
Көк шөппенен жыр жазбаған еш пенде.
Сәлем, көктем,
Өрнек қандай су салған,
Жасыл қырат – жасыл сағым бусанған.
Жас шағымда жиі ағатын жұлдыздың,
Жұпар исін жұта берем жусаннан.
Сәлем, көктем,
Өліп кетпеу үшін мен,
Күннің нұрын жүрегіме түсіргем.Аспан асты – керемет той, аста-төк,
Ағыл-тегіл жұлдыз нұры ішілген…
Бірге:
Сәлем, көктем,
Өркеш-өркеш томарың…
Сәлем, көктем, қаз-үйрегім, қоғалым!..
Қаулап шықты жауқазындар сүт аңқып,
Қауызында сақталса еді обалым!..
Сәлем, көктем!
Кіл еңбекқор, кіл асқақ
Құмырсқалар жағдайымды сұрасқан.
Көңілімнің оркестрін ойнатты,
Тырналардан нота түзген мына аспан!..

Би лентамен: « Көктем »— 2-сынып қыздар тобы.

Ән – « Қазақы домбыра» Тілекқабылова Іңкәр

2-жүргізуші:

Ежелгі шығыс елінің,
Аңсаған арман, ойы бар.
Думандатып тойланар.
Дәстүрлі Наурыз тойы бар ,
Осы тойда айтатын.
1-жүргізуші:

Өлеңіміз бен биіміз тағы бар.
Әлемге атақ –даңқы ілінгесін,
Күн болып Қазақстан күлімдесін,
Қасиетті ана тіл –
Бүтін тілім,
Бауырлар, ешқашанда
Бүлінбесін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз тойы халқым, құтты болсын!

Би: « Флешмоб » — 2-6-10-сынып

Ән: « Наурыз » — Мейірбекқызы М

Би: « Құс » — орындайтын 2-6-10 сынып қыздары
Қожаахмет:
Уа, жарандар, жарандар!

Бәрің бері қараңдар,

Наурыз – думан басталды

Бір сәт зейін салыңдар.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып

Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар,

Жауқазындай Наурыздың

Жарапазан жыры бар.

Әбдірахман: Аманбысың ардақты халқым менің

Ардақта Наурыз тойын салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің

Игі еңбектің жемісін бәрің жегін!

Наурыз тойға жиналған халқым менің

Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.

Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің,

Ғажап болсын таппайтын тепе-теңің.

Раббил: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн-көктем.

Жарығымен, шуағымен күн-ана

Алып келді жер бетіне гүл көктем.

Қош келдің, Науырызым ардақты

Халқым саған бар үмітті арнапты

Жылда осылай келе берсін жасарып

Гүлге бөлеп, жырға бөлеп аймақты.

Рысбек: Қиыры жоқ менің байтақ далама

Әсем, көркем ауылыма, қалама

Наурыз келді дүр сілкінтіп жерімді

Сырлы әніне құлақ түрмей бола ма?

Наурыз қайтып оралды аты да аңыз,

Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз

Үй – дастархан, даламыз – сахнамыз,

Ұлы мейрам Наурызды қарсы аламыз.

Би: «Қара жорға» — орындайтын 2-сынып оқушылары.Адамдарды биге шақырады.

Ән: « Бақбақ » -орындайтындар Айтуарова А пен Ақнияз А

ІІ Жүргізуші:Осы, міне мереке басталғаны,
Наурызым, көңілдердің тасқан шағы.
Сәнді болсын қазақтың жарастығы,
Дәмді болсын жайылған дастарқаны.
Ал, құрметті қонақтар, дастарқаннан дәм татайық.

І жүргізуші:Шайылғандай мұң, кірбің Наурыз тойда,
Жабықпайсын жанында көз ән барда.
Көру әже ойлайды екен ел салтын,
Наурыз көже қайнайды қазандарда.
ІІ жүргізуші:Шапағатын аямай бұл шақта аспан,
Жадырайды әр адам мұң шақпастан.
Ау, ағайын, келіңдер, бүгін бізде
Наурыз көже құрт қатып, бұршақ қосқан

І жүргізуші:Оу, айналайын, балалар!
Тоя ішсін деп тамсанып
Жеті түрлі дәм салып
Наурыз көже пісірдім.
Оттан қазан түсірдім.
Бал көжеден татыңдар.
Бар қызыққа батыңдар.
Асқа кәрі – жасыңды
Шақырып, ием басымды.
(Наурыз көже таратылады.)

(осы кезде әжелер шашу шашады, келіндер 7 күлше таратады).
Көркем сөз: «Наурыз көже»
Оқитын: Жолдыбаева Ә
«Наурыз көже».Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді.
Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем Наурыз көжеге,
Жеті түрлі ас салды.
Бидай, тары, күріш бар,
Бар сүт ет пен шұжығы
Ашы құрты тағы бар,
Көже елдің ырғызы.
Салтымен ата-бабамның
Жаңғырды қайта заманым!
Жаңа жыл басы-Бұл Наурыз!
Қайырлы болсын, қадамын!

Ән: Қазақтың дастарханы -ай- орындайтын Қалыңбай Н

Қыдыр ата бата береді:

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле – жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын!

Уайым – қайғы жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын!

Әумин!!! !
Жұрт тегіс бетін сипап, айтқаныңыз келсін деп айтады.

1-жүргізуші: Тәуелсіз биік халқымның

Желбіреп туы шалқысын.

Әз Наурыз келіп еліме

Жер – Ана бойы балқысын.

Жаңғырар дәстүр-салтымның

Көзелсін бұлақ жылғасы

Қастерлі менің халқымның

Мереке Наурыз – жыл басы!

2-жүргізуші: Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған

Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын,

Қазақ атты үлкен, кіші балдырған

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде

Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де

Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге – деп ендігі кезекті Наурыздағы салт-дәстүрлерге берсек …

Би «Көктем » — 6-сынып

Ән: «Қазақ салт-дәстүрлері » — орындайтын Арыстанбай Н

1-жүргізуші:Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұралады насихаттан жүрген халықпыз.
Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,
Өткеннен бізге жеткен асылы бар.
Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,
Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар.
2-жүргізуші:Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.
Күлгенің де той сенің,
Жүргенің де той сенің.
Қызықтасын халайық,
Тұсау кескен бұл күнің
Есте қалсын, жарқыным.

І Жүргізуші:Жаса Наурыз, жаса көктем,
Жаса достық, күн, тіршілік.
Болсын ұмыт, мұңдар өткен,
Мейірімділік күлсін шығып.
Наурызда жаңа жыл басталады,

Естіледі көктемнің асқақ әні.
Ақ көңілмен, ақ сүтпен қарсы алайық,
Мына келген тәй-тәйлап жас баланы.
/Үлкендеу балалар ортаға аяғын тәй-тәй басқан 1-1,5 жастағы баланы әкеліп, беліне кішкентай қалта байлайды, оның ішіне тәттілер салып тұрып/:
Беліңе қалта байладым,
Дәулетіңді асырсын,
Ішіне тәтті сайладым,
Қиындықты қашырсын!
/осыдан кейін жиналған жұртқа көрсетіп, баланың аяғына мыналарды байлайды/:
Ішекпен байлағаным – малды болсын, тоқ болсын деген ниетім,
Көк шөппен байлағаным – жершіл болсын, көпшіл болсын, өсіп-өнсін дегенім,
Ала жіппен байлағаным – адал болсын, ақ болсын дегенім.
/тұсауын кеседі, тұсау кескен баланы бір-екі аттам жерге дейін сүйемелдеп барып, еркін жібереді/
Тәй, тәй, тәй, тәй!
Қаз, қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам!
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін!
Жүгіре қойшы, құлыным,
Желбіресін тұлымың,
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе!
беліндегі қалтаны шешіп, тәттілерді елге шашумен таратадыТойға шашу шашылсын!
Халқымның нұры тасысын!
Қыдыр ата бата береді:Құлыным үлкен жігіт болсын!
Ата-анасына қызық болсын
Жақсылармен қатар болсын,
Жамандармен қатал болсын,
Ата-дәстүр байлығын жалғастырар,
Берік бұтақ болсын.
Наурыздарың құтты болсын!
Әумин!

Би: « Аққу » орындайтын 2-сынып

Ән: «Көбелек » — Орындайтын Жауынбайқызы А

ІІ Жүргізуші:Бұл күн –күн мен түннің теңелетін, жан –жануар төлдейтін, адамдардың аузы аққа тиетін, жер жүзінде шаттық орнаған күн.
І Жүргізуші:Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жыршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Бірге:Ұлыстың ұлы күні, құтты болсын ағайын!

ІІ жүргізуші: Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа, халайық!
І жүргізуші: — Келтіріп сахнаның енді сәнін,
Бүгін біз аямаймыз қолда барын.
Қалайша таңдай қағып, таңданбасқа,
Шабондоз жігіттеріміз алдарыңызда.
♦ Жігіттер КВН-і

ІІ жүргізуші:Шарықтатып, шырқатып тамсандырған талайды,
Әуелеген әсем ән көк аспанға тарайды.
Өнерпаз ұрпақ мерейі биіктерге жетелеп,
Қазағымның көгіне бақ боп мәңгі жанғайды.

Наурыз келді, көктем келді ағайын,
Жадырайды, жаңғырады маңайым.
Назды, сазды науан Наурыз, армысың?
Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.
Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,

Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың.
Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше
Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың

Ән: «Алтын бесік » Қошанова М

Ән: «Қазақ елі осындай» Қалыңбай Н

Отшашу

Негізгі мақсатымыз — «Бұлақ көрсең көзін аш » демекші сыныбымыздағы өнерлі, талантты балалар шыңдалсын, ынталансын, жан-жақты қабілетін ашуға мүмкіндік жасау еді. Сіздер мен біз куә болып отырған мерекелік кешімізге ақ дастарқанын жайып, атсалысқан ата-аналарға рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға береке –бірлік тілейміз!
Тағы да баршаңызды наурыз-ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтаймыз. Барлықтарыңызға бақыт тілейміз.

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

БастауышНұр себеле, Ұлыстың ұлы күні !

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124371

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар